🔶Қазақстандық жоғары оқу орындарының халықаралық рейтингтердегі көрсеткіші жақсарды Соңғы жылдары білім беру мен ғылыми зерттеулердің сапасын арттыруға бағытталған жұмыстардың нәтижесінде отандық университеттердің халықаралық рейтингтердегі саны өскен. Бұл туралы ОКҚ алаңында ҚР ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек мәлімдеді. Оның айтуынша, биыл жарияланған QS және Times Higher Education (THE) рейтингтерінде қазақстандық университеттер бірқатар жоғары нәтижеге қол жеткізді. Атап айтқанда, QS әлемдік рейтингінде 18 отандық жоғары оқу орны, ал Times Higher Education рейтингінде 10 университет енді. Соңғы бес жылда THE рейтингіндегі қазақстандық университеттер саны 3-тен 10-ға дейін өскен. Сонымен қатар, QS Asia рейтингінде Қазақстанның 51 университеті қамтылды. Оның ішінде Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті, Satbaev university және әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті үздік 100 университеттің қатарына енді. «Қазақстан жаһандық инновациялар индексінде (GII) соңғы он жылдағы ең жоғары нәтижесін көрсетіп, 73-орынға тұрақтады. Орталық Азияда бірінші, Оңтүстік Азияда екінші орынға ие болды», – деді спикер баспасөз конференциясында. 🔶Позиции казахстанских вузов в международных рейтингах улучшились В последние годы благодаря работе по повышению качества образования и научных исследований увеличилось число отечественных университетов, представленных в международных рейтингах. Об этом сообщил министр науки и высшего образования РК Саясат Нурбек на площадке СЦК. По его словам, в опубликованных в этом году рейтингах QS и Times Higher Education (THE) казахстанские университеты добились ряда высоких результатов. В мировой рейтинг QS вошли 18 отечественных вузов, а в рейтинг Times Higher Education – 10 университетов. За последние пять лет число казахстанских вузов в рейтинге THE выросло с трёх до десяти. Кроме того, в рейтинге QS Asia представлен 51 университет Казахстана. Евразийский национальный университет имени Л. Н. Гумилёва, Satbayev University и Казахский национальный университет имени аль-Фараби вошли в число 100 лучших университетов. «В Глобальном инновационном индексе (GII) Казахстан показал лучший за последние десять лет результат, заняв 73-е место. Страна стала первой в Центральной Азии и второй в Южной Азии», – сказал спикер на пресс-конференции. @ortcom_kz #CCS