ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігі

@gylym_jogary_bilim · education · Kazakh · active

Официальный Telegram-канал Министерства науки и высшего образования РК

Subscribers 60K Subscribers, last 30 days: 60.8K → 60K −200 24h · −700 7d
Reach per post (ERR) 1.6%972 avg views
Posting 8.4/day last 2 hours ago
Reactions per 1K views 6.9 👍 ❤ 🔥
  1. repost

    ⚡️Қасым-Жомарт Тоқаев: «Мемлекеттің беделі артқан сайын, мемлекеттік тілдің де абыройы күшейеді» «Қазақ тілі Тәуелсіздігіміздің мызғымас символы, Отанымыздың мемлекеттік тілі, ұлтымыздың мәңгілік жаны ретінде қабылдануы қажет. Басқа көзқарастың болуы мүмкін емес. Сондықтан қазақ тіліне сыйластықпен қарау бұл – азаматтық, адами борыш. Ал парыз қаншама қастерлі болса да, оның мықты негізі болуы керек. Біз экономикасы дамыған, инновациясы мен технологиясы үздік, әлем жұртшылығы мойындаған, өркениетті, мықты мемлекет болсақ, қазақ тілі де қуатты тіл болатыны анық. Мемлекеттің беделі артқан сайын, мемлекеттік тілдің де абыройы күшейеді. Бұл – ақиқат. Бүгінде балабақша мен мектептерде балалардың басым бөлігі қазақ тілінде тәлім-тәрбие алып жатыр. Биыл мектепке барған оқушылардың 71 пайызы қазақ сыныптарына қабылданды. Колледждер мен университеттерде қазақ бөлімдерінің саны көбейді». t.me/aqorda_resmi

  2. repost

    ⚡️Президент: «Конституцияда «Тәуелсіздік» және «Егемендік» сөздерін бас әріппен жазатын болдық» «Конституция мәтінін жазуға өзім де тікелей атсалыстым. Әр сөзіне мұқият қарап, әр бабына ерекше назар аудардым. Мен үшін бұл – ең алдымен азаматтық парыз. Мәселен, Конституцияда біз халқымыз үшін киелі «Тәуелсіздік» және «Егемендік» сөздерін бас әріппен жазатын болдық. Мұның терең мәні бар. Біз осылайша әрбір ұғым-түсінікке үлкен жауапкершілікпен қарап, тұтас қоғам санасына, әсіресе, өскелең ұрпақтың бойына елдік қасиеттерді сіңіреміз. Жалпы, Конституция халқымыздың дүниетанымына және озық заңнама талаптарына сай жазылды. Қазақстанның Конституциясы кәсіби тұрғыдан өте сапалы дайындалған құжат деп күмәнсіз айтуға болады. Осы ауқымды жұмысқа білікті заңгерлермен қатар, филология саласының тәжірибелі ғалымдары мен қазақ тілі мамандары да белсене қатысты. Мұның бәрі қазіргі қазақ тілінің әлеуеті мен күш-қуатының айқын көрінісі екені сөзсіз». t.me/aqorda_resmi

  3. repost

    ⚡️Мемлекет басшысы: «Конституциямызда еліміздің тамыры терең тарихы мен бітім-болмысы, болашақтағы бейнесі айқындалды» «Бірақ, ашығын айтуымыз керек, Егемендігімізді қорғауға қатысты мәселенің бәрі толығымен шешімін тапты десек, үстірт пікірге тең болар. Алдымызда ауқымды және кезек күттірмейтін, маңызды әрі күрделі міндеттер тұр. Халықаралық ахуалды көріп-біліп отырсыздар. Әлемде саяси, экономикалық, идеологиялық шиеленістер ушығып тұр. Осындай алмағайып кезеңде әлемнің болашағын болжау өте қиын екені түсінікті. Мұндай заманға біздің бір ғана жауабымыз бар. Бұл – бірлігімізді бекемдеп, ортақ мүддеге күш жұмылдырып, ұлттық жауапкершілігімізді терең сезіне отырып, қасиетті Отанымыз – Қазақстан Республикасына адал қызмет ету. Түптеп келгенде, Егемендікті нығайту – халықтың әл-ауқатын арттыру, жаңа технологияларды жетік меңгеру, заңды құрметтеу, тәртіпке бағыну, өзара жанашыр, еңбекқор, жасампаз болу, табиғатты аялау деген сөз. Біз осы міндеттерді табысты орындасақ, жаһан өркениетінің төрінен лайықты орын аламыз. Сондықтан Конституцияда қазіргі заман талабына сай білім мен ғылымды, инновацияны, адам капиталын дамыту мемлекеттің стратегиялық міндеті ретінде бекітілді. Ұлтымыздың бас құжатында, яғни Конституциямызда еліміздің тамыры терең тарихы мен бітім-болмысы, болашақтағы бейнесі айқындалды. Атап айтқанда, мемлекеттік тіл – қазақ тілінің конституциялық мәртебесі тайға таңба басқандай жазылды». t.me/aqorda_resmi

  4. repost

    ⚡️Президент: «Мазмұны айрықша Конституция Әділетті Қазақстанды құру ісіне заң тұрғысынан жол ашты» «Қазақ тілі» қоғамының бұл құрылтайы шын мәнінде тарихи сәтте, яғни, қасиетті Тәуелсіздігіміздің 35 жылдығының қарсаңында өтіп жатыр. Қазақстан Егемендік жолының осындай айтулы межесіне беделі биік, болашағы жарқын ел ретінде қадам басып отыр. Тәуелсіздік туын көтергелі бері халқымыз көптеген белесті абыроймен еңсерді. Біртұтас ұлт болып, мемлекеттігіміздің іргетасын қалады және оны нығайта түсті. Берекелі бірлігіміздің арқасында біз соңғы жеті жыл ішінде ауқымды реформаларды табысты іске асырдық. Ел өмірінің барлық саласында түбегейлі өзгерістер жасап, тың бастамалар көтердік. Ең бастысы, халқымыздың темірқазығына айналған қастерлі құжат – Конституциямызды қабылдадық. Мазмұны айрықша Конституция Әділетті Қазақстанды құру ісіне заң тұрғысынан жол ашты. Енді Конституцияға сәйкес еліміздің Тәуелсіздігін, Егемендігін, кең байтақ жеріміздің тұтастығын, азаматтарымыздың заңды құқықтарын және бостандықтарын қорғау мемлекетіміздің басты, тіпті, қастерлі міндеті саналатын болды деп айтсақ, қате болмас. Баршамызға Тәуелсіздік – бәрінен қымбат асыл дүние. Тәуелсіздік болмаса, біздің халқымыздың келешегі тығырыққа тірелетіні анық. Сондықтан Тәуелсіздікті қорғау әрі нығайту – ең қасиетті борыш, ең қастерлі парыз!» t.me/aqorda_resmi

  5. repost

    ⚡️Қасым-Жомарт Тоқаев: «Қазақ тілі» қоғамы – мемлекеттік тілдің мызғымас тұғырын нығайтып жүрген аса маңызды құрылым» «Сонау 1989 жылы іргесі қаланған ұйымның Егемен ел тарихындағы орны бөлек. Кезінде көрнекті ғалымдар – академиктер Әбдуәли Қайдар және Өмірзақ Айтбайұлының бастамасымен құрылған «Қазақ тілі» қоғамының тарихи жолын қазіргі буын өкілдері мен белгілі тіл мамандары лайықты жалғастырып келе жатыр. Бүгінде Ұйым мүшелері көптеген тиімді іс-шараларды, жасампаз жобаларды табысты жүзеге асыруда. Мен Мемлекет басшысы ретінде «Қазақ тілі» қоғамының әр мүшесіне шынайы ризашылығымды білдіремін. Заңғар жазушы Әбіш Кекілбаевтың «Тіл мерейі – ел мерейі» деген қысқа-нұсқа, мағынасы терең сөзі бар. Тіл – баршамызға ортақ құндылық. Тіл – Алланың құдіретінің арқасында адамдарға берілген үлкен сый әрі мүмкіндік. Тіл – адамзаттың негізгі жетістігі. Адам баласының ойдағыдай дамуының ең басты себебі де – тіл. Біз өркениетті ел ретінде ана тіліміз – қазақ тілінің абырой-беделін арттыру үшін бір ел болып табанды жұмыс істеуіміз керек. Бүгінгі жиынның басты мақсат-міндеті де – осы». t.me/aqorda_resmi

  6. repost

    ⚡️Мемлекет басшысы: «Ана тілі мәселесі – мемлекеттік, саяси және ұлттық маңызы бар тақырып» «Баршаңызбен бірге Халықаралық «Қазақ тілі» қоғамының Х құрылтайында бас қосып отырғанымызға ризамын. Бүгінгі жиынның мән-мағынасы ерекше. Себебі Ана тілі мәселесі, бұл – мемлекеттік, саяси және ұлттық маңызы бар тақырып. Қазіргі таңда дүние жүзінде тіл өзекті, нәзік мәселеге айналып кетті. Бұл үрдіске бәріміз куә болып отырмыз. Ең алдымен, осы жерде сөз сөйлеп, мазмұнды ойларын ортаға салған азаматтарға алғысымды білдіремін. Салмақты пікірлер, ұтымды ұсыныстар айтылды. Соның бәрін мұқият қарап, алдағы жұмысымызда міндетті түрде ескеру қажет». t.me/aqorda_resmi

  7. repost

    Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Халықаралық «Қазақ тілі» қоғамының Х құрылтайында сөз сөйледі t.me/aqorda_resmi

  8. 🔸 QyzPU студенті Ясмина Тоқсанбаева «Ерен еңбегі үшін» медалімен марапатталды Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жарлығымен Жапонияда өткен ХХ жазғы Азия ойындары мен V Азия параойындарында жоғары нәтижелерге қол жеткізген бірқатар спортшы мемлекеттік наградалармен марапатталды. Марапат иегерлерінің қатарында Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университетінің 2-курс студенті, жеңіл атлетикадан марафондық қашықтыққа жүгіруші Ясмина Тоқсанбаева да бар. Спортшыға «Ерен еңбегі үшін» медалі табысталды. 🔗 Толығырақ: gov.kz *** 🔸 Студентка QyzPU Ясмина Токсанбаева награждена медалью «Ерен еңбегі үшін» Указом Главы государства Касым-Жомарта Токаева ряд спортсменов, добившихся высоких результатов на XX летних Азиатских играх и V Азиатских параиграх, прошедших в Японии, удостоены государственных наград. В числе награжденных – студентка второго курса Казахского национального женского педагогического университета, спортсменка, специализирующаяся на спортивной ходьбе, Ясмина Токсанбаева. Ей вручена медаль «Ерен еңбегі үшін». 🔗 Подробнее: gov.kz

  9. ⚡️Қостанайда студенттердің 40-тан астам цифрлық жобасы таныстырылды Ахмет Байтұрсынұлы атындағы Қостанай өңірлік университетінде Digital Career Fest 2026 фестивалі өтті. Іс-шара аясында студенттердің 40-тан астам жобасы, университет қызметкерлерінің 30-дан астам әзірлемесі, сондай-ақ жасанды интеллект, робототехника, автоматтандыру, бағдарламалық инженерия және VR/AR технологиялары бағытындағы 20-дан астам интерактивті шешім таныстырылды. 2026 жыл – Цифрландыру және жасанды интеллект жылы болып жариялануына байланысты университетте заманауи технологияларды білім беру үдерісіне, ғылыми зерттеулерге және жобалық жұмыстарға енгізуге ерекше көңіл бөлінеді. Студенттер әзірлеген цифрлық шешімдердің бірқатары өндірістік үдерістерге енгізіліп, экономиканың нақты секторларында қолданыс тауып жатыр. 🔗 Толығырақ: gov.kz *** ⚡️ В Костанае представили более 40 цифровых проектов студентов В Костанайском региональном университете имени Ахмет Байтұрсынұлы состоялся фестиваль Digital Career Fest 2026. В рамках мероприятия были представлены более 40 студенческих проектов, свыше 30 разработок сотрудников университета, а также более 20 интерактивных решений в области искусственного интеллекта, робототехники, автоматизации, программной инженерии и технологий VR/AR. В связи с объявлением 2026 года Годом цифровизации и искусственного интеллекта в университете особое внимание уделяется внедрению современных технологий в образовательный процесс, научные исследования и проектную деятельность. Ряд цифровых решений, разработанных студентами, уже внедряется в производственные процессы и находит практическое применение в реальном секторе экономики. 🔗 Подробнее: gov.kz

  10. 📚Мәшһүр Жүсіп Көпейұлының сирек басылымдар жинағы ЮНЕСКО-ның «Әлем жады» өңірлік тізіліміне енгізілді Джакартада өткен ЮНЕСКО-ның «Әлем жады» бағдарламасы Азия-Тынық мұхиты өңірлік комитетінің (MOWCAP) отырысында «Ғылым ордасы» РМК қорында сақталған Мәшһүр Жүсіп Көпейұлының сирек басылымдар жинағы бағдарламаның өңірлік тізіліміне ресми түрде енгізілді. Аталған номинациялық өтінімді Қазақстан тарапы дайындады. Мәшһүр Жүсіп Көпейұлының шығармаларында ХІХ ғасырдың екінші жартысы мен ХХ ғасырдың басындағы қазақ қоғамының қоғамдық-саяси өмірі, рухани құндылықтары мен мәдени дәстүрлері кеңінен көрініс тапқан. Оның ағартушылық идеялар мен ғылым-білімге үндейтін туындылары қазақ халқының тарихи жадын, әдеби және мәдени мұрасын танытатын құнды дереккөздер болып саналады. 🔗 Толығырақ: gov.kz *** 📚Коллекция редких изданий Машхура Жусупа Копеева включена в региональный реестр ЮНЕСКО «Память мира» На заседании Азиатско-Тихоокеанского регионального комитета программы ЮНЕСКО «Память мира» (MOWCAP), состоявшемся в Джакарте, коллекция редких печатных изданий Машхура Жусупа Копеева, хранящаяся в фондах РГП «Ғылым ордасы», была официально включена в региональный реестр программы. Номинационная заявка была подготовлена казахстанской стороной. Произведения Машхура Жусупа Копееваотражают общественно-политическую жизнь казахского общества второй половины XIX – начала XX века и представляют собой ценные исторические источники, раскрывающие просветительские идеи, духовные ценности, литературные и культурные традиции казахского народа. Особое место в творческом наследии мыслителя занимают вопросы развития науки и образования, сохранения исторической памяти и национальной самобытности. 🔗 Подробнее: gov.kz

  11. viral

    🎓 Satbayev University – 92 жылдық тарих, инновация және технологиялық даму Биыл Satbayev University-дің құрылғанына 92 жыл толды. Қазақстандағы ең көне техникалық жоғары оқу орындарының бірі осы жылдар ішінде академиялық дәстүрін сақтай отырып, инженерлік білім берудің заманауи тәсілдерін жүйелі түрде енгізіп келеді. «100 сұхбат» айдары аясында белгілі журналист Динара Сатжан университет ректоры Мейрам Бегентаевпен техникалық білімді дамыту, инновацияларды енгізу және қазіргі экономиканың сұранысына сай мамандар даярлау туралы әңгімелесті. Сұхбатта студенттерді тәжірибе арқылы оқытуға, халықаралық серіктестермен және бизнеспен ынтымақтастыққа, сондай-ақ университет инфрақұрылымын дамытуға ерекше назар аударылды. Таныстырылған жобалардың қатарында MIT-мен бірлесіп ашылған зертхана, пластикті қайта өңдейтін экологиялық хаб және студенттер заманауи электромобиль технологияларын меңгеретін Changan шеберханасы бар. Бүгінде Satbayev University білім, ғылым, технология және өндірісті тоғыстырып, еңбек нарығында сұранысқа ие инженер мамандарды даярлауға жағдай жасап отыр. 📌 Сұхбаттың толық нұсқасын сілтеме арқылы көре аласыз: https://youtu.be/c6kUoKriLts?si=7EAr_yv2mDhjkein *** 🎓 Satbayev University: 92 года истории, инноваций и технологического развития В этом году Satbayev University отмечает 92-летие со дня основания. За годы своей деятельности один из старейших технических вузов Казахстана прошел большой путь, сохранив академические традиции и последовательно внедряя современные подходы к инженерному образованию. В рамках рубрики «100 сұхбат» известная журналистка Динара Сатжан побеседовала с ректором университета Мейрамом Бегентаевым о развитии технического образования, внедрении инноваций и подготовке специалистов для современной экономики. В ходе интервью особое внимание уделено практико-ориентированному обучению, сотрудничеству с международными партнерами и бизнесом, а также развитию университетской инфраструктуры. Среди представленных проектов – лаборатория, созданная совместно с MIT, экологический хаб по переработке пластика и мастерская Changan, где студенты осваивают технологии современных электромобилей. Сегодня Satbayev University развивается как площадка, объединяющая образование, науку, технологии и промышленность, создавая условия для подготовки востребованных инженерных кадров. 📌 Полное интервью смотрите по ссылке: https://youtu.be/c6kUoKriLts?si=7EAr_yv2mDhjkein

  12. viral

    🔰 Павлодарда ғылым және жоғары білім саласын дамыту мәселелері талқыланды 6 қарашада Павлодар қаласындағы Margulan University базасында ҚР Ғылым және жоғары білім вице-министрі Динара Ринатқызы Щеглованың Павлодар облысының тұрғындарымен кездесуі өтті. Іс-шараға өңір тұрғындары, университеттің профессор-оқытушылар құрамы, ғылыми қауымдастық өкілдері мен студенттер қатысты. Кездесу барысында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Жаңа тарихи кезеңдегі Қазақстанның өзекті міндеттері» атты Қазақстан халқына Жолдауында айқындалған міндеттерді іске асыру, жоғары білімнің қолжетімділігін арттыру, студенттерді әлеуметтік қолдау, ғылымды дамыту және еңбек нарығының сұранысына сай білікті мамандар даярлау мәселелері талқыланды. Вице-министр өз баяндамасында жоғары білім беру жүйесіндегі негізгі көрсеткіштер мен мемлекеттік қолдау шараларына тоқталды. 🔗 Толығырақ: gov.kz *** 🔰 В Павлодаре обсудили вопросы развития науки и высшего образования 6 ноября на базе Margulan University в Павлодаре состоялась встреча вице-министра науки и высшего образования РК Динары Ринатовны Щегловой с жителями Павлодарской области. В мероприятии приняли участие жители региона, профессорско-преподавательский состав университета, представители научного сообщества и студенты. В ходе встречи были обсуждены вопросы реализации задач, обозначенных в Послании Главы государства Касым-Жомарта Токаева народу Казахстана «Актуальные задачи Казахстана на новом историческом этапе», повышения доступности высшего образования, социальной поддержки студентов, развития науки и подготовки квалифицированных кадров в соответствии с потребностями рынка труда. В своем выступлении вице-министр остановилась на основных показателях системы высшего образования и мерах государственной поддержки. 🔗 Подробнее: gov.kz

  13. 🏆 Қазақстан Лондонда Coursera Learning Excellence Award халықаралық сыйлығына ие болды ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігі Лондонда өткен London FWD іс-шарасы аясында Coursera Learning Excellence Award халықаралық сыйлығына ие болды. Іс-шара Coursera және Udemy жетекші білім беру технологиялық платформаларын, сондай-ақ Еуропа, Таяу Шығыс және Африка (EMEA) елдеріндегі негізгі серіктестерді біріктірді. Марапаттау рәсімінде сондай-ақ халықаралық EY консалтингтік компаниясы, Ұлыбританияның Nationwide банкі және Италияның bIP технологиялық консалтингтік компаниясы марапатталды. Coursera компаниясының бас директоры Грег Харттың (Greg Hart) жетекшілігімен өткен іс-шараға цифрлық білім беруді дамыту және білікті кадрлар даярлау бағытында жұмыс істейтін жетекші халықаралық ұйымдардың басшылары қатысты. Қазақстан бұл марапатқа халықаралық онлайн оқытуды жоғары білім беру жүйесіне интеграциялау, сондай-ақ қазіргі экономикада сұранысқа ие цифрлық құзыреттер мен жасанды интеллект саласындағы дағдыларды дамыту бағытындағы жетістіктері үшін ие болды. Қазақстан мен Coursera арасындағы ынтымақтастық 2022 жылы басталғаннан бері бірлескен бастама ұлттық жоғары білім беру жүйесін жаңғыртудың стратегиялық маңызды бағыттарының біріне айналды. 🔗 Толығырақ: gov.kz *** 🏆 Казахстан удостоен международной премии Coursera Learning Excellence Award в Лондоне Министерство науки и высшего образования РК удостоено международной премии Coursera Learning Excellence Award в рамках мероприятия London FWD, объединившего ведущие образовательные технологические платформы Coursera и Udemy, а также ключевых партнеров из стран Европы, Ближнего Востока и Африки (EMEA). В ходе церемонии награждения также были отмечены международная консалтинговая компания EY, британский банк Nationwide и итальянская технологическая консалтинговая компания bIP. Мероприятие прошло под руководством генерального директора Coursera Грега Харта (Greg Hart) и собрало руководителей ведущих международных организаций, занимающихся развитием цифрового образования и подготовкой квалифицированных кадров. Награда присуждена Казахстану за достижения в интеграции международного онлайн-обучения в систему высшего образования, а также развитии цифровых компетенций и навыков в области искусственного интеллекта, востребованных современной экономикой. С момента начала сотрудничества Казахстана с Coursera в 2022 году совместная инициатива стала одним из стратегически значимых направлений трансформации национальной системы высшего образования. 🔗 Подробнее: gov.kz

  14. 🟧ҚазҰУ-ға ICESCO өкілдігі беріліп, әл-Фараби орталығы Қытайда ашылды Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде Әбу Насыр әл-Фарабидің философиялық және ғылыми мұрасына арналған «Философия. Этика. Болашақ» атты халықаралық симпозиумы аясында маңызды үш ынтымақтастық меморандумына қол қойылды. Алғашқы келісім негізінде философия және саясаттану факультетінің Дінтану және мәдениеттану кафедрасына Ислам әлемінің білім, ғылым және мәдениет ұйымы (ICESCO) өкілдігінің мәртебесі берілді. Өкілдік жұмысы негізгі үш бағыт бойынша өрбиді. Ғылыми-зерттеу қызметі аясында дінтану, мәдениеттану саласындағы зерттеу жұмыстары тереңдетіліп, ислам әлемі мен Орталық Азияның ортақ тарихи-мәдени мұрасы зерделенеді. 🔗 Толығырақ: gov.kz *** 🟧 КазНУ получил статус кафедры ICESCO и открыл Центр Аль-Фараби в Китае В Казахском национальном университете имени аль-Фараби в рамках Международного симпозиума «Философия. Этика. Будущее», посвященного философскому и научному наследию Абу Насыра Аль-Фараби состоялось подписание трех важных меморандумов о сотрудничестве. Согласно первому соглашению, кафедре религиоведения и культурологии факультета философии и политологии будет присвоен статус представительства Исламской организации по вопросам образования, науки и культуры (ICESCO). Представительство будет работать по трем основным направлениям развития партнерских связей.В рамках научно-исследовательской деятельности планируется углубить исследования в области религиоведения и культурологии, а также изучить общее историко-культурное наследие исламского мира и Центральной Азии. 🔗 Подробнее: gov.kz

  15. viral

    🔹 Вице-Президент әл-Фараби мұрасына арналған халықаралық симпозиумға қатысты Вице-Президент Ерлан Қарин Әбу Насыр әл-Фарабидің философиялық және ғылыми мұрасына арналған «Философия. Этика. Болашақ» атты халықаралық симпозиумға қатысты. Әл-Фарабидің мұрасын дәріптеуге арналған халықаралық симпозиумды тұрақты түрде өткізу туралы бастаманы Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев көтерді. Биыл ғылыми форум Алматы қаласында әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде өтіп жатыр. Халықаралық симпозиумның ашылуында Ерлан Қарин Мемлекет басшысының құттықтау хатын оқып берді. Президент жиынға қатысушыларға жолдаған құттықтау хатында ұлы ойшылдардың озық идеяларын терең зерделеп, өскелең ұрпақ арасында кеңінен насихаттаудың, сондай-ақ оның бәрін заманауи ғылым тұрғысынан пайымдаудың маңызды екеніне тоқталды. – Әл-Фараби адамзатқа ортақ мызғымас құндылықтарды кеңінен дәріптеп, соңына теңдессіз мұра қалдырды. Оның парасатты адам және қайырымды қоғам туралы тұжырымдары ешқашан өзектілігін жоғалтпайды. Мұның бәрі ұлттық болмысымыздың ажырамас бөлігіне айналған «Таза Қазақстан», «Адал азамат» идеяларымен үндеседі, – деп атап өтті Қасым-Жомарт Тоқаев. 🔗 Толығырақ: https://www.akorda.kz/kz/vice-prezident-al-farabi-murasyna-arnalgan-halykaralyk-simpoziumga-katysty-6101333 *** 🔹 Вице-Президент принял участие в международном симпозиуме, посвященном наследию Аль-Фараби Вице-Президент Ерлан Карин принял участие в работе международного симпозиума «Философия. Этика. Будущее», посвященного философскому и научному наследию Абу Насыра Аль-Фараби. Инициативу о проведении на постоянной основе симпозиума по наследию Аль-Фараби выдвинул Глава государства Касым-Жомарт Токаев. В этом году научный форум проходит в Казахском национальном университете имени Аль-Фараби в Алматы. На церемонии открытия Ерлан Карин зачитал приветственный адрес Главы государства. В своем обращении к участникам форума Президент отметил важность глубокого изучения и популяризации прогрессивных идей великих мыслителей среди подрастающего поколения, а также их осмысления в контексте современной науки. – Аль-Фараби продвигал непреходящие общечеловеческие ценности, оставив после себя уникальное наследие. Его учение о благоразумном человеке и добродетельном обществе никогда не утратит своей актуальности. Воззрения аль-Фараби в полной мере созвучны идеям «Таза Қазақстан» и «Адал азамат», ставшим неотъемлемой частью нашей национальной идентичности, – подчеркнул Касым-Жомарт Токаев. 🔗 Подробнее: https://www.akorda.kz/ru/vice-prezident-prinyal-uchastie-v-mezhdunarodnom-simpoziume-posvyashchennom-naslediyu-al-farabi-6105930

  16. viral
    +3

    🧸 Қазақстан ғалымдары Гарвард қорындағы тарихи құжаттарды зерделеді АҚШ-тың Гарвард университетініне ғылыми іссапармен барған қазақстандық ғалымдар Хоутон кітапханасында 1599-1742 жылдарға жататын жеті тарихи актіні зерттеді. MS Turk 70 жинағында сақталған бұл құжаттар Яркенд хандығы мен Шығыс Түркістандағы мемлекеттік басқару, жер қатынастары, тархандық және сойырғал беру дәстүрі туралы құнды мәліметтерді қамтиды. Аталған деректер Орталық Азиядағы мемлекеттік басқару қатынастарын, іс жүргізу дәстүрі мен тарихи терминологияны зерттеу үшін маңызды. Ғылыми іссапар «Қазақстанның қолжазба мұрасы: реестрлеу, реставрациялау, ғылыми каталогтау, цифрландыру және кешенді кодикологиялық зерттеу» бағдарламасы аясында ұйымдастырылды. Бағдарламаның негізгі мақсаты – Қазақстандағы қолжазбалар мен сирек кітаптарды жүйелі есепке алу, қалпына келтіру, ғылыми сипаттау және цифрландыру. Жоба ұлттық жазба мұраны сақтауға, зерттеушілер үшін қолжетімді етуге және оның негізінде жаңа тарихи білім қалыптастыруға бағытталған. 🔗 Толығырақ: gov.kz *** 🧸 Казахстанские ученые изучили исторические документы из фондов Гарварда В ходе научной командировки в Гарвардский университет казахстанские ученые изучили в библиотеке Хоутона семь исторических актов, датируемых 1599-1742 годами. Документы, хранящиеся в коллекции MS Turk 70, содержат ценные сведения о системе государственного управления, земельных отношениях, а также практике предоставления тарханства и сойургала в Яркендском ханстве и Восточном Туркестане. Эти источники имеют важное значение для изучения государственного управления, традиций делопроизводства и исторической терминологии Центральной Азии. Научная командировка была организована в рамках программы «Рукописное наследие Казахстана: регистрация, реставрация, научная каталогизация, цифровизация и комплексное кодикологическое исследование». Основная цель программы – системный учет, реставрация, научное описание и цифровизация рукописей и редких книг, хранящихся в Казахстане. Проект направлен на сохранение национального письменного наследия, обеспечение его доступности для исследователей и формирование на его основе новых исторических знаний. 🔗 Подробнее: gov.kz

  17. ⚡️Әуезов университетінің студенті Әлем чемпионатында рекорд орнатты Қытайдың Нинбо қаласында ауыр атлетикадан өтіп жатқан Әлем чемпионатында М.Әуезов университетінің студенті Нұрғиса Әділетұлы әлем рекордын жаңартты. Қазақстан құрамасы сапында 95 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде өнер көрсеткен спортшымыз қоссайыс қорытындысы бойынша 399 келі көтеріп, Әлем чемпионатының күміс жүлдегері атанды. Нұрғиса Әділетұлы – Мұхтар Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университетінің «Құқықтану» (6В04210) білім беру бағдарламасының ІІ курс студенті. Әлемнің үздік ауыр атлеттері бақ сынаған бәсекеде ол жұлқа көтеруде 182 келіні, серпе көтеруде 217 келіні еңсерді. Осылайша, қоссайыста 399 келі көтерген Нұрғиса Әділетұлы әлем чемпионатының күміс жүлдесін иеленді. 🔗 Толығырақ: gov.kz *** ⚡️ Студент Auezov University установил мировой рекорд на Чемпионате мира На проходящем в китайском городе Нинбо Чемпионате мира по тяже лой атлетике студент Auezov University Нургиса Адилетулы продемонстрировал выдающийся результат, установив новый мировой рекорд. Выступая в составе сборной Казахстана в весовой категории до 95 кг, наш соотечественник поднял 399 кг по сумме двоеборья и завоевал серебряную медаль чемпионата мира. Нургиса Адилетулы – студент 2-го курса образовательной программы «Юриспруденция» (6В04210) Южно-Казахстанского университета имени Мухтара Ауэзова. В соревнованиях, в которых приняли участие сильнейшие тяжелоатлеты мира, наш спортсмен показал результат 182 кг в рывке и 217 кг в толчке. Таким образом, по сумме двоеборья он набрал 399 кг и завоевал серебряную медаль. Кроме того, Нургиса Адилетулы стал серебряным призе ром в каждом из двух упражнений, получив еще две малые серебряные медали чемпионата мира. 🔗 Подробнее: gov.kz

  18. viral

    🧬 ҚазҰУ-да биотехнология саласының 2036 жылға дейінгі даму бағыты айқындалды Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде «Қазақстан Республикасында 2036 жылға дейін биотехнологияларды дамытудың перспективалары» тақырыбында дөңгелек үстел өтті. Алқалы жиында министрлік өкілдері, жетекші ғалымдар, сарапшылар мен өндіріс көшбасшылары саланы өркендету және бәсекеге қабілетті білікті мамандар даярлаудың өзекті мәселелерін талқылады. Шараны ашқан ҚР Ғылым және жоғары білім вице-министрі Гүлзат Көбенова биотехнологияның отандық экономикадағы стратегиялық рөліне ерекше назар аударды. Оның айтуынша, бұл бағыт – елдің технологиялық тәуелсіздігін қамтамасыз ететін және жаңа жұмыс орындарын ашатын басты қозғаушы күштердің бірі. «Жоғары білім беру жүйесінің басты міндеті – білім беру бағдарламаларының санында емес, түлектердің заманауи биотехнологиялық шешімдерді өндіріске енгізе алуында. Ғылыми зерттеу нәтижелерін нақты өнімге айналдырып, оны өнеркәсіптік деңгейге жеткізе білуіміз қажет», - деді вице-министр. Сонымен қатар ол ғылыми әзірлемелерді өндіріске енгізуді жеделдететін жаңа ұлттық стандарттың маңыздылығын атап өтті. 🔗 Толығырақ: gov.kz *** 🧬 В КазНУ определили векторы развития биотехнологий до 2036 года В Казахском национальном университете имени аль-Фараби состоялся круглый стол «Перспективы развития биотехнологий в Республике Казахстан до 2036 года». Мероприятие собрало представителей профильных министерств, ведущих ученых, экспертов и лидеров индустрии для выработки консолидированных решений по развитию отрасли и подготовке кадров. Открывая мероприятие, вице-министр науки и высшего образования РК Гульзат Кобенова акцентировала внимание на стратегической роли биотехнологий в национальной экономике. По ее словам, эта отрасль выступает одним из ключевых драйверов, способных обеспечить технологическую независимость страны и создать новые рабочие места. «Главная задача системы высшего образования заключается не в количестве образовательных программ, а в способности выпускников применять современные биотехнологические решения на практике. Мы должны уметь трансформировать результаты научных исследований в реальный продукт и доводить его до промышленного уровня», – подчеркнула вице-министр. Кроме того, Гульзат Кобенова отметила особую значимость нового национального стандарта, призванного ускорить коммерциализацию и внедрение научных разработок в производство. 🔗 Подробнее: gov.kz

  19. edited viral

    🔬ҚазҰУ-да биотехнологиялық зертханалар ашылды Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде «Қазақстан Республикасында 2036 жылға дейін биотехнологияларды дамытудың перспективалары» тақырыбындағы дөңгелек үстел аясында «MicroBiotech» сынақ зертханасы мен «OLAB BIOTECH» ғылыми-өндірістік алаңының салтанатты ашылу рәсімі өтті. Ауқымды шараға ҚР Ғылым және жоғары білім вице-министрі Гүлзат Көбенова, жетекші ғалымдар, сала сарапшылары, индустриялық серіктестер және жас зерттеушілер қатысты. Жаңадан іске қосылған нысандар қолданбалы зерттеулер аясын кеңейтуге, отандық биотехнологиялық әзірлемелерді өндіріске енгізуге және ғылым мен бизнестің байланысын нығайтуға бағытталған. 🔗 Толығырақ: gov.kz *** 🔬 В КазНУ открылись биотехнологические лаборатории В Казахском национальном университете имени аль-Фараби в рамках круглого стола «Перспективы развития биотехнологий в Республике Казахстан до 2036 года» состоялась торжественная церемония открытия испытательной лаборатории «MicroBiotech» и научно-производственной площадки «OLAB BIOTECH». В мероприятии приняли участие вице-министр науки и высшего образования РК Гульзат Кобенова, ведущие ученые, эксперты отрасли, индустриальные партнеры и молодые исследователи. Новые объекты призваны расширить спектр прикладных исследований, ускорить внедрение отечественных биотехнологических разработок в производство и укрепить связку науки с бизнесом. 🔗 Подробнее: gov.kz

  20. viral

    🔹 Alatau City аумағында Magdalen College білім беру мекемесін ашу мүмкіндігі қарастырылып жатыр Ұлыбританияға жұмыс сапары (Alatau City Roadshow) аясында ҚР Премьер-министрінің орынбасары Қанат Бозымбаев пен ҚР Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек Magdalen College халықаралық байланыстар жөніндегі төрағасы Ричард Салданьямен (Richard Saldanha) кездесті. Кездесудің негізгі тақырыбы Magdalen College-дің Қазақстанның білім беру нарығына шығу перспективалары мен Alatau City аумағында білім беру мекемесін ашу мүмкіндігі болды. Тараптар ынтымақтастықтың ықтимал форматтарын, жобаны іске асырудың ұйымдастырушылық және институционалдық шарттарын, сондай-ақ серіктестікті дамытудың алдағы қадамдарын талқылады. Alatau City-де қалыптасып жатқан білім беру инфрақұрылымына халықаралық озық тәжірибені енгізу мүмкіндіктеріне ерекше назар аударылды. 🔗 Толығырақ: gov.kz *** 🔹 В Alatau City рассматривается возможность открытия образовательного учреждения Magdalen College В рамках рабочей поездки в Великобританию (Alatau City Roadshow) заместитель Премьер-министра РК Канат Бозумбаев и министр науки и высшего образования РК Саясат Нурбек провели встречу с председателем по международным связям Magdalen College Ричардом Салданья (Richard Saldanha). Центральной темой переговоров стали перспективы выхода Magdalen College на образовательный рынок Казахстана и возможность открытия образовательного учреждения на территории Alatau City. Стороны обсудили потенциальные форматы сотрудничества, организационные и институциональные условия реализации проекта, а также дальнейшие шаги по развитию партнерства. Особое внимание было уделено возможностям интеграции международного образовательного опыта в формирующуюся образовательную инфраструктуру Alatau City. 🔗 Подробнее: gov.kz

  21. Older posts