▪️ Ғылым жолындағы жас зерттеушілерге жаңа мүмкіндік Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің Заң факультеті қылмыстық-құқықтық пәндер кафедрасының меңгерушісі, PhD докторы Алуа Мұратова отандық ғылымды дамыту және жас зерттеушілерді қолдау жөніндегі Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмаларын жүзеге асыру аясында тұрғын үй сертификатына ие болды. ҚР Ұлттық ғылым академиясының 80 жылдығына арналған салтанатты іс-шара барысында ҚР Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек еліміздің ғылымын дамытуға елеулі үлес қосып, жоғары жетістіктерге жеткен жас ғалымдарға тұрғын үй сертификаттарын табыстады. Алуа Мұратованың айтуынша, пәтерге ие болу – оның өміріндегі маңызды әрі қуанышты оқиғалардың бірі. «Тарихи күнде осындай маңызды қолдауға ие болу – мен үшін үлкен мәртебе. Бұл – баспаналы болумен қатар мемлекет тарапынан жас зерттеушілердің еңбегіне көрсетілген құрмет пен ғылымға қосқан үлесінің мойындалуы. Сондай-ақ кәсіби тұрғыдан дамуға зор ынта береді. Отандық ғылымды дамытуға және жас ғалымдарды қолдауға бағытталған жүйелі саясаты үшін Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевқа жасалған мүмкіндіктер мен жан-жақты қолдау үшін шынайы алғысымды білдіремін. Мұндай бастамалар болашаққа деген сенімімізді нығайтып, жаңа ғылыми жетістіктерге жетелейді. Ендігі басты міндетіміз – артылған сенімді ақтап, Қазақстан ғылымының дамуына лайықты үлес қосуды жалғастыру», - деді PhD докторы. Алуа Мұратованың кәсіби қызметі заң білімін дамыту, ғылыми зерттеулер жүргізу, білікті мамандар даярлау және халықаралық академиялық ынтымақтастықты нығайтумен байланысты. Жас ғалым қылмыстық құқық пен криминология салаларындағы мәселелерді зерттеп, заң білімін жетілдіруге және болашақ мамандарды даярлауға үлес қосып келеді. Оның ғылыми еңбектері Қазақстанның және шетелдердің ғылыми басылымдарында жарияланып жүр. *** ▪️ Новые возможности для молодых исследователей на пути в науку Заведующая кафедрой уголовно-правовых дисциплин юридического факультета Евразийского национального университета имени Л.Н. Гумилева, доктор PhD Алуа Муратова получила жилищный сертификат в рамках реализации поручений Главы государства Касым-Жомарта Токаева по развитию отечественной науки и поддержке молодых исследователей. В рамках торжественного мероприятия, посвященного 80-летию Национальной академии наук РК, министр науки и высшего образования РК Саясат Нурбек вручил жилищные сертификаты молодым ученым, внесшим значительный вклад в развитие отечественной науки и добившимся высоких научных результатов. По словам Алуа Муратовой, получение квартиры стало одним из самых значимых и радостных событий в ее жизни. «Для меня большая честь получить такую важную поддержку в этот исторический день. Это не только возможность обрести собственное жилье, но и признание государством труда молодых исследователей и их вклада в развитие науки. Такая поддержка также служит мощным стимулом для дальнейшего профессионального роста. Выражаю искреннюю благодарность Главе государства Касым-Жомарту Токаеву за последовательную политику, направленную на развитие отечественной науки и поддержку молодых ученых, а также за предоставленные возможности и всестороннюю поддержку. Подобные инициативы укрепляют нашу уверенность в будущем и вдохновляют на новые научные достижения. Наша главная задача теперь – оправдать оказанное доверие и продолжать вносить достойный вклад в развитие науки Казахстана», - отметила доктор PhD. Профессиональная деятельность Алуа Муратовой связана с развитием юридического образования, проведением научных исследований, подготовкой квалифицированных специалистов и укреплением международного академического сотрудничества. Молодой ученый исследует актуальные вопросы уголовного права и криминологии, вносит вклад в совершенствование юридического образования и подготовку будущих специалистов. Ее научные труды публикуются в научных изданиях Казахстана и зарубежных стран.
ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігі
Subscribers
59.9K
−200 24h · −700 7d
Reach per post (ERR)
1.5%912 avg views
Posting
8.4/day
last 22 minutes ago
Reactions per 1K views
6.9
👍 ❤ 🔥
Views over time
| When | Views |
|---|---|
| 19 Oct 2026, 11:04 | 0 |
| 12 Nov 2026, 09:17 | 981 |
Who shared this post
Posts in other channels we index that link to this one. (Forwards with a hidden source can't be traced.)
Nobody yet.