ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігі

@gylym_jogary_bilim · education · Kazakh · active

Subscribers 59.9K Subscribers, last 30 days: 60.8K → 60K −200 24h · −700 7d
Reach per post (ERR) 1.5%908 avg views
Posting 8.3/day last 56 minutes ago
Reactions per 1K views 6.8 👍 ❤ 🔥

💬 Ғылыми-технологиялық ынтымақтастық: Ғылым министрі Ақ үйдің OSTP директорымен кездесті Киото қаласында 23-ші жыл сайынғы Science and Technology in Society (STS Forum) форумы аясында ҚР Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбектің Ақ үйдің Ғылыми-техникалық саясат басқармасының (OSTP) директоры Майкл Крациоспен екіжақты кездесуі өтті. Кездесу барысында тараптар Қазақстан мен АҚШ арасындағы ғылыми-технологиялық ынтымақтастықтың перспективалы бағыттарын, оның ішінде жасанды интеллектіні дамыту, зерттеу инфрақұрылымын жетілдіру және академиялық серіктестікті нығайту мәселелерін талқылады. Министр Қазақстанның ғылым және жоғары білім саласындағы реформалардың қазіргі нәтижелерін, сондай-ақ жасанды интеллектіні дамытуға және жаңа буын зерттеушілерін даярлауға бағытталған негізгі бастамаларын таныстырды. Кездесуде жасанды интеллект саласындағы құзыреттерді қалыптастыруға бағытталған ұлттық AI-Sana бағдарламасына, сондай-ақ Орталық Азиядағы AI-Enabled моделін жүзеге асыратын алғашқы университет – Qazaq AI Research University (QAIRU) қызметіне ерекше назар аударылды. Министр Қазақстанның басым бағыттарының бірі – жасанды интеллектіні ғылыми зерттеулерге енгізу және AI for Science бағытын дамытуға қажетті жағдай қалыптастыру екенін атап өтті. 🔗 Толығырақ: gov.kz *** 💬 Научно-технологическое сотрудничество: министр науки встретился с директором OSTP Белого дома В Киото в рамках 23-го ежегодного форума Science and Technology in Society (STS Forum) состоялась двусторонняя встреча министра науки и высшего образования РК Саясат Нурбек с директором Управления по научно-технической политике Белого дома (OSTP) Майклом Крациосом. В ходе встречи стороны обсудили перспективные направления научно-технологического сотрудничества между Казахстаном и США, включая развитие искусственного интеллекта, исследовательской инфраструктуры и академических партнерств. Министр представил текущие результаты реформ в сфере науки и высшего образования Казахстана, а также ключевые инициативы страны по развитию искусственного интеллекта и подготовке нового поколения исследователей. Особое внимание было уделено национальной программе AI-Sana, направленной на формирование компетенций в области искусственного интеллекта, а также деятельности Qazaq AI Research University (QAIRU) – первого в Центральной Азии университета, реализующего модель AI-Enabled. Министр отметил, что одним из приоритетов Казахстана является интеграция искусственного интеллекта в научные исследования и создание условий для развития направления AI for Science. 🔗 Подробнее: gov.kz

Views over time

01K2K6 Oct 05:5012 Nov 09:172K6 Oct 05:50: 0 views12 Nov 09:17: 1,990 views
Snapshots we took after posting.
WhenViews
6 Oct 2026, 05:500
12 Nov 2026, 09:172K

Who shared this post

Posts in other channels we index that link to this one. (Forwards with a hidden source can't be traced.)

Nobody yet.