ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігі

@gylym_jogary_bilim · education · Kazakh · active

Официальный Telegram-канал Министерства науки и высшего образования РК

Subscribers 59.9K Subscribers, last 30 days: 60.8K → 60K −200 24h · −700 7d
Reach per post (ERR) 1.5%914 avg views
Posting 8.4/day last 14 minutes ago
Reactions per 1K views 6.9 👍 ❤ 🔥
  1. ✅ Алматыда Қазақстан-Корея сирек металдар технологиялары орталығы ашылды 21 қазанда Алматы қаласындағы Сәтбаев университетінің Металлургия және байыту институтында Қазақстан-Корея сирек металдар технологиялары орталығының салтанатты ашылу рәсімі өтті. Орталық екі ел ғалымдары мен инженерлерінің күш-жігерін біріктіріп, минералдық шикізатты терең өңдеу, сирек металдарды алу және жаңа материалдар өндіру технологияларын әзірлеуге бағытталған. Жобаның негізгі мақсаты – Қазақстанда жоғары қосылған құны бар өнім өндіруді дамыту және отандық өнеркәсіптің технологиялық әлеуетін арттыру. Орталықтың ашылуы Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Корея Республикасымен сирек және сирек жер металдары саласындағы ғылыми-технологиялық ынтымақтастықты кеңейту жөніндегі стратегиялық бағытымен үндеседі. Мемлекет басшысы Корея Республикасына жасаған мемлекеттік сапары барысында ғылыми зерттеулерден бастап, шикізатты өндіру, терең өңдеу және дайын өнім шығаруға дейінгі толық өндірістік тізбекті қалыптастырудың маңызын атап өткен болатын. 🔗 Толығырақ: gov.kz *** ✅ В Алматы открылся Казахстанско-корейский центр технологий редких металлов 21 октября в Институте металлургии и обогащения Satbayev University в Алматы состоялась торжественная церемония открытия Казахстанско-корейского центра технологий редких металлов. Центр объединит усилия ученых и инженеров двух стран для разработки технологий глубокой переработки минерального сырья, извлечения редких металлов и производства новых материалов. Основная цель проекта – развитие производства продукции с высокой добавленной стоимостью в Казахстане и укрепление технологического потенциала отечественной промышленности. Открытие центра соответствует стратегическому курсу Президента Казахстана Касым-Жомарта Токаева на расширение научно-технологического сотрудничества с Республикой Корея в сфере редких и редкоземельных металлов. В ходе государственного визита в Республику Корея Глава государства подчеркнул важность формирования полного производственного цикла – от научных исследований и добычи сырья до его глубокой переработки и выпуска готовой продукции. 🔗 Подробнее: gov.kz

  2. 👥 ҚазҰУ мен Су ресурстары және ирригация министрлігі ғылыми ынтымақтастықты нығайтады Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде ҚР Су ресурстары және ирригация министрі Нұржан Нұржігітов оқу ордасының оқытушы-профессорлар құрамы мен студенттеріне дәріс оқыды. Жиынды ҚазҰУ Басқарма төрағасы – ректор Жансейіт Түймебаев ашып, университеттің соңғы жылдардағы негізгі жетістіктеріне тоқталды. Өз сөзінде ректор ел экономикасын дамытудағы ғылым мен білімнің стратегиялық маңызын атап өтіп, су ресурстарын басқару саласына заманауи технологиялар мен ғылыми зерттеу нәтижелерін кеңінен енгізу қажеттігін жеткізді. 🔗 Толығырақ: gov.kz *** 👥 КазНУ и Министерство водных ресурсов и ирригации укрепляют научное сотрудничество В Казахском национальном университете имени аль-Фараби министр водных ресурсов и ирригации РК Нуржан Нуржигитов прочитал лекцию для профессорско-преподавательского состава и студентов вуза. Встречу открыл Председатель правления – ректор КазНУ Жансеит Туймебаев, который осветил ключевые достижения университета за последние годы. В своем выступлении ректор подчеркнул стратегическую роль науки и образования в развитии экономики страны. Он также отметил важность внедрения современных технологий и научных разработок в сферу управления водными ресурсами. 🔗 Подробнее: gov.kz

  3. 🇰🇿🇨🇭Қазақстан мен CERN: ғылыми-техникалық ынтымақтастықтың жаңа мүмкіндіктері ҚР Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек Швейцария Конфедерациясының Қазақстан Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Кристина Хоннегермен кездесті. Кездесу танысу мақсатындағы сапар аясында өтіп, тараптар ғылым және жоғары білім саласындағы Қазақстан мен Швейцария арасындағы ынтымақтастықты одан әрі дамытудың перспективаларын талқылады. Келіссөз барысында министрдің Швейцарияның Женева қаласына алдағы сапары, сондай-ақ екіжақты байланысты нығайту және екі елдің ғылыми әрі білім беру ұйымдары арасындағы ынтымақтастықты кеңейту мәселелері сөз болды. Тараптар Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Еуропалық ядролық зерттеулер ұйымы (CERN) арасындағы халықаралық ынтымақтастық туралы келісімге ғылыми-техникалық ынтымақтастық жөніндегі хаттамаға қол қою мәселесіне ерекше назар аударды. 🔗 Толығырақ: gov.kz *** 🇰🇿🇨🇭 Казахстан и CERN: новые перспективы научно-технического сотрудничества Министр науки и высшего образования РК Саясат Нурбек провел встречу с Чрезвычайным и Полномочным Послом Швейцарской Конфедерации в Республике Казахстан Кристиной Хоннегер. Встреча состоялась в рамках визита вежливости. Стороны обсудили перспективы дальнейшего развития казахстанско-швейцарского сотрудничества в сфере науки и высшего образования. В ходе беседы речь шла о предстоящей поездке министра в Женеву (Швейцария), а также о перспективах укрепления двустороннего взаимодействия и расширения сотрудничества между научными и образовательными организациями двух стран. Отдельное внимание было уделено подписанию Протокола к Соглашению о международном сотрудничестве между Правительством Республики Казахстан и Европейской организацией по ядерным исследованиям (CERN) относительно научно-технического сотрудничества. 🔗 Подробнее: gov.kz

  4. 🔰Ualikhanov University-де «Күміс университетінің» алтыншы оқу маусымы басталды Ualikhanov University-де аға буын өкілдеріне арналған «Күміс университеті» жобасының алтыншы оқу маусымы басталды. 2026-2027 оқу жылында бағдарламаға 147 тыңдаушы қабылданып, оларға 23 білім беру курсы ұсынылды. «Күміс университеті» – өмір бойы білім алу тұжырымдамасы аясында жүзеге асырылатын, аға буын өкілдерінің білім алу мүмкіндіктерін кеңейтуге, жаңа дағдыларды меңгеруіне және әлеуметтік белсенділігін арттыруға бағытталған жоба. Білім беру бағдарламасы шығармашылық, цифрлық технологиялар, экономика және құқық салаларын қамтиды. Тыңдаушылар арасында қазақ және ағылшын тілдерін үйрену курстарына сұраныс жоғары. Оқу бағдарламалары қатысушылардың танымдық қабілеттерін дамытуға, ойлау, зейін қою және есте сақтау дағдыларын қолдауға, сондай-ақ зияткерлік және физикалық белсенділігін сақтауға бағытталған. 🔗 Толығырақ: gov.kz *** 🔰 В Ualikhanov University стартовал шестой сезон «Серебряного университета» В Ualikhanov University стартовал шестой сезон образовательного проекта «Серебряный университет», предназначенного для представителей старшего поколения. В 2026-2027 учебном году на обучение приняты 147 слушателей, для которых предусмотрены 23 образовательных курса. «Серебряный университет» – социально-образовательный проект, реализуемый в рамках концепции обучения на протяжении всей жизни. Он направлен на расширение образовательных возможностей старшего поколения, освоение новых знаний и навыков, а также повышение социальной активности. Образовательная программа охватывает различные направления, включая творчество, цифровые технологии, экономику и право. Особой популярностью среди слушателей пользуются курсы казахского и английского языков. Все программы ориентированы на развитие когнитивных способностей, поддержание интеллектуальной и физической активности, развитие мышления, внимания и памяти. 🔗 Подробнее: gov.kz

  5. +2

    🔰 KazGASA мен Бейжің құрылыс және сәулет университеті қос дипломдық бағдарламаларды іске қосады Халықаралық білім беру корпорациясы (KazGASA) мен Бейжің құрылыс және сәулет университеті (BUCEA) құрылыс саласы бойынша бакалавриат және магистратура деңгейлерінде бірлескен қос дипломдық білім беру бағдарламаларын іске асыру туралы келісімдерге қол қойды. Келісімдерге Қытайдың Цзинань қаласында өткен BRAUIC халықаралық консорциумының X форумы аясында қол жеткізілді. Жаңа бағдарламалар қазақстандық студенттерге Қазақстан мен Қытайдың жоғары оқу орындарында білім алып, екі университеттің дипломдарын алу мүмкіндігін береді. Қос дипломдық бағдарламалар бакалавриат пен магистратура деңгейлерін қамтиды. 🔗 Толығырақ: gov.kz *** 🔰 KazGASA и Пекинский университет строительства и архитектуры запускают программы двойных дипломов Международная образовательная корпорация (KazGASA) и Пекинский университет строительства и архитектуры (Beijing University of Civil Engineering and Architecture, BUCEA) подписали соглашения о реализации совместных образовательных программ двойных дипломов по направлению «Строительство» на уровнях бакалавриата и магистратуры. Документы были подписаны в рамках X Международного форума консорциума BRAUIC, который состоялся в городе Цзинань (КНР). Новые программы предоставят казахстанским студентам возможность обучаться в вузах Казахстана и Китая и получать дипломы обоих университетов. Программы двойных дипломов охватывают два уровня высшего образования. 🔗 Подробнее: gov.kz

  6. +4

    🔰 Анкарада «Құрылтай феномені» кітабының түрік тіліндегі нұсқасы таныстырылды Түркияның Анкара қаласында Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университетінің ұйымдастыруымен және Қазақстанның Түркиядағы Елшілігінің қатысуымен «Түркі әлеміндегі құрылтай дәстүрі: тарихи жады және мемлекеттілік» атты халықаралық ғылыми-мәдени іс-шара өтті. Іс-шара аясында университеттің «Ұлы Дала тарихы» ғылыми-зерттеу орталығы әзірлеген «Құрылтай феномені» кітабының түрік тіліндегі нұсқасы таныстырылды. Жиынға Қазақстанның Түркиядағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Еркебұлан Сәпиев, мемлекет және қоғам қайраткері Әділ Ахметов, Түркия Ұлы Ұлттық Мәжілісінің депутаты, Әділет және даму партиясы төрағасының орынбасары Күршад Зорлу, сондай-ақ Түркияның жоғары оқу орындарының ғалымдары қатысты. 🔗 Толығырақ: gov.kz *** 🔰 В Анкаре представили турецкую версию книги «Феномен курултая» В Анкаре состоялось международное научно-культурное мероприятие «Традиция курултая в тюркском мире: историческая память и государственность», организованное Казахским национальным женским педагогическим университетом при участии Посольства Казахстана в Турции. В рамках мероприятия была представлена турецкая версия книги «Феномен курултая», подготовленной научно-исследовательским центром «История Великой степи» университета. В мероприятии приняли участие Чрезвычайный и Полномочный Посол Казахстана в Турции Еркебулан Сапиев, государственный и общественный деятель Адиль Ахметов, депутат Великого национального собрания Турции, заместитель председателя Партии справедливости и развития Куршад Зорлу, а также ученые турецких высших учебных заведений. 🔗 Подробнее: gov.kz

  7. 🧠 Қазақстанда педагог-психологтарға арналған алғашқы «AI-Психология» басылымы таныстырылды Цифрландыру және жасанды интеллект жылы аясында М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан университетінде педагог-психологтарға арналған «AI-Психология» мамандандырылған электрондық басылымы мен газетінің таныстырылымы өтті. Жоба мамандардың кәсіби дамуына қолдау көрсетуге, заманауи ақпараттық-әдістемелік материалдардың қолжетімділігін арттыруға және жасанды интеллект мүмкіндіктерін кәсіби қызметте тиімді пайдалануға бағытталған. Педагог-психологтардың қызметінде балалар мен жасөспірімдердің психологиялық саулығын сақтау, буллингтің алдын алу, ерекше білім беру қажеттіліктері бар білім алушыларды психологиялық-педагогикалық қолдау, сондай-ақ ата-аналармен және педагогикалық ұжымдармен өзара іс-қимыл жасау маңызды орын алады. Бұл бағыттар мамандардан кәсіби білімдерін үнемі жетілдіруді, заманауи әдістемелерді меңгеруді және озық тәжірибелермен алмасуды талап етеді. 🔗 Толығырақ: gov.kz *** 🧠 В Казахстане представили первое издание с использованием ИИ для педагогов-психологов В рамках Года цифровизации и искусственного интеллекта в Западно-Казахстанском университете имени М.Утемисова состоялась презентация специализированного электронного издания и газеты «AI-Психология», предназначенных для педагогов-психологов Казахстана. Проект направлен на поддержку профессионального развития специалистов, повышение доступности информационно-методических материалов и эффективное использование возможностей искусственного интеллекта в профессиональной деятельности. В работе педагогов-психологов особое значение имеют вопросы сохранения психологического благополучия детей и подростков, профилактики буллинга, психолого-педагогического сопровождения обучающихся с особыми образовательными потребностями, а также взаимодействия с родителями и педагогическими коллективами. Эти направления требуют постоянного обновления профессиональных знаний, освоения современных методик и обмена передовым опытом. 🔗 Подробнее: gov.kz

  8. 💬 Саясат Нұрбек Қазақстанның ғылыми-технологиялық әлеуетін таныстырды ҚР Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек КИМЭП университетінің Басқарушы кадрларға арналған білім беру орталығы (Executive Education Center, EEC) мен Цинхуа университеті бірлесіп ұйымдастырған қытайлық жоғары буын басшыларына (C-level) арналған білім беру бағдарламасының құрметті спикері ретінде сөз сөйледі. Өз сөзінде министр Қазақстанды өңірлік білім, ғылым және инновациялар орталығына айналдыру жөніндегі стратегиялық пайымын таныстырды. Ол соңғы жылдары Ғылым және жоғары білім министрлігі қол жеткізген негізгі нәтижелерге, халықаралық академиялық ынтымақтастықтың дамуына және жетекші шетелдік университеттердің Қазақстандағы қызмет ауқымының кеңеюіне тоқталды. Сондай-ақ жасанды интеллектіні дамыту мен цифрлық инфрақұрылымды қалыптастыру перспективаларына ерекше назар аударылды. Атап айтқанда, министр Екібастұз қаласында деректерді өңдеу орталығын салуды қоса алғанда, ауқымды технологиялық бастамалар туралы айтты. Бұл бағыттар инвестиция тартуға, инновациялық экожүйені дамытуға және Қазақстанның Орталық Азиядағы орнын нығайтуға жаңа мүмкіндіктер ашады. 🔗 Толығырақ: gov.kz *** 💬 Саясат Нурбек представил научно-технологический потенциал Казахстана Министр науки и высшего образования РК Саясат Нурбек выступил почетным спикером образовательной программы для китайских руководителей высшего звена (C-level), организованной Образовательным центром для руководящих кадров (Executive Education Center, EEC) Университета КИМЭП совместно с Университетом Цинхуа. В ходе выступления министр представил стратегическое видение развития Казахстана как регионального центра образования, науки и инноваций. Он рассказал о ключевых достижениях Министерства науки и высшего образования за последние годы, развитии международного академического сотрудничества и расширении присутствия ведущих зарубежных университетов в стране. Особое внимание было уделено перспективам развития искусственного интеллекта и цифровой инфраструктуры. В частности, министр отметил масштабные технологические инициативы, включая строительство центра обработки данных в Экибастузе. Эти направления формируют новые возможности для привлечения инвестиций, развития инновационной экосистемы и укрепления позиций Казахстана в Центральной Азии. 🔗 Подробнее: gov.kz

  9. 🏆HackAlem AI халықаралық AI-хакатоны GUINNESS WORLD RECORDS әлемдік рекордын орнатты Астанада AI Month аясында өткен HackAlem AI халықаралық хакатоны AI-хакатонға қатысушылар саны бойынша Guinness World Records әлемдік рекордын орнатты. Ауқымды жарыс жасанды интеллект негізіндегі AI-агенттер мен қолданбалы шешімдерді әзірлеуге бағытталып, әзірлеушілерді, студенттер мен сала мамандарын бір алаңға біріктірді. HackAlem AI 2025 жылғы 21 желтоқсанда Үндістанның Хайдарабад қаласында орнатылған алдыңғы әлемдік рекордтан асып түсті. Сол кезде Google for Developers және Google Developer Groups Hyderabad ұйымдары ұйымдастырған хакатонға 2 089 адам қатысқан болатын. Хакатонның негізгі мақсаты – экономиканың нақты секторына және қоғам үшін маңызды салаларға арналған технологиялық шешімдер әзірлеу. Қатысушылар энергетика, қаржы, басқару, телекоммуникация, логистика, креативті индустриялар, білім беру, инновациялар, коммуникациялар және сауда бағыттары бойынша жұмыс істеді. Жобаларды әзірлеу үшін оларға OpenAI, NVIDIA және Arizona State University ұсынған, жалпы құны 1,5 млн АҚШ долларына дейінгі технологиялық және білім беру ресурстарына қолжетімділік берілді. 🔗 Толығырақ: gov.kz *** 🏆 Международный AI-хакатон HackAlem AI установил мировой рекорд GUINNESS WORLD RECORDS В Астане в рамках AI Month состоялся международный хакатон HackAlem AI, который установил мировой рекорд Guinness World Records по количеству участников AI-хакатона. Соревнование объединило разработчиков, студентов и специалистов, работавших над созданием AI-агентов и прикладных решений на основе искусственного интеллекта. HackAlem AI превзошел предыдущий мировой рекорд, установленный 21 декабря 2025 года в индийском Хайдарабаде. Тогда хакатон, организованный Google for Developers и Google Developer Groups Hyderabad, объединил 2 089 участников. Масштабное соревнование было направлено на разработку решений для реального сектора экономики и общественно значимых сфер. Участники работали по десяти направлениям: энергетика, финансы, управление, телекоммуникации, логистика, креативные индустрии, образование, инновации, коммуникации и торговля. Для разработки проектов им предоставили доступ к технологическим и образовательным ресурсам OpenAI, NVIDIA и Arizona State University общей стоимостью до 1,5 млн долларов США. 🔗 Подробнее: gov.kz

  10. 🏗 ШҚТУ мен Allur инженер кадрларын бірлесіп даярлайды Д.Серікбаев атындағы Шығыс Қазақстан техникалық университетінде Allur компаниялар тобының бастамасымен Allur іскерлік-өндірістік кафедрасын құру жоспарланып отыр. Жоба инженерлік кадрларды даярлауды, дуалды оқыту жүйесін және автомобиль өнеркәсібінің өзекті міндеттеріне бағытталған қолданбалы зерттеулерді бір арнаға тоғыстыруды көздейді. Қазақстанда автомобиль бөлшектері мен құрамдастарын өндіруді дамыту жағдайында білім беру, ғылым және өндіріс арасындағы байланысты нығайтудың практикалық маңызы зор. Өндірісті жергіліктендіру деңгейін арттыру білікті инженерлер даярлауды, заманауи технологияларды енгізуді және өндірістік міндеттерді шешуге ғылыми әлеуетті жұмылдыруды талап етеді. Жаңа кафедраның қызметі Allur кәсіпорындарының нақты өндірістік қажеттіліктеріне негізделеді. Компанияның сұраныстары білім беру бағдарламаларын жаңарту, студенттік жобалар мен ғылыми зерттеулердің тақырыптарын айқындау кезінде ескерілмек. Сонымен қатар компания мамандары болашақ инженерлерді даярлау үдерісіне қатысып, оқытушылармен және студенттермен бірлесіп, өндірістік міндеттерге арналған технологиялық шешімдер әзірлейді. 🔗 Толығырақ: gov.kz *** 🏗 ВКТУ и Allur будут совместно готовить инженерные кадры В Восточно-Казахстанском техническом университете имени Д.Серикбаева планируется создать учебно-производственную кафедру Allur по инициативе группы компаний Allur. Проект предусматривает интеграцию подготовки инженерных кадров, дуального обучения и прикладных исследований, направленных на решение актуальных задач автомобильной промышленности. В условиях развития производства автомобильных деталей и компонентов в Казахстане особое практическое значение приобретает укрепление связей между образованием, наукой и производством. Углубление локализации производства требует подготовки квалифицированных инженеров, внедрения современных технологий и привлечения научного потенциала к решению производственных задач. Деятельность новой кафедры будет строиться с учетом конкретных производственных потребностей предприятий Allur. Запросы компании планируется учитывать при обновлении образовательных программ, определении тем студенческих проектов и научных исследований. Специалисты компании также будут участвовать в подготовке будущих инженеров, совместно с преподавателями и студентами разрабатывая технологические решения для производственных задач. 🔗 Подробнее: gov.kz

  11. 📚 Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде интеллектуалды есептеулер зертханасы ашылды Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде Солтүстік-Батыс политехникалық университеті (СБПУ, ҚХР) филиалының жаңа оқу жылының ашылу салтанаты өтті. Іс-шараға екі оқу орнының басшылары, ҚХР-дың Алматы қаласындағы Бас консулдығының өкілдері, ғылыми қауымдастық мүшелері, сондай-ақ Қазақстан мен Қытайдың жетекші кәсіпорындарының өкілдері қатысты. Іс-шараның басты жаңалығы – СБПУ мен Si-Tech компаниясының бірлескен интеллектуалды есептеулер зертханасының ашылуы. Жаңа зертхана жасанды интеллект, үлкен деректерді өңдеу және жоғары өнімді есептеулер бағыттарында бірлескен зерттеулер жүргізуге арналған. Зертхана жұмысы инженерлік-техникалық мамандар даярлауға, сондай-ақ өңірдің цифрлық трансформациясына бағытталған ғылыми-технологиялық шешімдерді әзірлеуге мүмкіндік береді. 🔗 Толығырақ: gov.kz *** 📚 В Казахском национальном университете имени аль-Фараби открылась лаборатория интеллектуальных вычислений В Казахском национальном университете имени аль-Фараби состоялась торжественная церемония открытия нового учебного года в филиале Северо-Западного политехнического университета (СЗПУ, КНР) на базе КазНУ. В мероприятии приняли участие представители руководства двух университетов, Генерального консульства КНР в Алматы, научного сообщества и ведущих китайских и казахстанских предприятий. Важным событием стало открытие совместной лаборатории интеллектуальных вычислений СЗПУ и Si-Tech. Новая площадка предназначена для совместных исследований в области искусственного интеллекта, больших данных и высокопроизводительных вычислений. Ее деятельность будет способствовать подготовке инженерно-технических кадров и развитию научных решений для цифровой трансформации региона. 🔗 Подробнее: gov.kz

  12. +5

    🧠Қостанайда Qostanai AI Industry Hackathon 2026 жеңімпаздары анықталды Қостанайда өткен республикалық Qostanai AI Industry Hackathon 2026 хакатонының қорытындысы бойынша Қостанай, Алматы және Астана қалаларынан келген үш команда команда 3 миллион теңге көлеміндегі жеңімпаз атанды. Қатысушылар өнеркәсіп пен білім беру саласындағы нақты міндеттерді шешуге арналған жасанды интеллект негізіндегі жобаларын ұсынды. Хакатонның финалы Ахмет Байтұрсынұлы атындағы Қостанай өңірлік университетінде өтті. Байқауға 150-ден астам өтінім түсіп, іріктеу кезеңінің қорытындысы бойынша Қостанай, Астана, Алматы және Қарағанды қалаларынан 12 команда финалға жолдама алды. 🔗 Толығырақ: gov.kz *** 🧠В Костанае определили победителей Qostanai AI Industry Hackathon 2026 По итогам республиканского хакатона Qostanai AI Industry Hackathon 2026, прошедшего в Костанае, победителями стали три команды из Костаная, Алматы и Астаны. Общий призовой фонд составил 3 млн тенге. Участники представили проекты на основе искусственного интеллекта, направленные на решение практических задач в промышленности и сфере образования. Финал хакатона состоялся в Костанайском региональном университете имени Ахмета Байтұрсынұлы. На конкурс поступило более 150 заявок. По итогам отборочного этапа в финал вышли 12 команд из Костаная, Астаны, Алматы и Караганды. 🔗 Подробнее: gov.kz

  13. ▪️ Мемлекеттік қолдау жас ғалымдарға жаңа мүмкіндіктер ашады «Балық шаруашылығы ғылыми-өндірістік орталығы» ЖШС сынақ орталығының жетекшісі Әйгерім Айтқалиева – Мемлекет басшысының атынан тұрғын үй сертификатын алған жас ғалымдардың бірі. Зерттеуші үшін бұл қолдау қуанышты оқиға ғана емес, сонымен қатар өмірдегі тұрақтылық пен болашаққа деген сенімді нығайтатын маңызды қадам болды. Тұрғын үй мәселесінің шешілуі кәсіби міндеттерге баса назар аударып, ғылыми жұмысқа көбірек уақыт бөлуге және зерттеу жобаларын жүзеге асыруға мүмкіндік береді. Әйгерім Айтқалиева жас ғалымдарға көрсетілетін мемлекеттік қолдаудың маңыздылығын атап өтті. Оның айтуынша, өмір сүруге және еңбек етуге қолайлы жағдай жасау зерттеушілердің ғылыммен толыққанды айналысуына, тың идеяларын дамытуына және отандық ғылымның өркендеуіне үлес қосуына жол ашады. Сондай-ақ ол мұндай бастамалардың кәсіби біліктілігін арттыруға, жаңа нәтижелерге қол жеткізуге және тұрмыстық қиындықтарға алаңдамай, зерттеу жұмыстарын жалғастыруға ұмтылған жас мамандар үшін маңызы зор екенін атап өтті. Жас ғалымдарды қолдау – Қазақстан ғылымын дамытудың маңызды шарттарының бірі. Оларға лайықты әлеуметтік жағдай жасау елдің ғылыми әлеуетін сақтауға, ғылыми-зерттеу ұйымдарының кадрлық құрамын нығайтуға және жас мамандардың кәсіби тұрғыдан өсуіне жаңа мүмкіндіктер ашуға ықпал етеді. *** ▪️Государственная поддержка открывает новые возможности для молодых ученых Айгерим Айткалиева, руководитель испытательного центра ТОО «Научно-производственный центр рыбного хозяйства», – одна из молодых ученых, получивших жилищный сертификат от имени Главы государства. Для исследователя эта поддержка стала не только радостным событием, но и важным шагом к стабильности и уверенности в будущем. Решение жилищного вопроса позволяет сосредоточиться на профессиональных задачах, уделять больше времени научной работе и реализации исследовательских проектов. Айгерим Айткалиева отметила особую значимость государственной поддержки молодых ученых, подчеркнув, что создание благоприятных условий для жизни и работы помогает исследователям полноценно заниматься наукой, развивать свои идеи и вносить вклад в развитие отечественной научной сферы. По ее словам, такие инициативы имеют большое значение для молодых специалистов, которые стремятся совершенствовать свои профессиональные компетенции, добиваться новых результатов и продолжать исследования без дополнительных бытовых трудностей. Поддержка молодых ученых остается одним из важных условий развития науки в Казахстане. Создание достойных социальных условий помогает сохранять научный потенциал страны, укреплять кадровый состав исследовательских организаций и открывает перед молодыми специалистами новые возможности для профессионального роста.

  14. +4

    ⚜️Таразда «Taraz Creative Industries 2026» халықаралық форумы басталды Тараз қаласында креативті индустрияларды дамытуға, шығармашылық әлеует пен заманауи технологияларды ұштастыруға арналған «Taraz Creative Industries 2026» халықаралық форумы басталды. М.Х.Дулати атындағы Тараз университетінің ұйымдастыруымен өтіп жатқан бес күндік форум креативті экономика саласындағы өзекті мәселелерді талқылауға және жаңа бастамаларды қолдауға бағытталған. Халықаралық форумға IT, кино, сән, дизайн, өнер, жастар бастамалары және креативті кәсіпкерлік салаларының өкілдері жиналды. Іс-шараның негізгі мақсаты – шығармашылық пен инновацияны ұштастыратын идеяларды қолдау, креативті индустриялардың даму мүмкіндіктерін айқындау және жаңа жобаларды ілгерілету. 🔗 Толығырақ: gov.kz *** ⚜️В Таразе стартовал международный форум «Taraz Creative Industries 2026» В Таразе стартовал международный форум «Taraz Creative Industries 2026», направленный на развитие креативных индустрий и объединение творческого потенциала с современными технологиями. Пятидневное мероприятие организовано Таразским университетом имени М.Х.Дулати и призвано стать площадкой для обсуждения актуальных вопросов креативной экономики и поддержки новых инициатив. Форум объединил представителей сфер IT, кино, моды, дизайна, искусства, молодежных инициатив и креативного предпринимательства. Его главная цель – поддержка идей, объединяющих творчество и инновации, определение перспектив развития креативных индустрий и продвижение новых проектов. 🔗 Подробнее: gov.kz

  15. ▪️ Ғылым жолындағы жас зерттеушілерге жаңа мүмкіндік Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің Заң факультеті қылмыстық-құқықтық пәндер кафедрасының меңгерушісі, PhD докторы Алуа Мұратова отандық ғылымды дамыту және жас зерттеушілерді қолдау жөніндегі Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмаларын жүзеге асыру аясында тұрғын үй сертификатына ие болды. ҚР Ұлттық ғылым академиясының 80 жылдығына арналған салтанатты іс-шара барысында ҚР Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек еліміздің ғылымын дамытуға елеулі үлес қосып, жоғары жетістіктерге жеткен жас ғалымдарға тұрғын үй сертификаттарын табыстады. Алуа Мұратованың айтуынша, пәтерге ие болу – оның өміріндегі маңызды әрі қуанышты оқиғалардың бірі. «Тарихи күнде осындай маңызды қолдауға ие болу – мен үшін үлкен мәртебе. Бұл – баспаналы болумен қатар мемлекет тарапынан жас зерттеушілердің еңбегіне көрсетілген құрмет пен ғылымға қосқан үлесінің мойындалуы. Сондай-ақ кәсіби тұрғыдан дамуға зор ынта береді. Отандық ғылымды дамытуға және жас ғалымдарды қолдауға бағытталған жүйелі саясаты үшін Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевқа жасалған мүмкіндіктер мен жан-жақты қолдау үшін шынайы алғысымды білдіремін. Мұндай бастамалар болашаққа деген сенімімізді нығайтып, жаңа ғылыми жетістіктерге жетелейді. Ендігі басты міндетіміз – артылған сенімді ақтап, Қазақстан ғылымының дамуына лайықты үлес қосуды жалғастыру», - деді PhD докторы. Алуа Мұратованың кәсіби қызметі заң білімін дамыту, ғылыми зерттеулер жүргізу, білікті мамандар даярлау және халықаралық академиялық ынтымақтастықты нығайтумен байланысты. Жас ғалым қылмыстық құқық пен криминология салаларындағы мәселелерді зерттеп, заң білімін жетілдіруге және болашақ мамандарды даярлауға үлес қосып келеді. Оның ғылыми еңбектері Қазақстанның және шетелдердің ғылыми басылымдарында жарияланып жүр. *** ▪️ Новые возможности для молодых исследователей на пути в науку Заведующая кафедрой уголовно-правовых дисциплин юридического факультета Евразийского национального университета имени Л.Н. Гумилева, доктор PhD Алуа Муратова получила жилищный сертификат в рамках реализации поручений Главы государства Касым-Жомарта Токаева по развитию отечественной науки и поддержке молодых исследователей. В рамках торжественного мероприятия, посвященного 80-летию Национальной академии наук РК, министр науки и высшего образования РК Саясат Нурбек вручил жилищные сертификаты молодым ученым, внесшим значительный вклад в развитие отечественной науки и добившимся высоких научных результатов. По словам Алуа Муратовой, получение квартиры стало одним из самых значимых и радостных событий в ее жизни. «Для меня большая честь получить такую важную поддержку в этот исторический день. Это не только возможность обрести собственное жилье, но и признание государством труда молодых исследователей и их вклада в развитие науки. Такая поддержка также служит мощным стимулом для дальнейшего профессионального роста. Выражаю искреннюю благодарность Главе государства Касым-Жомарту Токаеву за последовательную политику, направленную на развитие отечественной науки и поддержку молодых ученых, а также за предоставленные возможности и всестороннюю поддержку. Подобные инициативы укрепляют нашу уверенность в будущем и вдохновляют на новые научные достижения. Наша главная задача теперь – оправдать оказанное доверие и продолжать вносить достойный вклад в развитие науки Казахстана», - отметила доктор PhD. Профессиональная деятельность Алуа Муратовой связана с развитием юридического образования, проведением научных исследований, подготовкой квалифицированных специалистов и укреплением международного академического сотрудничества. Молодой ученый исследует актуальные вопросы уголовного права и криминологии, вносит вклад в совершенствование юридического образования и подготовку будущих специалистов. Ее научные труды публикуются в научных изданиях Казахстана и зарубежных стран.

  16. ✅ Президент тапсырмасының орындалуы: жас ғалымдарға тұрғын үй сертификаттары табысталды Қазақстанда жас ғалымдарды әлеуметтік қолдау және олардың ғылыми-зерттеу жұмыстарымен тұрақты айналысуына қолайлы жағдай жасау бағытындағы жұмыстар жалғасып келеді. Мемлекет басшысының тапсырмасы аясында жас зерттеушілерге тұрғын үй сертификаттарының табысталуы – отандық ғылымның дамуына серпін беретін маңызды қолдау шараларының бірі. Тұрғын үй сертификатына ие болған жас ғалымдардың қатарында ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігі Ғылым комитетінің Мемлекет тарихы институты Ғылыми-ақпарат бөлімінің басшысы, саясаттану мамандығы бойынша докторант Қуандық Какимов бар. Мемлекет басшысының тапсырмасы аясында жүзеге асырылып жатқан бұл бастама – ғылым саласындағы жас кадрларды қолдауға, олардың кәсіби өсуіне қолайлы орта қалыптастыруға бағытталған жүйелі жұмыстың бір бөлігі. Жас ғалымға тұрғын үй сертификатының табысталуы – оның әлеуметтік жағдайын жақсартуға және кәсіби тұрғыдан дамуына мүмкіндік беретін маңызды қолдау. Баспана мәселесінің шешілуі жас зерттеушінің болашаққа сеніммен қарап, ғылыми ізденістеріне басымдық беруіне, зерттеу жұмыстарын жүйелі түрде жалғастырып, жаңа ғылыми жобаларды жүзеге асыруына жағдай жасайды. Сонымен қатар тұрақты тұрмыс жағдайы жас ғалымдардың кәсіби әлеуетін арттырып, өз білімін, тәжірибесі мен ғылыми ізденістерінің нәтижелерін отандық ғылымның дамуына бағыттауына мүмкіндік береді. *** ✅ Исполнение поручения Президента: молодым ученым вручены жилищные сертификаты В Казахстане продолжается работа по социальной поддержке молодых ученых и созданию благоприятных условий для их систематической научно-исследовательской деятельности. Вручение жилищных сертификатов молодым исследователям в рамках поручения Главы государства является одной из важных мер поддержки, способствующих развитию отечественной науки. В числе молодых ученых, получивших жилищные сертификаты – Куандык Какимов, руководитель научно-информационного отдела Института истории государства Комитета науки Министерства науки и высшего образования РК, докторант по специальности «Политология». Данная инициатива, реализуемая в рамках поручения Главы государства, является частью системной работы по поддержке молодых научных кадров и формированию благоприятных условий для их профессионального роста. Предоставление жилищного сертификата – важная мера поддержки, направленная на улучшение социального положения молодого ученого и создание условий для его профессионального развития. Решение жилищного вопроса позволяет молодым исследователям увереннее смотреть в будущее, сосредоточиться на научной деятельности, последовательно продолжать исследования и реализовывать новые научные проекты. Кроме того, стабильные бытовые условия способствуют раскрытию профессионального потенциала молодых ученых и позволяют им вносить более весомый вклад в развитие отечественной науки, применяя свои знания, опыт и результаты исследований.

  17. 🇰🇿 В QS Insights Magazine опубликована статья о развитии высшего образования в Казахстане 🎓В международном издании QS Insights Magazine опубликована статья «Space to Grow in Kazakhstan» («Казахстан – пространство для роста»), посвященная развитию системы высшего образования страны и укреплению ее позиций в качестве регионального образовательного центра Евразии. Автор материала – Ник Харланд (Nick Harland). ⏩Полный текст статьи: https://magazine.qs.com/qs-insights-magazine-46/space-to-grow-in-kazakhstan 📌В статье рассматриваются ключевые направления трансформации высшего образования Казахстана, включая расширение сотрудничества с ведущими зарубежными университетами, открытие международных кампусов, развитие инфраструктуры искусственного интеллекта и увеличение числа отечественных и иностранных студентов. 🖋Особое внимание уделено деятельности филиалов De Montfort University и Coventry University, а также партнерству Kozybayev University с University of Arizona. Приведенные примеры демонстрируют, как международное академическое сотрудничество расширяет доступ к качественному образованию, способствует подготовке востребованных специалистов и укрепляет научно-исследовательский потенциал региональных вузов. ⚡️В публикации также отмечается положительная динамика интернационализации высшего образования. В 2025 году число иностранных студентов в Казахстане превысило 35 тысяч человек, увеличившись на 11% по сравнению с предыдущим годом. Кроме того, за последние три года количество казахстанских студентов, обучающихся в отечественных вузах, выросло на 14%. 👨‍🎓В QS World University Rankings 2027 представлены 18 казахстанских университетов – на четыре больше, чем в 2022 году. Два отечественных вуза входят в число 400 лучших университетов мира, а один (Казахский Национальный Университет имени Аль-Фараби) занимает место в первой двухсотне рейтинга. 📎 Подробнее: gov.kz

  18. 🇰🇿QS Insights Magazine журналында Қазақстанның жоғары білім беру саласының дамуы туралы мақала жарияланды 🎓Халықаралық QS Insights Magazine басылымында Қазақстанның жоғары білім беру жүйесінің дамуы мен Еуразиядағы өңірлік білім беру орталығы ретіндегі позициясын нығайтуға арналған «Space to Grow in Kazakhstan» («Қазақстанның даму әлеуеті») атты мақала жарық көрді. Материалдың авторы – Ник Харланд (Nick Harland). ⏩Мақаланың толық нұсқасы: https://magazine.qs.com/qs-insights-magazine-46/space-to-grow-in-kazakhstan 📌Мақалада Қазақстанның жоғары білім беру жүйесін трансформациялаудың негізгі бағыттары, соның ішінде жетекші шетелдік университеттермен ынтымақтастықты кеңейту, халықаралық кампустар ашу, жасанды интеллект инфрақұрылымын дамыту, сондай-ақ отандық және шетелдік студенттер санын арттыру мәселелері қарастырылады. 🖋Материалда De Montfort University және Coventry University филиалдарының қызметіне, сондай-ақ Kozybayev University мен University of Arizona арасындағы серіктестікке ерекше назар аударылған. Бұл мысалдар халықаралық академиялық ынтымақтастықтың сапалы білімге қолжетімділікті кеңейтуге, сұранысқа ие мамандар даярлауға және өңірлік жоғары оқу орындарының ғылыми-зерттеу әлеуетін нығайтуға ықпал ететінін көрсетеді. 📈Жарияланымда жоғары білім беруді интернационалдандыру бағытындағы оң динамика да атап өтілген. 2025 жылы Қазақстандағы шетелдік студенттер саны 35 мыңнан асып, алдыңғы жылмен салыстырғанда 11%-ға өсті. Сонымен қатар соңғы үш жылда отандық жоғары оқу орындарында білім алатын қазақстандық студенттер саны 14%-ға артқан. 🎓QS World University Rankings 2027 халықаралық рейтингіне Қазақстанның 18 жоғары оқу орны енген. Бұл – 2022 жылмен салыстырғанда төрт университетке артқан. Отандық екі жоғары оқу орны әлемнің үздік 400 университетінің қатарына кірсе, әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті үздік 200 университеттің қатарынан орын алған. 📌Толығырақ: gov.kz

  19. ✅ Мемлекеттік қолдау ғылымның дамуына серпін береді А. Байтұрсынұлы атындағы Тіл білімі институтының ғалым хатшысы, докторант Темірлан Жорабай – Мемлекет басшысының атынан тұрғын үй сертификатына ие болған жас ғалымдардың бірі. Жас зерттеуші көрсетіліп отырған қолдаудың маңызына тоқталып, ғылымды дамытуға бағытталған бастамалар үшін алғысын білдірді. «Жас ғалымдарға көрсетіліп отырған қамқорлық үшін Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевқа, осындай бастамаларды жүзеге асырып, жас зерттеушілердің әлеуетін арттыруға және ғылымды дамытуға күш салып келе жатқан Ғылым және жоғары білім министрлігіне, сондай-ақ өзім қызмет ететін қазақ тіл білімінің қара шаңырағы – Ахмет Байтұрсынұлы атындағы Тіл білімі институтына зор алғысымды білдіремін. Бұл – ғылымға көрсетілген әлеуметтік қолдау ғана емес, ғылымға деген құрмет, бізге артылған үлкен үміт пен сенім. Ендігі мақсатымыз – сол сенімді ақтау. Қазақ ғылымының дамуына, Қазақстан ғылымының өркендеуіне аз да болса үлес қосу», - деді Темірлан Сейтқасымұлы. *** ✅ Государственная поддержка придает импульс развитию науки Ученый секретарь Института языкознания имени А. Байтұрсынұлы, докторант Темірлан Жорабай – один из молодых ученых, удостоенных жилищного сертификата от имени Главы государства. Молодой исследователь отметил важность оказываемой поддержки и выразил благодарность за инициативы, направленные на развитие науки. «Выражаю искреннюю благодарность Главе государства Касым-Жомарту Токаеву за внимание и поддержку, оказываемые молодым ученым, Министерству науки и высшего образования, которое реализует такие инициативы, прилагает усилия для развития науки и укрепления потенциала молодых исследователей, а также Институту языкознания имени Ахмета Байтұрсынұлы – ведущему научному центру казахского языкознания, в котором я работаю. Это не просто социальная поддержка науки, а проявление уважения к ней, большое доверие и надежды, которые возлагаются на нас. Теперь наша главная задача – оправдать это доверие, внести пусть даже небольшой вклад в развитие казахстанской науки», - отметил Темірлан Сейтқасымұлы.

  20. 📌 Мемлекет басшысының атынан жас ғалымдарға тұрғын үй сертификаты табысталды Қазақстан Республикасы Ұлттық ғылым академиясының 80 жылдығына арналған салтанатты жиында ғылыми-зерттеу институттары мен жоғары оқу орындарының бес жас ғалымына Мемлекет басшысының атынан тұрғын үй сертификаттары табысталды. Солардың бірі – әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің Тарих факультеті Археология, этнология және музеология кафедрасының аға оқытушысы Әйгерім Есенаманова. Жас ғалым үшін бұл – ғылым жолындағы еңбегіне берілген жоғары баға әрі болашаққа деген сенімді нығайтатын маңызды қолдау. Тұрғын үй сертификатының иегері атанған Әйгерім Серікқызы өз қуанышымен бөлісіп, жас ғалымдарға көрсетіліп отырған қолдау үшін алғысын білдірді. *** 📌 Молодым ученым вручены жилищные сертификаты от имени Главы государства На торжественном мероприятии, посвященном 80-летию Национальной академии наук Республики Казахстан, пяти молодым ученым научно-исследовательских институтов и высших учебных заведений были вручены жилищные сертификаты от имени Главы государства. В их числе – старший преподаватель кафедры археологии, этнологии и музеологии исторического факультета Казахского национального университета имени аль-Фараби Айгерим Есенаманова. Для молодого ученого это высокая оценка ее труда и важная поддержка, укрепляющая уверенность в будущем. Получив жилищный сертификат, Айгерим Сериковна поделилась своей радостью и выразила благодарность за поддержку, оказываемую молодым ученым.

  21. Older posts