🌐 Ғылым министрі Дүниежүзілік экономикалық форум өкілдерімен кездесті ҚР Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек Дүниежүзілік экономикалық форумның Өңірлер, сауда және геосаясат орталығының Еуропа және Еуразия бағытының басшысы Дитрих Джонмен және Еуропа және Еуразия бойынша серіктестік бағытының басшысы Марвен Гарбаамен кездесті. Кездесуде адами капиталды дамыту, жасанды интеллектіні білім беру жүйесіне енгізу, халықаралық академиялық ынтымақтастықты кеңейту, жаңа технологиялар трансферті және ғылыми әзірлемелерді коммерцияландыру мәселелері талқыланды. Дүниежүзілік экономикалық форум өкілдері Қазақстанның Орталық Азиядағы экономикалық, ғылыми және білім беру әлеуетіне қызығушылық білдіріп, адами капиталды дамыту мен цифрлық технологияларды енгізу бағытындағы бастамаларға назар аударды. Тараптар еңбек нарығының өзгермелі талаптарына сай мамандар даярлау және азаматтардың цифрлық құзыреттерін арттыру мәселелерін қарастырды. 🔗 Толығырақ: gov.kz *** 🌐 Министр науки встретился с представителями Всемирного экономического форума Министр науки и высшего образования РК Саясат Нурбек встретился с руководителем направления по Европе и Евразии Центра регионов, торговли и геополитики Всемирного экономического форума Дитрихом Джоном и руководителем направления партнерства по Европе и Евразии Марвеном Гарбаа. В ходе встречи обсуждены вопросы развития человеческого капитала, внедрения искусственного интеллекта в систему образования, расширения международного академического сотрудничества, трансфера новых технологий и коммерциализации научных разработок. Представители Всемирного экономического форума выразили интерес к экономическому, научному и образовательному потенциалу Казахстана в Центральной Азии и отметили инициативы страны по развитию человеческого капитала и внедрению цифровых технологий. Стороны рассмотрели вопросы подготовки специалистов с учетом меняющихся требований рынка труда и повышения цифровых компетенций граждан. 🔗 Подробнее: gov.kz