ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігі

@gylym_jogary_bilim · education · Kazakh · active

Subscribers 59.9K Subscribers, last 30 days: 60.8K → 60K −200 24h · −700 7d
Reach per post (ERR) 1.5%908 avg views
Posting 8.3/day last 56 minutes ago
Reactions per 1K views 6.8 👍 ❤ 🔥

🏛 Қазақстандық археологтар Шығыс Қазақстанда Түрік қағанатының қалашығын тапты Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің археологиялық экспедициясы Шығыс Қазақстан облысының Зайсан қазаншұңқырында ауқымды далалық зерттеу жұмыстарын жүргізді. Ғылыми экспедиция ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігі Ғылым комитетінің гранттық қаржыландыруы аясындағы «Зайсан қазаншұңқырының археологиялық ландшафттары: хронологиясы, кеңістіктік талдау және шаруашылық жүйелері» жобасын жүзеге асырып жатыр. Далалық жұмыстар барысында ғалымдар Қалжыр мен Боран ауылдарының арасында орналасқан Қалжыр қалашығын жан-жақты зерделеді. Ескерткіштің аумағы 25 гектардан асады. Археологтар қамалдың оңтүстік бөлігіндегі негізгі бекініс құрылыстарының қалдықтарын аршып, олардың едәуір бөлігі өрт салдарынан қирағанын анықтады. Зерттеу кезінде ғимараттардың ішкі құрылым элементтері, саз едендер, өрнек іздері сақталған сылақтар, сондай-ақ қамыс пен балшықтан жасалған құрылыс бөліктері табылды. Археологиялық олжалар мен радиокөміртектік талдау нәтижелеріне сәйкес бұл нысан б.з. VI-VII ғасырларына жатады. Алдын ала болжам бойынша қалашықтың салынуы Бірінші Түрік қағанатының өмір сүрген кезеңімен байланысты. Табылған жәдігерлердің қатарында күйген бидай мен бұршақ дәндері, қыш ыдыстар, сондай-ақ ішінде сылдырмақ шаршығы бар құстың сирек кездесетін қыш мүсіншесі бар. 🔗 Толығырақ: gov.kz *** 🏛 Казахстанские археологи обнаружили в Восточном Казахстане городище эпохи Тюркского каганата Археологическая экспедиция Казахского национального университета имени аль-Фараби провела масштабные полевые исследования в Зайсанской котловине Восточно-Казахстанской области. Научная экспедиция реализует проект «Археологические ландшафты Зайсанской котловины: хронология, пространственный анализ и хозяйственные системы» в рамках грантового финансирования Комитета науки Министерства науки и высшего образования РК. В ходе полевых работ ученые всесторонне исследовали городище Калжыр, расположенное между селами Калжыр и Боран. Площадь памятника составляет более 25 гектаров. Археологи раскрыли остатки основных фортификационных сооружений в южной части крепости и установили, что значительная их часть была разрушена в результате пожара. В ходе исследований были обнаружены элементы внутренней конструкции зданий, глинобитные полы, сохранившая следы орнамента штукатурка, а также фрагменты конструкций из камыша и глины. Согласно археологическим находкам и результатам радиоуглеродного анализа, объект датируется VI-VII веками нашей эры. По предварительным данным, строительство городища связано с периодом существования Первого Тюркского каганата. Среди обнаруженных артефактов – обугленные зерна пшеницы и бобовых, керамические посуды, а также редкая керамическая фигурка птицы с погремушкой внутри. 🔗 Подробнее: gov.kz

Views over time

01K2K3K8 Oct 05:1112 Nov 09:172.9K8 Oct 05:11: 0 views12 Nov 09:17: 2,880 views
Snapshots we took after posting.
WhenViews
8 Oct 2026, 05:110
12 Nov 2026, 09:172.9K

Who shared this post

Posts in other channels we index that link to this one. (Forwards with a hidden source can't be traced.)

Nobody yet.