📚Мәшһүр Жүсіп Көпейұлының сирек басылымдар жинағы ЮНЕСКО-ның «Әлем жады» өңірлік тізіліміне енгізілді Джакартада өткен ЮНЕСКО-ның «Әлем жады» бағдарламасы Азия-Тынық мұхиты өңірлік комитетінің (MOWCAP) отырысында «Ғылым ордасы» РМК қорында сақталған Мәшһүр Жүсіп Көпейұлының сирек басылымдар жинағы бағдарламаның өңірлік тізіліміне ресми түрде енгізілді. Аталған номинациялық өтінімді Қазақстан тарапы дайындады. Мәшһүр Жүсіп Көпейұлының шығармаларында ХІХ ғасырдың екінші жартысы мен ХХ ғасырдың басындағы қазақ қоғамының қоғамдық-саяси өмірі, рухани құндылықтары мен мәдени дәстүрлері кеңінен көрініс тапқан. Оның ағартушылық идеялар мен ғылым-білімге үндейтін туындылары қазақ халқының тарихи жадын, әдеби және мәдени мұрасын танытатын құнды дереккөздер болып саналады. 🔗 Толығырақ: gov.kz *** 📚Коллекция редких изданий Машхура Жусупа Копеева включена в региональный реестр ЮНЕСКО «Память мира» На заседании Азиатско-Тихоокеанского регионального комитета программы ЮНЕСКО «Память мира» (MOWCAP), состоявшемся в Джакарте, коллекция редких печатных изданий Машхура Жусупа Копеева, хранящаяся в фондах РГП «Ғылым ордасы», была официально включена в региональный реестр программы. Номинационная заявка была подготовлена казахстанской стороной. Произведения Машхура Жусупа Копееваотражают общественно-политическую жизнь казахского общества второй половины XIX – начала XX века и представляют собой ценные исторические источники, раскрывающие просветительские идеи, духовные ценности, литературные и культурные традиции казахского народа. Особое место в творческом наследии мыслителя занимают вопросы развития науки и образования, сохранения исторической памяти и национальной самобытности. 🔗 Подробнее: gov.kz