ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігі

@gylym_jogary_bilim · education · Kazakh · active

Subscribers 59.9K Subscribers, last 30 days: 60.8K → 60K −200 24h · −700 7d
Reach per post (ERR) 1.5%910 avg views
Posting 8.4/day last 28 minutes ago
Reactions per 1K views 6.8 👍 ❤ 🔥

🇰🇿🇧🇪 Қазақстан мен Бельгия білім беру мен ғылыми зерттеулерде жасанды интеллектіні қолдану мәселелерін талқылады Қазақстан-Бельгия ректорлар форумы аясында жоғары білім мен ғылыми зерттеулерде жасанды интеллектіні қолдану, сондай-ақ көптілді академиялық коммуникацияны дамыту перспективаларына арналған жұмыс сессиясы өтті. Екі елдің университеттері мен ғылыми ұйымдарының өкілдері тәжірибе алмасып, бірлескен білім беру және зерттеу бастамаларын дамыту мүмкіндіктерін талқылады. Сессияға Қазақстан мен Бельгия университеттерінің басшылары, ғылыми қауымдастық өкілдері және цифрлық технологиялар саласындағы сарапшылар қатысты. Қатысушыларға ҚР Ғылым және жоғары білім вице-министрі Гүлзат Көбенова, Хасселт университетінің ректоры, Фламандия университетаралық кеңесінің президенті Бернард Ванхесден және Бельгияның французтілді университеттері ректорлары кеңесінің вице-президенті Франсуаза Сметс құттықтау сөз сөйледі. Вице-министр Гүлзат Көбенова өз сөзінде жоғары білім, ғылым және инновациялар саласындағы халықаралық ынтымақтастықтың негізгі бағыттарын атап өтті. Ол жасанды интеллектіні дамытуға, қазақстандық ғалымдардың халықаралық зерттеу бағдарламаларына қатысуына, сондай-ақ университеттер мен өндіріс арасындағы байланысты нығайтуға ерекше назар аударды. 🔗 Толығырақ: gov.kz *** 🇰🇿🇧🇪 Казахстан и Бельгия обсудили применение искусственного интеллекта в образовании и научных исследованиях В рамках Казахстанско-Бельгийского форума ректоров состоялась рабочая сессия, посвященная перспективам применения искусственного интеллекта в высшем образовании, научных исследованиях и многоязычной академической коммуникации. Представители университетов и научных организаций двух стран обменялись опытом и обсудили возможности развития совместных образовательных и исследовательских инициатив. Сессия объединила руководителей казахстанских и бельгийских университетов, представителей научного сообщества и экспертов в области цифровых технологий. С приветственными словами к участникам обратились вице-министр науки и высшего образования РК Гульзат Кобенова, ректор Хасселтского университета, президент Фламандского межуниверситетского совета Бернар Ванхесден, а также вице-президент Совета ректоров франкоязычных университетов Бельгии Франсуаза Сметс. 🔗 Подробнее: gov.kz

Views over time

01K2K13 Oct 16:4012 Nov 09:172.2K13 Oct 16:40: 0 views12 Nov 09:17: 2,160 views
Snapshots we took after posting.
WhenViews
13 Oct 2026, 16:400
12 Nov 2026, 09:172.2K

Who shared this post

Posts in other channels we index that link to this one. (Forwards with a hidden source can't be traced.)

Nobody yet.