ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігі

@gylym_jogary_bilim · education · Kazakh · active

Subscribers 59.9K Subscribers, last 30 days: 60.8K → 60K −200 24h · −700 7d
Reach per post (ERR) 1.5%908 avg views
Posting 8.3/day last 56 minutes ago
Reactions per 1K views 6.8 👍 ❤ 🔥

🤩 Сәтбаев университетінің ғалымдары су мен топырақты тазартудың тиімді технологияларын ұсынды Сәтбаев университетінің ғалымдары су мен топырақты ауыр металдардан, радиоактивті элементтерден және органикалық ластағыштардан кешенді тазартуға арналған технологиялар әзірледі. Зертханалық сынақтар барысында жекелеген ластағыштарды жою тиімділігі 99%-ға дейін жетті. Әзірлемелер Қазақстан кәсіпорындарының өндірістік ағын суларында да сынақтан өткізілді. Технологиялардың негізін ластағыш заттарды сіңіріп, ұстап қалатын сорбциялық материалдар құрайды. Олар табиғи шикізат пен өсімдік қалдықтары негізінде алынады. Бұл ауыл шаруашылығы қалдықтарын қайта өңдеп, олардан су мен топырақты тазартуға арналған тиімді материалдар өндіруге мүмкіндік береді. Зерттеудің негізгі бағыттарының бірі – суды радиоактивті элементтерден тазарту. Ғалымдар әзірлеген сүзгі материалы су құрамындағы стронций-90 мөлшерін 99%-ға дейін төмендетуге мүмкіндік берді. Цезий-137-ні жоюға арналған тазарту жүйелері де жоғары тиімділік көрсетті. 🔗 Толығырақ: gov.kz *** 🔬 Ученые Satbayev University представили эффективные технологии очистки воды и почвы Ученые Satbayev University разработали комплексную технологию очистки воды и почвы от тяжелых металлов, радиоактивных элементов и органических загрязнений. Для отдельных видов загрязнений эффективность очистки в лабораторных испытаниях достигла 99%. Разработки уже прошли апробацию на предприятиях Казахстана. В основе технологии – материалы, способные поглощать и удерживать загрязняющие вещества. Их получают из природного сырья и растительных отходов. Таким образом, отходы сельского хозяйства можно перерабатывать в материалы для очистки воды и почвы. Одним из направлений стала очистка воды от радиоактивных элементов. Разработанный учеными фильтрующий материал удалял из воды до 99% стронция-90. Высокую эффективность показали и системы очистки от цезия-137. 🔗 Подробнее: gov.kz

Views over time

01K2K3K5 Oct 13:1712 Nov 09:172.6K5 Oct 13:17: 0 views12 Nov 09:17: 2,600 views
Snapshots we took after posting.
WhenViews
5 Oct 2026, 13:170
12 Nov 2026, 09:172.6K

Who shared this post

Posts in other channels we index that link to this one. (Forwards with a hidden source can't be traced.)

Nobody yet.