▪️ Мемлекеттік қолдау жас ғалымдарға жаңа мүмкіндіктер ашады «Балық шаруашылығы ғылыми-өндірістік орталығы» ЖШС сынақ орталығының жетекшісі Әйгерім Айтқалиева – Мемлекет басшысының атынан тұрғын үй сертификатын алған жас ғалымдардың бірі. Зерттеуші үшін бұл қолдау қуанышты оқиға ғана емес, сонымен қатар өмірдегі тұрақтылық пен болашаққа деген сенімді нығайтатын маңызды қадам болды. Тұрғын үй мәселесінің шешілуі кәсіби міндеттерге баса назар аударып, ғылыми жұмысқа көбірек уақыт бөлуге және зерттеу жобаларын жүзеге асыруға мүмкіндік береді. Әйгерім Айтқалиева жас ғалымдарға көрсетілетін мемлекеттік қолдаудың маңыздылығын атап өтті. Оның айтуынша, өмір сүруге және еңбек етуге қолайлы жағдай жасау зерттеушілердің ғылыммен толыққанды айналысуына, тың идеяларын дамытуына және отандық ғылымның өркендеуіне үлес қосуына жол ашады. Сондай-ақ ол мұндай бастамалардың кәсіби біліктілігін арттыруға, жаңа нәтижелерге қол жеткізуге және тұрмыстық қиындықтарға алаңдамай, зерттеу жұмыстарын жалғастыруға ұмтылған жас мамандар үшін маңызы зор екенін атап өтті. Жас ғалымдарды қолдау – Қазақстан ғылымын дамытудың маңызды шарттарының бірі. Оларға лайықты әлеуметтік жағдай жасау елдің ғылыми әлеуетін сақтауға, ғылыми-зерттеу ұйымдарының кадрлық құрамын нығайтуға және жас мамандардың кәсіби тұрғыдан өсуіне жаңа мүмкіндіктер ашуға ықпал етеді. *** ▪️Государственная поддержка открывает новые возможности для молодых ученых Айгерим Айткалиева, руководитель испытательного центра ТОО «Научно-производственный центр рыбного хозяйства», – одна из молодых ученых, получивших жилищный сертификат от имени Главы государства. Для исследователя эта поддержка стала не только радостным событием, но и важным шагом к стабильности и уверенности в будущем. Решение жилищного вопроса позволяет сосредоточиться на профессиональных задачах, уделять больше времени научной работе и реализации исследовательских проектов. Айгерим Айткалиева отметила особую значимость государственной поддержки молодых ученых, подчеркнув, что создание благоприятных условий для жизни и работы помогает исследователям полноценно заниматься наукой, развивать свои идеи и вносить вклад в развитие отечественной научной сферы. По ее словам, такие инициативы имеют большое значение для молодых специалистов, которые стремятся совершенствовать свои профессиональные компетенции, добиваться новых результатов и продолжать исследования без дополнительных бытовых трудностей. Поддержка молодых ученых остается одним из важных условий развития науки в Казахстане. Создание достойных социальных условий помогает сохранять научный потенциал страны, укреплять кадровый состав исследовательских организаций и открывает перед молодыми специалистами новые возможности для профессионального роста.
ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігі
Subscribers
59.9K
−200 24h · −700 7d
Reach per post (ERR)
1.5%912 avg views
Posting
8.4/day
last 22 minutes ago
Reactions per 1K views
6.9
👍 ❤ 🔥
Views over time
| When | Views |
|---|---|
| 19 Oct 2026, 13:27 | 0 |
| 12 Nov 2026, 09:17 | 1.2K |
Who shared this post
Posts in other channels we index that link to this one. (Forwards with a hidden source can't be traced.)
Nobody yet.