🔹 Вице-Президент әл-Фараби мұрасына арналған халықаралық симпозиумға қатысты Вице-Президент Ерлан Қарин Әбу Насыр әл-Фарабидің философиялық және ғылыми мұрасына арналған «Философия. Этика. Болашақ» атты халықаралық симпозиумға қатысты. Әл-Фарабидің мұрасын дәріптеуге арналған халықаралық симпозиумды тұрақты түрде өткізу туралы бастаманы Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев көтерді. Биыл ғылыми форум Алматы қаласында әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде өтіп жатыр. Халықаралық симпозиумның ашылуында Ерлан Қарин Мемлекет басшысының құттықтау хатын оқып берді. Президент жиынға қатысушыларға жолдаған құттықтау хатында ұлы ойшылдардың озық идеяларын терең зерделеп, өскелең ұрпақ арасында кеңінен насихаттаудың, сондай-ақ оның бәрін заманауи ғылым тұрғысынан пайымдаудың маңызды екеніне тоқталды. – Әл-Фараби адамзатқа ортақ мызғымас құндылықтарды кеңінен дәріптеп, соңына теңдессіз мұра қалдырды. Оның парасатты адам және қайырымды қоғам туралы тұжырымдары ешқашан өзектілігін жоғалтпайды. Мұның бәрі ұлттық болмысымыздың ажырамас бөлігіне айналған «Таза Қазақстан», «Адал азамат» идеяларымен үндеседі, – деп атап өтті Қасым-Жомарт Тоқаев. 🔗 Толығырақ: https://www.akorda.kz/kz/vice-prezident-al-farabi-murasyna-arnalgan-halykaralyk-simpoziumga-katysty-6101333 *** 🔹 Вице-Президент принял участие в международном симпозиуме, посвященном наследию Аль-Фараби Вице-Президент Ерлан Карин принял участие в работе международного симпозиума «Философия. Этика. Будущее», посвященного философскому и научному наследию Абу Насыра Аль-Фараби. Инициативу о проведении на постоянной основе симпозиума по наследию Аль-Фараби выдвинул Глава государства Касым-Жомарт Токаев. В этом году научный форум проходит в Казахском национальном университете имени Аль-Фараби в Алматы. На церемонии открытия Ерлан Карин зачитал приветственный адрес Главы государства. В своем обращении к участникам форума Президент отметил важность глубокого изучения и популяризации прогрессивных идей великих мыслителей среди подрастающего поколения, а также их осмысления в контексте современной науки. – Аль-Фараби продвигал непреходящие общечеловеческие ценности, оставив после себя уникальное наследие. Его учение о благоразумном человеке и добродетельном обществе никогда не утратит своей актуальности. Воззрения аль-Фараби в полной мере созвучны идеям «Таза Қазақстан» и «Адал азамат», ставшим неотъемлемой частью нашей национальной идентичности, – подчеркнул Касым-Жомарт Токаев. 🔗 Подробнее: https://www.akorda.kz/ru/vice-prezident-prinyal-uchastie-v-mezhdunarodnom-simpoziume-posvyashchennom-naslediyu-al-farabi-6105930