🏆 Қазақстан Лондонда Coursera Learning Excellence Award халықаралық сыйлығына ие болды ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігі Лондонда өткен London FWD іс-шарасы аясында Coursera Learning Excellence Award халықаралық сыйлығына ие болды. Іс-шара Coursera және Udemy жетекші білім беру технологиялық платформаларын, сондай-ақ Еуропа, Таяу Шығыс және Африка (EMEA) елдеріндегі негізгі серіктестерді біріктірді. Марапаттау рәсімінде сондай-ақ халықаралық EY консалтингтік компаниясы, Ұлыбританияның Nationwide банкі және Италияның bIP технологиялық консалтингтік компаниясы марапатталды. Coursera компаниясының бас директоры Грег Харттың (Greg Hart) жетекшілігімен өткен іс-шараға цифрлық білім беруді дамыту және білікті кадрлар даярлау бағытында жұмыс істейтін жетекші халықаралық ұйымдардың басшылары қатысты. Қазақстан бұл марапатқа халықаралық онлайн оқытуды жоғары білім беру жүйесіне интеграциялау, сондай-ақ қазіргі экономикада сұранысқа ие цифрлық құзыреттер мен жасанды интеллект саласындағы дағдыларды дамыту бағытындағы жетістіктері үшін ие болды. Қазақстан мен Coursera арасындағы ынтымақтастық 2022 жылы басталғаннан бері бірлескен бастама ұлттық жоғары білім беру жүйесін жаңғыртудың стратегиялық маңызды бағыттарының біріне айналды. 🔗 Толығырақ: gov.kz *** 🏆 Казахстан удостоен международной премии Coursera Learning Excellence Award в Лондоне Министерство науки и высшего образования РК удостоено международной премии Coursera Learning Excellence Award в рамках мероприятия London FWD, объединившего ведущие образовательные технологические платформы Coursera и Udemy, а также ключевых партнеров из стран Европы, Ближнего Востока и Африки (EMEA). В ходе церемонии награждения также были отмечены международная консалтинговая компания EY, британский банк Nationwide и итальянская технологическая консалтинговая компания bIP. Мероприятие прошло под руководством генерального директора Coursera Грега Харта (Greg Hart) и собрало руководителей ведущих международных организаций, занимающихся развитием цифрового образования и подготовкой квалифицированных кадров. Награда присуждена Казахстану за достижения в интеграции международного онлайн-обучения в систему высшего образования, а также развитии цифровых компетенций и навыков в области искусственного интеллекта, востребованных современной экономикой. С момента начала сотрудничества Казахстана с Coursera в 2022 году совместная инициатива стала одним из стратегически значимых направлений трансформации национальной системы высшего образования. 🔗 Подробнее: gov.kz