ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігі

@gylym_jogary_bilim · education · Kazakh · active

Subscribers 60.5K Subscribers, last 30 days: 60.8K → 60.5K −100 24h
Reach per post (ERR) 2.2%1.3K avg views
Posting 6.1/day last 2 days ago
Reactions per 1K views 6.1 👍 ❤ 🔥
viral · 3.6× typical

▪️ ҰЛТТЫҚ ҒЫЛЫМ АКАДЕМИЯСЫНА – 80 ЖЫЛ: ҒЫЛЫМҒА ҚЫЗМЕТ, ТАРИХИ САБАҚТАСТЫҚ ЖӘНЕ БОЛАШАҚ КӨКЖИЕГІ 17 қазанда Қазақстан Республикасы Ұлттық ғылым академиясының 80 жылдығына арналған салтанатты жиын өтті. 1946 жылы Қаныш Сәтбаевтың бастамасымен құрылған Академияның сексен жылдық тарихы – отандық ғылымның қалыптасуы мен өркендеуінің, іргелі ғылыми мектептердің орнығуы мен бірнеше буын ғалымдардың қажырлы еңбегінің шежіресі. Мерейтойлық жиын осы бай ғылыми мұраны бүгінгі технологиялық жаңғырумен сабақтастырып, Қазақстан ғылымының болашақ даму бағдарын айқындайтын халықаралық деңгейдегі маңызды оқиғасы болды. Салтанатты жиынға мемлекеттік органдар мен шетелдік ғылым академияларының басшылары, Академия мүшелері, жетекші отандық және шетелдік ғалымдар, қоғам қайраткерлері, бизнес қауымдастығының өкілдері, жоғары оқу орындары мен ғылыми ұйымдардың бірінші басшылары, халықаралық әріптестер және жас зерттеушілер қатысты. ✍️ Салтанатты жиынды ҚР Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек ашып, Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Ұлттық ғылым академиясының 80 жылдығына арналған арнайы Құттықтау хатын оқып берді. Президент өз құттықтауында Қаныш Сәтбаев негізін қалаған Академияның отандық ғылымды дамытудағы тарихи рөліне тоқталып, оның еліміздің индустриялық, экономикалық және зияткерлік әлеуетін нығайтуға қосқан елеулі үлесін атап өткен. «Биыл бірінші шілдеде күшіне енген жаңа Конституцияда алғаш рет адам капиталын, білімді, ғылымды, инновацияны өркендету мемлекеттің стратегиялық міндеті ретінде бекітілді», – делінген Президент құттықтауында. 🔗 Толығырақ: gov.kz *** ▪️ НАЦИОНАЛЬНОЙ АКАДЕМИИ НАУК – 80 ЛЕТ: СЛУЖЕНИЕ НАУКЕ, ИСТОРИЧЕСКАЯ ПРЕЕМСТВЕННОСТЬ И ГОРИЗОНТЫ БУДУЩЕГО 17 октября состоялось торжественное собрание, посвященное 80-летию Национальной академии наук Республики Казахстан. Восьмидесятилетняя история Академии, созданной в 1946 году по инициативе Каныша Сатпаева, – это летопись становления и развития отечественной науки, формирования фундаментальных научных школ и самоотверженного труда нескольких поколений учёных. Юбилейное собрание стало важным событием международного масштаба, объединившим богатое научное наследие с современными процессами технологической модернизации и обозначившим ориентиры дальнейшего развития науки Казахстана. В торжественном собрании приняли участие руководители государственных органов и зарубежных академий наук, члены Академии, ведущие казахстанские и зарубежные учёные, общественные деятели, представители бизнес-сообщества, руководители высших учебных заведений и научных организаций, международные партнёры и молодые исследователи. ✍️ Торжественное собрание открыл министр науки и высшего образования РК Саясат Нурбек, зачитавший специальное поздравительное письмо Главы государства Касым-Жомарта Токаева по случаю 80-летия Национальной академии наук. В своем поздравлении Президент подчеркнул историческую роль Академии, основанной Канышом Сатпаевым, в развитии отечественной науки и отметил её значительный вклад в укрепление индустриального, экономического и интеллектуального потенциала страны. «В новой Конституции, вступившей в силу 1 июля текущего года, впервые развитие человеческого капитала, образования, науки и инноваций закреплено в качестве стратегической задачи государства», – говорится в поздравлении Президента. 🔗 Подробнее: gov.kz

Views over time

01K2K3K4K17 Oct 15:0512 Nov 09:173.2K17 Oct 15:05: 0 views12 Nov 09:17: 3,190 views
Snapshots we took after posting.
WhenViews
17 Oct 2026, 15:050
12 Nov 2026, 09:173.2K

Who shared this post

Posts in other channels we index that link to this one. (Forwards with a hidden source can't be traced.)

Nobody yet.