🏆HackAlem AI халықаралық AI-хакатоны GUINNESS WORLD RECORDS әлемдік рекордын орнатты Астанада AI Month аясында өткен HackAlem AI халықаралық хакатоны AI-хакатонға қатысушылар саны бойынша Guinness World Records әлемдік рекордын орнатты. Ауқымды жарыс жасанды интеллект негізіндегі AI-агенттер мен қолданбалы шешімдерді әзірлеуге бағытталып, әзірлеушілерді, студенттер мен сала мамандарын бір алаңға біріктірді. HackAlem AI 2025 жылғы 21 желтоқсанда Үндістанның Хайдарабад қаласында орнатылған алдыңғы әлемдік рекордтан асып түсті. Сол кезде Google for Developers және Google Developer Groups Hyderabad ұйымдары ұйымдастырған хакатонға 2 089 адам қатысқан болатын. Хакатонның негізгі мақсаты – экономиканың нақты секторына және қоғам үшін маңызды салаларға арналған технологиялық шешімдер әзірлеу. Қатысушылар энергетика, қаржы, басқару, телекоммуникация, логистика, креативті индустриялар, білім беру, инновациялар, коммуникациялар және сауда бағыттары бойынша жұмыс істеді. Жобаларды әзірлеу үшін оларға OpenAI, NVIDIA және Arizona State University ұсынған, жалпы құны 1,5 млн АҚШ долларына дейінгі технологиялық және білім беру ресурстарына қолжетімділік берілді. 🔗 Толығырақ: gov.kz *** 🏆 Международный AI-хакатон HackAlem AI установил мировой рекорд GUINNESS WORLD RECORDS В Астане в рамках AI Month состоялся международный хакатон HackAlem AI, который установил мировой рекорд Guinness World Records по количеству участников AI-хакатона. Соревнование объединило разработчиков, студентов и специалистов, работавших над созданием AI-агентов и прикладных решений на основе искусственного интеллекта. HackAlem AI превзошел предыдущий мировой рекорд, установленный 21 декабря 2025 года в индийском Хайдарабаде. Тогда хакатон, организованный Google for Developers и Google Developer Groups Hyderabad, объединил 2 089 участников. Масштабное соревнование было направлено на разработку решений для реального сектора экономики и общественно значимых сфер. Участники работали по десяти направлениям: энергетика, финансы, управление, телекоммуникации, логистика, креативные индустрии, образование, инновации, коммуникации и торговля. Для разработки проектов им предоставили доступ к технологическим и образовательным ресурсам OpenAI, NVIDIA и Arizona State University общей стоимостью до 1,5 млн долларов США. 🔗 Подробнее: gov.kz