ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігі

@gylym_jogary_bilim · education · Kazakh · active

Subscribers 59.9K Subscribers, last 30 days: 60.8K → 60K −200 24h · −700 7d
Reach per post (ERR) 1.5%908 avg views
Posting 8.3/day last 56 minutes ago
Reactions per 1K views 6.8 👍 ❤ 🔥

🇰🇿Қазақстан жаһандық білім беру кеңістігіндегі позициясын нығайтып келеді 🌐 Қазақстан жоғары білім беру жүйесінің халықаралық ықпалдастығын кеңейтіп, жаһандық білім беру кеңістігіндегі позициясын нығайтып келеді. Бүгінде елімізде 33 шетелдік университеттің филиалы жұмыс істейді. Сонымен қатар қазақстандық жоғары оқу орындары 24 елдің 131 университетімен бірлесіп қос диплом бағдарламаларын жүзеге асырып жатыр. ▪️ Ғылым мен жоғары білімді дамыту – Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев айқындаған мемлекеттік саясаттың стратегиялық басымдықтарының бірі. Жаһандық технологиялық өзгерістер жағдайында адам капиталын дамыту, білім сапасын арттыру және ғылыми әлеуетті күшейту елдің ұзақ мерзімді бәсекеге қабілеттілігін қамтамасыз етуде маңызды рөл атқарады. ✔️ Халықаралық ынтымақтастықты кеңейту осы міндеттерді іске асырудың негізгі бағыттарының біріне айналды. Қазақстанда жетекші шетелдік жоғары оқу орындарының филиалдарын ашу арқылы озық академиялық тәжірибелер мен заманауи білім беру стандарттарын енгізуге жағдай жасалуда. Бұл қазақстандық жастарға халықаралық деңгейдегі білімді елден шықпай-ақ алуға мүмкіндік береді. 🔗 Толығырақ: gov.kz

Views over time

02K4K7 Oct 06:0312 Nov 09:174.4K7 Oct 06:03: 0 views12 Nov 09:17: 4,440 views
Snapshots we took after posting.
WhenViews
7 Oct 2026, 06:030
12 Nov 2026, 09:174.4K

Who shared this post

Posts in other channels we index that link to this one. (Forwards with a hidden source can't be traced.)

Nobody yet.