ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігі

@gylym_jogary_bilim · education · Kazakh · active

Subscribers 59.9K Subscribers, last 30 days: 60.8K → 60K −200 24h · −700 7d
Reach per post (ERR) 1.5%908 avg views
Posting 8.3/day last 56 minutes ago
Reactions per 1K views 6.8 👍 ❤ 🔥

▪️ Ұстаздар мерекесінде жоғары білім беру саласының бірқатар өкілі мемлекеттік наградаға ие болды Ақордада ұстаздардың кәсіби мерекесіне орай салтанатты іс-шара өтті. Жиында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев мұғалімдерді кәсіби мерекесімен құттықтап, ұстаз еңбегінің қоғам дамуындағы айрықша маңызын атап өтті. Президенттің айтуынша, Ұстаздар күні бүкіл қоғамды біріктіретін, халықтық сипатқа ие қастерлі мерекеге айналды. «Ұстаз – әр адамның өмірінен ерекше орын алатын тұлға. Бұған ешкімнің де таласы жоқ деп ойлаймын, бұл – бәрімізге ортақ пікір. Ұстазды ұлықтау өркениетті қоғамның болмысын айқындайтын аса маңызды қасиет саналады. Ұлт ойшылы Абай адамның адамдығы жақсы ұстаздан болатынын айтқан. Халқымыздың заңғар жазушысы Мұхтар Әуезов те «Ұстаз – ұлы есім» деп қадір тұтқан. Мұғалімдер қауымына зор құрметпен қарау, олардың ұлт болашағы үшін атқарып жатқан табанды еңбегіне алғыс айту – баршамызға ортақ парыз. Әсіресе, қазіргідей ақпараттар ағыны күшейіп, озық технология қарқынды дамыған заманда мұғалімнің рөлі әлдеқайда арта түскені ақиқат», - деді Мемлекет басшысы. Биыл еліміздің Ата Заңында адам капиталын дамыту, білім мен ғылымды өркендету, серпінді инновацияларды қолдау басымдықтарының жоғары конституциялық деңгейде бекітілуі осы бағыттағы тарихи маңызы зор қадам болды. Бұл мемлекет дамуының өзегіне адамды, оның білімін, кәсіби құзыреті мен зияткерлік әлеуетін толық іске асыру мүмкіндігін қойғанымыздың айқын көрінісі. Мемлекет басшысы мұғалімдік мамандықты таңдаған жастар санының артып келе жатқанын маңызды әрі оң үрдіс ретінде атап өтті. Биыл 12 мыңнан астам түлек, оның ішінде 2 мыңнан аса «Алтын белгі» иегері педагогикалық мамандықтар бойынша мемлекеттік грант иеленді. Мұғалімдік жолды таңдаған студенттердің шәкіртақысы 2,5 есеге артты. Жаңа оқу жылы қарсаңында өңірлерде 15 мыңнан астам мұғалім жұмысқа қабылданды. Олардың жартысына жуығын жас мамандар құрады. Салтанатты іс-шара барысында білім беру саласындағы аса үздік жетістіктері және Қазақстан Республикасына сіңірген айрықша еңбегі үшін бір топ ұстаз бен білім саласының қызметкеріне жоғары мемлекеттік наградалар табысталды. Мемлекеттік наградалармен марапатталғандардың қатарында жоғары білім беру саласының көрнекті өкілдері де бар. «Құрмет» орденімен Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университетінің профессоры, филология ғылымдарының докторы Руда Зәйкенқызы Зәйкенова, «Ерен еңбегі үшін» медалімен Esil University профессоры, экономика ғылымдарының докторы Мұрат Қапбарұлы Әлиев, Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінің доценті, педагогика ғылымдарының кандидаты Алма Шәймерденқызы Қожахметова және Ахмет Байтұрсынұлы атындағы Қостанай өңірлік университетінің аға оқытушысы Игорь Алексеевич Шилов марапатталды. 🔗 Толығырақ: gov.kz

Views over time

01K2K3K5 Oct 12:3712 Nov 09:172.4K5 Oct 12:37: 0 views12 Nov 09:17: 2,420 views
Snapshots we took after posting.
WhenViews
5 Oct 2026, 12:370
12 Nov 2026, 09:172.4K

Who shared this post

Posts in other channels we index that link to this one. (Forwards with a hidden source can't be traced.)

Nobody yet.