🔶Диплом жазу кезінде ЖИ қолдануға бола ма – министрдің жауабы Қазақстан білім беру үдерісіне ЖИ-ді белсенді енгізе бастаған алғашқы елдердің бірі болды. Бұл ретте негізгі қағида – ЖИ студентке көмектесуі керек, бірақ оның өз жұмысын алмастырмауға тиіс. Жасанды интеллект элементтерін студенттік және ғылыми жұмыстарды жазу кезінде бірқатар талаптарды сақтай отырып пайдалануға болады. Бұл туралы ҚР ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек ОКҚ алаңында өткен баспасөз конференциясында журналистің сауалына берген жауабында мәлімдеді. «Біріншіден, студент немесе зерттеуші өз қорытындысын жасауға тиіс аналитикалық бөлімдерді, тұжырымдар мен қорытындыларды жазу кезінде алгоритмдерді қолдануға болмайды. Екіншіден, ЖИ немесе алгоритмдердің нәтижелерін пайдаланған жағдайда міндетті түрде сілтеме жасау қажет. Яғни, «осы бөлімді мен белгілі бір алгоритмнің көмегімен алдым, ол деректерді өңдеп, маған осындай нәтижелер берді» деп көрсету керек», – деді спикер. Студенттік жұмыстарда ЖИ қолданудың рұқсат етілген көлемін әрбір жоғары оқу орны өз бетінше айқындайды. Министрдің айтуынша, бүгінде әлемнің барлық білім беру жүйесінің алдында жасанды интеллектіні қолдануда дұрыс тепе-теңдік табу міндеті тұр. Қазіргі уақытта ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігі тест әзірлеу саласындағы жетекші халықаралық компаниялардың бірі ETS-пен бірлесіп, тестілеудің жаңа форматын әзірлеуде. Ол білім көлемін ғана емес, логикалық ойлауды, ойлау жүйесінің құрылымын, цифрлық сауаттылықты және жеке тұлғаның жекелеген қасиеттерін де бағалайтын болады. Министрдің сөзінше, жаңа тест келесі жылы пилоттық режимде іске қосылмақ. 🔶Можно ли использовать ИИ при написании диплома – ответ министра Казахстан стал одной из первых стран, где ИИ начали активно внедрять в образовательный процесс. При этом основной принцип – ИИ должен помогать студенту, а не подменять его работу. Элементы ИИ можно использовать при написании студенческих и исследовательских работ, но при соблюдении ряда условий. Об этом рассказал министр науки и высшего образования Саясат Нурбек на пресс-конференции в СЦК, отвечая на вопрос журналиста. «Первое – нельзя использовать алгоритмы при написании аналитических частей, выводов, заключений, где должен сам студент, исследователь дать свое заключение. Следующее – при использовании ИИ либо результатов алгоритмов обязательно нужно цитировать, что «да, этот кусок я получил при помощи такого-то алгоритма, он обработал и дал мне такие-то данные», – сказал спикер. Допустимый объем использования ИИ в студенческих работах каждый вуз определяет самостоятельно. По словам министра, перед образовательными системами во всем мире стоит задача найти правильный баланс. В настоящее время Министерство науки и высшего образования РК совместно с ведущей мировой компанией по разработке тестов ETS готовит новый формат теста, который будет оценивать не только объем знаний, но и логическое мышление, структуру мышления, цифровую грамотность, отдельные личностные данные. По словам министра, новый тест в пилотном режиме планируют запустить в следующем году. @ortcom_kz #CCS