▪️ Ғылым және жоғары білім саласын дамытудың негізгі бағыттары Қазақстанда Мемлекет басшысының тапсырмаларын іске асыру аясында жоғары білімнің қолжетімділігін арттыру, студенттерді қолдау, халықаралық ынтымақтастықты кеңейту, жасанды интеллектіні енгізу және ғылымды дамыту бағытында жүйелі жұмыстар жүргізіліп жатыр. 🔹 Жоғары білімнің қолжетімділігі. Соңғы жеті жылда 655,7 мың мемлекеттік білім беру гранты бөлініп, 240 мыңнан астам білім беру жинақтау салымы ашылды. 🔹 Студенттерді әлеуметтік қолдау. 2020 жылмен салыстырғанда шәкіртақы екі есеге өсті. 2018-2025 жылдары 72 125 орындық 281 жатақхана салынып, қайта жаңартылды. Жатақхана орындарының тапшылығы 16 есеге жуық қысқарды. 🔹 Халықаралық ынтымақтастық. Қазақстанда шетелдік жоғары оқу орындарының 33 филиалы ашылды. Шетелдік студенттер саны 41 мыңға жуындады. QS World University Rankings 2026 рейтингіне еліміздің 18 университеті енді. 🔹 Еңбек нарығына қажетті кадрлар даярлау. «Мамандығым – болашағым» жобасы аясында еліміздің 20 өңірінде кадрларға қажеттіліктің өңірлік карталары әзірленді. 🔹 Жасанды интеллектіні дамыту. 31 университетте ЖИ бойынша 44 білім беру бағдарламасы іске асырылады. AI-Sana аясында 706 мың студент оқытылып, 515 ЖИ жобасы әзірленді. 🔹 Ғылымды қаржыландыру. Ғылыми-зерттеу және тәжірибелік-конструкторлық жұмыстарға жұмсалатын ішкі шығындар 2019-2025 жылдары 3,2 есеге өсіп, 261,5 млрд теңгеге жетті. 🔹 Ғалымдарды қолдау. Жас ғалымдар саны 14 323 адамға жетті. 812 жас ғалым баспанамен қамтамасыз етілді. 🔹 Ғылыми инфрақұрылым. 2035 жылға дейін Алматы, Курчатов және Астана қалаларында үш ғылыми қалашықты құру жоспарланған. Аталған шаралар жоғары білім сапасын арттыруға, ғылыми әлеуетті нығайтуға және Қазақстанның инновациялық дамуын қамтамасыз етуге бағытталған.