ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігі

@gylym_jogary_bilim · education · Kazakh · active

Subscribers 59.9K Subscribers, last 30 days: 60.8K → 60K −200 24h · −700 7d
Reach per post (ERR) 1.5%908 avg views
Posting 8.3/day last 56 minutes ago
Reactions per 1K views 6.8 👍 ❤ 🔥

💬 Саясат Нұрбек Халықаралық қазақ-түрік университетінің Өкілетті кеңесінің төрағасымен кездесті ҚР Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінің Өкілетті кеңесінің төрағасы Хүсейін Караманмен кездесті. Кездесу барысында Саясат Нұрбек Қазақстанның жоғары білім мен ғылым саласындағы негізгі жетістіктерін таныстырып, отандық жоғары білім беру жүйесінің халықаралық тартымдылығын арттыру бағытында жүзеге асырылып жатқан жүйелі шараларға тоқталды. Қазақстанды Орталық Азиядағы академиялық орталық ретінде дамытуға және халықаралық білім беру ынтымақтастығын кеңейтуге ерекше назар аударылды. Министр халықаралық серіктестіктің қарқынды дамып келе жатқанын атап өтіп, Қазақстанда жетекші шетелдік жоғары оқу орындары филиалдарының ашылуы, академиялық ұтқырлықтың кеңеюі, сондай-ақ бірлескен білім беру және ғылыми бағдарламалардың іске асырылуы туралы айтты. Тараптар Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетін одан әрі дамыту мәселелерін, сондай-ақ студенттерді университетте білім алуға дайындау мақсатында тілдік Foundation бағдарламасын құру мүмкіндігін жеке талқылады. 🔗 Толығырақ: gov.kz *** 💬 Саясат Нурбек встретился с председателем Полномочного совета Международного казахско-турецкого университета Министр науки и высшего образования РК Саясат Нурбек встретился с председателем Полномочного совета Международного казахско-турецкого университета имени Ходжи Ахмеда Ясави Хусейном Караманом. В ходе встречи Саясат Нурбек представил ключевые результаты Казахстана в сфере высшего образования и науки, а также рассказал о системных мерах по укреплению международной привлекательности отечественной системы высшего образования. Особое внимание было уделено развитию Казахстана как академического центра Центральной Азии и расширению международного образовательного сотрудничества. Министр отметил динамику развития международного партнерства, включая открытие в Казахстане филиалов ведущих зарубежных университетов, расширение академической мобильности и развитие совместных образовательных и научных программ. Отдельно стороны обсудили дальнейшее развитие Международного казахско-турецкого университета имени Ходжи Ахмеда Ясави, а также возможность создания языкового foundation для подготовки студентов к обучению в университете. 🔗 Подробнее: gov.kz

Views over time

01K2K7 Oct 13:0312 Nov 09:172.1K7 Oct 13:03: 0 views12 Nov 09:17: 2,080 views
Snapshots we took after posting.
WhenViews
7 Oct 2026, 13:030
12 Nov 2026, 09:172.1K

Who shared this post

Posts in other channels we index that link to this one. (Forwards with a hidden source can't be traced.)

Nobody yet.