ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігі

@gylym_jogary_bilim · education · Kazakh · active

Subscribers 59.9K Subscribers, last 30 days: 60.8K → 60K −200 24h · −700 7d
Reach per post (ERR) 1.5%906 avg views
Posting 8.3/day last 8 hours ago
Reactions per 1K views 6.8 👍 ❤ 🔥

🇰🇿Оксфорд университетінің студенттері қазақ тілін үйрену үшін Түркістанға келді Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінде Ұлыбританиядағы Оксфорд университетінің студенттеріне арналған екі апталық «Қазақ тілін үйрену бағдарламасы» басталды. Жоба ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігі, Оксфорд университетінің Вольфсон колледжі, Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті және Ахмет Байтұрсынұлы атындағы Тіл білімі институты арасындағы ынтымақтастық аясында жүзеге асырылып жатыр. Бағдарламаның негізгі мақсаты – шетелдік студенттерге қазақ тілінің негізін меңгерту, ауызша сөйлеу дағдыларын қалыптастыру және Қазақстанның тарихы, мәдениеті, әдебиеті, өнері мен ұлттық құндылықтарын таныстыру. Бастама Ұлыбританияның білім беру бағдарламаларына қазақ тілін енгізуге бағытталған Oxford Birsöz жобасының практикалық жалғасы болып саналады. Жоба туралы алғаш рет ҚР Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек 2024 жылғы 2 қарашада айтып, Қазақстан мен Оксфорд университеті арасындағы ынтымақтастықтың маңызын атап өткен болатын. 🔗 Толығырақ: gov.kz *** 🇰🇿 Студенты Оксфордского университета приехали в Туркестан изучать казахский язык В Международном казахско-турецком университете имени Ходжи Ахмеда Ясави стартовала двухнедельная «Программа изучения казахского языка» для студентов Оксфордского университета Великобритании. Проект реализуется в рамках сотрудничества между Министерством науки и высшего образования РК, Колледжем Вольфсона Оксфордского университета, Международным казахско-турецким университетом имени Ходжи Ахмеда Ясави и Институтом языкознания имени Ахмета Байтурсынулы. Основная цель программы – обучение иностранных студентов основам казахского языка, развитие навыков устной речи, а также знакомство с историей, культурой, литературой, искусством и национальными ценностями Казахстана. Инициатива является практическим продолжением проекта Oxford Birsöz, направленного на внедрение казахского языка в образовательные программы Великобритании. Впервые о проекте министр науки и высшего образования РК Саясат Нурбек рассказал 2 ноября 2024 года, отметив важность сотрудничества между Казахстаном и Оксфордским университетом. 🔗 Подробнее: gov.kz

Views over time

01K2K3K21 Sep 13:1512 Nov 09:172.8K21 Sep 13:15: 0 views12 Nov 09:17: 2,810 views
Snapshots we took after posting.
WhenViews
21 Sep 2026, 13:150
12 Nov 2026, 09:172.8K

Who shared this post

Posts in other channels we index that link to this one. (Forwards with a hidden source can't be traced.)

Nobody yet.