ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігі

@gylym_jogary_bilim · education · Kazakh · active

Subscribers 60K Subscribers, last 30 days: 60.8K → 60K −200 24h · −700 7d
Reach per post (ERR) 1.6%972 avg views
Posting 8.4/day last 2 hours ago
Reactions per 1K views 6.9 👍 ❤ 🔥
viral · 2.6× typical

🧬 ҚазҰУ-да биотехнология саласының 2036 жылға дейінгі даму бағыты айқындалды Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде «Қазақстан Республикасында 2036 жылға дейін биотехнологияларды дамытудың перспективалары» тақырыбында дөңгелек үстел өтті. Алқалы жиында министрлік өкілдері, жетекші ғалымдар, сарапшылар мен өндіріс көшбасшылары саланы өркендету және бәсекеге қабілетті білікті мамандар даярлаудың өзекті мәселелерін талқылады. Шараны ашқан ҚР Ғылым және жоғары білім вице-министрі Гүлзат Көбенова биотехнологияның отандық экономикадағы стратегиялық рөліне ерекше назар аударды. Оның айтуынша, бұл бағыт – елдің технологиялық тәуелсіздігін қамтамасыз ететін және жаңа жұмыс орындарын ашатын басты қозғаушы күштердің бірі. «Жоғары білім беру жүйесінің басты міндеті – білім беру бағдарламаларының санында емес, түлектердің заманауи биотехнологиялық шешімдерді өндіріске енгізе алуында. Ғылыми зерттеу нәтижелерін нақты өнімге айналдырып, оны өнеркәсіптік деңгейге жеткізе білуіміз қажет», - деді вице-министр. Сонымен қатар ол ғылыми әзірлемелерді өндіріске енгізуді жеделдететін жаңа ұлттық стандарттың маңыздылығын атап өтті. 🔗 Толығырақ: gov.kz *** 🧬 В КазНУ определили векторы развития биотехнологий до 2036 года В Казахском национальном университете имени аль-Фараби состоялся круглый стол «Перспективы развития биотехнологий в Республике Казахстан до 2036 года». Мероприятие собрало представителей профильных министерств, ведущих ученых, экспертов и лидеров индустрии для выработки консолидированных решений по развитию отрасли и подготовке кадров. Открывая мероприятие, вице-министр науки и высшего образования РК Гульзат Кобенова акцентировала внимание на стратегической роли биотехнологий в национальной экономике. По ее словам, эта отрасль выступает одним из ключевых драйверов, способных обеспечить технологическую независимость страны и создать новые рабочие места. «Главная задача системы высшего образования заключается не в количестве образовательных программ, а в способности выпускников применять современные биотехнологические решения на практике. Мы должны уметь трансформировать результаты научных исследований в реальный продукт и доводить его до промышленного уровня», – подчеркнула вице-министр. Кроме того, Гульзат Кобенова отметила особую значимость нового национального стандарта, призванного ускорить коммерциализацию и внедрение научных разработок в производство. 🔗 Подробнее: gov.kz

Views over time

05001K1.5K2K5 Nov 07:0912 Nov 09:171.6K5 Nov 07:09: 0 views12 Nov 09:17: 1,640 views
Snapshots we took after posting.
WhenViews
5 Nov 2026, 07:090
12 Nov 2026, 09:171.6K

Who shared this post

Posts in other channels we index that link to this one. (Forwards with a hidden source can't be traced.)

Nobody yet.