🔶Қазақстанда 706 мыңнан астам студент жасанды интеллект негіздерін меңгерді Қазіргі уақытта оқу бағдарламаларының 76%-ына ЖИ элементтері енгізілді. Қазіргі уақытта «AI-Sana» бағдарламасы іске қосылды. Былтырдан бастап ЖИ негіздерін міндетті түрде оқыту енгізілді. Нәтижесінде 706 мыңнан астам бакалавр студенті базалық курстармен қамтылды. Магистранттар мен докторанттарға да ЖИ бойынша білім беру жүргізілуде. «Бағдарлама аясында жыл сайын 100 мың студентті тереңдетілген ЖИ курстарына тарту жоспарланған. Олардың ішінен шамамен 60 мыңы Astana Hub-пен бірлескен акселерациялық бағдарламаларға қатысып, өздерінің ЖИ агенттерін әзірлеуге мүмкіндік алады. Қазіргі таңда 104 мың студенттің 67 мыңнан астамы бағдарламаның екінші кезеңін сәтті аяқтап, сертификат алған. Сондай-ақ қатысушылар әзірлеген 500-ден астам ЖИ агенті іске қосылды», – деді ҚР ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек ОКҚ алаңында өткен баспасөз конференциясында. Оның айтуынша, Қазақ-Британ техникалық университетінің студенттері «ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясы үшін «КМГ AI» арнайы агентін әзірлеген. Ол мұнай өндіруден бастап, дайын өнімнің жанармай базаларына жеткізілуіне дейінгі ақпаратты бір жүйеге жинақтап, ахуалдық орталық операторларына чат-бот арқылы жедел ұсынуға мүмкіндік береді. 🔶В Казахстане более 706 тыс. студентов освоили основы искусственного интеллекта В настоящее время элементы искусственного интеллекта включены в 76% учебных программ. Запущена программа «AI-Sana». С прошлого года введено обязательное обучение основам ИИ. В результате базовые курсы прошли более 706 тыс. студентов бакалавриата. Обучение по ИИ также проводится для магистрантов и докторантов. «В рамках программы ежегодно планируется привлекать 100 тыс. студентов к углубленным курсам по ИИ. Около 60 тыс. из них смогут участвовать в акселерационных программах совместно с Astana Hub и разрабатывать собственных ИИ-агентов. Сейчас из 104 тыс. студентов более 67 тыс. успешно завершили второй этап программы и получили сертификаты. Кроме того, запущено более 500 ИИ-агентов, разработанных участниками», – сообщил министр науки и высшего образования РК Саясат Нурбек на пресс-конференции в СЦК. По его словам, студенты Казахстанско-Британского технического университета разработали специального ИИ-агента «КМГ AI» для национальной компании «КазМунайГаз». Он объединяет в одной системе информацию – от добычи нефти до доставки готовой продукции на нефтебазы – и позволяет оперативно предоставлять ее операторам ситуационного центра через чат-бот. @ortcom_kz #CCS