💕 Соңғы жеті жылда елімізде жоғары білім беру саласына баса мән беріліп, мемлекеттік қолдау тетігі айтарлықтай кеңейді. ✔️Осы аралықта 655 мыңнан астам білім гранты бөлініп, оған ел қазынасынан бір жарым триллион теңгеге жуық қаражат құйылды. ✔️Оның 535 мыңы бакалавриатқа, 102 мыңы магистратураға және 18 мыңы докторантураға бағытталған. Осылайша жүздеген мың жас жоғары білім алу мүмкіндігіне ие болып, еңбек нарығы сапалы мамандармен толыға түсті. ✔️Бұған қоса студенттердің әлеуметтік жағдайын жақсартуға да ден қойылып, шәкіртақы көлемі 2 жарым пайызға ұлғайды. Мәселен, базалық шәкіртақы 52 мың теңгеге жетсе, педагогикалық мамандықта білім алушылардың шәкіртақысы 84 мың теңгеге артып, магистранттарға 117 мың теңге, ал докторанттарға 262 мың теңгеге теңесті. ✔️Бұл ретте баспана мәселесі де назардан тыс қалмады. Соңғы 7 жыл ішінде 66 мыңнан астам орынға шақталған 270-ке жуық студенттік жатақхана қолданысқа беріліп, нәтижесінде орын тапшылығы 82 мыңнан 5 мың 200-ге дейін қысқарған. ➡️Толығырақ «24 KZ» телеарнасының сюжетінде https://youtu.be/m9p_NdgiZB8?si=vQwtHXWH9o_ylL_t