ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігі

@gylym_jogary_bilim · education · Kazakh · active

Официальный Telegram-канал Министерства науки и высшего образования РК

Subscribers 59.9K Subscribers, last 30 days: 60.8K → 60K −200 24h · −700 7d
Reach per post (ERR) 1.5%906 avg views
Posting 8.3/day last 8 hours ago
Reactions per 1K views 6.8 👍 ❤ 🔥
  1. repost
    +3

    📌 Президент Жолдауын жүзеге асыру: Қазақстанда ЖИ-ді дамыту жағдайында кадр даярлау жүйесінің жаңа моделі қалыптасуда Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың адами капиталды дамыту және жасанды интеллектіні енгізу жөніндегі Жолдауларында берген тапсырмаларын жүзеге асыру аясында елімізде ЖИ-мен жұмыс істеу дағдыларын жаппай меңгеру жүйесі қалыптасып келеді. Ол түрлі жастағы және кәсіби топтарды қамтып, студенттерді тереңдетіп оқытудан бастап ғылыми зерттеулер жүргізуге және жаңа буын мамандарын даярлауға дейінгі бағыттарды қамтиды. ЖИ-мен жұмыс істеудің базалық дағдыларын меңгеруге, оны оқу процесінде және кәсіби қызметте қолдануға, сондай-ақ өз технологиялық шешімдерін әзірлеуге мүмкіндік беретін білім беру бағдарламалары, орталықтар мен цифрлық платформалар құрылуда. 💻 Бағдарламалау және ЖИ бойынша тегін оқыту өңірлерде кеңейтілуде 12-18 жас аралығындағы жасөспірімдерге арналған TUMO Astana орталығында бүгінде 2 376 оқушы білім алып жатыр. 2026 жылдың соңына дейін қамтуды 5 мың адамға жеткізу жоспарланып отыр. 18 жастан асқан азаматтарға арналған Tomorrow School мектебінде 493 студент білім алуда. Желі 14 өңірде ресми түрде іске қосылды. 🎓 AI-Sana бағдарламасы оқыту мен ЖИ-ді тәжірибеде қолдануды біріктіреді Бағдарлама базалық оқытудан бастап тәжірибелік қолдануға, кәсіпкерлікке және технологиялық стартаптар құруға дейінгі кезеңдерді қамтиды. Бүгінде 100 мыңнан астам студент тереңдетілген оқытудан өтті. 703 мыңнан астам сертификат беріліп, жасанды интеллект шешімдерінің 22 мыңнан астам жобалық жоспары әзірленді. Оның 515-і қазір тестілеу және енгізу кезеңінде. 💡 Келесі кезең — студенттік әзірлемелерді технологиялық стартаптарға айналдыру Практикалық оқытуда Стэнфорд университетінде жұмыс тәжірибесі бар мамандар әзірлеген білім беру платформасы пайдаланылды. Студенттермен жұмысқа 20-ға жуық венчурлік қор өкілдерін қоса алғанда, 63 халықаралық сарапшы тартылды. Қорытынды кезеңде 1,5 мың студенттік команданы стартаптар деңгейіне шығару көзделіп отыр. 🏛 Қазақстанда ЖИ саласындағы мамандандырылған университет құрылды Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша Qazaq AI Research University құрылды. Университеттің білім беру моделі AI+X қағидаты бойынша құрылған: ЖИ саласындағы іргелі дайындық белгілі бір саладағы қолданбалы машықтандыру мақсатымен үйлеседі. Бұл тәсіл инженерия, медицина, қаржы, энергетика, мемлекеттік басқару және басқа салаларға мамандарды дайындауға мүмкіндік береді. 2026 жылдың 1 қыркүйегінен бастап бакалаврлық және магистрлік бағдарламалары іске қосылды. Бүгінде университетте 525 адам оқиды. 🏫 AI-First принципі тікелей аймақтық университеттерге де енгізілуде Оған бір мысал – М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университетіндегі Auezov AI First бастамасы. Оның аясында ЖИ университетті басқару, білім беру және ғылыми-зерттеу процестеріне енгізілуде. AI Sana бағдарламасы аясында базалық курсты 21 194 студент аяқтады. 👨‍💼 55 мың мемлекеттік қызметші AI Qyzmet бағдарламасы бойынша оқудан өтті Мемлекеттік аппараттың ЖИ-құзыреттерін дамыту жеке бағыт ретінде қарастырылып отыр. Ол үшін жасанды интеллект негіздерін игеруге және оны мемлекеттік органдардың күнделікті қызметінде қолдануға бағытталған AI Qyzmet бағдарламасы жүзеге асырылуда. Аталған курс мемлекеттік қызметшілердің ЖИ қолданудағы практикалық сценарийлерін қамтиды, олар – жоспарлау, ақпаратты өңдеу, презентациялар дайындау, шешім қабылдау, тапсырмаларды автоматтандыру. Негізгі міндет – деректермен жұмыс істеу мәдениетін қалыптастыру және ЖИ-ді мемлекеттік қызметшінің күнделікті жұмыс құралына айналдыру. 🟦 Осылайша, жасанды интеллектіні жаппай игеру бойынша жүйелі түрде жұмыс жүргізуде. ЖИ біртіндеп кәсіби машыққа ғана емес, сонымен қатар азаматтардың күнделікті оқуы мен жұмысының бір бөлігіне айналады. 🔎 ЖИ-дің дамуы барысында кадр даярлау жүйесінің жаңа моделін қалыптастыру туралы PrimeMinister.kz редакциясының шолуынан оқи аласыздар. 📱 @KZgovernment

  2. 🌍 Приглашаем на информационную и нетворкинговую сессию программы Horizon Europe в Астане! Министерство науки и высшего образования РК совместно с Global Service Facility Европейской комиссии проводят масштабное мероприятие для казахстанских ученых, инноваторов и руководителей научных организаций, заинтересованных в международном сотрудничестве. 📅 Дата: 7 октября 2026 года ⏰ Время: 09:00 - 17:15 (время Астаны) 📍 Место проведения: QAIRU (Qazaq AI Research University), пр. Мәңгілік Ел 55/1, EXPO, блок B 2.2 Мероприятие предоставит актуальный обзор возможностей финансирования в рамках рабочих программ Horizon Europe на 2027 год и будет состоять из двух блоков: 🔹 Утренняя сессия (09:00 - 13:00) Посвящена формированию портфеля сотрудничества между Казахстаном и ЕС. Эксперты расскажут о ключевых тематических направлениях: критически важные сырьевые материалы (CRM), искусственный интеллект (ИИ) и сельское хозяйство. Будут разобраны инструменты интеграции в европейские консорциумы через программы COST, MSCA и EUREKA. 🔹 Дневная сессия (14:00 - 17:15) Продвинутая практическая «клиника» для команд, которые уже готовят проектные заявки на 2027 год. Работа пройдет в интерактивном формате в двух подгруппах под руководством экспертов. Участники получат практическую обратную связь по соответствию заявок, составу консорциума, бюджетированию и критериям Excellence / Impact. Участие открыто для исследователей и представителей университетов, НИИ, государственного и частного секторов. 🔗 Регистрация обязательна. Регистрационная форма по ссылке: https://forms.gle/nJ6EZQFVLEKqMdnH8 #HorizonEurope

  3. 🌍 Астанада өтетін Horizon Europe бағдарламасының ақпараттық және нетворкинг сессиясына шақырамыз! ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігі Еуропалық комиссияның Global Service Facility ұйымымен бірлесіп халықаралық ынтымақтастыққа қызығушылық танытқан қазақстандық ғалымдар, инноваторлар және ғылыми ұйымдардың басшылары үшін ауқымды іс-шара өткізеді. 📅 Күні: 7 қазан 2026 жыл ⏰ Уақыты: 09:00-17:15 (Астана уақыты) 📍 Өтетін орны: QAIRU (Qazaq AI Research University), Мәңгілік Ел даңғылы, 55/1, EXPO, B 2.2 блогы Іс-шара барысында Horizon Europe бағдарламасының 2027 жылға арналған жұмыс бағдарламалары шеңберіндегі қаржыландыру мүмкіндіктері туралы өзекті ақпарат ұсынылады. Бағдарлама екі негізгі бөлімнен тұрады: 🔹 Таңғы сессия (09:00-13:00) Сессия Қазақстан мен Еуропалық Одақ арасындағы ынтымақтастық жобаларының портфелін қалыптастыруға бағытталады. Сарапшылар негізгі тақырыптық бағыттар бойынша ақпарат береді: – критикалық маңызды шикізат материалдары (CRM); – жасанды интеллект (AI); – ауыл шаруашылығы. Сонымен қатар қазақстандық ұйымдардың еуропалық консорциумдарға COST, MSCA және EUREKA бағдарламалары арқылы интеграциялану мүмкіндіктері қарастырылады. 🔹 Күндізгі сессия (14:00-17:15) 2027 жылға арналған жобалық өтінімдерін әзірлеп жатқан командаларға арналған практикалық семинар. Іс-шара сарапшылардың жетекшілігімен екі шағын топта интерактивті форматта өткізіледі. Қатысушылар: – жобалық өтінімнің конкурс талаптарына сәйкестігі; – консорциум құрамын қалыптастыру; – бюджетті жоспарлау; – Excellence / Impact бағалау критерийлері бойынша практикалық кері байланыс алады. Іс-шараға зерттеушілер, жоғары оқу орындарының, ғылыми-зерттеу институттарының, мемлекеттік және жеке сектордың өкілдері қатыса алады. 🔗 Қатысу үшін міндетті түрде тіркелу қажет. Тіркелу формасы: https://forms.gle/nJ6EZQFVLEKqMdnH8 #HorizonEurope

  4. 🌞 Әлихан Бөкейхан университетінде күн электр станциясы іске қосылды Әлихан Бөкейхан университетінде жаңартылатын энергия көздерін пайдалану және энергия тиімділігін арттыруға бағытталған жоба іске қосылды. Университеттің орнықты даму қағидаттарына сәйкес жүзеге асырылған жоба білім беру инфрақұрылымын жаңғыртумен қатар студенттердің заманауи энергетикалық технологияларды тәжірибе жүзінде меңгеруіне мүмкіндік береді. Университет кампусының шатырына жалпы қуаты 59 кВт болатын 96 күн панелі орнатылды. Алдын ала есептеулер бойынша станция жылына шамамен 60 мың кВт·сағ электр энергиясын өндіреді. Бұл оған қосылған нысандардың электр энергиясына қажеттілігінің 50%-на дейін өтеуге мүмкіндік береді. Күн энергиясын пайдалану арқылы электр энергиясын өндіру көлемін арттырып қана қоймай, қоршаған ортаға түсетін жүктемені азайту көзделіп отыр. Жоба нәтижесінде көмірқышқыл газы шығарындылары жыл сайын шамамен 31 тоннаға қысқарады. 🔗 Толығырақ: gov.kz *** 🌞 В Alikhan Bokeikhan University запущена солнечная электростанция В Alikhan Bokeikhan University реализован проект, направленный на использование возобновляемых источников энергии и повышение энергоэффективности. Проект, реализованный в соответствии с принципами устойчивого развития университета, способствует модернизации образовательной инфраструктуры и создает возможности для практического освоения студентами современных энергетических технологий. На крыше кампуса университета установлены 96 солнечных панелей общей мощностью 59 кВт. Согласно предварительным расчетам, электростанция будет вырабатывать около 60 тыс. кВт·ч электроэнергии в год. Это позволит покрывать до 50% потребности подключенных объектов в электроэнергии. Использование солнечной энергии позволит не только увеличить объем вырабатываемой электроэнергии, но и снизить нагрузку на окружающую среду. В результате реализации проекта ежегодные выбросы углекислого газа сократятся примерно на 31 тонну. 🔗 Подробнее: gov.kz

  5. +3

    🇰🇿🇰🇷 Министр Саясат Нұрбек Korea University-де дәріс оқыды Бүгін ҚР Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек Сеул қаласындағы Korea University-де дәріс оқып, халықаралық академиялық қауымдастыққа Қазақстандағы ғылым мен жоғары білімді дамытудың негізгі бағыттарын таныстырды. Дәріс барысында министр мамандар даярлау сапасын арттыруға, ғылыми-зерттеу әлеуетін дамытуға және бәсекеге қабілетті адами капиталды қалыптастыруға бағытталған жоғары білім мен ғылым жүйесіндегі өзгерістер туралы айтып берді. Сондай-ақ іргелі және қолданбалы зерттеулерді дамытуға, жас ғалымдарды қолдауға, ғылыми инфрақұрылымды нығайтуға, зерттеу нәтижелерін коммерцияландыруға және инновацияларды енгізуге ерекше назар аударылды. 🔗 Толығырақ: gov.kz *** 🇰🇿🇰🇷 Министр Саясат Нурбек выступил с лекцией в Korea University Сегодня министр науки и высшего образования РК Саясат Нурбек выступил с лекцией в Korea University в Сеуле, представив международному академическому сообществу ключевые направления развития науки и высшего образования Казахстана. В ходе выступления министр рассказал о трансформации системы высшего образования и науки, направленной на повышение качества подготовки специалистов, развитие исследовательского потенциала и формирование конкурентоспособного человеческого капитала. Особое внимание было уделено развитию фундаментальных и прикладных исследований, поддержке молодых ученых, укреплению научной инфраструктуры, коммерциализации результатов исследований и внедрению инноваций. 🔗 Подробнее: gov.kz

  6. +3

    🇰🇿🇰🇷 Ғылым министрі Кореяда ғылым мен жоғары білімді дамытудың қазақстандық тәжірибесін таныстырды Бүгін, 17 қыркүйекте, ҚР Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек Корея Республикасының Тэджон қаласындағы Вусонг университетінде (Woosong University) дәріс оқыды. Дәріс барысында министр Қазақстандағы ғылым мен жоғары білімді дамытудың негізгі басымдықтарын таныстырды. Оның ішінде іргелі және қолданбалы зерттеулерді дамыту, адами капиталды нығайту, инновацияларды енгізу, білім беруді цифрлық трансформациялау, сондай-ақ халықаралық академиялық ынтымақтастықты кеңейту мәселелеріне басымдық берілді. Сонымен қатар зерттеу әлеуетін арттыру, еңбек нарығында сұранысқа ие мамандарды даярлау және заманауи технологияларды білім беру үдерісіне енгізу мәселелеріне ерекше назар аударылды. 🔗 Толығырақ: gov.kz *** 🇰🇿🇰🇷 Министр науки представил в Корее казахстанский опыт развития науки и высшего образования Сегодня, 17 сентября, министр науки и высшего образования РК Саясат Нурбек выступил с лекцией в Университете Вусонга (Woosong University) в городе Тэджон, Республика Корея. В ходе лекции министр представил основные приоритеты развития науки и высшего образования Казахстана. В числе ключевых направлений – фундаментальные и прикладные исследования, развитие человеческого капитала, внедрение инноваций, цифровая трансформация образования, а также расширение международного академического сотрудничества. Особое внимание было уделено вопросам развития исследовательского потенциала, подготовки востребованных специалистов и внедрения современных технологий в образовательный процесс. 🔗 Подробнее: gov.kz

  7. 🇰🇿🇬🇧 Қазақстандық және британдық ғалымдар білім беру саласындағы бірлескен зерттеулерді дамытады Ұлыбританиядағы Сассекс университетінің ғалымдары Марғұлан университетінде бірлескен жұмыстар жүргізіп жатыр. Павлодарда шетелдік сарапшылар бір апта бойы университеттің оқытушылары мен ғалымдарымен бірлесіп жұмыс жүргізіп, педагогтерді даярлау, сондай-ақ білім беру үдерісінде жасанды интеллектіні қолданудың жаңа тәсілдерін талқылайды. Аталған жұмыс «Қазақстанның дарынды балаларын дамытуға арналған педагог кадрларды даярлаудың кешенді ғылыми-инновациялық жүйесін құру» ғылыми-зерттеу бағдарламасы аясында жүзеге асырылады. Британдық делегация құрамында Сассекс университеті проректорының орынбасары, профессор Саймон Томпсон, Білім беру департаментінің басшысы Кит Перера және бастауыш білім беру саласының ассистент-профессоры Марсело Старикофф бар. 🔗 Толығырақ: gov.kz *** 🇰🇿🇬🇧 Казахстанские и британские ученые развивают совместные исследования в сфере образования Ученые Университета Сассекса Великобритании проводят совместную работу на базе Марғұлан университета. В течение недели в Павлодаре зарубежные эксперты совместно с преподавателями и учеными университета рассматривают вопросы подготовки педагогических кадров, а также применения новых подходов и технологий искусственного интеллекта в образовательном процессе. Работа осуществляется в рамках научно-исследовательской программы «Создание комплексной научно-инновационной системы подготовки педагогических кадров для развития одаренных детей Казахстана». В состав британской делегации вошли заместитель проректора Университета Сассекса, профессор Саймон Томпсон, руководитель Департамента образования Кит Перера и ассистент-профессор в области начального образования Марсело Старикофф. 🔗 Подробнее: gov.kz

  8. repost

    Президент указал на большие возможности, связанные с укреплением сотрудничества в сфере искусственного интеллекта и цифровых технологий ✔️Он заявил, что Казахстан предпринимает усилия для того, чтобы успешно развиваться в этом направлении. – В нашей стране создали отдельное министерство, открыли международный центр Alem.ai, запустили два суперкомпьютера. Этот год объявлен Годом цифровизации и искусственного интеллекта в Казахстане, что придало серьезный импульс развитию данной отрасли. Мы реализуем ряд флагманских инициатив, в том числе строительство «Долины центров обработки данных» мощностью один гигаватт. Укрепляется кадровый и научный потенциал. Начал работу первый в стране специализированный университет – Qazaq AI Research University. Для продвижения нашего технологического партнерства на качественно новый уровень предлагаем создать Центр передовых технологий «Центральная Азия – Корея», возможно, на базе Alem.ai в Астане, – сказал Касым-Жомарт Токаев. ✔️Отдельный блок выступления был посвящен сфере сельского хозяйства. Глава государства сообщил, что по итогам прошлого года Казахстан собрал рекордный урожай зерновых – порядка 27 млн тонн. – Экспорт агропромышленной продукции осуществляется более чем в 70 стран мира, достигнув 7 млрд долларов. Казахстан располагает земельными ресурсами, в то время как Корея – признанный лидер в области высокоэффективного и технологичного сельского хозяйства. Предлагается объединить наши конкурентные преимущества и создать совместный кластер пищевой промышленности, ориентированный на производство, глубокую переработку и экспорт продукции на внешние рынки. Казахстан предлагает корейским компаниям не просто емкий рынок, а широкие возможности для размещения производств, внедрения технологий и выхода на рынки Евразийского континента. Это откроет новые перспективы для корейского бизнеса и обеспечит реальный мультипликативный эффект для всего региона, – считает Президент Казахстана. t.me/aqorda_resmi

  9. repost

    Мемлекет басшысының айтуынша, жасанды интеллект пен цифрлық технологиялар саласындағы ынтымақтастықты нығайтудың әлеуеті зор ✔️Қазақстан бұл бағыттың табысты дамуына барынша күш салады. – Елімізде салалық министрлік құрылды, Alem.ai халықаралық орталығы ашылды, екі суперкомпьютер іске қосылды. Цифрландыру және жасанды интеллект жылын жариялау осы саланың дамуына тың серпін берді. Бірқатар маңдайалды бастамаларды іске асырып жатырмыз. Олардың қатарында қуаты 1 гигаватт болатын «Деректерді өңдеу орталықтарының алқабын» құру жобасы да бар. Кадрлық және ғылыми әлеуетіміз де нығайып келеді. Еліміздегі алғашқы арнаулы университет – Qazaq AI Research University маман даярлауға кірісті. Технологиялық серіктестігімізді жаңа әрі сапалы деңгейге шығару үшін Астанадағы Alem.ai базасында «Орталық Азия – Корея» озық технологиялар орталығын құруды ұсынамыз, – деді Президент. ✔️Ауыл шаруашылығы саласы да назардан тыс қалған жоқ. ✔️Мемлекет басшысы былтыр Қазақстан рекордтық көлемде, яғни 27 миллион тоннадай астық жинағанын мәлімдеді. – Агроөнеркәсіп өнімдеріміз әлемнің 70-тен астам еліне жеткізіледі. Экспорт көлемі 7 миллиард долларға жетті. Қазақстан жер ресурстарына бай. Ал Корея ауыл шаруашылығының тиімділігін арттыру және оған жоғары технологияларды енгізу ісінде көш бастап тұр. Бәсекеге қабілетті артықшылықтарымызды біріктіріп, тамақ өнеркәсібінде бірлескен кластер құруды ұсынамын. Аталған кластердің қызметі өндіріске, терең өңдеуге және өнімді сыртқы нарыққа экспорттауға бағытталады. Қазақстан корей компанияларына үлкен нарық ұсынып қана қоймай, өндіріс орындарын ашуға, технологияларды енгізуге және Еуразия нарығына шығуға мол мүмкіндік береді. Бұл корей бизнесінің көкжиегін кеңейте түседі. Сонымен қатар тұтас Орталық Азияға нақты мультипликативті әсерін тигізеді, – деді Мемлекет басшысы. t.me/aqorda_resmi

  10. 🇰🇿🎓 Welcome to Kazakhstan!»: Сәтбаев университетінің шетелдік студенттері қазақ мәдениетімен танысты Сәтбаев университетінде 35 елден келген шетелдік студенттердің қатысуымен «Welcome to Kazakhstan!» мәдени-танымдық кеші өтті. Іс-шараның мақсаты – шетелдік жастарды қазақ халқының мәдениетімен, ұлттық тағамдарымен, салт-дәстүрі және ұлттық ойындарымен таныстыру. Бүгінде Сәтбаев университетінде 2 348 шетелдік студент білім алып жатыр. Мәдени-танымдық кеш студенттерге Қазақстанның тарихы мен мәдениеті туралы жаңа ақпарат алып, өзара тәжірибе алмасуға және жаңа ортаға жақынырақ бейімделуге мүмкіндік берді. Іс-шара барысында студенттер домбыраның үніне құлақ түріп, қазақтың күй өнерімен танысты, ұлттық тағамдардан дәм татты. Сондай-ақ асық атып, тоғызқұмалақ ойнап, қазақтың ұлттық ойындарына қатысты. Өз кезегінде шетелдік студенттер өз елдерінің мәдениеті мен салт-дәстүрлері туралы әңгімелеп, мәдениеттер арасындағы өзара байланысты нығайта түсті. 🔗 Толығырақ: gov.kz *** 🇰🇿🎓 «Welcome to Kazakhstan!»: иностранные студенты Satbayev University познакомились с казахской культурой В Satbayev University состоялся культурно-познавательный вечер «Welcome to Kazakhstan!» с участием иностранных студентов из 35 стран. Цель мероприятия – познакомить иностранных студентов с культурой казахского народа, национальными блюдами, традициями и национальными играми. Сегодня в Satbayev University обучаются 2 348 иностранных студентов. Культурно-познавательный вечер позволил им больше узнать об истории и культуре Казахстана, обменяться опытом и лучше адаптироваться к новой среде. В ходе мероприятия студенты познакомились с искусством кюя и звучанием домбры, попробовали национальные блюда, а также приняли участие в национальных играх – асық ату и тоғызқұмалақ. В свою очередь, иностранные студенты рассказали о культуре и традициях своих стран, что способствовало укреплению межкультурного диалога. 🔗 Подробнее: gov.kz

  11. 💚 «Таза Қазақстан»: Қорқыт ата университеті ғалымдары су экожүйелерін зерттеуде «Таза Қазақстан» жалпыұлттық бастамасы аясында қоршаған ортаны қорғау, табиғи ресурстарды тиімді пайдалану және экологиялық мәдениетті қалыптастыру бағытындағы ғылыми зерттеулердің маңызы артып келеді. Осы ретте Қорқыт ата атындағы Қызылорда университеті ғалымдарының халықаралық ғылыми жобаға қатысуы – өңірдегі экологиялық мәселелерді заманауи технологиялар арқылы шешуге бағытталған маңызды қадам. Жобаның өзектілігі қазіргі кезеңдегі жаһандық экологиялық өзгерістермен тікелей байланысты. Климаттың өзгеруі, су тасқындарының жиілеуі, су экожүйелерінің деградациясы және су ресурстарына түсетін антропогендік қысым табиғи нысандардың жай-күйін тұрақты әрі дәл бақылауды талап етеді. Әсіресе су ресурстарының сапасы мен қауіпсіздігін бағалау, өзгерістерді ерте анықтау және ықтимал экологиялық тәуекелдердің алдын алу – тұрақты дамудың маңызды шарттарының бірі. 🔗 Толығырақ: gov.kz *** 💚 «Таза Қазақстан»: ученые Университета имени Коркыт ата исследуют водные экосистемы В рамках общенациональной инициативы «Таза Қазақстан» возрастает значение научных исследований, направленных на охрану окружающей среды, рациональное использование природных ресурсов и формирование экологической культуры. В этом контексте участие учёных Кызылординского университета имени Коркыт ата в международном научном проекте является важным шагом на пути решения экологических проблем региона с применением современных технологий. Актуальность проекта обусловлена глобальными экологическими изменениями, происходящими в настоящее время. Изменение климата, учащение наводнений, деградация водных экосистем и антропогенная нагрузка на водные ресурсы требуют постоянного и точного мониторинга состояния природных объектов. Особое значение имеют оценка качества и безопасности водных ресурсов, своевременное выявление изменений и предупреждение потенциальных экологических рисков, что является одним из важных условий устойчивого развития. 🔗 Подробнее: gov.kz

  12. repost

    Далее Президент нашей страны предложил усилить партнерство в сфере критических материалов – Казахстан располагает значительной ресурсной базой и входит в число мировых лидеров по запасам редкоземельных металлов. Примечательно, что все 10 минералов, отнесенных Кореей к категории стратегических, представлены в минерально-сырьевой базе нашей страны. Сочетание ресурсного потенциала Казахстана и технологических возможностей Кореи открывает широкие перспективы для взаимовыгодного сотрудничества. Приветствую достигнутую в рамках нынешнего визита договоренность о создании в Алматы совместного Центра по исследованию редких и редкоземельных металлов с участием Корейского института содействия технологиям. Нашей целью должно стать выстраивание полного производственного цикла – от исследований и добычи критически важного сырья до глубокой переработки, выпуска продукции с высокой добавленной стоимостью. В частности, речь идет о производстве полупроводников, микроэлектроники, аккумуляторов, компонентов для электромобилей и робототехнике. Для практической реализации этой задачи предлагаем создать совместную казахско-корейскую компанию, – отметил он. 🟦Отдельно Касым-Жомарт Токаев остановился на вопросах водной безопасности и сохранения экологического баланса в регионе. – В Казахстане реализуется масштабная модернизация водохозяйственной инфраструктуры. До 2030 года планируем построить 42 новых водохранилища, модернизировать 14,5 тысячи километров оросительных каналов и существенно расширить применение водосберегающих технологий. Изменение климата, дефицит воды и деградация природных экосистем уже сказываются на социально-экономическом развитии Центральной Азии. Поэтому Казахстан высоко ценит готовность Кореи делиться своими передовыми технологиями и практическим опытом в этой важной и чувствительной для нас сфере. В частности, большие перспективы вижу в запуске совместной программы по привлечению корейских технологий водосбережения, цифрового учета воды, развития современной водосберегающей инфраструктуры, – обратил внимание Президент Казахстана. t.me/aqorda_resmi

  13. repost

    Президент аса маңызды минералдар саласындағы серіктестікті күшейтуді ұсынды – Қазақстанның ресурс базасы айтарлықтай мол. Сирек кездесетін металдар қоры бойынша әлемдік көшбасшылардың қатарына енеді. Корея стратегиялық санатқа жатқызатын 10 минерал түрінің бәрі де елімізде бар. Қазақстанның ресурс әлеуеті мен Кореяның технологиялық мүмкіндіктерін үйлестіру өзара тиімді ынтымақтастық үшін кең мүмкіндіктерге жол ашады. Осы сапар аясында Алматы қаласында Кореяның технологиялық ықпалдастық институтының (KIAT) көмегімен Сирек және сирек кездесетін металдарды зерттеу орталығын құру туралы уағдаластыққа қол жеткізілді. Мен мұны құптаймын. Біз толық өндіріс циклын қалыптастыруды мақсат етуіміз керек. Яғни аса маңызды шикізатты зерттеу мен өндіруден бастап, оны терең өңдеу және одан қосылған құны жоғары дайын өнім шығаруға дейінгі тізбек толық қамтылуға тиіс. Қарапайым тілмен айтқанда, жартылай өткізгіштер, микроэлектроника, аккумулятор, электромобиль мен роботты техника бөлшектерін өндіруге көшуіміз керек. Бұл міндетті орындау үшін бірлескен қазақ-корей компаниясын құруды ұсынамыз, – деді Президент. 🟦Сонымен қатар Қасым-Жомарт Тоқаев су қауіпсіздігі және аймақтағы экологиялық теңгерімді сақтау мәселесін көтерді. – Қазақстанда су шаруашылығы инфрақұрылымын жаппай жаңғырту жүріп жатыр. 2030 жылға дейін 42 жаңа су қоймасын салып, 14,5 мың шақырым суландыру арналарын жаңартуды және су үнемдеу технологияларын кеңінен қолдануды жоспарлап отырмыз. Климаттың өзгеруі, су тапшылығы және табиғи экожүйенің тозуы қазірдің өзінде Орталық Азияның әлеуметтік-экономикалық дамуына теріс әсер етіп жатыр. Сондықтан Қазақстан Кореяның біз үшін өте маңызды әрі шетін салаға қатысты озық технологиясы мен жинаған тәжірибесін бөлісу ниетін жоғары бағалайды. Атап айтқанда, Кореяның су үнемдеуге, судың цифрлық есебін жүргізуге арналған технологияларын меңгеруге және заманауи су үнемдеу инфрақұрылымын дамытуға бағытталған ортақ бағдарламаны іске қосқан дұрыс деп санаймын, – деді Қазақстан Президенті. t.me/aqorda_resmi

  14. repost

    Глава государства выразил заинтересованность в изучении опыта Кореи в развитии водородной энергетики 🟦По его словам, в этом направлении прорабатывается ряд совместных инициатив, включая «Зеленый энергетический комплекс» в Восточно-Казахстанской области. – Считаю важным перейти к практической реализации пилотных проектов по производству и применению чистого водорода. При этом уголь сохраняет важную роль в энергетической безопасности Казахстана. Запасы страны составляют порядка 33 млрд тонн, а угольная генерация обеспечивает свыше 60% производства электроэнергии. Поэтому внедрение передовых технологий «чистого угля» является ключевым приоритетом. Приглашаю корейский бизнес, включая компании Doosan, KEPCO E&C и Midland Power, к реализации совместных проектов по модернизации угольной генерации, внедрению технологий управления выбросами, – отметил Касым-Жомарт Токаев. 🟦Наряду с этим особое внимание было уделено сотрудничеству в сфере цифровизации и искусственного интеллекта. – Республика Корея – один из лидеров глобальной технологической гонки. Казахстан также стал активным участником цифровой трансформации. В Астане открыт международный центр Аlem.ai, запущены суперкомпьютеры, начал работу специализированный университет искусственного интеллекта. Реализуется ряд совместных инициатив с Кореей. В частности, в Туркестане открыт Университет Woosong, в Кызылорде создан Институт искусственного интеллекта совместно с SeoulTech. Прорывным проектом нашего партнерства станет открытие в Alatau City филиала KAIST (Корейского университета передовых технологий) – одного из ведущих технологических университетов мира. В этом году начал работу центр предиктивной аналитики и форсайта AI SilkNet, созданный совместно с Корейским институтом научно-технической информации. На мой взгляд, следует объединить под его эгидой научные учреждения, университеты и технологические компании наших стран. Казахстан готов задействовать потенциал Международного центра искусственного интеллекта Аlem.ai с целью реализации совместных инициатив. Считаю также важным запустить в партнерстве с Кореей региональную программу AI Talent для подготовки специалистов в сфере искусственного интеллекта для стран Центральной Азии. Это позволит сформировать новое технологическое пространство, стимулирующее экономический рост и научный прогресс, – сказал Глава государства. t.me/aqorda_resmi

  15. repost

    Мемлекет басшысы еліміз Кореяның сутегі энергетикасын дамыту тәжірибесіне қызығушылық танытып отырғанын атап өтті 🟦Оның айтуынша, бұл бағытта бірқатар бірлескен жоба пысықталып жатыр. Соның бірі – Шығыс Қазақстан облысындағы «Жасыл энергетика кешені». – Таза сутегін өндіруге және қолдануға қатысты пилотты жобаларды іске асыру қажет деп санаймын. Әйтсе де көмір Қазақстанның энергетикалық қауіпсіздігінде маңызын жоймайды. Елімізде 33 миллиард тоннаға жуық көмір қоры бар, ал көмірден алынатын қуат электр энергиясы өндірісінің 60 пайыздан астамын қамтамасыз етеді. Сондықтан «таза көмір» технологиясын енгізуге айрықша басымдық береміз. Корея бизнесін, әсіресе, Doosan, KEPCO E&C және Midland Power компанияларын көмір генерациясын жаңғырту жобаларын бірлесе жүзеге асыруға, сондай-ақ ауаға таралатын зиянды заттарды реттеу технологияларын енгізуге шақырамын, – деді Қасым-Жомарт Тоқаев. 🟦Бұдан бөлек, Мемлекет басшысы цифрландыру және жасанды интеллект саласындағы ынтымақтастыққа ерекше мән берді. – Корея Республикасы – жаһандық технология жарысындағы көшбасшылардың бірі. Қазақстан да цифрлық трансформацияға белсенді кірісті. Астанада Аlem.ai халықаралық орталығы ашылды, суперкомпьютерлер іске қосылды, арнаулы жасанды интеллект университеті өз жұмысын бастады. Кореямен бірқатар бірлескен бастама жүзеге асырылып жатыр. Атап айтқанда, Түркістанда Woosong университеті ашылды, Қызылордада SeoulTech университетімен бірге Жасанды интеллект институты құрылды. Алатау қаласында орналасатын KAIST, яғни Корея озық технологиялар институты филиалы өзара серіктестігіміздің серпінді жобасы болуға лайық. Бұл – әлемдегі технология тілін үйрететін жетекші оқу орындарының бірі. Биыл Корея ғылыми-техникалық ақпарат институтымен бірлесе негізі қаланған AI SilkNet предективті аналитика және форсайт орталығы іске қосылады. Менің ойымша, екі елдің ғылыми мекемелері, университеттері мен технологиялық компаниялары осы орталықтың айналысында бір мақсатқа топтасқаны жөн. Қазақстан бірлескен жобаларды жүзеге асыру үшін Аlem.ai халықаралық жасанды интеллект орталығының әлеуетін жұмылдыруға дайын. Сонымен қатар Орталық Азия елдеріне жасанды интеллект саласы мамандарын даярлау үшін Кореямен серіктестік негізінде AI Talent өңірлік бағдарламасын іске қосқан жөн деп санаймын. Бұл өз кезегінде экономикалық өсім мен ғылыми прогреске ықпал ететін жаңа технологиялық кеңістік қалыптастыруға мүмкіндік береді, – деді Мемлекет басшысы. t.me/aqorda_resmi

  16. repost

    Қасым-Жомарт Тоқаев бірінші «Орталық Азия – Корея Республикасы» саммитіне қатысты 🇰🇿🇰🇷🇰🇬🇹🇯🇹🇲🇺🇿 t.me/aqorda_resmi

  17. 🔬 Казахстанские ученые предложили новый подход к применению квантовых вычислений в нефтедобыче Ученые Казахского национального университета имени аль-Фараби проводят исследования по применению квантовых вычислений для моделирования и оптимизации процессов нефтедобычи. Специалисты объединили физически информированные нейронные сети (PINN) с квантовыми вычислениями и разработали квантовую PINN-модель, позволяющую моделировать сложные процессы, происходящие в нефтяном пласте. В нефтедобыче применяются различные технологические методы, в том числе закачка воды в пласт и воздействие на него посредством поддержания давления. Для повышения эффективности этих процессов важно точно рассчитывать физические явления, происходящие в нефтяном пласте, и оптимально управлять производственными параметрами. Традиционные методы моделирования требуют проведения сложных многопараметрических расчетов. В этой связи внедрение новых технологий, расширяющих вычислительные возможности, становится одной из актуальных научных задач нефтегазовой отрасли. В рамках этого направления ученые КазНУ исследуют возможности квантовых вычислений и предложили новый подход к моделированию процессов нефтедобычи. Разработанная квантовая PINN-модель объединяет физические закономерности, возможности нейронных сетей и методы квантовых вычислений. Это позволяет совершенствовать моделирование сложных производственных процессов, повышать эффективность расчетов и оптимизировать параметры нефтедобычи. 🔗 Подробнее: gov.kz

  18. 👨‍🔬 Қазақстандық ғалымдар мұнай өндіруде кванттық есептеулерді қолданудың жаңа тәсілін ұсынды Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің ғалымдары мұнай өндіру үдерістерін модельдеу және оңтайландыруда кванттық есептеулерді қолдану бағытында зерттеу жүргізіп жатыр. Ғалымдар физикаға негізделген нейрондық желілерді (PINN) кванттық есептеулермен біріктіріп, мұнай қабатындағы күрделі үдерістерді модельдеуге мүмкіндік беретін кванттық PINN моделін әзірледі. Мұнай өндіру барысында қабатқа су айдау, қысым арқылы әсер ету және басқа да технологиялық әдістер қолданылады. Бұл үдерістердің тиімділігін арттыру үшін мұнай қабатындағы физикалық құбылыстарды дәл есептеп, өндіріс параметрлерін оңтайлы басқару маңызды. Дәстүрлі модельдеу тәсілдері күрделі көп параметрлі есептеулерді қажет етеді. Сондықтан есептеу мүмкіндіктерін кеңейтетін жаңа технологияларды енгізу мұнай-газ саласындағы өзекті ғылыми міндеттердің бірі болып отыр. Осы бағытта ҚазҰУ ғалымдары кванттық есептеулердің мүмкіндіктерін зерттеп, мұнай өндіру үдерістерін модельдеуге арналған жаңа тәсіл ұсынды. Әзірленген кванттық PINN моделі физикалық заңдылықтарды нейрондық желілердің мүмкіндіктерімен және кванттық есептеу тәсілдерімен ұштастырады. Бұл күрделі өндірістік үдерістерді модельдеуді жетілдіруге, есептеу тиімділігін арттыруға және мұнай өндіру параметрлерін оңтайландыруға мүмкіндік береді. 🔗 Толығырақ: gov.kz

  19. repost

    Президент тепло побеседовал с казахстанцами, которые в настоящее время проходят обучение или трудятся в Южной Корее ✔️Глава государства рассказал соотечественникам о проводимых в нашей стране политических реформах и социально-экономических преобразованиях, направленных на повышение благосостояния народа. ✔️Наши соотечественники поделились своими достижениями в работе и учебе, а также рассказали Касым-Жомарту Токаеву о планах на будущее. ✔️В завершение встречи Президент пожелал успехов студентам и всем гражданам Казахстана, проживающим в Республике Корея. t.me/aqorda_resmi

  20. Older posts