ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігі

@gylym_jogary_bilim · education · Kazakh · active

Subscribers 59.9K Subscribers, last 30 days: 60.8K → 60K −200 24h · −700 7d
Reach per post (ERR) 1.5%910 avg views
Posting 8.4/day last 32 minutes ago
Reactions per 1K views 6.8 👍 ❤ 🔥

⚠️ ExoAI: Astana IT University студенті ЖИ пайдалану кезінде корпоративтік деректерді қорғау шешімін әзірледі AI-Sana көрмесі аясында Astana IT University студенті Айғаным Тулебаева корпоративтік үдерістерде үлкен тілдік модельдерді (LLM) пайдалану кезіндегі киберқауіпсіздікті арттыруға бағытталған ExoAI жобасын таныстырды. Бұл шешім құпия ақпараттың сыртқы жасанды интеллект сервистеріне берілуіне жол бермеуге және корпоративтік деректердің таралып кету қаупін азайтуға мүмкіндік береді. Бүгінде жасанды интеллект құралдары шағын және орта бизнесте де, қаржы секторындағы ұйымдарды қоса алғанда ірі компанияларда да кеңінен қолданылады. Олардың көмегімен қызметкерлер күнделікті қайталанатын міндеттерді автоматтандырып, жұмыс тиімділігін арттырады. Сонымен қатар ашық ЖИ-сервистерді пайдалану ақпараттық қауіпсіздік саласында жаңа сын-қатерлер туындатады. Атап айтқанда, нейрожелілермен жұмыс істеу кезінде қызметкерлер жеке деректерді, банктік деректемелерді және корпоративтік маңызы бар өзге де құпия ақпаратты байқаусызда сыртқы сервистерге жіберуі мүмкін. ExoAI – Zero Trust («нөлдік сенім») қағидаты бойынша жұмыс істейтін, компанияның ішкі инфрақұрылымы мен сыртқы үлкен тілдік модельдер арасында аралық буын қызметін атқаратын прокси-сервер. Жүйе жіберілетін деректерді талдап, құпия ақпаратты анықтайды және оны қорғалған токендермен немесе шифрланған белгілермен алмастырады. Осылайша, бастапқы деректер ашық күйінде жария тілдік модельге берілмейді. 🔗 Толығырақ: gov.kz *** ⚠️ ExoAI: студентка Astana IT University разработала решение для защиты корпоративных данных при использовании ИИ В рамках выставки AI-Sana студентка Astana IT University Айганым Тулебаева представила проект ExoAI, направленный на повышение кибербезопасности при использовании больших языковых моделей (LLM) в корпоративных процессах. Решение позволяет предотвращать передачу конфиденциальной информации во внешние ИИ-сервисы и снижать риски утечки корпоративных данных. Сегодня инструменты искусственного интеллекта активно применяются как в малом и среднем бизнесе, так и в крупных компаниях, включая организации финансового сектора. С их помощью сотрудники автоматизируют рутинные задачи и повышают эффективность работы. Вместе с тем использование публичных ИИ-сервисов создает новые вызовы в сфере информационной безопасности: при работе с нейросетями сотрудники могут случайно передавать персональные данные, банковские реквизиты и другую чувствительную корпоративную информацию. ExoAI представляет собой прокси-сервер, работающий по принципу Zero Trust («нулевого доверия») и выступающий промежуточным звеном между внутренней инфраструктурой компании и внешними большими языковыми моделями. Система анализирует передаваемые данные, выявляет конфиденциальную информацию и заменяет ее защищенными токенами или зашифрованными значениями. Благодаря этому исходные данные не передаются публичной языковой модели в открытом виде. 🔗 Подробнее: gov.kz

Views over time

05001K1.5K15 Oct 07:2412 Nov 09:171.3K15 Oct 07:24: 0 views12 Nov 09:17: 1,280 views
Snapshots we took after posting.
WhenViews
15 Oct 2026, 07:240
12 Nov 2026, 09:171.3K

Who shared this post

Posts in other channels we index that link to this one. (Forwards with a hidden source can't be traced.)

Nobody yet.