🔹Kozybayev University-де қаржылық мониторинг бойынша микробіліктілік кабинеті ашылды Kozybayev University-де Солтүстік Қазақстан облысы бойынша Экономикалық тергеп-тексеру департаментімен жасалған ынтымақтастық туралы меморандум аясында мамандандырылған білім беру алаңы ашылды. ҚР Қаржылық мониторинг агенттігінің микробіліктілік кабинеті студенттерге экономикалық қауіпсіздік және мемлекеттік қызмет салаларында сұранысқа ие қосымша кәсіби құзыреттер мен практикалық дағдыларды меңгеруге мүмкіндік береді. 🔗 Толығырақ: gov.kz *** 🟣В Kozybayev University открыли кабинет микроквалификаций по финансовому мониторингу В университете создана специализированная образовательная площадка в рамках меморандума о сотрудничестве с Департаментом экономических расследований по СКО. Кабинет микроквалификаций Агентства РК по финансовому мониторингу позволит студентам получить дополнительные профессиональные компетенции и практические навыки, востребованные в сфере экономической безопасности и государственной службы. 🔗 Подробнее: gov.kz
ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігі
Официальный Telegram-канал Министерства науки и высшего образования РК
-
-



+5
💼 Абай университетінде халықаралық компаниялардың бос жұмыс орындары жәрмеңкесі өтті Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінде студенттер мен түлектерге арналған француз және басқа да халықаралық компаниялардың бос жұмыс орындары жәрмеңкесі өтті. Іс-шараның негізгі мақсаты – жастарды халықаралық еңбек нарығындағы мүмкіндіктермен таныстыру, олардың жұмысқа орналасуына, кәсіби тәжірибе жинақтауына және еңбек жолын бастауына қолдау көрсету. 🔗 Толығырақ: gov.kz *** 💼 В Университете Абая прошла ярмарка вакансий международных компаний В Казахском национальном педагогическом университете имени Абая состоялась ярмарка вакансий французских и других международных компаний для студентов и выпускников. Основная цель мероприятия – ознакомление молодежи с возможностями международного рынка труда, содействие трудоустройству, приобретению профессионального опыта и началу карьерного пути. 🔗 Подробнее: gov.kz
-



+6
▪️ Основные направления развития науки и высшего образования В Казахстане в рамках реализации поручений Главы государства проводится системная работа по повышению доступности высшего образования, социальной поддержке студентов, расширению международного сотрудничества, внедрению искусственного интеллекта и развитию науки. 🔹 Доступность высшего образования. За последние семь лет выделено 655,7 тыс. государственных образовательных грантов и открыто более 240 тыс. образовательных накопительных вкладов. 🔹 Социальная поддержка студентов. По сравнению с 2020 годом размер стипендий увеличился вдвое. В 2018-2025 годах построено и реконструировано 281 общежитие на 72 125 мест. Дефицит мест в студенческих общежитиях сократился почти в 16 раз. 🔹 Международное сотрудничество. В Казахстане открыто 33 филиала зарубежных вузов. Число иностранных студентов приблизилось к 41 тыс. В рейтинг QS World University Rankings 2026 вошли 18 казахстанских университетов. 🔹 Подготовка кадров для рынка труда. В рамках проекта «Мамандығым – болашағым» разработаны региональные карты потребности в кадрах для всех 20 регионов страны. 🔹 Развитие искусственного интеллекта. В 31 университете реализуются 44 образовательные программы в области ИИ. В рамках программы AI-Sana обучение прошли 706 тыс. студентов, разработано 515 проектов с применением искусственного интеллекта. 🔹 Финансирование науки. Внутренние затраты на научно-исследовательские и опытно-конструкторские работы в 2019-2025 годах увеличились в 3,2 раза и достигли 261,5 млрд тенге. 🔹 Поддержка ученых. Численность молодых ученых достигла 14 323 человек. Жильем обеспечены 812 молодых ученых. 🔹 Научная инфраструктура. До 2035 года планируется создание трех наукоградов в Алматы, Курчатове и Астане. Реализуемые меры направлены на повышение качества высшего образования, укрепление научного потенциала и обеспечение инновационного развития Казахстана.
-



+6
▪️ Ғылым және жоғары білім саласын дамытудың негізгі бағыттары Қазақстанда Мемлекет басшысының тапсырмаларын іске асыру аясында жоғары білімнің қолжетімділігін арттыру, студенттерді қолдау, халықаралық ынтымақтастықты кеңейту, жасанды интеллектіні енгізу және ғылымды дамыту бағытында жүйелі жұмыстар жүргізіліп жатыр. 🔹 Жоғары білімнің қолжетімділігі. Соңғы жеті жылда 655,7 мың мемлекеттік білім беру гранты бөлініп, 240 мыңнан астам білім беру жинақтау салымы ашылды. 🔹 Студенттерді әлеуметтік қолдау. 2020 жылмен салыстырғанда шәкіртақы екі есеге өсті. 2018-2025 жылдары 72 125 орындық 281 жатақхана салынып, қайта жаңартылды. Жатақхана орындарының тапшылығы 16 есеге жуық қысқарды. 🔹 Халықаралық ынтымақтастық. Қазақстанда шетелдік жоғары оқу орындарының 33 филиалы ашылды. Шетелдік студенттер саны 41 мыңға жуындады. QS World University Rankings 2026 рейтингіне еліміздің 18 университеті енді. 🔹 Еңбек нарығына қажетті кадрлар даярлау. «Мамандығым – болашағым» жобасы аясында еліміздің 20 өңірінде кадрларға қажеттіліктің өңірлік карталары әзірленді. 🔹 Жасанды интеллектіні дамыту. 31 университетте ЖИ бойынша 44 білім беру бағдарламасы іске асырылады. AI-Sana аясында 706 мың студент оқытылып, 515 ЖИ жобасы әзірленді. 🔹 Ғылымды қаржыландыру. Ғылыми-зерттеу және тәжірибелік-конструкторлық жұмыстарға жұмсалатын ішкі шығындар 2019-2025 жылдары 3,2 есеге өсіп, 261,5 млрд теңгеге жетті. 🔹 Ғалымдарды қолдау. Жас ғалымдар саны 14 323 адамға жетті. 812 жас ғалым баспанамен қамтамасыз етілді. 🔹 Ғылыми инфрақұрылым. 2035 жылға дейін Алматы, Курчатов және Астана қалаларында үш ғылыми қалашықты құру жоспарланған. Аталған шаралар жоғары білім сапасын арттыруға, ғылыми әлеуетті нығайтуға және Қазақстанның инновациялық дамуын қамтамасыз етуге бағытталған.
-
🔶ҚазҰУ студенттері әлемдік чемпионатқа жаңа зертханада дайындалады Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде FIRST Robotics Competition халықаралық бағдарламасы аясында робототехника зертханасының салтанатты ашылуы өтті. Жаңа зертхана роботтарды жобалауға, құрастыруға, бағдарламалауға және сынақтан өткізуге қажетті заманауи жабдықтармен қамтамасыз етілген. Ол механика-математика факультетінің студенттері, соның ішінде «Электроника» білім беру бағыты бойынша білім алушылар үшін практикалық дайындықты қамтамасыз етеді. Мұнда механика, электроника, бағдарламалау және инженерлік дизайн бағыттары бойынша бірлескен жобалар жүзеге асырылып, мектеп оқушыларына арналған робототехника үйірмелері мен жарыстар ұйымдастырылады. Айта кетерлігі, қазақстандық жастар халықаралық робототехника жарыстарында жоғары нәтижелерге қол жеткізіп келеді. 2025 жылы еліміздің құрамасы FIRST Global Challenge чемпионатында төртінші рет әлем чемпионы атанды. 🔗 Толығырақ: gov.kz *** 🔶 Студенты КазНУ будут готовиться к мировому чемпионату в новой лаборатории В Казахском национальном университете имени аль-Фараби прошло торжественное открытие лаборатории робототехники в рамках международной программы FIRST Robotics Competition. Новая лаборатория оснащена оборудованием, необходимым для проектирования, сборки, программирования и испытания роботов. Она станет практической базой для студентов механико-математического факультета, в том числе обучающихся по образовательному направлению «Электроника». Здесь планируется реализовывать совместные проекты по механике, электронике, программированию и инженерному дизайну, а также проводить практические занятия, робототехнические кружки и соревнования для школьников. Казахстанская молодежь уже добивается высоких результатов на международных соревнованиях по робототехнике. В 2025 году сборная нашей страны в четвертый раз стала чемпионом мира на FIRST Global Challenge. 🔗 Подробнее: gov.kz
-
🟠Ғылым мен жоғары білім саласын дамытудың негізгі жетістіктері мен басым бағыттары таныстырылды ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінде Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбектің қатысуымен «Ғылым және жоғары білім саласының негізгі бағыттары туралы» тақырыбында баспасөз конференциясы өтті. Брифинг барысында ведомство басшысы Мемлекет басшысының тапсырмаларын іске асыру аясында атқарылған жұмыстардың нәтижелерін таныстырды. Атап айтқанда, жоғары білімнің қолжетімділігін арттыру, студенттерді әлеуметтік қолдау, халықаралық академиялық ынтымақтастықты кеңейту, жасанды интеллект технологияларын енгізу, ғылыми әлеуетті нығайту және ғылымды қаржыландыру тетіктерін жетілдіру бағытында жүзеге асырылып жатқан шараларға ерекше назар аударылды. Министрдің айтуынша, елімізде жоғары білімнің қолжетімділігін кеңейту және азаматтардың білім алуына қолайлы жағдай жасау бағытында жүйелі шаралар қабылданып келеді. Соңғы жеті жылда жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білімі бар кадрларды даярлауға 655,7 мың мемлекеттік білім беру гранты бөлінді. Сонымен қатар 240 мыңнан астам білім беру жинақтау салымы ашылды. Оның ішінде «Келешек» бағдарламасы аясындағы 120 686 салымның жалпы сомасы 49,8 млрд теңгені құрайды. Студенттерді әлеуметтік қолдау және білім беру инфрақұрылымын дамыту мәселелеріне ерекше назар аударылған. 2020 жылмен салыстырғанда студенттердің шәкіртақысы екі есеге артты. 2018-2025 жылдар аралығында елімізде жалпы сыйымдылығы 72 125 орын болатын 281 жатақхана салынып, қайта жаңартылды. Нәтижесінде жатақхана орындарының тапшылығы 16 есеге жуық, яғни 82,5 мыңнан 5 176 орынға дейін қысқарды. Қазіргі уақытта Алматы қаласын қоспағанда барлық өңірде студенттік жатақханалардағы орын тапшылығы жойылды. 🔗 Толығырақ: gov.kz *** 🟠Представлены основные достижения и приоритеты развития науки и высшего образования В Службе центральных коммуникаций при Президенте РК состоялась пресс-конференция министра науки и высшего образования РК Саясата Нурбек на тему «Об основных направлениях работы в сфере науки и высшего образования». В ходе брифинга глава ведомства представил результаты работы по реализации поручений Главы государства. Особое внимание было уделено повышению доступности высшего образования, социальной поддержке студентов, расширению международного академического сотрудничества, внедрению технологий искусственного интеллекта, развитию научного потенциала и совершенствованию механизмов финансирования науки. По словам министра, в стране последовательно реализуются меры по расширению доступности высшего образования и созданию благоприятных условий для обучения граждан. За последние семь лет на подготовку кадров с высшим и послевузовским образованием было выделено 655,7 тыс. государственных образовательных грантов. Наряду с этим развивается система образовательных накоплений. На сегодняшний день открыто более 240 тысяч образовательных накопительных вкладов. В их числе 120 686 вкладов на общую сумму 49,8 млрд тенге в рамках программы «Келешек». Особое внимание уделяется социальной поддержке студентов и развитию образовательной инфраструктуры. По сравнению с 2020 годом размеры студенческих стипендий увеличились в два раза. В период с 2018 по 2025 год в стране построено и реконструировано 281 общежитие общей вместимостью 72 125 мест. В результате принятых мер дефицит мест в общежитиях сократился почти в 16 раз – с 82,5 тысячи до 5 176 мест. В настоящее время проблема нехватки мест в студенческих общежитиях решена во всех регионах страны, за исключением Алматы. 🔗 Подробнее: gov.kz
-
repost -
repost
🔶Диплом жазу кезінде ЖИ қолдануға бола ма – министрдің жауабы Қазақстан білім беру үдерісіне ЖИ-ді белсенді енгізе бастаған алғашқы елдердің бірі болды. Бұл ретте негізгі қағида – ЖИ студентке көмектесуі керек, бірақ оның өз жұмысын алмастырмауға тиіс. Жасанды интеллект элементтерін студенттік және ғылыми жұмыстарды жазу кезінде бірқатар талаптарды сақтай отырып пайдалануға болады. Бұл туралы ҚР ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек ОКҚ алаңында өткен баспасөз конференциясында журналистің сауалына берген жауабында мәлімдеді. «Біріншіден, студент немесе зерттеуші өз қорытындысын жасауға тиіс аналитикалық бөлімдерді, тұжырымдар мен қорытындыларды жазу кезінде алгоритмдерді қолдануға болмайды. Екіншіден, ЖИ немесе алгоритмдердің нәтижелерін пайдаланған жағдайда міндетті түрде сілтеме жасау қажет. Яғни, «осы бөлімді мен белгілі бір алгоритмнің көмегімен алдым, ол деректерді өңдеп, маған осындай нәтижелер берді» деп көрсету керек», – деді спикер. Студенттік жұмыстарда ЖИ қолданудың рұқсат етілген көлемін әрбір жоғары оқу орны өз бетінше айқындайды. Министрдің айтуынша, бүгінде әлемнің барлық білім беру жүйесінің алдында жасанды интеллектіні қолдануда дұрыс тепе-теңдік табу міндеті тұр. Қазіргі уақытта ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігі тест әзірлеу саласындағы жетекші халықаралық компаниялардың бірі ETS-пен бірлесіп, тестілеудің жаңа форматын әзірлеуде. Ол білім көлемін ғана емес, логикалық ойлауды, ойлау жүйесінің құрылымын, цифрлық сауаттылықты және жеке тұлғаның жекелеген қасиеттерін де бағалайтын болады. Министрдің сөзінше, жаңа тест келесі жылы пилоттық режимде іске қосылмақ. 🔶Можно ли использовать ИИ при написании диплома – ответ министра Казахстан стал одной из первых стран, где ИИ начали активно внедрять в образовательный процесс. При этом основной принцип – ИИ должен помогать студенту, а не подменять его работу. Элементы ИИ можно использовать при написании студенческих и исследовательских работ, но при соблюдении ряда условий. Об этом рассказал министр науки и высшего образования Саясат Нурбек на пресс-конференции в СЦК, отвечая на вопрос журналиста. «Первое – нельзя использовать алгоритмы при написании аналитических частей, выводов, заключений, где должен сам студент, исследователь дать свое заключение. Следующее – при использовании ИИ либо результатов алгоритмов обязательно нужно цитировать, что «да, этот кусок я получил при помощи такого-то алгоритма, он обработал и дал мне такие-то данные», – сказал спикер. Допустимый объем использования ИИ в студенческих работах каждый вуз определяет самостоятельно. По словам министра, перед образовательными системами во всем мире стоит задача найти правильный баланс. В настоящее время Министерство науки и высшего образования РК совместно с ведущей мировой компанией по разработке тестов ETS готовит новый формат теста, который будет оценивать не только объем знаний, но и логическое мышление, структуру мышления, цифровую грамотность, отдельные личностные данные. По словам министра, новый тест в пилотном режиме планируют запустить в следующем году. @ortcom_kz #CCS
-
repost
🔶40-тан астам отандық ғылыми жоба экспортқа шықты Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек ОКҚ алаңында өткен баспасөз конференциясында сұраққа берген жауабында биыл қанша ғылыми әзірлеме нақты экономика секторына шыққанын айтты. Оның айтуынша, іргелі және қолданбалы ғылым әртүрлі мәселелерді шешеді. Соңғы уақытқа дейін экспериментте дәлелденген дамуды өнеркәсіптік прототипке жеткізуге және оны өндіріске беруге көмектесетін қолдау жетіспеді. Осы жылдың маусым айында Ғылыми-зерттеу және тәжірибелік-конструкторлық әзірлемелерге (ҒЗТКЖ) гранттық қолдаудың жаңа түрін енгізетін заң қабылданды. Мұндай гранттарды келесі жылдан бастап беру жоспарланған. «Біз 386 жобаны қаржыландырдық. Оның 241-і іске қосылып, табыс әкеле бастады. Бұл – жақсы көрсеткіш. Олардың 41-і экспортқа шығарылды. Яғни, бұл өнімдерге Қазақстанда ғана емес, шетелде де сұраныс бар. Ал тоғыз жобаның сатылым көлемі 1 млрд теңгеден асты», – деді министр. Министр мысал ретінде Қарағанды техникалық университетінде сынақтан өткен арнайы суспензияны атады. Ол металл бұйымдарындағы тотты кетіріп, олардың бетінде қорғаныш қабатын қалыптастырады. Тағы бір отандық әзірлеме – аусыл ауруын анықтауға арналған маркерлер жүйесі. «Осының арқасында биыл Қазақстан аусылдан таза ел ретінде танылу үшін өтінім беріп, Дүниежүзілік жануарлар денсаулығы ұйымының мойындауына ие болды. Отандық ғалымдар қарапайым, арзан әрі тиімді жүйе әзірлей алды», – деп толықтырды Саясат Нұрбек. 🔶Свыше 40 отечественных научных проектов вышли на экспорт Сколько научных разработок дошло до производства и внедрено в реальный сектор экономики в этом году, рассказал министр науки и высшего образования Саясат Нурбек, отвечая на вопрос на пресс-конференции в СЦК. По его словам, фундаментальная и прикладная наука решают разные задачи. До недавнего времени не хватало поддержки, которая помогла бы довести проверенную в эксперименте разработку до промышленного прототипа и передать ее производству. В июне этого года был принят закон, вводящий новый вид грантовой поддержки на научно-исследовательские и опытно-конструкторские разработки (НИОКР). Выдачу таких грантов планируют начать со следующего года. «386 проектов мы профинансировали, 241 из них заработали и начали зарабатывать. Это неплохой, на самом деле, показатель. Из них 41 пошли на экспорт. Это тоже очень неплохой показатель. Т.е. эта продукция востребована не только в Казахстане, но и за рубежом. И из них 9 уже получили обороты, продажи более миллиарда тенге», – сказал министр. Среди примеров министр назвал специальную суспензию, апробированную Карагандинским техническим университетом. Она удаляет ржавчину и покрывает металлические изделия защитной плёнкой. Ещё одна разработка – отечественная система маркеров для выявления ящура. «Это позволило в этом году Казахстану подать заявку и получить признание от ВОЗ как страны, свободной от ящура. Наши отечественные ученые смогли создать простую, дешевую и эффективную систему», – добавил Саясат Нурбек. @ortcom_kz #CCS
-
repost
🔶Отандық ғалымдар халықаралық ғылыми жобаларға қатысып, жаңа технологияларды енгізуде Қазақстандық ғалымдар халықаралық ғылыми орталықтармен бірлесіп, ауыл шаруашылығы, өнеркәсіп, энергетика және жаңа материалдар өндіру бағыттарында зерттеулер жүргізуде. Аризона университеті мен Қозыбаев университетінің серіктестігі аясында Қызылорда облысында суды 30–40%-ға дейін үнемдейтін, тұзды топырақта өсе алатын күріштің жаңа сортын шығару жұмыстары қолға алынған. Сонымен қатар, отандық ғалымдар күкірт негізінде линзалар, полимерлер мен пластмасса өндіру технологияларын әзірлеуде. Жетісу университетінің ғалымдары италиялық мамандармен бірлесіп, бидай селекциясында жылына алты рет өнім алуға мүмкіндік беретін Speed Breeding технологиясын меңгерді. Бұл әдіс құрғақ және шөлейт аймақтарға бейімделген бидай сорттарын шығаруға мүмкіндік береді. Сондай-ақ жол құрылысының сапасын арттыруға арналған ылғалға төзімді жаңа битум әзірленіп, Петропавл қаласында сынақтан өткізілуде. «Халықаралық ғылыми ынтымақтастық аясында Қазақстан CERN зерттеу орталығымен де байланысын нығайтып келеді. Келісім бойынша жыл сайын 15 отандық ғалымға орталықтың зертханаларында жұмыс істеуге мүмкіндік беріледі. Қазақстандық ғылыми институттар мен кәсіпорындар да халықаралық зерттеулерге қажетті материалдар мен бөлшектерді әзірлеуге атсалысады. Біздің Ядролық физика институты қарағандылық инженерлермен бірігіп, CERN -ге арнайы қорғасыннан жасалған центрлар жасайтын болады. Ал Өскемендегі Үлбі металлургиялық зауыты арнайы бөлшектермен қамтамасыз етеді. Осылайша, отандық ғалымдар әлемдік ғылымға да үлесін қосып отыр», – ҚР ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек ОКҚ алаңында өткен баспасөз конференциясында хабарлады. Бұдан бөлек, Өскемен мен Алматы қалаларында сирек металдарды зерттеу, өндіру және байыту бағытында жаңа ғылыми орталықтар ашу жоспарланған. Жасанды интеллект пен математика саласында да халықаралық зертхана құру көзделген. 🔶Отечественные ученые участвуют в международных научных проектах и внедряют новые технологии Казахстанские ученые совместно с международными научными центрами проводят исследования в области сельского хозяйства, промышленности, энергетики и производства новых материалов. В рамках партнерства Университета Аризоны и Университета Козыбаева в Кызылординской области начата работа по созданию нового сорта риса, который позволяет экономить до 30–40% воды и может расти на засоленных почвах. Кроме того, отечественные ученые разрабатывают технологии производства линз, полимеров и пластмасс на основе серы. Ученые Жетысуского университета совместно с итальянскими специалистами освоили технологию Speed Breeding, которая позволяет проводить до шести циклов селекции пшеницы в год. Этот метод поможет создавать сорта пшеницы, адаптированные к засушливым и полузасушливым регионам. Также разработан новый влагостойкий битум для повышения качества дорожного строительства. Сейчас его испытывают в Петропавловске. «В рамках международного научного сотрудничества Казахстан укрепляет связи и с исследовательским центром CERN. Согласно соглашению ежегодно 15 отечественных ученых смогут работать в лабораториях центра. Казахстанские научные институты и предприятия также участвуют в разработке материалов и деталей, необходимых для международных исследований. Наш Институт ядерной физики совместно с карагандинскими инженерами будет изготавливать специальные элементы из свинца для CERN. А Ульбинский металлургический завод в Усть-Каменогорске обеспечит центр специальными деталями. Таким образом, отечественные ученые вносят вклад и в мировую науку», – сообщил министр науки и высшего образования РК Саясат Нурбек на пресс-конференции в СЦК. Кроме того, в Усть-Каменогорске и Алматы планируется открыть новые научные центры по исследованию, производству и обогащению редких металлов. Также предусмотрено создание международной лаборатории в области ИИ и математики. @ortcom_kz #CCS
-
repost
🔶Қазақстанда соңғы жеті жылда ғылымды қаржыландыру үш есе артты Қазақстанда ғылымды мемлекеттік қолдау көлемі артып келеді. Соңғы жеті жылда ғылымды қаржыландыру үш есеге өсті. Қолдау шараларының нәтижесінде соңғы төрт жылда ғалымдар саны 5 мыңнан астам адамға көбейді. Бұл туралы ҚР ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек ОКҚ алаңында өткен баспасөз конференциясында хабарлады. «Қазіргі таңда ғалымдардың 80%-ы – жас мамандар. Сонымен қатар, арнайы тұрғын үй бағдарламасы аясында 813 ғалым баспаналы болды. Ғылыми инфрақұрылымды дамыту бағытында да жұмыстар жүргізілуде. Бүгінде 20 университеттің базасында инженерлік орталықтар мен ғылыми-технологиялық парктер ашылған», – деді спикер. Бұдан бөлек, өңірлік ғылымды дамытуға бағытталған жаңа заң қабылданды. Енді облыс әкімдіктері жанынан ғылыми кеңестер құрылып, ғылымды жергілікті бюджет есебінен қаржыландыру мүмкіндігі қарастырылды. 🔶За последние семь лет финансирование науки в Казахстане выросло втрое Объем государственной поддержки науки в Казахстане увеличивается. За последние семь лет финансирование науки выросло в три раза. Благодаря мерам поддержки за последние четыре года число ученых увеличилось более чем на 5 тыс. человек. Об этом сообщил министр науки и высшего образования РК Саясат Нурбек на пресс-конференции в СЦК. «Сейчас 80% учёных – молодые специалисты. Кроме того, в рамках специальной жилищной программы жилье получили 813 ученых. Ведется работа и по развитию научной инфраструктуры. На базе 20 университетов открыты инженерные центры и научно-технологические парки», – сказал спикер. Кроме того, принят новый закон, направленный на развитие региональной науки. Теперь при областных акиматах будут созданы научные советы, а также предусмотрена возможность финансирования науки за счет местных бюджетов. @ortcom_kz #CCS
-
repost -
repost
🔶Қазақстанда 706 мыңнан астам студент жасанды интеллект негіздерін меңгерді Қазіргі уақытта оқу бағдарламаларының 76%-ына ЖИ элементтері енгізілді. Қазіргі уақытта «AI-Sana» бағдарламасы іске қосылды. Былтырдан бастап ЖИ негіздерін міндетті түрде оқыту енгізілді. Нәтижесінде 706 мыңнан астам бакалавр студенті базалық курстармен қамтылды. Магистранттар мен докторанттарға да ЖИ бойынша білім беру жүргізілуде. «Бағдарлама аясында жыл сайын 100 мың студентті тереңдетілген ЖИ курстарына тарту жоспарланған. Олардың ішінен шамамен 60 мыңы Astana Hub-пен бірлескен акселерациялық бағдарламаларға қатысып, өздерінің ЖИ агенттерін әзірлеуге мүмкіндік алады. Қазіргі таңда 104 мың студенттің 67 мыңнан астамы бағдарламаның екінші кезеңін сәтті аяқтап, сертификат алған. Сондай-ақ қатысушылар әзірлеген 500-ден астам ЖИ агенті іске қосылды», – деді ҚР ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек ОКҚ алаңында өткен баспасөз конференциясында. Оның айтуынша, Қазақ-Британ техникалық университетінің студенттері «ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясы үшін «КМГ AI» арнайы агентін әзірлеген. Ол мұнай өндіруден бастап, дайын өнімнің жанармай базаларына жеткізілуіне дейінгі ақпаратты бір жүйеге жинақтап, ахуалдық орталық операторларына чат-бот арқылы жедел ұсынуға мүмкіндік береді. 🔶В Казахстане более 706 тыс. студентов освоили основы искусственного интеллекта В настоящее время элементы искусственного интеллекта включены в 76% учебных программ. Запущена программа «AI-Sana». С прошлого года введено обязательное обучение основам ИИ. В результате базовые курсы прошли более 706 тыс. студентов бакалавриата. Обучение по ИИ также проводится для магистрантов и докторантов. «В рамках программы ежегодно планируется привлекать 100 тыс. студентов к углубленным курсам по ИИ. Около 60 тыс. из них смогут участвовать в акселерационных программах совместно с Astana Hub и разрабатывать собственных ИИ-агентов. Сейчас из 104 тыс. студентов более 67 тыс. успешно завершили второй этап программы и получили сертификаты. Кроме того, запущено более 500 ИИ-агентов, разработанных участниками», – сообщил министр науки и высшего образования РК Саясат Нурбек на пресс-конференции в СЦК. По его словам, студенты Казахстанско-Британского технического университета разработали специального ИИ-агента «КМГ AI» для национальной компании «КазМунайГаз». Он объединяет в одной системе информацию – от добычи нефти до доставки готовой продукции на нефтебазы – и позволяет оперативно предоставлять ее операторам ситуационного центра через чат-бот. @ortcom_kz #CCS
-
repost -
repost -
repost
🔶Алматыдағы жатақхана тапшылығы алдағы екі жылда шешіледі Қазақстанда соңғы алты жылда 281 студенттік жатақхана пайдалануға беріліп, 72 мыңнан астам төсек-орын ашылды. Бұл туралы ОКҚ алаңында ҚР ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек мәлімдеді. Оның айтуынша, қазіргі уақытта жатақхана тапшылығы негізінен Алматы қаласында сақталып отыр. Мұнда 5 мыңнан астам орын жетіспейді. Бұл мәселені алдағы 1–2 жылда шешу жоспарланған. «Астанада ЕҰУ базасында 2 656 орындық жатақхана пайдалануға берілді. Алматыда 4 280 орындық жатақхана кешенінің құрылысы басталды. Оның алғашқы 340 орындық блогы іске қосылды. Жоба толық аяқталған кезде Алматыдағы жатақхана тапшылығының шамамен 80%-ын жабуға мүмкіндік береді», – деді спикер баспасөз конференциясында. Сондай-ақ Петропавлдағы Қозыбаев университетінде 1 200 орындық, Narxoz университетінде 450 орындық жатақханалар пайдалануға берілді. Бұдан бөлек, бірқатар жоғары оқу орнында жаңа студенттік жатақханалар ашылды. 🔶Дефицит мест в общежитиях Алматы планируют устранить в ближайшие два года За последние шесть лет в Казахстане ввели в эксплуатацию 281 студенческое общежитие, создав более 72 тыс. мест. Об этом сообщил министр науки и высшего образования РК Саясат Нурбек на площадке СЦК. По его словам, сейчас дефицит мест в общежитиях сохраняется в основном в Алматы. Здесь не хватает более 5 тыс. мест. Эту проблему планируется решить в ближайшие один-два года. «В Астане на базе ЕНУ введено в эксплуатацию общежитие на 2 656 мест. В Алматы началось строительство комплекса общежитий на 4 280 мест. Введен в эксплуатацию его первый блок на 340 мест. После полного завершения проекта удастся покрыть около 80% дефицита мест в общежитиях Алматы», – сказал спикер на пресс-конференции. Также введены в эксплуатацию общежития на 1 200 мест при университете им. М.Козыбаева в Петропавловске и на 450 мест при университете Narxoz. Кроме того, новые студенческие общежития открылись в ряде вузов. @ortcom_kz #CCS
-
repost -
repost
🔶Қазақстандық жоғары оқу орындарының халықаралық рейтингтердегі көрсеткіші жақсарды Соңғы жылдары білім беру мен ғылыми зерттеулердің сапасын арттыруға бағытталған жұмыстардың нәтижесінде отандық университеттердің халықаралық рейтингтердегі саны өскен. Бұл туралы ОКҚ алаңында ҚР ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек мәлімдеді. Оның айтуынша, биыл жарияланған QS және Times Higher Education (THE) рейтингтерінде қазақстандық университеттер бірқатар жоғары нәтижеге қол жеткізді. Атап айтқанда, QS әлемдік рейтингінде 18 отандық жоғары оқу орны, ал Times Higher Education рейтингінде 10 университет енді. Соңғы бес жылда THE рейтингіндегі қазақстандық университеттер саны 3-тен 10-ға дейін өскен. Сонымен қатар, QS Asia рейтингінде Қазақстанның 51 университеті қамтылды. Оның ішінде Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті, Satbaev university және әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті үздік 100 университеттің қатарына енді. «Қазақстан жаһандық инновациялар индексінде (GII) соңғы он жылдағы ең жоғары нәтижесін көрсетіп, 73-орынға тұрақтады. Орталық Азияда бірінші, Оңтүстік Азияда екінші орынға ие болды», – деді спикер баспасөз конференциясында. 🔶Позиции казахстанских вузов в международных рейтингах улучшились В последние годы благодаря работе по повышению качества образования и научных исследований увеличилось число отечественных университетов, представленных в международных рейтингах. Об этом сообщил министр науки и высшего образования РК Саясат Нурбек на площадке СЦК. По его словам, в опубликованных в этом году рейтингах QS и Times Higher Education (THE) казахстанские университеты добились ряда высоких результатов. В мировой рейтинг QS вошли 18 отечественных вузов, а в рейтинг Times Higher Education – 10 университетов. За последние пять лет число казахстанских вузов в рейтинге THE выросло с трёх до десяти. Кроме того, в рейтинге QS Asia представлен 51 университет Казахстана. Евразийский национальный университет имени Л. Н. Гумилёва, Satbayev University и Казахский национальный университет имени аль-Фараби вошли в число 100 лучших университетов. «В Глобальном инновационном индексе (GII) Казахстан показал лучший за последние десять лет результат, заняв 73-е место. Страна стала первой в Центральной Азии и второй в Южной Азии», – сказал спикер на пресс-конференции. @ortcom_kz #CCS
-
repost -
repost
🔶Қазақстанда инженерлерді даярлаудың жаңа моделі енгізілуде Қазақстанда инженерлік білім беру жүйесі жаңартылып, мамандарды даярлау форматы өзгеруде. Жаңа модель аясында инженерлік жоғары оқу орындарының жанынан арнайы полигондар мен инженерлік орталықтар ашылады. Бұл туралы ОКҚ алаңында ҚР ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек мәлімдеді. Жаңа тәсіл ЮНЕСКО әзірлеген Work-Based Learning (WBL), яғни жұмыс орнында оқыту әдістемесіне негізделген. «Пилоттық жобаны 50-ден астам инженерлік жоғары оқу орнында жүзеге асыру жоспарланған. Мәселен, Атырау мұнай-газ университетінің жанында Энергетика министрлігінің қолдауымен өндірістік полигон ұйымдастырылған. Онда болашақ мұнайшылар мен инженерлер 2 гектар аумақта тәжірибеден өтіп, білімдерін өндірістік жағдайда шыңдайды», – деді министр баспасөз конференциясында. Сонымен қатар, елімізде индустриялық PhD бағдарламасы іске қосылды. Оның аясында докторанттар өндірістегі жұмыс орнын сақтай отырып, үш жыл бойы қолданбалы зерттеулермен айналыса алады. Бағдарламада академиялық талаптар жеңілдетіліп, негізгі басымдық ғылыми жарияланымдарға емес, өндірістік үдерістерге инновациялық шешімдер енгізуге берілген. Шәкіртақы төлеу де қарастырылған. «Индустриялық PhD бағдарламасы алғашқы жылы пилоттық режимде 100 грантпен басталды. Өндірістік компаниялар қатты қызығушылық танытты. Соңғы екі жылда осы форматта білім алып жатқандар саны 330 адамға жетті», – деді спикер. 🔶В Казахстане внедряется новая модель подготовки инженеров В Казахстане обновляется система инженерного образования и меняется формат подготовки специалистов. В рамках новой модели при инженерных вузах будут открыты специальные полигоны и инженерные центры. Об этом сообщил министр науки и высшего образования РК Саясат Нурбек на площадке СЦК. Новый подход основан на методике Work-Based Learning (WBL), разработанной ЮНЕСКО. Она предполагает обучение на рабочем месте. «Пилотный проект планируется реализовать более чем в 50 инженерных вузах. Например, при Атырауском университете нефти и газа при поддержке министерства энергетики организован производственный полигон. Там будущие нефтяники и инженеры проходят практику на территории площадью 2 гектара и совершенствуют свои знания в производственных условиях», – сказал министр на пресс-конференции. Кроме того, в стране запущена программа индустриальной докторантуры PhD. В её рамках докторанты могут в течение трёх лет заниматься прикладными исследованиями, сохраняя рабочее место на производстве. Академические требования программы упрощены: основной акцент сделан не на научных публикациях, а на внедрении инновационных решений в производственные процессы. Также предусмотрена выплата стипендии. «В первый год программа индустриальной докторантуры PhD стартовала в пилотном режиме со 100 грантами. Производственные компании проявили большой интерес. За последние два года число обучающихся в таком формате достигло 330 человек», – сообщил спикер. @ortcom_kz #CCS
- Older posts