ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігі

@gylym_jogary_bilim · education · Kazakh · active

Официальный Telegram-канал Министерства науки и высшего образования РК

Subscribers 59.9K Subscribers, last 30 days: 60.8K → 60K −200 24h · −700 7d
Reach per post (ERR) 1.5%912 avg views
Posting 8.4/day last 22 minutes ago
Reactions per 1K views 6.9 👍 ❤ 🔥
  1. repost

    🇰🇭Премьер-министр Хун Манет подчеркнул особый характер культурно-гуманитарных связей между двумя странами – Более 120 камбоджийских студентов прошли обучение в Казахстане. Многие из них сегодня занимают ответственные должности в государственных органах, в том числе являются губернаторами ряда провинций, государственными секретарями и сотрудниками различных министерств. Таким образом, наши страны связывают общая история и прочные человеческие контакты, – сообщил Премьер-министр. ✔️По словам Хун Манета, Камбоджа также заинтересована в развитии сотрудничества в сферах продовольственной безопасности, сельского хозяйства и обрабатывающей промышленности. ✔️Собеседники выразили уверенность в том, что сегодняшние переговоры на высшем уровне позволят существенно увеличить объемы взаимной торговли, укрепить деловые связи и открыть новые перспективы партнерства между Казахстаном и Камбоджей. t.me/aqorda_resmi

  2. repost

    🇰🇭Премьер-министр Хун Манет екі ел арасындағы мәдени-гуманитарлық байланыстардың айрықша сипатына назар аударды – Камбоджаның 120-дан аса студенті Қазақстанда білім алды. Бүгінде олардың көбі провинцияларда губернатор, мемлекеттік хатшы лауазымдарында еңбек етуде. Сонымен қатар мемлекеттік органдарда жауапты қызметтер атқарып жүр. Бұл елдерімізді ортақ тарих пен халықтарымыз арасындағы тығыз қарым-қатынас байланыстыратынын аңғартады, – деді Премьер-министр. ✔️Хун Манет Камбоджа азық-түлік қауіпсіздігі, ауыл шаруашылығы және өңдеу өнеркәсібі салаларында ықпалдастықты жандандыруға ниетті екенін айтты. ✔️Тараптар жоғары деңгейде жүргізілген бүгінгі келіссөздер елдеріміз арасындағы сауда-саттық көлемін ұлғайтып, іскерлік барыс-келісті нығайтуға және серіктестің тың бағыттарын жолға қоюға ықпал ететініне сенім білдірді. t.me/aqorda_resmi

  3. ▪️ ҰЛТТЫҚ ҒЫЛЫМ АКАДЕМИЯСЫНА – 80 ЖЫЛ: ҒЫЛЫМҒА ҚЫЗМЕТ, ТАРИХИ САБАҚТАСТЫҚ ЖӘНЕ БОЛАШАҚ КӨКЖИЕГІ 17 қазанда Қазақстан Республикасы Ұлттық ғылым академиясының 80 жылдығына арналған салтанатты жиын өтті. 1946 жылы Қаныш Сәтбаевтың бастамасымен құрылған Академияның сексен жылдық тарихы – отандық ғылымның қалыптасуы мен өркендеуінің, іргелі ғылыми мектептердің орнығуы мен бірнеше буын ғалымдардың қажырлы еңбегінің шежіресі. Мерейтойлық жиын осы бай ғылыми мұраны бүгінгі технологиялық жаңғырумен сабақтастырып, Қазақстан ғылымының болашақ даму бағдарын айқындайтын халықаралық деңгейдегі маңызды оқиғасы болды. Салтанатты жиынға мемлекеттік органдар мен шетелдік ғылым академияларының басшылары, Академия мүшелері, жетекші отандық және шетелдік ғалымдар, қоғам қайраткерлері, бизнес қауымдастығының өкілдері, жоғары оқу орындары мен ғылыми ұйымдардың бірінші басшылары, халықаралық әріптестер және жас зерттеушілер қатысты. ✍️ Салтанатты жиынды ҚР Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек ашып, Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Ұлттық ғылым академиясының 80 жылдығына арналған арнайы Құттықтау хатын оқып берді. Президент өз құттықтауында Қаныш Сәтбаев негізін қалаған Академияның отандық ғылымды дамытудағы тарихи рөліне тоқталып, оның еліміздің индустриялық, экономикалық және зияткерлік әлеуетін нығайтуға қосқан елеулі үлесін атап өткен. «Биыл бірінші шілдеде күшіне енген жаңа Конституцияда алғаш рет адам капиталын, білімді, ғылымды, инновацияны өркендету мемлекеттің стратегиялық міндеті ретінде бекітілді», – делінген Президент құттықтауында. 🔗 Толығырақ: gov.kz *** ▪️ НАЦИОНАЛЬНОЙ АКАДЕМИИ НАУК – 80 ЛЕТ: СЛУЖЕНИЕ НАУКЕ, ИСТОРИЧЕСКАЯ ПРЕЕМСТВЕННОСТЬ И ГОРИЗОНТЫ БУДУЩЕГО 17 октября состоялось торжественное собрание, посвященное 80-летию Национальной академии наук Республики Казахстан. Восьмидесятилетняя история Академии, созданной в 1946 году по инициативе Каныша Сатпаева, – это летопись становления и развития отечественной науки, формирования фундаментальных научных школ и самоотверженного труда нескольких поколений учёных. Юбилейное собрание стало важным событием международного масштаба, объединившим богатое научное наследие с современными процессами технологической модернизации и обозначившим ориентиры дальнейшего развития науки Казахстана. В торжественном собрании приняли участие руководители государственных органов и зарубежных академий наук, члены Академии, ведущие казахстанские и зарубежные учёные, общественные деятели, представители бизнес-сообщества, руководители высших учебных заведений и научных организаций, международные партнёры и молодые исследователи. ✍️ Торжественное собрание открыл министр науки и высшего образования РК Саясат Нурбек, зачитавший специальное поздравительное письмо Главы государства Касым-Жомарта Токаева по случаю 80-летия Национальной академии наук. В своем поздравлении Президент подчеркнул историческую роль Академии, основанной Канышом Сатпаевым, в развитии отечественной науки и отметил её значительный вклад в укрепление индустриального, экономического и интеллектуального потенциала страны. «В новой Конституции, вступившей в силу 1 июля текущего года, впервые развитие человеческого капитала, образования, науки и инноваций закреплено в качестве стратегической задачи государства», – говорится в поздравлении Президента. 🔗 Подробнее: gov.kz

  4. +6

    ⚜️ ТҮРКІ МЕМЛЕКЕТТЕРІНІҢ ҰЛТТЫҚ ТЕСТІЛЕУ ОРТАЛЫҚТАРЫ АҒЫЛШЫН ТІЛІН МЕҢГЕРУ ДЕҢГЕЙІН БАҒАЛАУДЫҢ ӨҢІРЛІК ЖҮЙЕСІН ҚҰРУ ТУРАЛЫ МЕМОРАНДУМҒА ҚОЛ ҚОЙДЫ «Қарқынды өзгеріс әлеміндегі қабылдау емтихандары» халықаралық конференциясының екінші күні Әзербайжан, Қазақстан, Қырғызстан, Түркия және Өзбекстанның ұлттық тестілеу орталықтары ағылшын тілін меңгеру деңгейін бағалауға арналған ETOTS (English Test for Turkic States) бірлескен емтиханын құру жөніндегі ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды. Құжат тілдік бағалау саласындағы ұлттық ұйымдар арасындағы ынтымақтастықты дамытуға, ағылшын тілі бойынша емтиханды әзірлеу, өткізу, оның нәтижелерін тану және сапасын қамтамасыз етудің ортақ тетігін қалыптастыруға бағытталған. Бастама қатысушы елдердің сарапшылық әлеуетін біріктіріп, халықаралық тәсілдерге сәйкес келетін қосымша өңірлік бағалау құралын құруды көздейді. Бұл ретте ETOTS қолданыстағы халықаралық тілдік емтихандарды алмастыруды мақсат етпейді. 🔗 Толығырақ: gov.kz *** ⚜️ НАЦИОНАЛЬНЫЕ ЦЕНТРЫ ТЕСТИРОВАНИЯ ТЮРКСКИХ ГОСУДАРСТВ ПОДПИСАЛИ МЕМОРАНДУМ О СОЗДАНИИ РЕГИОНАЛЬНОЙ СИСТЕМЫ ОЦЕНКИ ЗНАНИЯ АНГЛИЙСКОГО ЯЗЫКА В рамках второго дня международной конференции «Вступительные экзамены в быстро меняющемся мире» национальные центры тестирования Азербайджана, Казахстана, Кыргызстана, Турции и Узбекистана подписали меморандум о сотрудничестве по созданию региональной инициативы ETOTS (English Test for Turkic States) – совместного экзамена по оценке уровня владения английским языком. Документ направлен на развитие сотрудничества между национальными организациями в сфере языкового оценивания и формирование общего механизма разработки, проведения, признания результатов и обеспечения качества экзамена по английскому языку. Инициатива призвана объединить экспертный потенциал стран и создать дополнительный региональный инструмент оценки, соответствующий международным подходам. При этом ETOTS не предполагает замены существующих международных языковых экзаменов. 🔗 Подробнее: gov.kz

  5. 🔰 Мәскеу мемлекеттік университетінің Қазақстандағы филиалына 25 жыл толды Астанада М.В.Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университетінің (ММУ) Қазақстандағы филиалының құрылғанына 25 жыл толуына арналған салтанатты іс-шара өтті. Мерейтой Қазақстан мен Ресей арасындағы ғылыми-білім беру ынтымақтастығын дамытудағы маңызды оқиғаға айналып, филиалдың ширек ғасырлық қызметінің қорытындысын шығаруға мүмкіндік берді. 2001 жылы ашылған ММУ-дің Қазақстандағы филиалы Мәскеу мемлекеттік университетінің шетелдегі алғашқы филиалы болды. Осы уақыт аралығында ол 3 мыңнан астам түлек даярлап, іргелі университеттік білім беру дәстүрлерін заманауи ғылыми тәсілдермен ұштастыратын ғылыми-білім беру орталығы ретінде қалыптасты. 🔗 Толығырақ: gov.kz *** 🔰 Казахстанский филиал МГУ отметил 25-летие В Астане состоялось торжественное мероприятие, посвященное 25-летию Казахстанского филиала Московского государственного университета имени М.В.Ломоносова (МГУ). Юбилей стал важным событием в развитии научно-образовательного сотрудничества Казахстана и России и поводом подвести итоги четвертьвековой деятельности филиала. Казахстанский филиал МГУ, открытый в 2001 году, стал первым зарубежным филиалом Московского государственного университета. За 25 лет он подготовил более 3 тысяч выпускников и сформировался как научно-образовательный центр, сочетающий традиции фундаментального университетского образования с современными научными подходами. 🔗 Подробнее: gov.kz

  6. edited

    📄 Астанада қабылдау емтихандарына арналған халықаралық конференция өтіп жатыр 16 қазанда Астанада ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігінің Ұлттық тестілеу орталығы ұйымдастырған «Қарқынды өзгеріс әлеміндегі қабылдау емтихандары» атты халықаралық конференция басталды. Іс-шараға білім беру саласындағы бағалау мәселелерімен айналысатын халықаралық ұйымдардың өкілдері, ұлттық емтихан орталықтарының басшылары, ғалымдар, сарапшылар және жоғары оқу орындарының өкілдері қатысып жатыр. Қатысушылар қатарында АҚШ-тың ETS, College Board ұйымдары, Ұлыбританияның AQA Global ұйымы, Канаданының Vretta мамандары, Ресейдің ВШЭ мамандары, сондай-ақ Түркия, Әзербайжан, Қырғызстан және Өзбекстан сарапшылары бар. Пленарлық отырыста ҚР Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек сөз сөйледі. Ол конференцияның қабылдау емтихандары мен талапкерлердің білімін бағалау саласындағы халықаралық тәжірибе алмасуға және өзгермелі әлем талаптарына сай іріктеудің жаңа тәсілдерін талқылауға мүмкіндік беретін маңызды алаң екенін атап өтті. Министр жоғары білім саласындағы халықаралық ынтымақтастықты дамыту Мемлекет басшысы айқындаған интернационалдандыру бағытына сәйкес келетінін және Қазақстанның білім беру жүйесінің жаһандық білім кеңістігіне ықпалдасуына ықпал ететінін жеткізді. 🔗 Толығырақ: gov.kz *** 📄 Астане проходит международная конференция по вступительным экзаменам 16 октября в Астане стартовала международная конференция «Вступительные экзамены в быстро меняющемся мире», организованная Национальным центром тестирования МНВО РК. В мероприятии принимают участие представители международных организаций в сфере образовательного оценивания, руководители национальных экзаменационных центров, ученые, эксперты и представители высших учебных заведений. Среди участников – специалисты ETS, College Board (США), AQA Global (Великобритания), Vretta (Канада), ВШЭ (Россия), а также эксперты из Турции, Азербайджана, Кыргызстана и Узбекистана. В рамках пленарного заседания выступил министр науки и высшего образования РК Саясат Нурбек. Он подчеркнул, что конференция является важной площадкой для международного обмена опытом в сфере вступительного оценивания и поиска новых подходов к отбору абитуриентов с учетом требований меняющегося мира. Министр также отметил, что развитие международного сотрудничества в сфере высшего образования соответствует курсу на интернационализацию, обозначенному Главой государства, и способствует интеграции казахстанской системы образования в глобальное образовательное пространство. 🔗 Подробнее: gov.kz

  7. repost

    Касым-Жомарт Токаев полагает, что все эти инициативы не приобретут устойчивого характера без инвестиций в человеческий капитал – Более тысячи лет назад великий философ и ученый Аль-Фараби учил, что сила общества заключается в знаниях и нравственных качествах людей. Призываю всех участников приступить к работе по созданию Партнерства СВМДА в сфере человеческого капитала. Его цель – подготовить молодое поколение к жизни в мире, который стремительно меняется под воздействием технологических, экономических и геополитических преобразований. Мы готовы предложить экспертный потенциал наших ведущих университетов и научно-исследовательских институтов, чтобы внести свой вклад в решение этого важного вопроса. Научно-исследовательская стипендиальная программа в области безопасности и укрепления доверия может быть запущена в следующем году. Казахстан готов предоставить стипендии студентам из всех 28 государств СВМДА. Кроме того, Казахстан готов выделять исследовательские гранты для ученых из государств – участников Совещания, – отметил Глава государства. 🔹В завершение своего выступления Президент Казахстана пожелал Азербайджану успешного продолжения председательства в СВМДА и выразил уверенность, что принимаемая сегодня Бакинская декларация станет прочной основой для дальнейшей работы. t.me/aqorda_resmi

  8. repost

    Қасым-Жомарт Тоқаевтың пайымдауынша, бұл бастамалар инвестиция мен адам капиталы болмаса түбегейлі нәтиже бермейді – Бұдан мың жылдан астам уақыт бұрын ұлы философ әрі ғалым әл-Фараби қоғамның қуаты оның халқының білімі мен адамгершілік қасиеттерінде екенін айтқан. Сондықтан Ұйымға мүше мемлекеттерді АӨСШК-нің адами капитал саласындағы әріптестік орнатуға шақырамын. Мақсат – жас ұрпақты технологиялық, экономикалық және геосаяси жаңғырулар екпінімен сәт сайын өзгеріп жатқан әлемге бейімдеу. Біз осы маңызды мәселені шешуге үлес қосу үшін сарапшылық тәжірибемізді, маңдайалды университеттер мен ғылыми-зерттеу ұйымдарының әлеуетін ұсынуға дайынбыз. Келесі жылы қауіпсіздік пен сенімді нығайту саласындағы ғылыми зерттеуге арналған стипендиялық бағдарлама іске қосылуы ықтимал. Қазақстан Ұйымға мүше 28 мемлекеттің студенттеріне шәкіртақы ұсынуға, сондай-ақ ғалымдарға зерттеу гранттарын беруге әзір, – деді Мемлекет басшысы. 🔹Қазақстан Президенті сөз соңында Әзербайжанның Азиядағы өзара іс-қимыл және сенім шаралары жөніндегі кеңеске төрағалығын табысты жалғастыруына тілектес екенін жеткізді. Сондай-ақ бүгін қабылданған Баку декларациясы алдағы жұмысқа берік негіз қалайтынына сенім білдірді. t.me/aqorda_resmi

  9. repost

    Глава государства выступил на VII саммите СВМДА 🔹В начале выступления Президент Казахстана выразил признательность Президенту Азербайджана Ильхаму Алиеву за гостеприимство и превосходную организацию саммита. 🔹Касым-Жомарт Токаев высоко оценил динамичное председательство азербайджанской стороны, направленное на расширение потенциала СВМДА как уникальной площадки для диалога, укрепления доверия и всестороннего сотрудничества. – Для Казахстана Совещание имеет особое значение. Более трех десятилетий назад наша страна выступила инициатором создания этого форума с целью укрепления взаимного доверия и содействия обеспечению безопасности в нашем большом регионе. С этого момента СВМДА успешно объединяет государства-участники во имя достижения взаимовыгодных результатов. На сегодняшний день эта площадка остается уникальным форумом, который изначально создавался для обеспечения безопасности и укрепления доверия в Азии в формате прямого всеобщего диалога. Государства – участники СВМДА охватывают почти 90 процентов территории Азии и представляют более половины населения земного шара. Далеко не все международные институты могут заявить о столь внушительном масштабе своей деятельности, – подчеркнул Глава нашего государства. 🔹Президент обратил внимание, что такой масштаб отражает колоссальный потенциал СВМДА, движущей силой которого выступает энергичное молодое поколение, стремящееся строить общее будущее. – Дух СВМДА, отражающий нашу искреннюю приверженность формированию безопасной и процветающей Азии, стал по-настоящему узнаваемым брендом. Рад приветствовать Лаос, который сегодня присоединяется к СВМДА в качестве полноправного государства-участника, – сказал Касым-Жомарт Токаев. t.me/aqorda_resmi

  10. repost

    Мемлекет басшысы АӨСШК VII саммитінде сөз сөйледі 🔹Қазақстан Президенті қонақжайлық көрсеткені және саммитті жоғары деңгейде ұйымдастырғаны үшін Әзербайжан Президенті Ильхам Әлиевке алғыс айтты. 🔹Қасым-Жомарт Тоқаев диалогтың, сенімді нығайтудың және жан-жақты ынтымақтастықтың бірегей алаңы ретінде АӨСШК әлеуетін кеңейтуге бағытталған Әзербайжан тарапының белсенді төрағалығын оң бағалады. – Қазақстан үшін Кеңестің маңызы ерекше. Еліміз отыз жылдан аса уақыт бұрын кең байтақ өңірде өзара сенімді арттыру және қауіпсіздікті қамтамасыз етуге септігін тигізу мақсатында осы форумды құру жөнінде бастама көтерген болатын. Содан бері АӨСШК өзара тиімді нәтижеге қол жеткізу үшін мүше мемлекеттерді ортақ іске жұмылдырып келеді. Бастапқыда Азиядағы қауіпсіздікті сақтап, сенімді нығайтуды көздейтін жалпыға ортақ тікелей диалог форматында құрылған бұл алаң бүгінде бірегей форумға айналды. Ұйымға мүше елдер Азия құрлығының шамамен 90 пайызын қамтиды. Мұнда Жер шары тұрғындарының жартысынан астамы өмір сүреді. Халықаралық институттардың көбінде мұндай әлеует жоқ, – деді Мемлекет басшысы. 🔹Қасым-Жомарт Тоқаев бұл форматтың ауқымы АӨСШК-нің зор әлеуетін танытатынын, ал ортақ болашақ құруға ұмтылған жалынды жастар оның қозғаушы күші саналатынын айтты. – Қауіпсіз әрі гүлденген Азия құруға деген шынайы ниетімізді көрсететін АӨСШК рухы шын мәнінде белгілі брендке айналды. Бүгін Лаостың осы Ұйымға мүше болғанына қуаныштымын, – деді ол. t.me/aqorda_resmi

  11. 💬 Астанада жоғары білім мен ғылымды дамытудың негізгі бағыттары талқыланды 15 қазанда Qazaq AI Research University (QAIRU) алаңында Жоғары білім қызметкерлері күніне арналған форум өтті. Іс-шараға ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігінің өкілдері, жоғары оқу орындарының басшылары, ғылыми және академиялық қоғамдастық өкілдері, сондай-ақ білім беру және инновациялар саласындағы сарапшылар қатысты. Форум барысында қатысушылар жоғары білім мен ғылымды дамытудың өзекті мәселелерін, университеттердің цифрлық трансформациясын, жасанды интеллектіні білім беру үдерісіне енгізуді, білім беру бағдарламаларының мазмұнын жетілдіруді және халықаралық ынтымақтастықты нығайтуды талқылады. Форумда ҚР Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек құттықтау сөз сөйледі. Ол жаһандық технологиялық өзгерістер жағдайында жоғары білім мен ғылым жүйесін дамытудың маңыздылығын атап өтіп, кадрлар даярлау сапасын арттыруға, жасанды интеллект пен цифрлық шешімдерді білім беру үдерісіне енгізуге, сондай-ақ елдің ғылыми әлеуетін нығайтуға назар аударды. Сонымен қатар министр университеттердің бәсекеге қабілетті мамандар даярлаудағы, инновацияларды дамытудағы және экономика мен қоғамның заманауи талаптарына сай адами капиталды қалыптастырудағы рөліне тоқталды. Іс-шара аясында сала дамуына үлес қосқан ғылым және жоғары білім қызметкерлерін марапаттау рәсімі де өтті. 🔗 Толығырақ: gov.kz *** 👥 В Астане обсудили ключевые направления развития высшего образования и науки 15 октября на площадке Qazaq AI Research University (QAIRU) состоялся форум, посвященный Дню работников высшего образования. Мероприятие объединило представителей Министерства науки и высшего образования РК, руководителей высших учебных заведений, представителей научного и академического сообщества, а также экспертов в сфере образования и инноваций. В ходе форума участники обсудили актуальные вопросы развития высшего образования и науки, цифровой трансформации университетов, внедрения искусственного интеллекта в образовательный процесс, совершенствования содержания образовательных программ и укрепления международного сотрудничества. С приветственным выступлением на форуме выступил министр науки и высшего образования РК Саясат Нурбек. В своем выступлении он отметил значимость развития системы высшего образования и науки в условиях глобальных технологических изменений, подчеркнув важность повышения качества подготовки кадров, внедрения искусственного интеллекта и цифровых решений в образовательный процесс, а также укрепления научного потенциала страны. Особое внимание было уделено роли университетов в подготовке конкурентоспособных специалистов, развитии инноваций и формировании человеческого капитала, отвечающего современным требованиям экономики и общества. В рамках мероприятия также состоялась церемония награждения работников науки и высшего образования за вклад в развитие отрасли. 🔗 Подробнее: gov.kz

  12. 🌾 AI-Sana: қазақстандық студент ауыл шаруашылығы ресурстарын тиімді пайдалануға арналған ЖИ шешімін ұсынды Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінің 1-курс студенті Нұрдәулет Дүзенов ауыл шаруашылығы өнімділігін арттыруға және ресурстарды тиімді пайдалануға бағытталған AgriX интеллектуалды платформасын әзірледі. Жоба жасанды интеллект көмегімен егістік алқаптары туралы деректерді, соның ішінде топырақ құрамын, ауа райы жағдайын, ылғал деңгейін, дақылдардың даму кезеңдерін және спутниктік ақпаратты талдауға мүмкіндік береді. Жиналған мәліметтер негізінде платформа ауыл шаруашылығы өндірушілеріне суару, тыңайтқыш енгізу және егістік алқаптарын күтіп-баптау бойынша нақты ұсынымдар ұсынады. Платформаның алғашқы прототипі Қызылорда облысындағы жүгері алқабында сынақтан өткізілді. AgriX жобасының ғылыми ерекшелігі – жасанды интеллект технологияларын ғылыми негізделген агрономиялық әдістемелермен ұштастыруында. 🔗 Толығырақ: gov.kz *** 🌾 AI-Sana: казахстанский студент предложил ИИ-решение для эффективного использования ресурсов в сельском хозяйстве Студент 1-курса Кызылординского университета имени Коркыт ата Нурдаулет Дузенов разработал интеллектуальную платформу AgriX, направленную на повышение продуктивности сельского хозяйства и эффективное использование ресурсов. Проект позволяет анализировать с помощью искусственного интеллекта данные о сельскохозяйственных угодьях, включая состав почвы, погодные условия, уровень влажности, стадии развития сельскохозяйственных культур и спутниковую информацию. На основе полученных данных платформа предоставляет сельхозпроизводителям конкретные рекомендации по поливу, внесению удобрений и уходу за посевами. Первый прототип платформы прошел испытания на кукурузном поле в Кызылординской области. Научная особенность проекта AgriX заключается в сочетании технологий искусственного интеллекта с научно обоснованными агрономическими методиками. 🔗 Подробнее: gov.kz

  13. ⚠️ ExoAI: Astana IT University студенті ЖИ пайдалану кезінде корпоративтік деректерді қорғау шешімін әзірледі AI-Sana көрмесі аясында Astana IT University студенті Айғаным Тулебаева корпоративтік үдерістерде үлкен тілдік модельдерді (LLM) пайдалану кезіндегі киберқауіпсіздікті арттыруға бағытталған ExoAI жобасын таныстырды. Бұл шешім құпия ақпараттың сыртқы жасанды интеллект сервистеріне берілуіне жол бермеуге және корпоративтік деректердің таралып кету қаупін азайтуға мүмкіндік береді. Бүгінде жасанды интеллект құралдары шағын және орта бизнесте де, қаржы секторындағы ұйымдарды қоса алғанда ірі компанияларда да кеңінен қолданылады. Олардың көмегімен қызметкерлер күнделікті қайталанатын міндеттерді автоматтандырып, жұмыс тиімділігін арттырады. Сонымен қатар ашық ЖИ-сервистерді пайдалану ақпараттық қауіпсіздік саласында жаңа сын-қатерлер туындатады. Атап айтқанда, нейрожелілермен жұмыс істеу кезінде қызметкерлер жеке деректерді, банктік деректемелерді және корпоративтік маңызы бар өзге де құпия ақпаратты байқаусызда сыртқы сервистерге жіберуі мүмкін. ExoAI – Zero Trust («нөлдік сенім») қағидаты бойынша жұмыс істейтін, компанияның ішкі инфрақұрылымы мен сыртқы үлкен тілдік модельдер арасында аралық буын қызметін атқаратын прокси-сервер. Жүйе жіберілетін деректерді талдап, құпия ақпаратты анықтайды және оны қорғалған токендермен немесе шифрланған белгілермен алмастырады. Осылайша, бастапқы деректер ашық күйінде жария тілдік модельге берілмейді. 🔗 Толығырақ: gov.kz *** ⚠️ ExoAI: студентка Astana IT University разработала решение для защиты корпоративных данных при использовании ИИ В рамках выставки AI-Sana студентка Astana IT University Айганым Тулебаева представила проект ExoAI, направленный на повышение кибербезопасности при использовании больших языковых моделей (LLM) в корпоративных процессах. Решение позволяет предотвращать передачу конфиденциальной информации во внешние ИИ-сервисы и снижать риски утечки корпоративных данных. Сегодня инструменты искусственного интеллекта активно применяются как в малом и среднем бизнесе, так и в крупных компаниях, включая организации финансового сектора. С их помощью сотрудники автоматизируют рутинные задачи и повышают эффективность работы. Вместе с тем использование публичных ИИ-сервисов создает новые вызовы в сфере информационной безопасности: при работе с нейросетями сотрудники могут случайно передавать персональные данные, банковские реквизиты и другую чувствительную корпоративную информацию. ExoAI представляет собой прокси-сервер, работающий по принципу Zero Trust («нулевого доверия») и выступающий промежуточным звеном между внутренней инфраструктурой компании и внешними большими языковыми моделями. Система анализирует передаваемые данные, выявляет конфиденциальную информацию и заменяет ее защищенными токенами или зашифрованными значениями. Благодаря этому исходные данные не передаются публичной языковой модели в открытом виде. 🔗 Подробнее: gov.kz

  14. ▪️ Марғұлан университетінің ғалымдары көне бас киімнің құпиясын зерттеп жатыр 1959 жылы табылған бірегей күміс бас киім ғылыми зерттеу нысанына айналды. Зерттеу жұмыстары көне зергерлердің шеберлігін зерделеуге, жәдігердің жасалу технологиясы мен ықтимал шығу тегін анықтауға мүмкіндік береді. Марғұлан университетінің Археологиялық зерттеулер институтының ғалымдары Павлодар облыстық тарихи-өлкетану музейінде сақтаулы тұрған бірегей күміс бас киімге технологиялық зерттеу жүргізіп жатыр. Мамандар рентгендік-флуоресценттік талдау әдісін қолдана отырып, металдың құрамын анықтауды, сондай-ақ бұйымның жасалу ерекшеліктері мен ықтимал шығу тегі туралы жаңа ғылыми деректер алуды көздейді. 🔗 Толығырақ: gov.kz *** ▪️ Ученые Марғұлан университета исследуют тайну древнего головного убора Уникальный серебряный головной убор, обнаруженный в 1959 году, стал объектом научного исследования. Работа позволит изучить мастерство древних ювелиров, а также установить технологию изготовления и возможное происхождение артефакта. Ученые Института археологических исследований Марғұлан университета проводят технологическое исследование уникального серебряного головного убора, хранящегося в Павлодарском областном историко-краеведческом музее. С помощью рентгенофлуоресцентного анализа специалисты намерены определить состав металла и получить новые научные данные об особенностях изготовления изделия и его возможном происхождении. 🔗 Подробнее: gov.kz

  15. 🏛 ШҚТУ-да Критикалық материалдар және тұрақты металлургия институты ашылды Д.Серікбаев атындағы Шығыс Қазақстан техникалық университетінде Критикалық материалдар және тұрақты металлургия институты ашылды. Жаңа институт Қазақстан мен Бельгия арасындағы ғылыми-білім беру ынтымақтастығын нығайтуға, аса маңызды минералдарды терең өңдеу технологияларын дамытуға және тұрақты металлургия саласында ғылыми зерттеулер жүргізуге бағытталған. Институттың ашылуы 13 қазанда Астанада Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың, Бельгиялықтар Королі Филипп пен Патшайымы Матильданың қатысуымен өткен Қазақстан-Бельгия ректорлар форумында қол жеткізілген уағдаластықтардың жалғасы болды. Форум аясында ШҚТУ мен Бельгияның KU Leuven университеті арасында ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды. Құжат жаңа институт құрамында бірлескен ғылыми-білім беру орталығын құруды көздейді. Институттың құрылуы Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев айқындаған Қазақстан мен Бельгия арасындағы ынтымақтастықтың басым бағыттарымен үндеседі. Жоба аса маңызды минералдар саласындағы серіктестікті дамытуға, шикізат пен металдарды терең өңдеуге және озық технологияларды өндіріске енгізуге бағытталған. 🔗 Толығырақ: gov.kz *** 🏛 В ВКТУ имени Д.Серикбаева открылся Институт критических материалов и устойчивой металлургии В Восточно-Казахстанском техническом университете имени Д.Серикбаева открылся Институт критических материалов и устойчивой металлургии. Новый институт направлен на укрепление научно-образовательного сотрудничества между Казахстаном и Бельгией, развитие технологий глубокой переработки критически важных минералов и проведение научных исследований в области устойчивой металлургии. Открытие института стало продолжением договоренностей, достигнутых 13 октября в Астане в рамках Казахстанско-бельгийского форума ректоров с участием Президента Республики Казахстан Касым-Жомарта Токаева, Короля бельгийцев Филиппа и Королевы Матильды. В рамках форума ВКТУ и бельгийский университет KU Leuven подписали меморандум о сотрудничестве. Документ предусматривает создание совместного научно-образовательного центра в структуре нового института. Создание института соответствует приоритетным направлениям казахстанско-бельгийского сотрудничества, обозначенным Главой государства Касым-Жомартом Токаевым. Проект нацелен на развитие партнерства в сфере критически важных минералов, углубленную переработку сырья и металлов, а также внедрение передовых технологий в производство. 🔗 Подробнее: gov.kz

  16. 🔰Қазақстан халықаралық білім беру ұйымдарымен ынтымақтастығын кеңейтіп жатыр Бүгін, 14 қазанда, ҚР Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек Астанада өтіп жатқан College Board SAT | AP Days халықаралық форумына қатысты. Форумға қатысушыларға арнаған құттықтау сөзінде министр жоғары білім беру жүйесін дамыту, жастардың академиялық мүмкіндіктерін кеңейту және студенттерді даярлау сапасын арттыру үшін халықаралық ынтымақтастықтың маңызын атап өтті. Бұл ретте ол жоғары білім беру саласындағы халықаралық ынтымақтастықты дамыту Мемлекет басшысы айқындаған интернационалдандыру бағытына сәйкес келетінін атап өтті. «Қазақстан әлемнің жетекші университеттерімен серіктестікті дамытып, микрокампустарды қоса алғанда, білім берудің инновациялық модельдерін енгізу арқылы жаһандық білім беру жүйесіне белсенді түрде кірігіп келеді. Орталық Азиядағы демографиялық өзгерістер шетелдік студенттерді тартуға, білім беру инфрақұрылымы мен ғылыми зерттеулерді дамытуға, білім сапасын арттыруға және университеттеріміздің халықаралық бәсекеге қабілеттілігін нығайтуға жаңа мүмкіндіктер ашады», - деді министр. 🔗 Толығырақ: gov.kz *** 🔰Казахстан расширяет сотрудничество с международными образовательными организациями Сегодня, 14 октября, министр науки и высшего образования РК Саясат Нурбек принял участие в международном форуме College Board SAT | AP Days, который проходит в Астане. Приветствуя участников форума, министр подчеркнул значимость международного сотрудничества для развития системы высшего образования Казахстана, расширения академических возможностей молодежи и повышения качества подготовки студентов. Он отметил, что развитие международного сотрудничества в сфере высшего образования соответствует курсу на интернационализацию, обозначенному Главой государства. «Казахстан активно интегрируется в мировую образовательную систему, развивая партнерство с ведущими университетами мира и внедряя инновационные образовательные модели, включая микрокампусы. Демографические изменения в Центральной Азии открывают новые возможности для привлечения иностранных студентов, развития образовательной инфраструктуры и научных исследований, повышения качества образования и укрепления международной конкурентоспособности наших университетов», – отметил министр. 🔗 Подробнее: gov.kz

  17. 🧠Cortex AI: қазақстандық стартап ЖИ негізінде трансплантаттың қабылданбау қаупін болжайды AI-Sana көрмесі аясында Astana IT University студенттері әзірлеген Cortex AI жобасы таныстырылды. Жасанды интеллектіге негізделген шешім генетикалық деректерді пайдалана отырып, трансплантацияланған ағзаның қабылданбау қаупін болжауға бағытталған. Жоба дәрігерлердің клиникалық шешім қабылдауына қолдау көрсететін қосымша құрал бола алады. Cortex AI жүйесі метаболизмнің 33 параметрін талдап, алынған деректер негізінде медицина мамандарына арналған егжей-тегжейлі есеп қалыптастырады. Бұл әзірлеме дәрігерлерге трансплантаттың қабылданбау ықтималдығын бағалауға және клиникалық шешім қабылдау кезінде қосымша ақпарат алуға көмектесуге арналған. 🔗 Толығырақ: gov.kz *** 🧠 Cortex AI: казахстанский стартап на основе ИИ прогнозирует риск отторжения пересаженных органов В рамках выставки AI-Sana был представлен проект Cortex AI, разработанный студентами Astana IT University. Решение на основе искусственного интеллекта направлено на прогнозирование риска отторжения трансплантированных органов с использованием генетических данных и может стать дополнительным инструментом поддержки врачебных решений. Cortex AI анализирует 33 метаболических параметра и на основе полученных данных формирует подробный отчет для медицинских специалистов. Разработка призвана помочь врачам оценивать вероятность отторжения пересаженного органа и получать дополнительную информацию для принятия клинических решений. 🔗 Подробнее: gov.kz

  18. +6

    🔬 Astana Hub пен Бельгияның Гент университетінің ЖИ мен математика саласындағы бірлескен зертханасы ашылады Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевқа, Бельгиялықтар Королі Филипп пен Патшайым Матильдаға Қазақстан-Бельгия бірлескен жасанды интеллект және математика зертханасының жұмысы таныстырылды. Astana Hub пен Гент университеті Alem.ai орталығында жасанды интеллект пен математика саласындағы бірлескен зертхана ашады. Жаңа зертхана екі ел ғалымдарының ғылыми ынтымақтастығын нығайтуға, жас мамандарды даярлауға, технологиялық стартаптарды дамытуға және халықаралық ғылыми қаржыландыру тартуға бағытталған. AI Labs тұжырымдамасының бір бөлігі ретінде зертхана әлемнің жетекші университеттерімен ғылыми байланыстарды кеңейтуге үлес қосады. Оның қызметі іргелі математикалық зерттеулерді жасанды интеллект саласындағы қолданбалы міндеттермен ұштастыруға негізделеді. Атап айтқанда, оңтайландыру әдістері, статистика және ықтималдықтар теориясы жасанды интеллект модельдерін әзірлеу мен оқытуда маңызды рөл атқарады. Зертхана аясында NeuroLearn және ParkScreen бастамаларын дамыту жоспарланып отыр. NeuroLearn жобасы жасанды интеллект, нейроғылым және бейімдеп оқыту бағыттарындағы зерттеулерге арналса, ParkScreen Паркинсон ауруын ерте анықтауға арналған ЖИ-скрининг әдістерін әзірлеуге бағытталған. 🔗 Толығырақ: gov.kz *** 🔬 Astana Hub и Гентский университет Бельгии откроют совместную лабораторию в области ИИ и математики Президенту Республики Казахстан Касым-Жомарту Токаеву, Королю бельгийцев Филиппу и Королеве Матильде была представлена деятельность совместной казахстанско-бельгийской лаборатории искусственного интеллекта и математики. Astana Hub и Гентский университет откроют совместную лабораторию на базе центра Alem.ai. Она будет направлена на укрепление научного сотрудничества между учеными двух стран, подготовку молодых специалистов, развитие технологических стартапов и привлечение международного финансирования для научных исследований. Лаборатория станет частью концепции AI Labs, направленной на расширение научных связей с ведущими университетами мира. Ее деятельность будет основана на интеграции фундаментальных математических исследований с прикладными задачами искусственного интеллекта. В частности, методы оптимизации, статистика и теория вероятностей играют важную роль в разработке и обучении моделей искусственного интеллекта. В рамках лаборатории планируется развивать инициативы NeuroLearn и ParkScreen. Проект NeuroLearn предполагает исследования на стыке искусственного интеллекта, нейронауки и адаптивного обучения, а ParkScreen направлен на разработку ИИ-методов скрининга для раннего выявления болезни Паркинсона. 🔗 Подробнее: gov.kz

  19. 🇰🇿🇧🇪 Қазақстан мен Бельгия білім беру мен ғылыми зерттеулерде жасанды интеллектіні қолдану мәселелерін талқылады Қазақстан-Бельгия ректорлар форумы аясында жоғары білім мен ғылыми зерттеулерде жасанды интеллектіні қолдану, сондай-ақ көптілді академиялық коммуникацияны дамыту перспективаларына арналған жұмыс сессиясы өтті. Екі елдің университеттері мен ғылыми ұйымдарының өкілдері тәжірибе алмасып, бірлескен білім беру және зерттеу бастамаларын дамыту мүмкіндіктерін талқылады. Сессияға Қазақстан мен Бельгия университеттерінің басшылары, ғылыми қауымдастық өкілдері және цифрлық технологиялар саласындағы сарапшылар қатысты. Қатысушыларға ҚР Ғылым және жоғары білім вице-министрі Гүлзат Көбенова, Хасселт университетінің ректоры, Фламандия университетаралық кеңесінің президенті Бернард Ванхесден және Бельгияның французтілді университеттері ректорлары кеңесінің вице-президенті Франсуаза Сметс құттықтау сөз сөйледі. Вице-министр Гүлзат Көбенова өз сөзінде жоғары білім, ғылым және инновациялар саласындағы халықаралық ынтымақтастықтың негізгі бағыттарын атап өтті. Ол жасанды интеллектіні дамытуға, қазақстандық ғалымдардың халықаралық зерттеу бағдарламаларына қатысуына, сондай-ақ университеттер мен өндіріс арасындағы байланысты нығайтуға ерекше назар аударды. 🔗 Толығырақ: gov.kz *** 🇰🇿🇧🇪 Казахстан и Бельгия обсудили применение искусственного интеллекта в образовании и научных исследованиях В рамках Казахстанско-Бельгийского форума ректоров состоялась рабочая сессия, посвященная перспективам применения искусственного интеллекта в высшем образовании, научных исследованиях и многоязычной академической коммуникации. Представители университетов и научных организаций двух стран обменялись опытом и обсудили возможности развития совместных образовательных и исследовательских инициатив. Сессия объединила руководителей казахстанских и бельгийских университетов, представителей научного сообщества и экспертов в области цифровых технологий. С приветственными словами к участникам обратились вице-министр науки и высшего образования РК Гульзат Кобенова, ректор Хасселтского университета, президент Фламандского межуниверситетского совета Бернар Ванхесден, а также вице-президент Совета ректоров франкоязычных университетов Бельгии Франсуаза Сметс. 🔗 Подробнее: gov.kz

  20. Older posts