🔬 Astana Hub пен Бельгияның Гент университетінің ЖИ мен математика саласындағы бірлескен зертханасы ашылады Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевқа, Бельгиялықтар Королі Филипп пен Патшайым Матильдаға Қазақстан-Бельгия бірлескен жасанды интеллект және математика зертханасының жұмысы таныстырылды. Astana Hub пен Гент университеті Alem.ai орталығында жасанды интеллект пен математика саласындағы бірлескен зертхана ашады. Жаңа зертхана екі ел ғалымдарының ғылыми ынтымақтастығын нығайтуға, жас мамандарды даярлауға, технологиялық стартаптарды дамытуға және халықаралық ғылыми қаржыландыру тартуға бағытталған. AI Labs тұжырымдамасының бір бөлігі ретінде зертхана әлемнің жетекші университеттерімен ғылыми байланыстарды кеңейтуге үлес қосады. Оның қызметі іргелі математикалық зерттеулерді жасанды интеллект саласындағы қолданбалы міндеттермен ұштастыруға негізделеді. Атап айтқанда, оңтайландыру әдістері, статистика және ықтималдықтар теориясы жасанды интеллект модельдерін әзірлеу мен оқытуда маңызды рөл атқарады. Зертхана аясында NeuroLearn және ParkScreen бастамаларын дамыту жоспарланып отыр. NeuroLearn жобасы жасанды интеллект, нейроғылым және бейімдеп оқыту бағыттарындағы зерттеулерге арналса, ParkScreen Паркинсон ауруын ерте анықтауға арналған ЖИ-скрининг әдістерін әзірлеуге бағытталған. 🔗 Толығырақ: gov.kz *** 🔬 Astana Hub и Гентский университет Бельгии откроют совместную лабораторию в области ИИ и математики Президенту Республики Казахстан Касым-Жомарту Токаеву, Королю бельгийцев Филиппу и Королеве Матильде была представлена деятельность совместной казахстанско-бельгийской лаборатории искусственного интеллекта и математики. Astana Hub и Гентский университет откроют совместную лабораторию на базе центра Alem.ai. Она будет направлена на укрепление научного сотрудничества между учеными двух стран, подготовку молодых специалистов, развитие технологических стартапов и привлечение международного финансирования для научных исследований. Лаборатория станет частью концепции AI Labs, направленной на расширение научных связей с ведущими университетами мира. Ее деятельность будет основана на интеграции фундаментальных математических исследований с прикладными задачами искусственного интеллекта. В частности, методы оптимизации, статистика и теория вероятностей играют важную роль в разработке и обучении моделей искусственного интеллекта. В рамках лаборатории планируется развивать инициативы NeuroLearn и ParkScreen. Проект NeuroLearn предполагает исследования на стыке искусственного интеллекта, нейронауки и адаптивного обучения, а ParkScreen направлен на разработку ИИ-методов скрининга для раннего выявления болезни Паркинсона. 🔗 Подробнее: gov.kz