ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігі

@gylym_jogary_bilim · education · Kazakh · active

Subscribers 59.9K Subscribers, last 30 days: 60.8K → 60K −200 24h · −700 7d
Reach per post (ERR) 1.5%906 avg views
Posting 8.3/day last 8 hours ago
Reactions per 1K views 6.8 👍 ❤ 🔥

🇰🇿🇬🇧Астанада британдық Coventry University жаңа кампусының құрылысы басталды Астанада британдық Coventry University жаңа кампусының құрылысы басталды. Аумағы 35 мың шаршы метрден асатын жаңа кампуста заманауи білім беру кеңістіктері, ғылыми-зерттеу инфрақұрылымы мен технологиялық шешімдер шоғырланады. Сонымен қатар университеттің индустрия өкілдерімен өзара іс-қимыл мүмкіндіктері кеңейеді. Құрылыс жұмыстарының басталуына орай өткен рәсімде Coventry University Kazakhstan студенттері жаңа кампустың іргетасына кейінгі студенттерге арналған тілек жазылған капсуланы орналастырды. Іс-шараға ҚР Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек, Астана қаласы әкімінің орынбасары Талғат Рахманберді, Ұлыбритания Лордтар палатасының мүшесі, Ұлыбританияның Әзербайжан және Орталық Азия елдеріндегі сауда өкілі лорд Джон Алдердайс, Ұлыбританияның Қазақстандағы елшісі Салли Аксуорси, Қазақстанның Ұлыбританиядағы елшісі Әлібек Бақаев, университет оқытушылары мен студенттері қатысты. Жобаның маңызына тоқталған ҚР Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек Coventry University-дің Қазақстандағы қызметінің дамуы шетелдік кампус ашумен ғана шектелмейтінін, оның адами капиталды дамыту міндеттерімен тығыз байланысты екенін атап өтті. «Coventry University үшін бұл жай ғана бизнес-жоба немесе Ұлыбританиядан тыс жерде кезекті филиал ашу емес. Бұл – Қазақстан мен Орталық Азия елдерінің дамуына үлес қосып, адами капиталды нығайтуға бағытталған ұзақ мерзімді міндет. Қазақстанда табиғи ресурстар, стратегиялық даму жоспарлары, маңызды минералдық қорлар, атом энергетикасы мен ауыл шаруашылығы сияқты әлеуетті салалар бар. Алайда осы мүмкіндіктерді ел игілігіне барынша тиімді пайдалану үшін білімі терең, білікті кадрлар қажет. Дамыған адами капитал ғана қолда бар ресурстарды жаңа технологиялармен ұштастырып, жоғары қосылған құны бар өнімдер мен шешімдер жасауға жол ашады», - деді министр. 🔗 Толығырақ: gov.kz *** 🇰🇿🇬🇧 В Астане началось строительство нового кампуса британского университета Coventry University В Астане началось строительство нового кампуса Coventry University Kazakhstan площадью более 35 тыс. кв. метров. Новый кампус объединит современные образовательные пространства, исследовательскую инфраструктуру и технологические решения, а также расширит возможности для взаимодействия университета с индустрией. В рамках церемонии начала строительства студенты Coventry University Kazakhstan заложили в основание будущего кампуса капсулу с посланием будущим поколениям студентов. В мероприятии приняли участие министр науки и высшего образования РК Саясат Нурбек, заместитель акима города Астаны Талғат Рахманберді, член Палаты лордов Великобритании, торговый посланник Великобритании в Азербайджане и Центральной Азии лорд Джон Алдердайс, посол Великобритании в Казахстане Салли Аксуорси, посол Казахстана в Великобритании Алибек Бакаев, преподаватели и студенты университета. Отмечая значение проекта, министр науки и высшего образования РК Саясат Нурбек подчеркнул, что развитие Coventry University в Казахстане выходит за рамки открытия зарубежного кампуса и связано с задачами по развитию человеческого капитала. «Для Coventry University это не просто бизнес-проект и не просто открытие очередного филиала за пределами Великобритании. Это миссия – помочь Казахстану и странам Центральной Азии выйти на качественно новый уровень развития и инвестировать в человеческий капитал. У нас есть природные ресурсы, национальные стратегии, критически важные минералы, атомная энергетика, сельское хозяйство. Однако именно качественный человеческий капитал позволяет создавать дополнительную ценность и в полной мере раскрывать потенциал этих ресурсов», - отметил министр. 🔗 Подробнее: gov.kz

Views over time

01K2K21 Sep 13:0612 Nov 09:172.1K21 Sep 13:06: 0 views12 Nov 09:17: 2,130 views
Snapshots we took after posting.
WhenViews
21 Sep 2026, 13:060
12 Nov 2026, 09:172.1K

Who shared this post

Posts in other channels we index that link to this one. (Forwards with a hidden source can't be traced.)

Nobody yet.