🌐 Қазақ ұлттық спорт университеті мен Стерлинг университеті серіктестіктің жаңа бағыттарын қарастырды Қазақ ұлттық спорт университетінде ҚР Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек Стерлинг университетінің (University of Stirling, Шотландия) өкілдерімен кездесіп, спорттық білім беру мен ғылым саласындағы халықаралық ынтымақтастықты дамытудың перспективаларын талқылады. Шетелдік делегация университеттің заманауи білім беру, спорттық және ғылыми инфрақұрылымымен танысты. Кездесуге Қазақ ұлттық спорт университетінің ректоры Тұрсынзада Қуанғалиева, Стерлинг университетінің аға проректоры Невилл Уайли және Стерлинг университетінің медицина ғылымдары және спорт факультетінің доценті, доктор Роберт Моррис қатысты. Саясат Нұрбек британдық университет өкілдеріне Қазақстанның жоғары білім беру жүйесіндегі халықаралық ынтымақтастықтың дамуы және шетелдік жоғары оқу орындарымен жүзеге асырылып жатқан бірлескен жобалар туралы айтып берді. Министр Қазақстанның халықаралық академиялық тәжірибені тартуға, бірлескен білім беру бағдарламалары мен ғылыми зерттеулерді дамытуға бағытталған ынтымақтастықтың жаңа үлгілеріне ашық екенін атап өтті. «Бүгінде Қазақстан жетекші шетелдік университеттердің заманауи білім беру және ғылыми-зерттеу жобаларын елімізде жүзеге асыруына қажетті жағдай қалыптастырып отыр. Біз бірлескен білім беру бағдарламалары мен ғылыми жобалардан бастап, институционалдық серіктестіктің неғұрлым терең түрлеріне дейінгі әртүрлі ынтымақтастық үлгілеріне ашықпыз. Мұндай жобалар Қазақстанның жоғары білім беру жүйесіне нақты қосымша құндылық әкелуі маңызды», - деді Саясат Нұрбек. 🔗 Толығырақ: gov.kz *** 🌐 Казахский национальный университет спорта и Университет Стерлинга рассматривают новые модели партнерства Министр науки и высшего образования РК Саясат Нурбек обсудил с представителями Университета Стерлинга (University of Stirling, Шотландия) перспективы развития международного сотрудничества в сфере спортивного образования и науки. Встреча состоялась в Казахском национальном университете спорта, где зарубежная делегация ознакомилась с современной образовательной, спортивной и научной инфраструктурой университета. Во встрече приняли участие ректор Казахского национального университета спорта Турсынзада Куангалиева, старший проректор по вопросам интернационализации Университета Стерлинга Невилл Уайли и доцент факультета медицинских наук и спорта Университета Стерлинга д-р Роберт Моррис. Саясат Нурбек рассказал представителям британского университета о развитии международного сотрудничества в системе высшего образования Казахстана и реализуемых совместных проектах с зарубежными университетами. Министр отметил, что Казахстан открыт к новым форматам партнерства, направленным на привлечение международной академической экспертизы, развитие совместных образовательных программ и научных исследований. «Сегодня Казахстан создает условия для того, чтобы ведущие зарубежные университеты могли реализовывать здесь современные образовательные и исследовательские проекты. Мы открыты к различным моделям сотрудничества: от совместных программ и научных проектов до более глубокого институционального партнерства. Важно, чтобы такие проекты создавали реальную добавленную ценность для казахстанской системы высшего образования», - отметил Саясат Нурбек. 🔗 Подробнее: gov.kz