🔰 Қазақстан мен ICESCO ғылыми дипломатия саласындағы ынтымақтастықты кеңейтеді Нью-Йоркте БҰҰ Бас Ассамблеясының 81-сессиясы аясында өтіп жатқан Science Summit 2026 шеңберінде «Science Diplomacy and Global Cooperation» тақырыбында жоғары деңгейдегі диалог өтті. Іс-шара ғылым, жоғары білім, жаңа технологиялар және халықаралық ғылыми ынтымақтастықтың өзекті мәселелерін талқылауға арналды. Диалогты ICESCO мен ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігі бірлесіп ұйымдастырды. Қатысушылар ғылыми дипломатияның халықаралық ынтымақтастықты нығайтудағы рөлін, жасанды интеллект пен жаңа технологияларды дамыту, ғылыми инфрақұрылымға қолжетімділікті кеңейту, сондай-ақ зерттеу әлеуетін экономикалық және әлеуметтік міндеттерді шешуге бағыттау мәселелерін талқылады. 🔗 Толығырақ: gov.kz *** 🔰 Казахстан и ICESCO расширяют сотрудничество в сфере научной дипломатии В Нью-Йорке в рамках 81-й сессии Генеральной Ассамблеи ООН в рамках ScienceSummit 2026 состоялся диалог на тему «ScienceDiplomacy and Global Cooperation». Мероприятие было посвящено обсуждению актуальных вопросов науки, высшего образования, новых технологий и международного научного сотрудничества. Диалог был организован совместно ICESCO и Министерством науки и высшего образования РК. Участники обсудили роль научной дипломатии в укреплении международного сотрудничества, развитие искусственного интеллекта и новых технологий, расширение доступа к научной инфраструктуре, а также вопросы эффективного использования исследовательского потенциала для решения экономических и социальных задач. 🔗 Подробнее: gov.kz