ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігі

@gylym_jogary_bilim · education · Kazakh · active

Subscribers 59.9K Subscribers, last 30 days: 60.8K → 60K −200 24h · −700 7d
Reach per post (ERR) 1.5%912 avg views
Posting 8.4/day last 22 minutes ago
Reactions per 1K views 6.9 👍 ❤ 🔥

🏗 ШҚТУ мен Allur инженер кадрларын бірлесіп даярлайды Д.Серікбаев атындағы Шығыс Қазақстан техникалық университетінде Allur компаниялар тобының бастамасымен Allur іскерлік-өндірістік кафедрасын құру жоспарланып отыр. Жоба инженерлік кадрларды даярлауды, дуалды оқыту жүйесін және автомобиль өнеркәсібінің өзекті міндеттеріне бағытталған қолданбалы зерттеулерді бір арнаға тоғыстыруды көздейді. Қазақстанда автомобиль бөлшектері мен құрамдастарын өндіруді дамыту жағдайында білім беру, ғылым және өндіріс арасындағы байланысты нығайтудың практикалық маңызы зор. Өндірісті жергіліктендіру деңгейін арттыру білікті инженерлер даярлауды, заманауи технологияларды енгізуді және өндірістік міндеттерді шешуге ғылыми әлеуетті жұмылдыруды талап етеді. Жаңа кафедраның қызметі Allur кәсіпорындарының нақты өндірістік қажеттіліктеріне негізделеді. Компанияның сұраныстары білім беру бағдарламаларын жаңарту, студенттік жобалар мен ғылыми зерттеулердің тақырыптарын айқындау кезінде ескерілмек. Сонымен қатар компания мамандары болашақ инженерлерді даярлау үдерісіне қатысып, оқытушылармен және студенттермен бірлесіп, өндірістік міндеттерге арналған технологиялық шешімдер әзірлейді. 🔗 Толығырақ: gov.kz *** 🏗 ВКТУ и Allur будут совместно готовить инженерные кадры В Восточно-Казахстанском техническом университете имени Д.Серикбаева планируется создать учебно-производственную кафедру Allur по инициативе группы компаний Allur. Проект предусматривает интеграцию подготовки инженерных кадров, дуального обучения и прикладных исследований, направленных на решение актуальных задач автомобильной промышленности. В условиях развития производства автомобильных деталей и компонентов в Казахстане особое практическое значение приобретает укрепление связей между образованием, наукой и производством. Углубление локализации производства требует подготовки квалифицированных инженеров, внедрения современных технологий и привлечения научного потенциала к решению производственных задач. Деятельность новой кафедры будет строиться с учетом конкретных производственных потребностей предприятий Allur. Запросы компании планируется учитывать при обновлении образовательных программ, определении тем студенческих проектов и научных исследований. Специалисты компании также будут участвовать в подготовке будущих инженеров, совместно с преподавателями и студентами разрабатывая технологические решения для производственных задач. 🔗 Подробнее: gov.kz

Views over time

05001K1.5K20 Oct 05:4712 Nov 09:171.3K20 Oct 05:47: 0 views12 Nov 09:17: 1,310 views
Snapshots we took after posting.
WhenViews
20 Oct 2026, 05:470
12 Nov 2026, 09:171.3K

Who shared this post

Posts in other channels we index that link to this one. (Forwards with a hidden source can't be traced.)

Nobody yet.