⚜️Таразда «Taraz Creative Industries 2026» халықаралық форумы басталды Тараз қаласында креативті индустрияларды дамытуға, шығармашылық әлеует пен заманауи технологияларды ұштастыруға арналған «Taraz Creative Industries 2026» халықаралық форумы басталды. М.Х.Дулати атындағы Тараз университетінің ұйымдастыруымен өтіп жатқан бес күндік форум креативті экономика саласындағы өзекті мәселелерді талқылауға және жаңа бастамаларды қолдауға бағытталған. Халықаралық форумға IT, кино, сән, дизайн, өнер, жастар бастамалары және креативті кәсіпкерлік салаларының өкілдері жиналды. Іс-шараның негізгі мақсаты – шығармашылық пен инновацияны ұштастыратын идеяларды қолдау, креативті индустриялардың даму мүмкіндіктерін айқындау және жаңа жобаларды ілгерілету. 🔗 Толығырақ: gov.kz *** ⚜️В Таразе стартовал международный форум «Taraz Creative Industries 2026» В Таразе стартовал международный форум «Taraz Creative Industries 2026», направленный на развитие креативных индустрий и объединение творческого потенциала с современными технологиями. Пятидневное мероприятие организовано Таразским университетом имени М.Х.Дулати и призвано стать площадкой для обсуждения актуальных вопросов креативной экономики и поддержки новых инициатив. Форум объединил представителей сфер IT, кино, моды, дизайна, искусства, молодежных инициатив и креативного предпринимательства. Его главная цель – поддержка идей, объединяющих творчество и инновации, определение перспектив развития креативных индустрий и продвижение новых проектов. 🔗 Подробнее: gov.kz