ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігі

@gylym_jogary_bilim · education · Kazakh · active

Subscribers 59.9K Subscribers, last 30 days: 60.8K → 60K −200 24h · −700 7d
Reach per post (ERR) 1.5%912 avg views
Posting 8.4/day last 22 minutes ago
Reactions per 1K views 6.9 👍 ❤ 🔥

✅ Президент тапсырмасының орындалуы: жас ғалымдарға тұрғын үй сертификаттары табысталды Қазақстанда жас ғалымдарды әлеуметтік қолдау және олардың ғылыми-зерттеу жұмыстарымен тұрақты айналысуына қолайлы жағдай жасау бағытындағы жұмыстар жалғасып келеді. Мемлекет басшысының тапсырмасы аясында жас зерттеушілерге тұрғын үй сертификаттарының табысталуы – отандық ғылымның дамуына серпін беретін маңызды қолдау шараларының бірі. Тұрғын үй сертификатына ие болған жас ғалымдардың қатарында ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігі Ғылым комитетінің Мемлекет тарихы институты Ғылыми-ақпарат бөлімінің басшысы, саясаттану мамандығы бойынша докторант Қуандық Какимов бар. Мемлекет басшысының тапсырмасы аясында жүзеге асырылып жатқан бұл бастама – ғылым саласындағы жас кадрларды қолдауға, олардың кәсіби өсуіне қолайлы орта қалыптастыруға бағытталған жүйелі жұмыстың бір бөлігі. Жас ғалымға тұрғын үй сертификатының табысталуы – оның әлеуметтік жағдайын жақсартуға және кәсіби тұрғыдан дамуына мүмкіндік беретін маңызды қолдау. Баспана мәселесінің шешілуі жас зерттеушінің болашаққа сеніммен қарап, ғылыми ізденістеріне басымдық беруіне, зерттеу жұмыстарын жүйелі түрде жалғастырып, жаңа ғылыми жобаларды жүзеге асыруына жағдай жасайды. Сонымен қатар тұрақты тұрмыс жағдайы жас ғалымдардың кәсіби әлеуетін арттырып, өз білімін, тәжірибесі мен ғылыми ізденістерінің нәтижелерін отандық ғылымның дамуына бағыттауына мүмкіндік береді. *** ✅ Исполнение поручения Президента: молодым ученым вручены жилищные сертификаты В Казахстане продолжается работа по социальной поддержке молодых ученых и созданию благоприятных условий для их систематической научно-исследовательской деятельности. Вручение жилищных сертификатов молодым исследователям в рамках поручения Главы государства является одной из важных мер поддержки, способствующих развитию отечественной науки. В числе молодых ученых, получивших жилищные сертификаты – Куандык Какимов, руководитель научно-информационного отдела Института истории государства Комитета науки Министерства науки и высшего образования РК, докторант по специальности «Политология». Данная инициатива, реализуемая в рамках поручения Главы государства, является частью системной работы по поддержке молодых научных кадров и формированию благоприятных условий для их профессионального роста. Предоставление жилищного сертификата – важная мера поддержки, направленная на улучшение социального положения молодого ученого и создание условий для его профессионального развития. Решение жилищного вопроса позволяет молодым исследователям увереннее смотреть в будущее, сосредоточиться на научной деятельности, последовательно продолжать исследования и реализовывать новые научные проекты. Кроме того, стабильные бытовые условия способствуют раскрытию профессионального потенциала молодых ученых и позволяют им вносить более весомый вклад в развитие отечественной науки, применяя свои знания, опыт и результаты исследований.

Views over time

05001K1.5K19 Oct 09:4512 Nov 09:171.2K19 Oct 09:45: 0 views12 Nov 09:17: 1,190 views
Snapshots we took after posting.
WhenViews
19 Oct 2026, 09:450
12 Nov 2026, 09:171.2K

Who shared this post

Posts in other channels we index that link to this one. (Forwards with a hidden source can't be traced.)

Nobody yet.