ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігі

@gylym_jogary_bilim · education · Kazakh · active

Subscribers 60.5K Subscribers, last 30 days: 60.8K → 60.5K −100 24h
Reach per post (ERR) 2.2%1.3K avg views
Posting 6.1/day last 2 days ago
Reactions per 1K views 6.1 👍 ❤ 🔥
edited

📄 Астанада қабылдау емтихандарына арналған халықаралық конференция өтіп жатыр 16 қазанда Астанада ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігінің Ұлттық тестілеу орталығы ұйымдастырған «Қарқынды өзгеріс әлеміндегі қабылдау емтихандары» атты халықаралық конференция басталды. Іс-шараға білім беру саласындағы бағалау мәселелерімен айналысатын халықаралық ұйымдардың өкілдері, ұлттық емтихан орталықтарының басшылары, ғалымдар, сарапшылар және жоғары оқу орындарының өкілдері қатысып жатыр. Қатысушылар қатарында АҚШ-тың ETS, College Board ұйымдары, Ұлыбританияның AQA Global ұйымы, Канаданының Vretta мамандары, Ресейдің ВШЭ мамандары, сондай-ақ Түркия, Әзербайжан, Қырғызстан және Өзбекстан сарапшылары бар. Пленарлық отырыста ҚР Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек сөз сөйледі. Ол конференцияның қабылдау емтихандары мен талапкерлердің білімін бағалау саласындағы халықаралық тәжірибе алмасуға және өзгермелі әлем талаптарына сай іріктеудің жаңа тәсілдерін талқылауға мүмкіндік беретін маңызды алаң екенін атап өтті. Министр жоғары білім саласындағы халықаралық ынтымақтастықты дамыту Мемлекет басшысы айқындаған интернационалдандыру бағытына сәйкес келетінін және Қазақстанның білім беру жүйесінің жаһандық білім кеңістігіне ықпалдасуына ықпал ететінін жеткізді. 🔗 Толығырақ: gov.kz *** 📄 Астане проходит международная конференция по вступительным экзаменам 16 октября в Астане стартовала международная конференция «Вступительные экзамены в быстро меняющемся мире», организованная Национальным центром тестирования МНВО РК. В мероприятии принимают участие представители международных организаций в сфере образовательного оценивания, руководители национальных экзаменационных центров, ученые, эксперты и представители высших учебных заведений. Среди участников – специалисты ETS, College Board (США), AQA Global (Великобритания), Vretta (Канада), ВШЭ (Россия), а также эксперты из Турции, Азербайджана, Кыргызстана и Узбекистана. В рамках пленарного заседания выступил министр науки и высшего образования РК Саясат Нурбек. Он подчеркнул, что конференция является важной площадкой для международного обмена опытом в сфере вступительного оценивания и поиска новых подходов к отбору абитуриентов с учетом требований меняющегося мира. Министр также отметил, что развитие международного сотрудничества в сфере высшего образования соответствует курсу на интернационализацию, обозначенному Главой государства, и способствует интеграции казахстанской системы образования в глобальное образовательное пространство. 🔗 Подробнее: gov.kz

Views over time

010K20K16 Oct 08:2212 Nov 09:1718.6K16 Oct 08:22: 0 views12 Nov 09:17: 18,600 views
Snapshots we took after posting.
WhenViews
16 Oct 2026, 08:220
12 Nov 2026, 09:1718.6K

Who shared this post

Posts in other channels we index that link to this one. (Forwards with a hidden source can't be traced.)

Nobody yet.