ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігі

@gylym_jogary_bilim · education · Kazakh · active

Subscribers 60K Subscribers, last 30 days: 60.8K → 60K −200 24h · −700 7d
Reach per post (ERR) 1.6%972 avg views
Posting 8.4/day last 2 hours ago
Reactions per 1K views 6.9 👍 ❤ 🔥
viral · 2.8× typical

🔹 Alatau City аумағында Magdalen College білім беру мекемесін ашу мүмкіндігі қарастырылып жатыр Ұлыбританияға жұмыс сапары (Alatau City Roadshow) аясында ҚР Премьер-министрінің орынбасары Қанат Бозымбаев пен ҚР Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек Magdalen College халықаралық байланыстар жөніндегі төрағасы Ричард Салданьямен (Richard Saldanha) кездесті. Кездесудің негізгі тақырыбы Magdalen College-дің Қазақстанның білім беру нарығына шығу перспективалары мен Alatau City аумағында білім беру мекемесін ашу мүмкіндігі болды. Тараптар ынтымақтастықтың ықтимал форматтарын, жобаны іске асырудың ұйымдастырушылық және институционалдық шарттарын, сондай-ақ серіктестікті дамытудың алдағы қадамдарын талқылады. Alatau City-де қалыптасып жатқан білім беру инфрақұрылымына халықаралық озық тәжірибені енгізу мүмкіндіктеріне ерекше назар аударылды. 🔗 Толығырақ: gov.kz *** 🔹 В Alatau City рассматривается возможность открытия образовательного учреждения Magdalen College В рамках рабочей поездки в Великобританию (Alatau City Roadshow) заместитель Премьер-министра РК Канат Бозумбаев и министр науки и высшего образования РК Саясат Нурбек провели встречу с председателем по международным связям Magdalen College Ричардом Салданья (Richard Saldanha). Центральной темой переговоров стали перспективы выхода Magdalen College на образовательный рынок Казахстана и возможность открытия образовательного учреждения на территории Alatau City. Стороны обсудили потенциальные форматы сотрудничества, организационные и институциональные условия реализации проекта, а также дальнейшие шаги по развитию партнерства. Особое внимание было уделено возможностям интеграции международного образовательного опыта в формирующуюся образовательную инфраструктуру Alatau City. 🔗 Подробнее: gov.kz

Views over time

05001K1.5K2K4 Nov 11:0712 Nov 09:171.8K4 Nov 11:07: 0 views12 Nov 09:17: 1,750 views
Snapshots we took after posting.
WhenViews
4 Nov 2026, 11:070
12 Nov 2026, 09:171.8K

Who shared this post

Posts in other channels we index that link to this one. (Forwards with a hidden source can't be traced.)

Nobody yet.