🌾 Kozybayev University қытайлық серіктестерімен бірлесіп агроөнеркәсіп саласына мамандар даярлайды Солтүстік Қазақстан облысында М.Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан университеті қытайлық серіктестері – Шыңжаң ауыл шаруашылығы кәсіптік-техникалық университеті және «Тайкунь» корпорациясымен бірлесіп, агроөнеркәсіптік кешенге қажетті мамандар даярлау жобасын іске асырып жатыр. Kozybayev University-де қытайлық серіктестермен өткен кездесуде тараптар кадр даярлау, практикалық оқыту және өндірістік тәжірибені ұйымдастыру бағыттары бойынша ынтымақтастықты дамыту туралы келісімге келді. Жоба аясында студенттер Қазақстан мен Қытайда білім алып, заманауи технологияларды меңгереді. Сондай-ақ «Тайкунь» корпорациясының кәсіпорындарында өндірістік тәжірибеден өту мүмкіндігі қарастырылған. 🔗 Толығырақ: gov.kz *** 🌾 Kozybayev University совместно с китайскими партнерами будет готовить кадры для агропромышленного комплекса В Северо-Казахстанской области Северо-Казахстанский университет имени М.Козыбаева совместно с китайскими партнерами – Синьцзянским аграрным профессионально-техническим университетом и корпорацией «Тайкунь» – реализует проект по подготовке специалистов для агропромышленного комплекса. В ходе встречи в Kozybayev University стороны договорились о развитии сотрудничества в области подготовки кадров, практического обучения и организации производственной практики. В рамках проекта студенты смогут обучаться в Казахстане и Китае, а также осваивать современные технологии. Кроме того, предусмотрена возможность прохождения производственной практики на предприятиях корпорации «Тайкунь». 🔗 Подробнее: gov.kz