🧠 Астанада әлемдегі ең ірі AI-хакатондардың бірі – HackAlem AI өтті Астанада AI Month аясында OpenAI және NVIDIA сияқты әлемдік технологиялық компаниялардың қатысуымен әлемдегі ең ірі AI-хакатондардың бірі HackAlem AI өтті. Хакатон Guinness World Records әлемдік рекордын орнатуға ресми талпыныс ретінде ұйымдастырылды. HackAlem AI жасанды интеллект, цифрлық технологиялар, киберқауіпсіздік және технологиялық құзыреттерді дамытуға арналған іс-шаралар топтамасы – AI Month бағдарламасын ашты. AI Month Қазақстандағы Цифрландыру және жасанды интеллект жылына орай халықаралық AI & Digital Bridge 2026 технологиялық форумы қарсаңында өтіп жатыр. 🔗 Толығырақ: gov.kz *** 🧠 В Астане состоялся один из крупнейших AI-хакатонов в мире HackAlem AI В Астане в рамках AI Month состоялся один из крупнейших AI-хакатонов в мире HackAlem AI с участием глобальных технологических компаний OpenAI и NVIDIA. Хакатон стал официальной попыткой установить мировой рекорд Guinness World Records. HackAlem AI открыл программу AI Month – серии мероприятий, посвященных искусственному интеллекту, цифровым технологиям, кибербезопасности и развитию технологических компетенций. AI Month проходит в преддверии международного технологического форума AI & Digital Bridge 2026 в рамках Года цифровизации и искусственного интеллекта в Казахстане. 🔗 Подробнее: gov.kz
ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігі
Официальный Telegram-канал Министерства науки и высшего образования РК
-
-



+2
🌐 Қазақ ұлттық спорт университеті мен Стерлинг университеті серіктестіктің жаңа бағыттарын қарастырды Қазақ ұлттық спорт университетінде ҚР Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек Стерлинг университетінің (University of Stirling, Шотландия) өкілдерімен кездесіп, спорттық білім беру мен ғылым саласындағы халықаралық ынтымақтастықты дамытудың перспективаларын талқылады. Шетелдік делегация университеттің заманауи білім беру, спорттық және ғылыми инфрақұрылымымен танысты. Кездесуге Қазақ ұлттық спорт университетінің ректоры Тұрсынзада Қуанғалиева, Стерлинг университетінің аға проректоры Невилл Уайли және Стерлинг университетінің медицина ғылымдары және спорт факультетінің доценті, доктор Роберт Моррис қатысты. Саясат Нұрбек британдық университет өкілдеріне Қазақстанның жоғары білім беру жүйесіндегі халықаралық ынтымақтастықтың дамуы және шетелдік жоғары оқу орындарымен жүзеге асырылып жатқан бірлескен жобалар туралы айтып берді. Министр Қазақстанның халықаралық академиялық тәжірибені тартуға, бірлескен білім беру бағдарламалары мен ғылыми зерттеулерді дамытуға бағытталған ынтымақтастықтың жаңа үлгілеріне ашық екенін атап өтті. «Бүгінде Қазақстан жетекші шетелдік университеттердің заманауи білім беру және ғылыми-зерттеу жобаларын елімізде жүзеге асыруына қажетті жағдай қалыптастырып отыр. Біз бірлескен білім беру бағдарламалары мен ғылыми жобалардан бастап, институционалдық серіктестіктің неғұрлым терең түрлеріне дейінгі әртүрлі ынтымақтастық үлгілеріне ашықпыз. Мұндай жобалар Қазақстанның жоғары білім беру жүйесіне нақты қосымша құндылық әкелуі маңызды», - деді Саясат Нұрбек. 🔗 Толығырақ: gov.kz *** 🌐 Казахский национальный университет спорта и Университет Стерлинга рассматривают новые модели партнерства Министр науки и высшего образования РК Саясат Нурбек обсудил с представителями Университета Стерлинга (University of Stirling, Шотландия) перспективы развития международного сотрудничества в сфере спортивного образования и науки. Встреча состоялась в Казахском национальном университете спорта, где зарубежная делегация ознакомилась с современной образовательной, спортивной и научной инфраструктурой университета. Во встрече приняли участие ректор Казахского национального университета спорта Турсынзада Куангалиева, старший проректор по вопросам интернационализации Университета Стерлинга Невилл Уайли и доцент факультета медицинских наук и спорта Университета Стерлинга д-р Роберт Моррис. Саясат Нурбек рассказал представителям британского университета о развитии международного сотрудничества в системе высшего образования Казахстана и реализуемых совместных проектах с зарубежными университетами. Министр отметил, что Казахстан открыт к новым форматам партнерства, направленным на привлечение международной академической экспертизы, развитие совместных образовательных программ и научных исследований. «Сегодня Казахстан создает условия для того, чтобы ведущие зарубежные университеты могли реализовывать здесь современные образовательные и исследовательские проекты. Мы открыты к различным моделям сотрудничества: от совместных программ и научных проектов до более глубокого институционального партнерства. Важно, чтобы такие проекты создавали реальную добавленную ценность для казахстанской системы высшего образования», - отметил Саясат Нурбек. 🔗 Подробнее: gov.kz
-
👩🔬 Satbayev University ғалымдары мұнай құбырларындағы асфальтен шөгінділерін азайтатын құрамдар әзірлеп жатыр Satbayev University ғалымдары мұнай құбырлары мен мұнай кәсіпшілігі жабдықтарында асфальтен шөгінділерінің түзілуін азайтуға мүмкіндік беретін терең эвтектикалық еріткіштер (DES) негізіндегі жаңа құрамдар әзірлеп жатыр. Зерттеу жұмысы қазақстандық мұнайдың ерекшеліктері мен оны өндіру және тасымалдау жағдайларын ескеретін тиімді әрі бейімделген құрам әзірлеуге бағытталған. Асфальтендер – мұнай құрамындағы ең ауыр әрі күрделі компоненттердің бірі. Температура, қысым немесе мұнай жүйесінің құрамы өзгерген кезде олар тұрақтылығын жоғалтып, ірі бөлшектерге бірігуі және құбырлар мен жабдықтардың ішкі беттеріне шөгуі мүмкін. Мұндай шөгінділердің уақыт өте келе жиналуы құбырлардың өткізу қабілетін төмендетіп, жабдықтарды пайдалануды қиындатады, сондай-ақ оларды тазалау мен техникалық қызмет көрсетуге жұмсалатын шығындарды арттырады. 🔗 Толығырақ: gov.kz *** 🔬 Ученые Satbayev University разрабатывают составы для снижения асфальтеновых отложений в нефтепроводах Ученые Satbayev University разрабатывают новые составы на основе глубоких эвтектических растворителей (DES), которые могут снизить образование асфальтеновых отложений в нефтепроводах и нефтепромысловом оборудовании. Исследование направлено на создание эффективного и адаптируемого состава, учитывающего особенности казахстанской нефти и условия ее добычи и транспортировки. Асфальтены являются одними из наиболее тяжелых и сложных компонентов нефти. При изменении температуры, давления или состава нефтяной системы они могут терять устойчивость, объединяться в более крупные частицы и осаждаться на внутренних поверхностях труб и оборудования. Накопление таких отложений со временем может снижать пропускную способность трубопроводов, осложнять эксплуатацию оборудования и увеличивать затраты на его очистку и техническое обслуживание. 🔗 Подробнее: gov.kz
-
💬 Білім беру саласындағы ынтымақтастық мәселелері талқыланды ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігінде министр Саясат Нұрбектің Орыс тілі жөніндегі халықаралық ұйымның Бас хатшысы Наталья Бочаровамен кездесуі өтті. Кездесу барысында білім беру саласындағы өзара іс-қимылдың өзекті мәселелері, педагог кадрларды даярлау сапасын арттыру және тілдерді оқыту әдістемесін жетілдірудің бағыттары бойынша пікір алмасу өтті. Педагогикалық жоғары оқу орындарындағы білім беру бағдарламаларын жетілдіру, орыс тілін оқыту әдістемесі мен білім беру мазмұнын дамыту мәселелері талқыланды. Осы бағытта халықаралық тәжірибені зерделеу, сараптамалық пікір алмасу және озық әдістемелік тәсілдерді қарастырудың маңыздылығы атап өтілді. 🔗 Толығырақ: gov.kz *** 💬 Обсуждены вопросы сотрудничества в сфере образования В Министерстве науки и высшего образования РК состоялась встреча министра Саясата Нурбек с Генеральным секретарем Международной организации по русскому языку Натальей Бочаровой. В ходе встречи состоялся обмен мнениями по актуальным вопросам взаимодействия в сфере образования, повышения качества подготовки педагогических кадров и совершенствования методики преподавания языков. Обсуждены вопросы совершенствования образовательных программ в педагогических вузах, развития методики преподавания русского языка и содержания образования. Отмечена важность изучения международного опыта, экспертного обмена мнениями и внедрения передовых методических подходов. 🔗 Подробнее: gov.kz
-



+3
🌐 Ғылым министрі Дүниежүзілік экономикалық форум өкілдерімен кездесті ҚР Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек Дүниежүзілік экономикалық форумның Өңірлер, сауда және геосаясат орталығының Еуропа және Еуразия бағытының басшысы Дитрих Джонмен және Еуропа және Еуразия бойынша серіктестік бағытының басшысы Марвен Гарбаамен кездесті. Кездесуде адами капиталды дамыту, жасанды интеллектіні білім беру жүйесіне енгізу, халықаралық академиялық ынтымақтастықты кеңейту, жаңа технологиялар трансферті және ғылыми әзірлемелерді коммерцияландыру мәселелері талқыланды. Дүниежүзілік экономикалық форум өкілдері Қазақстанның Орталық Азиядағы экономикалық, ғылыми және білім беру әлеуетіне қызығушылық білдіріп, адами капиталды дамыту мен цифрлық технологияларды енгізу бағытындағы бастамаларға назар аударды. Тараптар еңбек нарығының өзгермелі талаптарына сай мамандар даярлау және азаматтардың цифрлық құзыреттерін арттыру мәселелерін қарастырды. 🔗 Толығырақ: gov.kz *** 🌐 Министр науки встретился с представителями Всемирного экономического форума Министр науки и высшего образования РК Саясат Нурбек встретился с руководителем направления по Европе и Евразии Центра регионов, торговли и геополитики Всемирного экономического форума Дитрихом Джоном и руководителем направления партнерства по Европе и Евразии Марвеном Гарбаа. В ходе встречи обсуждены вопросы развития человеческого капитала, внедрения искусственного интеллекта в систему образования, расширения международного академического сотрудничества, трансфера новых технологий и коммерциализации научных разработок. Представители Всемирного экономического форума выразили интерес к экономическому, научному и образовательному потенциалу Казахстана в Центральной Азии и отметили инициативы страны по развитию человеческого капитала и внедрению цифровых технологий. Стороны рассмотрели вопросы подготовки специалистов с учетом меняющихся требований рынка труда и повышения цифровых компетенций граждан. 🔗 Подробнее: gov.kz
-



+2
🔰 Қазақстан мен ICESCO ғылыми дипломатия саласындағы ынтымақтастықты кеңейтеді Нью-Йоркте БҰҰ Бас Ассамблеясының 81-сессиясы аясында өтіп жатқан Science Summit 2026 шеңберінде «Science Diplomacy and Global Cooperation» тақырыбында жоғары деңгейдегі диалог өтті. Іс-шара ғылым, жоғары білім, жаңа технологиялар және халықаралық ғылыми ынтымақтастықтың өзекті мәселелерін талқылауға арналды. Диалогты ICESCO мен ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігі бірлесіп ұйымдастырды. Қатысушылар ғылыми дипломатияның халықаралық ынтымақтастықты нығайтудағы рөлін, жасанды интеллект пен жаңа технологияларды дамыту, ғылыми инфрақұрылымға қолжетімділікті кеңейту, сондай-ақ зерттеу әлеуетін экономикалық және әлеуметтік міндеттерді шешуге бағыттау мәселелерін талқылады. 🔗 Толығырақ: gov.kz *** 🔰 Казахстан и ICESCO расширяют сотрудничество в сфере научной дипломатии В Нью-Йорке в рамках 81-й сессии Генеральной Ассамблеи ООН в рамках ScienceSummit 2026 состоялся диалог на тему «ScienceDiplomacy and Global Cooperation». Мероприятие было посвящено обсуждению актуальных вопросов науки, высшего образования, новых технологий и международного научного сотрудничества. Диалог был организован совместно ICESCO и Министерством науки и высшего образования РК. Участники обсудили роль научной дипломатии в укреплении международного сотрудничества, развитие искусственного интеллекта и новых технологий, расширение доступа к научной инфраструктуре, а также вопросы эффективного использования исследовательского потенциала для решения экономических и социальных задач. 🔗 Подробнее: gov.kz
-
🍏 QyzPU оқытушылары Apple технологиялары бойынша біліктілігін арттырды Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университетінің аға оқытушылары, PhD доктор Жұлдыз Базаева мен Айнұр Базарбаева Apple компаниясының білім беру бағдарламасы аясында кәсіби сертификаттаудан өтіп, халықаралық сертификаттарға ие болды. Оқытушылар iTeacher Academy – Apple Authorized Reseller ұйымдастырған арнайы оқу курсында Swift бағдарламалау тілін және мобильді қосымшалар әзірлеудің заманауи тәсілдерін меңгерді. Бағдарлама аясында педагогтерге практикалық тапсырмалар орындау, қосымшаларды әзірлеу және цифрлық құралдарды оқу үдерісінде тиімді қолдану мүмкіндіктері ұсынылды. Сертификаттау барысында меңгерген білім мен дағдылар қазіргі таңда оқу үдерісіне енгізіліп отыр. Оқытушылар сабақ барысында студенттерге бағдарламалау үдерісін интерактивті форматта көрсетіп, нақты уақыт режимінде мобильді қосымшалардың прототиптерін әзірлеуге мүмкіндік береді. Swift – iOS, macOS және iPadOS платформаларына арналған қосымшалар әзірлеуде кеңінен қолданылатын бағдарламалау тілдерінің бірі. Оны оқу студенттердің бағдарламалау бойынша практикалық дағдыларын жетілдіруге және мобильді қосымшалар әзірлеу бағытындағы кәсіби құзыреттерін дамытуға мүмкіндік береді. 🔗 Толығырақ: gov.kz *** 🍏 Преподаватели QyzPU повысили квалификацию в области технологий Apple Старшие преподаватели Казахского национального женского педагогического университета, PhD Жулдыз Базаева и Айнур Базарбаева прошли профессиональную сертификацию в рамках образовательной программы компании Apple и получили международные сертификаты. В ходе специального учебного курса, организованного iTeacher Academy – Apple Authorized Reseller, преподаватели освоили язык программирования Swift и современные подходы к разработке мобильных приложений. В рамках программы педагоги выполняли практические задания, разрабатывали приложения и осваивали эффективные способы применения цифровых инструментов в образовательном процессе. Полученные в ходе сертификации знания и навыки уже применяются в учебном процессе. На занятиях преподаватели в интерактивном формате демонстрируют студентам процесс программирования и дают им возможность в режиме реального времени разрабатывать прототипы мобильных приложений. Swift – один из современных языков программирования, широко используемых для разработки приложений для платформ iOS, macOS и iPadOS. Его освоение позволяет студентам совершенствовать практические навыки программирования и развивать профессиональные компетенции в области разработки мобильных приложений. 🔗 Подробнее: gov.kz
-



+6
🌾 Kozybayev University қытайлық серіктестерімен бірлесіп агроөнеркәсіп саласына мамандар даярлайды Солтүстік Қазақстан облысында М.Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан университеті қытайлық серіктестері – Шыңжаң ауыл шаруашылығы кәсіптік-техникалық университеті және «Тайкунь» корпорациясымен бірлесіп, агроөнеркәсіптік кешенге қажетті мамандар даярлау жобасын іске асырып жатыр. Kozybayev University-де қытайлық серіктестермен өткен кездесуде тараптар кадр даярлау, практикалық оқыту және өндірістік тәжірибені ұйымдастыру бағыттары бойынша ынтымақтастықты дамыту туралы келісімге келді. Жоба аясында студенттер Қазақстан мен Қытайда білім алып, заманауи технологияларды меңгереді. Сондай-ақ «Тайкунь» корпорациясының кәсіпорындарында өндірістік тәжірибеден өту мүмкіндігі қарастырылған. 🔗 Толығырақ: gov.kz *** 🌾 Kozybayev University совместно с китайскими партнерами будет готовить кадры для агропромышленного комплекса В Северо-Казахстанской области Северо-Казахстанский университет имени М.Козыбаева совместно с китайскими партнерами – Синьцзянским аграрным профессионально-техническим университетом и корпорацией «Тайкунь» – реализует проект по подготовке специалистов для агропромышленного комплекса. В ходе встречи в Kozybayev University стороны договорились о развитии сотрудничества в области подготовки кадров, практического обучения и организации производственной практики. В рамках проекта студенты смогут обучаться в Казахстане и Китае, а также осваивать современные технологии. Кроме того, предусмотрена возможность прохождения производственной практики на предприятиях корпорации «Тайкунь». 🔗 Подробнее: gov.kz
-



+5
🇰🇿Оксфорд университетінің студенттері қазақ тілін үйрену үшін Түркістанға келді Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінде Ұлыбританиядағы Оксфорд университетінің студенттеріне арналған екі апталық «Қазақ тілін үйрену бағдарламасы» басталды. Жоба ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігі, Оксфорд университетінің Вольфсон колледжі, Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті және Ахмет Байтұрсынұлы атындағы Тіл білімі институты арасындағы ынтымақтастық аясында жүзеге асырылып жатыр. Бағдарламаның негізгі мақсаты – шетелдік студенттерге қазақ тілінің негізін меңгерту, ауызша сөйлеу дағдыларын қалыптастыру және Қазақстанның тарихы, мәдениеті, әдебиеті, өнері мен ұлттық құндылықтарын таныстыру. Бастама Ұлыбританияның білім беру бағдарламаларына қазақ тілін енгізуге бағытталған Oxford Birsöz жобасының практикалық жалғасы болып саналады. Жоба туралы алғаш рет ҚР Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек 2024 жылғы 2 қарашада айтып, Қазақстан мен Оксфорд университеті арасындағы ынтымақтастықтың маңызын атап өткен болатын. 🔗 Толығырақ: gov.kz *** 🇰🇿 Студенты Оксфордского университета приехали в Туркестан изучать казахский язык В Международном казахско-турецком университете имени Ходжи Ахмеда Ясави стартовала двухнедельная «Программа изучения казахского языка» для студентов Оксфордского университета Великобритании. Проект реализуется в рамках сотрудничества между Министерством науки и высшего образования РК, Колледжем Вольфсона Оксфордского университета, Международным казахско-турецким университетом имени Ходжи Ахмеда Ясави и Институтом языкознания имени Ахмета Байтурсынулы. Основная цель программы – обучение иностранных студентов основам казахского языка, развитие навыков устной речи, а также знакомство с историей, культурой, литературой, искусством и национальными ценностями Казахстана. Инициатива является практическим продолжением проекта Oxford Birsöz, направленного на внедрение казахского языка в образовательные программы Великобритании. Впервые о проекте министр науки и высшего образования РК Саясат Нурбек рассказал 2 ноября 2024 года, отметив важность сотрудничества между Казахстаном и Оксфордским университетом. 🔗 Подробнее: gov.kz
-
🇰🇿🇬🇧Астанада британдық Coventry University жаңа кампусының құрылысы басталды Астанада британдық Coventry University жаңа кампусының құрылысы басталды. Аумағы 35 мың шаршы метрден асатын жаңа кампуста заманауи білім беру кеңістіктері, ғылыми-зерттеу инфрақұрылымы мен технологиялық шешімдер шоғырланады. Сонымен қатар университеттің индустрия өкілдерімен өзара іс-қимыл мүмкіндіктері кеңейеді. Құрылыс жұмыстарының басталуына орай өткен рәсімде Coventry University Kazakhstan студенттері жаңа кампустың іргетасына кейінгі студенттерге арналған тілек жазылған капсуланы орналастырды. Іс-шараға ҚР Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек, Астана қаласы әкімінің орынбасары Талғат Рахманберді, Ұлыбритания Лордтар палатасының мүшесі, Ұлыбританияның Әзербайжан және Орталық Азия елдеріндегі сауда өкілі лорд Джон Алдердайс, Ұлыбританияның Қазақстандағы елшісі Салли Аксуорси, Қазақстанның Ұлыбританиядағы елшісі Әлібек Бақаев, университет оқытушылары мен студенттері қатысты. Жобаның маңызына тоқталған ҚР Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек Coventry University-дің Қазақстандағы қызметінің дамуы шетелдік кампус ашумен ғана шектелмейтінін, оның адами капиталды дамыту міндеттерімен тығыз байланысты екенін атап өтті. «Coventry University үшін бұл жай ғана бизнес-жоба немесе Ұлыбританиядан тыс жерде кезекті филиал ашу емес. Бұл – Қазақстан мен Орталық Азия елдерінің дамуына үлес қосып, адами капиталды нығайтуға бағытталған ұзақ мерзімді міндет. Қазақстанда табиғи ресурстар, стратегиялық даму жоспарлары, маңызды минералдық қорлар, атом энергетикасы мен ауыл шаруашылығы сияқты әлеуетті салалар бар. Алайда осы мүмкіндіктерді ел игілігіне барынша тиімді пайдалану үшін білімі терең, білікті кадрлар қажет. Дамыған адами капитал ғана қолда бар ресурстарды жаңа технологиялармен ұштастырып, жоғары қосылған құны бар өнімдер мен шешімдер жасауға жол ашады», - деді министр. 🔗 Толығырақ: gov.kz *** 🇰🇿🇬🇧 В Астане началось строительство нового кампуса британского университета Coventry University В Астане началось строительство нового кампуса Coventry University Kazakhstan площадью более 35 тыс. кв. метров. Новый кампус объединит современные образовательные пространства, исследовательскую инфраструктуру и технологические решения, а также расширит возможности для взаимодействия университета с индустрией. В рамках церемонии начала строительства студенты Coventry University Kazakhstan заложили в основание будущего кампуса капсулу с посланием будущим поколениям студентов. В мероприятии приняли участие министр науки и высшего образования РК Саясат Нурбек, заместитель акима города Астаны Талғат Рахманберді, член Палаты лордов Великобритании, торговый посланник Великобритании в Азербайджане и Центральной Азии лорд Джон Алдердайс, посол Великобритании в Казахстане Салли Аксуорси, посол Казахстана в Великобритании Алибек Бакаев, преподаватели и студенты университета. Отмечая значение проекта, министр науки и высшего образования РК Саясат Нурбек подчеркнул, что развитие Coventry University в Казахстане выходит за рамки открытия зарубежного кампуса и связано с задачами по развитию человеческого капитала. «Для Coventry University это не просто бизнес-проект и не просто открытие очередного филиала за пределами Великобритании. Это миссия – помочь Казахстану и странам Центральной Азии выйти на качественно новый уровень развития и инвестировать в человеческий капитал. У нас есть природные ресурсы, национальные стратегии, критически важные минералы, атомная энергетика, сельское хозяйство. Однако именно качественный человеческий капитал позволяет создавать дополнительную ценность и в полной мере раскрывать потенциал этих ресурсов», - отметил министр. 🔗 Подробнее: gov.kz
-


🏗 Сәтбаев университеті Қытайда ақпараттық инженерия мамандарын даярлай бастады Қытайдың Циндао қаласында Сәтбаев университеті мен Qingdao University of Science and Technology (QUST) бірлесіп құрған Қытай-Қазақстан ақпараттық инженерия мектебінің ашылу рәсімі өтті. Жаңа мектепке алғашқы қабылдау кезінде 188 студент оқуға түсті. Оның 150-і бакалавриатқа, 38-і магистратураға қабылданды. Қытай-Қазақстан ақпараттық инженерия мектебі Сәтбаев университетінің білім беру бағдарламаларын Қытайда жүзеге асыруға мүмкіндік береді. Бакалавриат студенттері Computer Science, Information Engineering және Communication Engineering бағыттары бойынша білім алады. Төрт жылдық оқу бағдарламасы Циндао қаласында 4+0 үлгісі бойынша толық жүзеге асырылады. Екі университеттің оқу талаптарын орындаған түлектерге QUST білім туралы құжаты және Сәтбаев университетінің дипломы беріледі. Сонымен қатар Software Engineering бағыты бойынша екі жылдық магистратура бағдарламасы ашылды. 🔗 Толығырақ: gov.kz *** ⚙️ Satbayev University начал подготовку специалистов в области информационного инжиниринга в Китае В китайском Циндао открылась Школа китайско-казахстанской информационной инженерии, созданная Satbayev University совместно с Qingdao University of Science and Technology (QUST). Первый набор составил 188 студентов – 150 бакалавров и 38 магистрантов. Совместная школа позволяет Satbayev University реализовывать свои образовательные программы непосредственно в Китае. Бакалавры обучаются по направлениям Computer Science, Information Engineering и Communication Engineering. Четырехлетняя программа проходит в Циндао в формате 4+0. Студенты, выполнившие требования двух университетов, получат документы об образовании QUST и диплом Satbayev University. Кроме того, открыта двухгодичная магистерская программа по Software Engineering. 🔗 Подробнее: gov.kz
-
⚡️ ШҚТУ-да Орталық Азиядағы алғашқы Great Wall Motors сертификаттау орталығы ашылды Д. Серікбаев атындағы Шығыс Қазақстан техникалық университетіндегі Лу Бань шеберханасының базасында Great Wall Motors компаниясының инженерлік-техникалық мамандарын оқыту және сертификаттау жөніндегі Орталық Азиядағы алғашқы ресми орталық жұмысын бастады. Жобаның іске қосылатыны туралы ҚР Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек автомобиль өнеркәсібін дамыту мәселелері қаралған Үкімет отырысында хабарлаған болатын. «Биыл Great Wall Motor, Тяньцзинь кәсіптік институты және Astana Motors компаниясының қатысуымен ШҚТУ-дағы Лу Бань шеберханасының базасында сертификаттау орталығы іске қосылады», - деді министр. 🔗 Толығырақ: gov.kz *** ⚡️ В ВКТУ открыт первый в Центральной Азии Центр сертификации Great Wall Motors На базе Мастерской Лу Бань Восточно-Казахстанского технического университета имени Д. Серикбаева начал работу первый в Центральной Азии официальный Центр обучения и сертификации инженерно-технических специалистов Great Wall Motors. О запуске проекта ранее сообщил министр науки и высшего образования РК Саясат Нурбек на заседании Правительства, посвященном развитию автомобильной промышленности. «В этом году запускается сертификационный центр на базе Мастерской Лу Бань в ВКТУ с участием Great Wall Motor, Тяньцзиньского профессионального института и компании Astana Motors», - отметил министр. 🔗 Подробнее: gov.kz
-



+1
🌐 NU мен Сингапур: ғылым, инновация және адами әлеуетті дамыту NU Сингапурдың Ғылым, технология және зерттеулер агенттігімен (A*STAR), Сингапур ұлттық университетімен (NUS) және Наньян технологиялық университетімен (NTU) төртжақты өзара түсіністік туралы меморандумға қол қойды. Құжат Сингапурдың жетекші ғылыми орталықтарымен серіктестікті кеңейтуге жол ашып, бірлескен зерттеулер жүргізуге, академиялық алмасуды дамытуға және инновациялық жобаларды жүзеге асыруға негіз болады. 🔗 Толығырақ: gov.kz *** 🌐 NU и Сингапур: объединяя науку, инновации и развитие талантов NU подписал четырехсторонний меморандум о взаимопонимании с Агентством по науке, технологиям и исследованиям Сингапура (A*STAR), Национальным университетом Сингапура (NUS) и Технологическим университетом Наньянга (NTU). Меморандум направлен на расширение партнерства с ведущими научными центрами Сингапура и создает основу для совместных исследований, академических обменов и реализации инновационных проектов. 🔗 Подробнее: gov.kz
-
💬 Ғылым министрі Ұлыбритания өкілдерімен педагогтердің кәсіби дамуын талқылады Бүгін, 18 қыркүйекте, ҚР Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек Ұлыбританияның Қазақстандағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Салли Аксуорси және British Council директоры Роберт Тейлормен кездесті. Кездесу барысында Қазақстан мен Ұлыбритания арасындағы білім беру саласындағы ынтымақтастықты дамыту және педагогтердің кәсіби дамуын жетілдіру мәселелері талқыланды. Тараптар Қазақстан педагогтерінің кәсіби дамуы саласындағы басымдықтар бойынша пікір алмасып, Ұлыбританияның тәжірибесін ескере отырып, кәсіби оқыту жүйесін жетілдіру мүмкіндіктерін қарастырды. Атап айтқанда, педагогтердің кәсіби дамуын ұлттық деңгейде жүйелі әрі тұрақты жетілдіруге қолдау көрсету тетіктері сөз болды. 🔗 Толығырақ: gov.kz *** 💬 Министр науки обсудил профессиональное развитие педагогов с представителями Великобритании Сегодня, 18 сентября, министр науки и высшего образования РК Саясат Нурбек встретился с Чрезвычайным и Полномочным послом Великобритании в Казахстане Салли Аксуорси идиректором British Council Робертом Тейлором. В ходе встречи обсуждались вопросы развития сотрудничества между Казахстаном и Великобританией в сфере образования, а также совершенствования системы профессионального развития педагогов. Стороны обменялись мнениями по приоритетным направлениям профессионального развития педагогов в Казахстане и рассмотрели возможности совершенствования системы профессионального обучения с учетом опыта Великобритании. В частности, обсуждались механизмы поддержки системного и устойчивого совершенствования профессионального развития педагогов на национальном уровне. 🔗 Подробнее: gov.kz
-
🔬 Казахстанские ученые разработали инновационный продукт для повышения урожайности сельхозкультур В рамках государственной поддержки науки и ее интеграции с производством ученые Казахского национального университета имени аль-Фараби реализовали проект, направленный на развитие отечественного агропромышленного комплекса. При грантовом финансировании Фонда науки коллектив исследователей разработал инновационный бифункциональный препарат «NanoKukirt», предназначенный для применения в органическом сельском хозяйстве. Отечественная разработка, выпускаемая в виде жидкости и суспензии, демонстрирует высокую эффективность в качестве экологически безопасного удобрения и средства комплексной защиты растений от грибковых заболеваний. Содержание серы, являющейся жизненно важным элементом для растений, в составе препарата составляет 25%, кальция – 5%. По словам руководителя проекта, профессора Мухамбеткали Буркитбаева, отсутствие в составе препарата вредных химических элементов позволяет рассматривать его как экологически безопасный продукт для органического земледелия. 🔗 Подробнее: gov.kz
-
🔬 Қазақстандық ғалымдар ауыл шаруашылығы дақылдарының өнімділігін арттыруға арналған инновациялық өнім әзірледі Ғылымды мемлекеттік қолдау және оны өндіріске енгізу бағытында әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің ғалымдары отандық агроөнеркәсіптік кешенді дамытуға бағытталған жобаны жүзеге асырды. Ғылым қорының гранттық қаржыландыруы аясында зерттеушілер тобы органикалық ауыл шаруашылығында қолдануға арналған инновациялық бифункционалды «NanoKukirt» препаратын әзірледі. Отандық өнім сұйықтық және суспензия түрінде шығарылады. Препарат экологиялық қауіпсіз тыңайтқыш ретінде және өсімдіктерді саңырауқұлақ ауруларынан кешенді қорғау құралы ретінде жоғары тиімділік көрсетіп отыр. Өсімдіктер үшін аса маңызды элемент болып саналатын күкірттің препарат құрамындағы үлесі 25%, ал кальцийдің үлесі 5%-ды құрайды. Жоба жетекшісі, профессор Мұхамбетқали Бүркітбаевтың айтуынша, препарат құрамында зиянды химиялық элементтердің болмауы оны органикалық егіншілікке арналған экологиялық қауіпсіз өнім ретінде қарастыруға мүмкіндік береді. 🔗 Толығырақ: gov.kz
-



+2
🇰🇿🇹🇷Түркия университетінде Абай орталығы ашылды Түркияның Қыршехир Ахи Эвран университетінде Абай атындағы қазақ тілі, әдебиеті және мәдениеті ғылыми-зерттеу орталығы ашылды. Жаңа орталық Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті мен Қыршехир Ахи Эвран университеті арасындағы халықаралық ынтымақтастықты одан әрі дамытуға мүмкіндік береді. Ғылыми-зерттеу орталығының негізгі қызметі қазақ тілі мен әдебиетін, сондай-ақ Қазақстанның мәдени мұрасын зерттеуге және насихаттауға, бірлескен ғылыми-зерттеу және академиялық жобаларды жүзеге асыруға бағытталады. Орталық аясында Қазақстан мен Түркияның ғалымдары, оқытушылары және студенттері бірлескен зерттеулер жүргізіп, тіл, әдебиет және мәдениет салаларында тәжірибе алмасады. 🔗 Толығырақ: gov.kz *** 🇰🇿🇹🇷 В Турецком университете открылся центр Абая В Университете имени Ахи Эврана в Кыршехире (Турция) открылся научно-исследовательский центр казахского языка, литературы и культуры имени Абая. Новый центр станет площадкой для дальнейшего развития международного сотрудничества между Казахским национальным педагогическим университетом имени Абая и Университетом имени Ахи Эврана в Кыршехире. Основная деятельность научно-исследовательского центра будет направлена на изучение и популяризацию казахского языка и литературы, а также культурного наследия Казахстана, реализацию совместных научно-исследовательских и академических проектов. В рамках деятельности центра ученые, преподаватели и студенты Казахстана и Турции смогут проводить совместные исследования и обмениваться опытом в области языка, литературы и культуры. 🔗 Подробнее: gov.kz
-
repost 📱 @KZgovernment
-
repost 📱 @KZgovernment
-
repost 


+3
📌 Реализация Посланий Президента: как в Казахстане формируется новая модель подготовки кадров с учетом развития ИИ В рамках поручений Главы государства Касым-Жомарта Токаева по развитию человеческого капитала и внедрению ИИ в Казахстане формируется система массового освоения ИИ. Она охватывает разные возрастные и профессиональные группы — от базовой ИИ-грамотности до углубленного обучения, технологического предпринимательства и исследований. Создаются образовательные программы, центры и цифровые платформы, позволяющие получать базовые навыки работы с ИИ, применять его в учебе и профессиональной деятельности, а также развивать собственные технологические решения. 💻 Бесплатное обучение программированию и ИИ масштабируется в регионах Для подростков работает TUMO Astana, где активно обучаются 2 376 человек, а до конца 2026 года охват планируется довести до 5 тыс. Для граждан старше 18 лет действует Tomorrow School: обучение проходят 493 студента, а официальный старт сети уже дан в 14 регионах. 🎓 AI-Sana объединяет обучение и практическую работу с ИИ Программа выстроена как переход от базовых навыков к практическому применению ИИ, технологическому предпринимательству и созданию стартапов. Более 100 тыс. студентов прошли углубленное обучение, получено свыше 703 тыс. сертификатов, подготовлено более 22 тыс. проектных планов ИИ-решений, из которых 515 уже тестируются и внедряются. 💡 Финальный этап — развитие студенческих ИИ-проектов до стартапов Для практического обучения используется платформа, разработанная специалистами с опытом работы в Стэнфордском университете. К работе со студентами привлечены 63 международных эксперта, в том числе представители порядка 20 венчурных фондов. На завершающем этапе AI-Sana планируется вывести 1,5 тыс. студенческих команд на уровень технологических стартапов. 🏛 В Казахстане создан специализированный университет в сфере ИИ Qazaq AI Research University развивает модель AI+X, объединяя фундаментальную подготовку по ИИ с прикладной специализацией в конкретной отрасли. Такой подход позволяет готовить специалистов для инженерии, медицины, финансов, энергетики, государственного управления и других сфер. С 1 сентября 2026 года запущены бакалаврские и магистерские программы, сегодня в университете обучаются 525 человек. 🏫 Принцип AI-First внедряется и в региональных вузах Один из примеров — Auezov AI First в Южно-Казахстанском университете имени М. Ауэзова. Здесь ИИ применяется в обучении, исследованиях и управлении, а базовый курс AI-Sana уже завершили 21 194 обучающихся. 👨💼 Около 55 тыс. госслужащих прошли обучение по AI Qyzmet Программа обучает практическому применению ИИ в работе госорганов — от обработки информации и подготовки презентаций до автоматизации задач и принятия решений. Основная задача — сделать ИИ повседневным рабочим инструментом государственного служащего. 🟦Новая система подготовки охватывает массовую ИИ-грамотность, высшее образование, технологическое предпринимательство, исследования и государственное управление. ИИ постепенно становится не только профессиональным навыком, но и частью повседневного обучения и работы. 🔎 О формировании новой модели подготовки кадров с учетом развития ИИ — в обзоре редакции PrimeMinister.kz. 📱 @KZgovernment
- Older posts