ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігі

@gylym_jogary_bilim · education · Kazakh · active

Subscribers 59.9K Subscribers, last 30 days: 60.8K → 60K −200 24h · −700 7d
Reach per post (ERR) 1.5%910 avg views
Posting 8.4/day last 28 minutes ago
Reactions per 1K views 6.8 👍 ❤ 🔥
repost from Aqorda 🇰🇿

Қасым-Жомарт Тоқаевтың пайымдауынша, бұл бастамалар инвестиция мен адам капиталы болмаса түбегейлі нәтиже бермейді – Бұдан мың жылдан астам уақыт бұрын ұлы философ әрі ғалым әл-Фараби қоғамның қуаты оның халқының білімі мен адамгершілік қасиеттерінде екенін айтқан. Сондықтан Ұйымға мүше мемлекеттерді АӨСШК-нің адами капитал саласындағы әріптестік орнатуға шақырамын. Мақсат – жас ұрпақты технологиялық, экономикалық және геосаяси жаңғырулар екпінімен сәт сайын өзгеріп жатқан әлемге бейімдеу. Біз осы маңызды мәселені шешуге үлес қосу үшін сарапшылық тәжірибемізді, маңдайалды университеттер мен ғылыми-зерттеу ұйымдарының әлеуетін ұсынуға дайынбыз. Келесі жылы қауіпсіздік пен сенімді нығайту саласындағы ғылыми зерттеуге арналған стипендиялық бағдарлама іске қосылуы ықтимал. Қазақстан Ұйымға мүше 28 мемлекеттің студенттеріне шәкіртақы ұсынуға, сондай-ақ ғалымдарға зерттеу гранттарын беруге әзір, – деді Мемлекет басшысы. 🔹Қазақстан Президенті сөз соңында Әзербайжанның Азиядағы өзара іс-қимыл және сенім шаралары жөніндегі кеңеске төрағалығын табысты жалғастыруына тілектес екенін жеткізді. Сондай-ақ бүгін қабылданған Баку декларациясы алдағы жұмысқа берік негіз қалайтынына сенім білдірді. t.me/aqorda_resmi

Views over time

05001K1.5K15 Oct 13:1212 Nov 09:171.4K15 Oct 13:12: 0 views12 Nov 09:17: 1,360 views
Snapshots we took after posting.
WhenViews
15 Oct 2026, 13:120
12 Nov 2026, 09:171.4K

Who shared this post

Posts in other channels we index that link to this one. (Forwards with a hidden source can't be traced.)

Nobody yet.