🎓 Satbayev University – 92 жылдық тарих, инновация және технологиялық даму Биыл Satbayev University-дің құрылғанына 92 жыл толды. Қазақстандағы ең көне техникалық жоғары оқу орындарының бірі осы жылдар ішінде академиялық дәстүрін сақтай отырып, инженерлік білім берудің заманауи тәсілдерін жүйелі түрде енгізіп келеді. «100 сұхбат» айдары аясында белгілі журналист Динара Сатжан университет ректоры Мейрам Бегентаевпен техникалық білімді дамыту, инновацияларды енгізу және қазіргі экономиканың сұранысына сай мамандар даярлау туралы әңгімелесті. Сұхбатта студенттерді тәжірибе арқылы оқытуға, халықаралық серіктестермен және бизнеспен ынтымақтастыққа, сондай-ақ университет инфрақұрылымын дамытуға ерекше назар аударылды. Таныстырылған жобалардың қатарында MIT-мен бірлесіп ашылған зертхана, пластикті қайта өңдейтін экологиялық хаб және студенттер заманауи электромобиль технологияларын меңгеретін Changan шеберханасы бар. Бүгінде Satbayev University білім, ғылым, технология және өндірісті тоғыстырып, еңбек нарығында сұранысқа ие инженер мамандарды даярлауға жағдай жасап отыр. 📌 Сұхбаттың толық нұсқасын сілтеме арқылы көре аласыз: https://youtu.be/c6kUoKriLts?si=7EAr_yv2mDhjkein *** 🎓 Satbayev University: 92 года истории, инноваций и технологического развития В этом году Satbayev University отмечает 92-летие со дня основания. За годы своей деятельности один из старейших технических вузов Казахстана прошел большой путь, сохранив академические традиции и последовательно внедряя современные подходы к инженерному образованию. В рамках рубрики «100 сұхбат» известная журналистка Динара Сатжан побеседовала с ректором университета Мейрамом Бегентаевым о развитии технического образования, внедрении инноваций и подготовке специалистов для современной экономики. В ходе интервью особое внимание уделено практико-ориентированному обучению, сотрудничеству с международными партнерами и бизнесом, а также развитию университетской инфраструктуры. Среди представленных проектов – лаборатория, созданная совместно с MIT, экологический хаб по переработке пластика и мастерская Changan, где студенты осваивают технологии современных электромобилей. Сегодня Satbayev University развивается как площадка, объединяющая образование, науку, технологии и промышленность, создавая условия для подготовки востребованных инженерных кадров. 📌 Полное интервью смотрите по ссылке: https://youtu.be/c6kUoKriLts?si=7EAr_yv2mDhjkein