ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігі

@gylym_jogary_bilim · education · Kazakh · active

Официальный Telegram-канал Министерства науки и высшего образования РК

Subscribers 59.9K Subscribers, last 30 days: 60.8K → 60K −200 24h · −700 7d
Reach per post (ERR) 1.5%909 avg views
Posting 8.3/day last 46 minutes ago
Reactions per 1K views 6.8 👍 ❤ 🔥
  1. repost

    Геологиялық барлау жұмыстарының барлығын дерлік қазақстандық мамандар атқарады 📌Премьер-министр Олжас Бектеновтің Қарағанды облысына жұмыс сапары аясында «Тау-Кен Самұрық» ҰТК» АҚ-ның Қаратас кен орнында жас мамандарды қолданыстағы жобаларға тікелей қатыстыра отырып, даярлауға ерекше назар аударылды. Жер қойнауын мемлекеттік геологиялық зерттеудің ауқымды бағдарламасы жаңа технологияларды енгізуге және келешегі зор кен орындарын іздеуге ғана емес, отандық геология мектебін қайта жаңғыртуға да негіз болып отыр. «Маңызды мәселе — геолог кадрларды даярлау ісін қайта жандандыру. Жұмысымызға түгелге жуық өзіміздің отандық мамандарды тартамыз. Басты мақсатымыз — жас геологиялық барлаушылардың жаңа буынын тәрбиелеу», — деді «Ұлттық геологиялық қызмет» АҚ басқарма төрағасы Ерлан Ғалиев. Жұмыстарға жер қойнауын пайдаланушылар мен юниорлық компаниялардың мамандары, ғылыми ұйымдар және салалық оқу орындары тартылуда. Олардың қатарында Satbayev University, Д. Серікбаев атындағы Шығыс Қазақстан техникалық университеті, Қазақстан-Британ техникалық университеті, Ә. Сағынов атындағы Қарағанды техникалық университеті, С. Өтебаев атындағы Атырау мұнай және газ институты және Семей қаласындағы Геологиялық барлау колледжі бар. Жас мамандар далалық зерттеулер мен бұрғылаудан бастап геологиялық деректерді талдау және цифрлық өңдеуге дейінгі геологиялық барлаудың барлық кезеңінде нақты дағдыларды меңгереді. 📱 @KZgovernment

  2. 🔵 AI-Sana: М.Әуезов атындағы ОҚУ студенттері мал шаруашылығын басқарудың интеллектуалды жүйесін әзірледі AI-Sana көрмесі аясында М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университетінің студенттері мал шаруашылығын цифрлық басқаруға арналған Smart Qora AI аппараттық-бағдарламалық кешенін таныстырды. Жоба жасанды интеллект пен заманауи цифрлық технологияларды біріктіре отырып, мал басын есепке алу, оның орналасқан жері мен қозғалысын бақылау, ветеринариялық жағдайын қадағалау және шаруашылықтағы негізгі процестерді автоматтандыруға бағытталған. Smart Qora AI жүйесінің басты ерекшелігі – әр жануарға жеке цифрлық ID тағайындап, ол туралы негізгі ақпаратты бірыңғай ақпараттық жүйеде жинақтау мүмкіндігі. Осылайша фермер малдың орналасқан жерін, қозғалысын, ветеринариялық шараларының тарихын және басқа да көрсеткіштерін қашықтан бақылай алады. 🔗 Толығырақ: gov.kz *** 🔵AI-Sana: студенты ЮКУ имени М. Ауэзова разработали интеллектуальную систему управления животноводством В рамках выставки AI-Sana студенты Южно-Казахстанского университета имени М. Ауэзова представили аппаратно-программный комплекс Smart Qora AI для цифрового управления животноводством. Проект объединяет технологии искусственного интеллекта и современные цифровые решения для учета поголовья, мониторинга местоположения и перемещения животных, контроля их ветеринарного состояния и автоматизации ключевых процессов в хозяйстве. Одной из ключевых особенностей Smart Qora AI является возможность присваивать каждому животному уникальный цифровой ID и хранить основную информацию о нем в единой информационной системе. Это позволяет фермеру дистанционно отслеживать местоположение и перемещение животных, историю ветеринарных мероприятий и другие показатели. 🔗 Подробнее: gov.kz

  3. +6

    🏛 Қазақстандық археологтар Шығыс Қазақстанда Түрік қағанатының қалашығын тапты Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің археологиялық экспедициясы Шығыс Қазақстан облысының Зайсан қазаншұңқырында ауқымды далалық зерттеу жұмыстарын жүргізді. Ғылыми экспедиция ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігі Ғылым комитетінің гранттық қаржыландыруы аясындағы «Зайсан қазаншұңқырының археологиялық ландшафттары: хронологиясы, кеңістіктік талдау және шаруашылық жүйелері» жобасын жүзеге асырып жатыр. Далалық жұмыстар барысында ғалымдар Қалжыр мен Боран ауылдарының арасында орналасқан Қалжыр қалашығын жан-жақты зерделеді. Ескерткіштің аумағы 25 гектардан асады. Археологтар қамалдың оңтүстік бөлігіндегі негізгі бекініс құрылыстарының қалдықтарын аршып, олардың едәуір бөлігі өрт салдарынан қирағанын анықтады. Зерттеу кезінде ғимараттардың ішкі құрылым элементтері, саз едендер, өрнек іздері сақталған сылақтар, сондай-ақ қамыс пен балшықтан жасалған құрылыс бөліктері табылды. Археологиялық олжалар мен радиокөміртектік талдау нәтижелеріне сәйкес бұл нысан б.з. VI-VII ғасырларына жатады. Алдын ала болжам бойынша қалашықтың салынуы Бірінші Түрік қағанатының өмір сүрген кезеңімен байланысты. Табылған жәдігерлердің қатарында күйген бидай мен бұршақ дәндері, қыш ыдыстар, сондай-ақ ішінде сылдырмақ шаршығы бар құстың сирек кездесетін қыш мүсіншесі бар. 🔗 Толығырақ: gov.kz *** 🏛 Казахстанские археологи обнаружили в Восточном Казахстане городище эпохи Тюркского каганата Археологическая экспедиция Казахского национального университета имени аль-Фараби провела масштабные полевые исследования в Зайсанской котловине Восточно-Казахстанской области. Научная экспедиция реализует проект «Археологические ландшафты Зайсанской котловины: хронология, пространственный анализ и хозяйственные системы» в рамках грантового финансирования Комитета науки Министерства науки и высшего образования РК. В ходе полевых работ ученые всесторонне исследовали городище Калжыр, расположенное между селами Калжыр и Боран. Площадь памятника составляет более 25 гектаров. Археологи раскрыли остатки основных фортификационных сооружений в южной части крепости и установили, что значительная их часть была разрушена в результате пожара. В ходе исследований были обнаружены элементы внутренней конструкции зданий, глинобитные полы, сохранившая следы орнамента штукатурка, а также фрагменты конструкций из камыша и глины. Согласно археологическим находкам и результатам радиоуглеродного анализа, объект датируется VI-VII веками нашей эры. По предварительным данным, строительство городища связано с периодом существования Первого Тюркского каганата. Среди обнаруженных артефактов – обугленные зерна пшеницы и бобовых, керамические посуды, а также редкая керамическая фигурка птицы с погремушкой внутри. 🔗 Подробнее: gov.kz

  4. +2

    💬 Саясат Нұрбек Халықаралық қазақ-түрік университетінің Өкілетті кеңесінің төрағасымен кездесті ҚР Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінің Өкілетті кеңесінің төрағасы Хүсейін Караманмен кездесті. Кездесу барысында Саясат Нұрбек Қазақстанның жоғары білім мен ғылым саласындағы негізгі жетістіктерін таныстырып, отандық жоғары білім беру жүйесінің халықаралық тартымдылығын арттыру бағытында жүзеге асырылып жатқан жүйелі шараларға тоқталды. Қазақстанды Орталық Азиядағы академиялық орталық ретінде дамытуға және халықаралық білім беру ынтымақтастығын кеңейтуге ерекше назар аударылды. Министр халықаралық серіктестіктің қарқынды дамып келе жатқанын атап өтіп, Қазақстанда жетекші шетелдік жоғары оқу орындары филиалдарының ашылуы, академиялық ұтқырлықтың кеңеюі, сондай-ақ бірлескен білім беру және ғылыми бағдарламалардың іске асырылуы туралы айтты. Тараптар Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетін одан әрі дамыту мәселелерін, сондай-ақ студенттерді университетте білім алуға дайындау мақсатында тілдік Foundation бағдарламасын құру мүмкіндігін жеке талқылады. 🔗 Толығырақ: gov.kz *** 💬 Саясат Нурбек встретился с председателем Полномочного совета Международного казахско-турецкого университета Министр науки и высшего образования РК Саясат Нурбек встретился с председателем Полномочного совета Международного казахско-турецкого университета имени Ходжи Ахмеда Ясави Хусейном Караманом. В ходе встречи Саясат Нурбек представил ключевые результаты Казахстана в сфере высшего образования и науки, а также рассказал о системных мерах по укреплению международной привлекательности отечественной системы высшего образования. Особое внимание было уделено развитию Казахстана как академического центра Центральной Азии и расширению международного образовательного сотрудничества. Министр отметил динамику развития международного партнерства, включая открытие в Казахстане филиалов ведущих зарубежных университетов, расширение академической мобильности и развитие совместных образовательных и научных программ. Отдельно стороны обсудили дальнейшее развитие Международного казахско-турецкого университета имени Ходжи Ахмеда Ясави, а также возможность создания языкового foundation для подготовки студентов к обучению в университете. 🔗 Подробнее: gov.kz

  5. 🇺🇳 Қазақстан Біріккен Ұлттар Ұйымына әйелдердің білім мен ғылымға қатысуын кеңейту бойынша нәтижелерін таныстырды Женевада Қазақстан делегациясы мен БҰҰ-ның Әйелдерге қатысты кемсітушілікті жою жөніндегі комитеті арасында Қазақстан Республикасының Әйелдерге қатысты кемсітушіліктің барлық нысандарын жою туралы конвенцияны орындау жөніндегі алтыншы мерзімді баяндамасын қарау аясында сындарлы диалог өтті. Қазақстан Комитетке әйелдердің құқығын қорғауға, олардың шешім қабылдау үдерістеріне қатысуын кеңейтуге, экономикалық мүмкіндіктерін арттыруға, сондай-ақ зорлық-зомбылықтың алдын алу және оған қарсы іс-қимыл шараларын күшейтуге бағытталған жүйелі реформалардың нақты нәтижелерін таныстырды. Қазақстан делегациясының құрамында ҚР Ғылым және жоғары білім вице-министрі Гүлзат Көбенова болды. Отырыста ол Комитет мүшелерінің білім беру саласына қатысты, оның ішінде ҚР Оқу-ағарту министрлігінің құзыретіне кіретін мәселелер бойынша сұрақтарына жауап берді. Білім беру саласында вице-министр Қазақстанда әйелдер мен ерлердің білім алуға, ғылыми және қоғамдық қызметке тең қолжетімділігі қамтамасыз етілетінін атап өтті. Бүгінде жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім берудің барлық деңгейлерінде білім алушылардың жартысынан астамын әйелдер құрайды. Атап айтқанда, бакалавриатта – 52,5%, магистратурада – 54,7%, докторантурада – 61%. 🔗 Толығырақ: gov.kz *** 🇺🇳 Казахстан представил ООН результаты по расширению участия женщин в образовании и науке В Женеве состоялся конструктивный диалог между казахстанской делегацией и Комитетом ООН по ликвидации дискриминации в отношении женщин в рамках рассмотрения Шестого периодического доклада Республики Казахстан о выполнении Конвенции о ликвидации всех форм дискриминации в отношении женщин. Казахстан представил Комитету практические результаты системных реформ, направленных на защиту прав женщин, расширение их участия в принятии решений, обеспечение экономических возможностей и усиление мер по предупреждению и противодействию насилию. В состав казахстанской делегации вошла вице-министр науки и высшего образования РК Гульзат Кобенова. В ходе заседания она ответила на вопросы Комитета по направлениям, связанным с образованием, в том числе по вопросам, относящимся к компетенции Министерства просвещения РК. В части образования вице-министр отметила, что в Казахстане обеспечивается равный доступ женщин и мужчин к образованию, научной и общественной деятельности. Сегодня женщины составляют более половины обучающихся на всех уровнях высшего и послевузовского образования: 52,5% – в бакалавриате, 54,7% – в магистратуре и 61% – в докторантуре. 🔗 Подробнее: gov.kz

  6. 🏗 Сәтбаев университеті мен Changan автомобиль саласына қажетті инженерлер даярлау шеберханасын ашты Сәтбаев университетінің студенттері автомобиль өнеркәсібінің заманауи технологияларын жаңа зертханада – «Changan шеберханасында» меңгеріп шығатын болады. М. Тынышбаев атындағы Көлік инженериясы және логистика мектебінде Changan Automobile Group және Шыңжаң политехникалық коммуникациялар университетімен бірлесіп, арнайы оқу-тәжірибелік зертхана ашылды. Зертхана заманауи оқу-өндірістік және диагностикалық жабдықтармен, сондай-ақ қажетті бағдарламалық қамтамасыз етумен жабдықталған. 🔗 Толығырақ: gov.kz *** ⚙️ Satbayev University и Changan открыли мастерскую для подготовки инженеров автомобильной отрасли Студенты Satbayev University будут осваивать современные технологии автомобильной промышленности в новой лаборатории – «Мастерская Changan». В Школе транспортной инженерии и логистики имени М.Тынышпаева совместно с Changan Automobile Group и Синьцзянским политехническим университетом коммуникаций открыта специализированная учебно-практическая лаборатория, оснащенная специализированным учебно-производственным, диагностическим оборудованием и программным обеспечением. 🔗 Подробнее: gov.kz

  7. 🧠-Sana: SDU University студенттері университеттік курстар әзірлеуге арналған AI-платформа жасады AI-Sana көрмесі аясында SDU University студенттері әзірлеген университеттік курстарды әзірлеу және басқаруға арналған Intelib AI-платформасы таныстырылды. Intelib электронды кітапхана мен оқу материалдарын дайындауға арналған жасанды интеллект құралдарын бір платформаға біріктіреді. Кітапханадағы оқу әдебиеттері негізінде платформа силлабус, дәріс конспектілері мен тест тапсырмаларын әзірлеуге мүмкіндік береді. Бұл ретте оқытушы оқу мазмұнын толық бақылауда ұстайды: дайын материалдарды тексеріп, өңдей алады немесе қажет болған жағдайда қайта әзірлей алады. Платформаның негізгі мүмкіндіктерінің бірі – электронды кітапхана бойынша интеллектуалды іздеу жүйесі. Ол қазақ, орыс және ағылшын тілдеріндегі кітаптарды, ғылыми мақалаларды, журналдарды, сөздіктер мен энциклопедияларды іздеуге мүмкіндік береді. 🔗 Толығырақ: gov.kz *** 🧠-Sana: студенты SDU University разработали ИИ-платформу для создания университетских курсов В рамках выставки AI-Sana был представлен проект Intelib – ИИ-платформа для создания и управления университетскими курсами, разработанная студентами SDU University. Intelib объединяет электронную библиотеку и инструменты искусственного интеллекта для подготовки учебных материалов. На основе литературы из библиотеки платформа позволяет формировать силлабусы, конспекты лекций и тестовые задания. При этом преподаватель сохраняет полный контроль над содержанием: он может проверить, отредактировать или при необходимости перегенерировать созданные материалы. Одной из ключевых функций платформы является интеллектуальный поиск по электронной библиотеке. Он позволяет работать с книгами, научными статьями, журналами, словарями и энциклопедиями на казахском, русском и английском языках. 🔗 Подробнее: gov.kz

  8. 🇰🇿Казахстан укрепляет позиции в глобальном образовательном пространстве 📈 Казахстан расширяет международную интеграцию системы высшего образования и укрепляет свои позиции в глобальном образовательном пространстве. Сегодня в стране работают филиалы 33 зарубежных университетов, а казахстанские вузы реализуют программы двойных дипломов совместно со 131 университетом из 24 стран. ▪️ Развитие науки и высшего образования является одним из стратегических приоритетов государственной политики, определенных Главой государства Касым-Жомартом Токаевым. В условиях глобальных технологических изменений развитие человеческого капитала, повышение качества образования и укрепление научного потенциала приобретают особое значение для обеспечения долгосрочной конкурентоспособности страны. 🔸 Расширение международного сотрудничества стало одним из ключевых направлений этой работы. Открытие филиалов ведущих зарубежных вузов способствует внедрению передовых академических практик и современных образовательных стандартов. Это также создает для казахстанской молодежи возможности получать образование международного уровня, не выезжая за пределы страны. 🔗 Подробнее: gov.kz

  9. 🇰🇿Қазақстан жаһандық білім беру кеңістігіндегі позициясын нығайтып келеді 🌐 Қазақстан жоғары білім беру жүйесінің халықаралық ықпалдастығын кеңейтіп, жаһандық білім беру кеңістігіндегі позициясын нығайтып келеді. Бүгінде елімізде 33 шетелдік университеттің филиалы жұмыс істейді. Сонымен қатар қазақстандық жоғары оқу орындары 24 елдің 131 университетімен бірлесіп қос диплом бағдарламаларын жүзеге асырып жатыр. ▪️ Ғылым мен жоғары білімді дамыту – Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев айқындаған мемлекеттік саясаттың стратегиялық басымдықтарының бірі. Жаһандық технологиялық өзгерістер жағдайында адам капиталын дамыту, білім сапасын арттыру және ғылыми әлеуетті күшейту елдің ұзақ мерзімді бәсекеге қабілеттілігін қамтамасыз етуде маңызды рөл атқарады. ✔️ Халықаралық ынтымақтастықты кеңейту осы міндеттерді іске асырудың негізгі бағыттарының біріне айналды. Қазақстанда жетекші шетелдік жоғары оқу орындарының филиалдарын ашу арқылы озық академиялық тәжірибелер мен заманауи білім беру стандарттарын енгізуге жағдай жасалуда. Бұл қазақстандық жастарға халықаралық деңгейдегі білімді елден шықпай-ақ алуға мүмкіндік береді. 🔗 Толығырақ: gov.kz

  10. 💕 Соңғы жеті жылда елімізде жоғары білім беру саласына баса мән беріліп, мемлекеттік қолдау тетігі айтарлықтай кеңейді. ✔️Осы аралықта 655 мыңнан астам білім гранты бөлініп, оған ел қазынасынан бір жарым триллион теңгеге жуық қаражат құйылды. ✔️Оның 535 мыңы бакалавриатқа, 102 мыңы магистратураға және 18 мыңы докторантураға бағытталған. Осылайша жүздеген мың жас жоғары білім алу мүмкіндігіне ие болып, еңбек нарығы сапалы мамандармен толыға түсті. ✔️Бұған қоса студенттердің әлеуметтік жағдайын жақсартуға да ден қойылып, шәкіртақы көлемі 2 жарым пайызға ұлғайды. Мәселен, базалық шәкіртақы 52 мың теңгеге жетсе, педагогикалық мамандықта білім алушылардың шәкіртақысы 84 мың теңгеге артып, магистранттарға 117 мың теңге, ал докторанттарға 262 мың теңгеге теңесті. ✔️Бұл ретте баспана мәселесі де назардан тыс қалмады. Соңғы 7 жыл ішінде 66 мыңнан астам орынға шақталған 270-ке жуық студенттік жатақхана қолданысқа беріліп, нәтижесінде орын тапшылығы 82 мыңнан 5 мың 200-ге дейін қысқарған. ➡️Толығырақ «24 KZ» телеарнасының сюжетінде https://youtu.be/m9p_NdgiZB8?si=vQwtHXWH9o_ylL_t

  11. 🎙 Сапалы білім – адам капиталын қалыптастыратын және қоғамның тұрақты дамуына жол ашатын негізгі факторлардың бірі. Білім беру жүйесіндегі қазіргі өзгерістер, жаңа Конституцияда адам капиталын дамытуға берілген басымдықтар және жоғары білім сапасын арттыру бағытындағы жұмыстар туралы «24 KZ» телеарнасына «Сапалы білім – адам капиталының негізі» тақырыбында ҚР Ғылым және жоғары білім министрінің кеңесшісі Руслан Емелбаев пен Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің Конституциялық және азаматтық құқық кафедрасының профессоры, заң ғылымдарының докторы Жамаладен Ибрагимов пікір білдірді. 📌Толығырақ: https://24.kz/kz/byz-turaly

  12. 💻-Sana: QyzPU студенттері жасанды интеллект саласындағы білімдерін нақты жобаларға айналдырады Жасанды интеллектіні меңгеру – бүгінгі студент үшін тек жаңа технологияны үйрену емес, оны нақты мәселелерді шешуге қолдана білу. Мұны Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университетінің студенттері әзірлеген жобалар да көрсетіп отыр. Астанада өткен AI & Digital Bridge 2026 халықаралық форумы аясында ұйымдастырылған AI-SANA жобалар көрмесінде QyzPU студенттері жасанды интеллектіге негізделген әзірлемелерін таныстырды. Көрмеде еліміздің жетекші жоғары оқу орындарының жастары AI-SANA бағдарламасының үшінші кезеңі аясында әзірлеген жобаларын көпшілік назарына ұсынды. Олардың қатарында QyzPU-дың Физика, математика және цифрлық технологиялар факультетінің студенттері де бар. Университет студенттері жасанды интеллект бағытында барлығы 20 жоба әзірлеген. Соның бесеуі көрме алаңында таныстырылды. Жобалар білім беру мен университеттік сервистерді цифрландырудан бастап, қауіпсіздік, қаржылық сауаттылық және кәсіби бағдарға дейінгі түрлі бағыттарды қамтиды. Солардың бірі – Dorm Helper. Dorm Helper – университеттің dorm.qyzpu.kz жатақханалар жүйесіне тікелей интеграцияланған жасанды интеллект ассистенті. Ол студенттерге жүйенің интерфейсін пайдалануға көмектесіп, жатақханаға қатысты сұрақтарға қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде жауап береді. 🔗 Толығырақ: gov.kz *** 🧠-Sana: студенты QyzPU превращают знания об ИИ в реальные проекты Освоение искусственного интеллекта для современного студента – это не только изучение новых технологий, но и умение применять их для решения реальных задач. Это наглядно демонстрируют проекты студентов Казахского национального женского педагогического университета. На выставке проектов AI-SANA, организованной в рамках международного форума AI & Digital Bridge 2026 в Астане, студенты QyzPU представили свои разработки на основе искусственного интеллекта. На выставочной площадке молодежь ведущих вузов страны презентовала проекты, разработанные в рамках третьего этапа программы AI-SANA. В их числе – студенты факультета физики, математики и цифровых технологий QyzPU. Всего студентами университета разработано 20 проектов в сфере искусственного интеллекта, пять из которых были представлены на выставочной площадке. Проекты охватывают различные направления – от цифровизации образовательных и университетских сервисов до вопросов безопасности, финансовой грамотности и профессиональной ориентации. Один из них – Dorm Helper. Dorm Helper – ассистент на основе искусственного интеллекта, непосредственно интегрированный в систему управления общежитиями университета dorm.qyzpu.kz. Он помогает студентам пользоваться интерфейсом системы и отвечает на вопросы, связанные с проживанием в общежитии, на казахском, русском и английском языках. 🔗 Подробнее: gov.kz

  13. 📌 Саясат Нұрбек NVIDIA компаниясының вице-президентімен Қазақстандағы AI-білім беруді дамыту мәселесін талқылады ҚР Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек NVIDIA компаниясының вице-президенті Рев Лебаредянмен кездесті. Кездесу барысында тараптар Қазақстан мен АҚШ-тың жоғары білім беру саласындағы ынтымақтастығын дамыту, жасанды интеллект саласында мамандар даярлау бағытындағы өзара іс-қимылды кеңейту және NVIDIA компаниясымен ынтымақтастықты одан әрі дамыту перспективаларын талқылады. Саясат Нұрбек Қазақстанда өңірлік академиялық білім беру орталығын құру бағытында жүргізіліп жатқан жұмыстар туралы айтып берді. Сондай-ақ Qazaq AI Research University (QAIRU) базасында Орталық Азия елдеріне арналған NVIDIA Deep Learning Institute (DLI) өңірлік орталығын құру мүмкіндігіне ерекше назар аударылды. Тараптар NVIDIA DLI Ambassadorship бағдарламасы аясындағы ынтымақтастықты кеңейту және компанияның ұлттық AI-Sana бағдарламасын іске асыруға қатысу перспективаларын да қарастырды. 🔗 Толығырақ: gov.kz *** 📌 Саясат Нурбек обсудил с вице-президентом NVIDIA развитие AI-образования в Казахстане Министр науки и высшего образования РК Саясат Нурбек встретился с вице-президентом компании NVIDIA Ревом Лебаредяном. В ходе встречи стороны обсудили развитие сотрудничества Казахстана и США в сфере высшего образования, расширение взаимодействия в области подготовки специалистов по искусственному интеллекту и перспективы дальнейшего сотрудничества с NVIDIA. Саясат Нурбек рассказал о проводимой работе по созданию регионального академического образовательного центра в Казахстане. Отдельное внимание было уделено возможности создания на базе Qazaq AI Research University (QAIRU) регионального центра NVIDIA Deep Learning Institute (DLI) для стран Центральной Азии. Также стороны обсудили расширение сотрудничества в рамках программы NVIDIA DLI Ambassadorship и перспективы участия компании в реализации национальной программы AI-Sana. 🔗 Подробнее: gov.kz

  14. 💬 Ғылыми-технологиялық ынтымақтастық: Ғылым министрі Ақ үйдің OSTP директорымен кездесті Киото қаласында 23-ші жыл сайынғы Science and Technology in Society (STS Forum) форумы аясында ҚР Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбектің Ақ үйдің Ғылыми-техникалық саясат басқармасының (OSTP) директоры Майкл Крациоспен екіжақты кездесуі өтті. Кездесу барысында тараптар Қазақстан мен АҚШ арасындағы ғылыми-технологиялық ынтымақтастықтың перспективалы бағыттарын, оның ішінде жасанды интеллектіні дамыту, зерттеу инфрақұрылымын жетілдіру және академиялық серіктестікті нығайту мәселелерін талқылады. Министр Қазақстанның ғылым және жоғары білім саласындағы реформалардың қазіргі нәтижелерін, сондай-ақ жасанды интеллектіні дамытуға және жаңа буын зерттеушілерін даярлауға бағытталған негізгі бастамаларын таныстырды. Кездесуде жасанды интеллект саласындағы құзыреттерді қалыптастыруға бағытталған ұлттық AI-Sana бағдарламасына, сондай-ақ Орталық Азиядағы AI-Enabled моделін жүзеге асыратын алғашқы университет – Qazaq AI Research University (QAIRU) қызметіне ерекше назар аударылды. Министр Қазақстанның басым бағыттарының бірі – жасанды интеллектіні ғылыми зерттеулерге енгізу және AI for Science бағытын дамытуға қажетті жағдай қалыптастыру екенін атап өтті. 🔗 Толығырақ: gov.kz *** 💬 Научно-технологическое сотрудничество: министр науки встретился с директором OSTP Белого дома В Киото в рамках 23-го ежегодного форума Science and Technology in Society (STS Forum) состоялась двусторонняя встреча министра науки и высшего образования РК Саясат Нурбек с директором Управления по научно-технической политике Белого дома (OSTP) Майклом Крациосом. В ходе встречи стороны обсудили перспективные направления научно-технологического сотрудничества между Казахстаном и США, включая развитие искусственного интеллекта, исследовательской инфраструктуры и академических партнерств. Министр представил текущие результаты реформ в сфере науки и высшего образования Казахстана, а также ключевые инициативы страны по развитию искусственного интеллекта и подготовке нового поколения исследователей. Особое внимание было уделено национальной программе AI-Sana, направленной на формирование компетенций в области искусственного интеллекта, а также деятельности Qazaq AI Research University (QAIRU) – первого в Центральной Азии университета, реализующего модель AI-Enabled. Министр отметил, что одним из приоритетов Казахстана является интеграция искусственного интеллекта в научные исследования и создание условий для развития направления AI for Science. 🔗 Подробнее: gov.kz

  15. 🤩 Сәтбаев университетінің ғалымдары су мен топырақты тазартудың тиімді технологияларын ұсынды Сәтбаев университетінің ғалымдары су мен топырақты ауыр металдардан, радиоактивті элементтерден және органикалық ластағыштардан кешенді тазартуға арналған технологиялар әзірледі. Зертханалық сынақтар барысында жекелеген ластағыштарды жою тиімділігі 99%-ға дейін жетті. Әзірлемелер Қазақстан кәсіпорындарының өндірістік ағын суларында да сынақтан өткізілді. Технологиялардың негізін ластағыш заттарды сіңіріп, ұстап қалатын сорбциялық материалдар құрайды. Олар табиғи шикізат пен өсімдік қалдықтары негізінде алынады. Бұл ауыл шаруашылығы қалдықтарын қайта өңдеп, олардан су мен топырақты тазартуға арналған тиімді материалдар өндіруге мүмкіндік береді. Зерттеудің негізгі бағыттарының бірі – суды радиоактивті элементтерден тазарту. Ғалымдар әзірлеген сүзгі материалы су құрамындағы стронций-90 мөлшерін 99%-ға дейін төмендетуге мүмкіндік берді. Цезий-137-ні жоюға арналған тазарту жүйелері де жоғары тиімділік көрсетті. 🔗 Толығырақ: gov.kz *** 🔬 Ученые Satbayev University представили эффективные технологии очистки воды и почвы Ученые Satbayev University разработали комплексную технологию очистки воды и почвы от тяжелых металлов, радиоактивных элементов и органических загрязнений. Для отдельных видов загрязнений эффективность очистки в лабораторных испытаниях достигла 99%. Разработки уже прошли апробацию на предприятиях Казахстана. В основе технологии – материалы, способные поглощать и удерживать загрязняющие вещества. Их получают из природного сырья и растительных отходов. Таким образом, отходы сельского хозяйства можно перерабатывать в материалы для очистки воды и почвы. Одним из направлений стала очистка воды от радиоактивных элементов. Разработанный учеными фильтрующий материал удалял из воды до 99% стронция-90. Высокую эффективность показали и системы очистки от цезия-137. 🔗 Подробнее: gov.kz

  16. +3

    ▪️ В День учителя представители сферы высшего образования удостоены государственных наград В Акорде состоялось торжественное мероприятие, посвященное профессиональному празднику педагогов. В ходе мероприятия Глава государства Касым-Жомарт Токаев поздравил учителей с профессиональным праздником и отметил особую роль педагогического труда в развитии общества. По словам Президента, День учителя стал значимым праздником, который объединяет все общество и приобрел общенациональный характер. «Учитель – это ключевая фигура в жизни каждого человека. Полагаю, что с этим согласится каждый. Глубокое уважение к педагогу – важнейший признак, определяющий зрелость цивилизованного общества. Великий мыслитель Абай говорил, что человечность формируется в личности благодаря хорошему наставнику. Выдающийся писатель Мухтар Ауэзов, с особым трепетом относившийся к этой профессии, говорил: «Учитель – великое звание». Относиться к учительскому сообществу с глубоким уважением, благодарить педагогов за их неустанный труд во благо будущего нации – наш общий долг. Сегодня, в эпоху стремительного развития передовых технологий и колоссальных информационных потоков, роль учителя стала значимой как никогда. Это неоспоримый факт», - сказал Глава государства. В этом году закрепление в Конституции страны на высоком конституционном уровне приоритетов развития человеческого капитала, образования и науки, а также поддержки передовых инноваций стало исторически важным шагом. Это наглядное свидетельство того, что в основу развития государства поставлен человек, его образование, профессиональные компетенции и возможность в полной мере реализовать интеллектуальный потенциал. Глава государства отметил как важную и позитивную тенденцию рост числа молодых людей, выбирающих профессию учителя. В этом году более 12 тысяч выпускников, в том числе свыше 2 тысяч обладателей знака «Алтын белгі», получили государственные гранты по педагогическим специальностям. Размер стипендий студентов, выбравших педагогическую профессию, увеличен в 2,5 раза. Накануне нового учебного года в регионах было принято на работу более 15 тысяч учителей, почти половину из них составили молодые специалисты. В ходе торжественного мероприятия группе педагогов и работников сферы образования за выдающиеся достижения в сфере образования и особые заслуги перед Республикой Казахстан были вручены высокие государственные награды. В числе награжденных – представители сферы высшего образования. Орденом «Құрмет» награждена профессор Казахского национального женского педагогического университета, доктор филологических наук Руда Зайкенова. Медалью «Ерен еңбегі үшін» награждены профессор Esil University, доктор экономических наук Мурат Алиев, доцент Международного казахско-турецкого университета имени Ходжи Ахмеда Ясави, кандидат педагогических наук Алма Кожахметова и старший преподаватель Костанайского регионального университета имени Ахмета Байтұрсынұлы Игорь Шилов. 🔗 Подробнее: gov.kz

  17. +6

    ▪️ Ұстаздар мерекесінде жоғары білім беру саласының бірқатар өкілі мемлекеттік наградаға ие болды Ақордада ұстаздардың кәсіби мерекесіне орай салтанатты іс-шара өтті. Жиында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев мұғалімдерді кәсіби мерекесімен құттықтап, ұстаз еңбегінің қоғам дамуындағы айрықша маңызын атап өтті. Президенттің айтуынша, Ұстаздар күні бүкіл қоғамды біріктіретін, халықтық сипатқа ие қастерлі мерекеге айналды. «Ұстаз – әр адамның өмірінен ерекше орын алатын тұлға. Бұған ешкімнің де таласы жоқ деп ойлаймын, бұл – бәрімізге ортақ пікір. Ұстазды ұлықтау өркениетті қоғамның болмысын айқындайтын аса маңызды қасиет саналады. Ұлт ойшылы Абай адамның адамдығы жақсы ұстаздан болатынын айтқан. Халқымыздың заңғар жазушысы Мұхтар Әуезов те «Ұстаз – ұлы есім» деп қадір тұтқан. Мұғалімдер қауымына зор құрметпен қарау, олардың ұлт болашағы үшін атқарып жатқан табанды еңбегіне алғыс айту – баршамызға ортақ парыз. Әсіресе, қазіргідей ақпараттар ағыны күшейіп, озық технология қарқынды дамыған заманда мұғалімнің рөлі әлдеқайда арта түскені ақиқат», - деді Мемлекет басшысы. Биыл еліміздің Ата Заңында адам капиталын дамыту, білім мен ғылымды өркендету, серпінді инновацияларды қолдау басымдықтарының жоғары конституциялық деңгейде бекітілуі осы бағыттағы тарихи маңызы зор қадам болды. Бұл мемлекет дамуының өзегіне адамды, оның білімін, кәсіби құзыреті мен зияткерлік әлеуетін толық іске асыру мүмкіндігін қойғанымыздың айқын көрінісі. Мемлекет басшысы мұғалімдік мамандықты таңдаған жастар санының артып келе жатқанын маңызды әрі оң үрдіс ретінде атап өтті. Биыл 12 мыңнан астам түлек, оның ішінде 2 мыңнан аса «Алтын белгі» иегері педагогикалық мамандықтар бойынша мемлекеттік грант иеленді. Мұғалімдік жолды таңдаған студенттердің шәкіртақысы 2,5 есеге артты. Жаңа оқу жылы қарсаңында өңірлерде 15 мыңнан астам мұғалім жұмысқа қабылданды. Олардың жартысына жуығын жас мамандар құрады. Салтанатты іс-шара барысында білім беру саласындағы аса үздік жетістіктері және Қазақстан Республикасына сіңірген айрықша еңбегі үшін бір топ ұстаз бен білім саласының қызметкеріне жоғары мемлекеттік наградалар табысталды. Мемлекеттік наградалармен марапатталғандардың қатарында жоғары білім беру саласының көрнекті өкілдері де бар. «Құрмет» орденімен Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университетінің профессоры, филология ғылымдарының докторы Руда Зәйкенқызы Зәйкенова, «Ерен еңбегі үшін» медалімен Esil University профессоры, экономика ғылымдарының докторы Мұрат Қапбарұлы Әлиев, Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінің доценті, педагогика ғылымдарының кандидаты Алма Шәймерденқызы Қожахметова және Ахмет Байтұрсынұлы атындағы Қостанай өңірлік университетінің аға оқытушысы Игорь Алексеевич Шилов марапатталды. 🔗 Толығырақ: gov.kz

  18. repost

    💐Ұстаздарды марапаттау рәсімі 📍Ақорда **** 💐Церемония награждения учителей 📍Акорда 🎦 t.me/aqorda_resmi

  19. Older posts