🔬 Қазақстандық ғалымдар ауыл шаруашылығы дақылдарының өнімділігін арттыруға арналған инновациялық өнім әзірледі Ғылымды мемлекеттік қолдау және оны өндіріске енгізу бағытында әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің ғалымдары отандық агроөнеркәсіптік кешенді дамытуға бағытталған жобаны жүзеге асырды. Ғылым қорының гранттық қаржыландыруы аясында зерттеушілер тобы органикалық ауыл шаруашылығында қолдануға арналған инновациялық бифункционалды «NanoKukirt» препаратын әзірледі. Отандық өнім сұйықтық және суспензия түрінде шығарылады. Препарат экологиялық қауіпсіз тыңайтқыш ретінде және өсімдіктерді саңырауқұлақ ауруларынан кешенді қорғау құралы ретінде жоғары тиімділік көрсетіп отыр. Өсімдіктер үшін аса маңызды элемент болып саналатын күкірттің препарат құрамындағы үлесі 25%, ал кальцийдің үлесі 5%-ды құрайды. Жоба жетекшісі, профессор Мұхамбетқали Бүркітбаевтың айтуынша, препарат құрамында зиянды химиялық элементтердің болмауы оны органикалық егіншілікке арналған экологиялық қауіпсіз өнім ретінде қарастыруға мүмкіндік береді. 🔗 Толығырақ: gov.kz
ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігі
Subscribers
59.9K
−200 24h · −700 7d
Reach per post (ERR)
1.5%906 avg views
Posting
8.3/day
last 8 hours ago
Reactions per 1K views
6.8
👍 ❤ 🔥
Views over time
| When | Views |
|---|---|
| 18 Sep 2026, 13:10 | 0 |
| 12 Nov 2026, 09:17 | 2.2K |
Who shared this post
Posts in other channels we index that link to this one. (Forwards with a hidden source can't be traced.)
Nobody yet.