🟠Ғылым мен жоғары білім саласын дамытудың негізгі жетістіктері мен басым бағыттары таныстырылды ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінде Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбектің қатысуымен «Ғылым және жоғары білім саласының негізгі бағыттары туралы» тақырыбында баспасөз конференциясы өтті. Брифинг барысында ведомство басшысы Мемлекет басшысының тапсырмаларын іске асыру аясында атқарылған жұмыстардың нәтижелерін таныстырды. Атап айтқанда, жоғары білімнің қолжетімділігін арттыру, студенттерді әлеуметтік қолдау, халықаралық академиялық ынтымақтастықты кеңейту, жасанды интеллект технологияларын енгізу, ғылыми әлеуетті нығайту және ғылымды қаржыландыру тетіктерін жетілдіру бағытында жүзеге асырылып жатқан шараларға ерекше назар аударылды. Министрдің айтуынша, елімізде жоғары білімнің қолжетімділігін кеңейту және азаматтардың білім алуына қолайлы жағдай жасау бағытында жүйелі шаралар қабылданып келеді. Соңғы жеті жылда жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білімі бар кадрларды даярлауға 655,7 мың мемлекеттік білім беру гранты бөлінді. Сонымен қатар 240 мыңнан астам білім беру жинақтау салымы ашылды. Оның ішінде «Келешек» бағдарламасы аясындағы 120 686 салымның жалпы сомасы 49,8 млрд теңгені құрайды. Студенттерді әлеуметтік қолдау және білім беру инфрақұрылымын дамыту мәселелеріне ерекше назар аударылған. 2020 жылмен салыстырғанда студенттердің шәкіртақысы екі есеге артты. 2018-2025 жылдар аралығында елімізде жалпы сыйымдылығы 72 125 орын болатын 281 жатақхана салынып, қайта жаңартылды. Нәтижесінде жатақхана орындарының тапшылығы 16 есеге жуық, яғни 82,5 мыңнан 5 176 орынға дейін қысқарды. Қазіргі уақытта Алматы қаласын қоспағанда барлық өңірде студенттік жатақханалардағы орын тапшылығы жойылды. 🔗 Толығырақ: gov.kz *** 🟠Представлены основные достижения и приоритеты развития науки и высшего образования В Службе центральных коммуникаций при Президенте РК состоялась пресс-конференция министра науки и высшего образования РК Саясата Нурбек на тему «Об основных направлениях работы в сфере науки и высшего образования». В ходе брифинга глава ведомства представил результаты работы по реализации поручений Главы государства. Особое внимание было уделено повышению доступности высшего образования, социальной поддержке студентов, расширению международного академического сотрудничества, внедрению технологий искусственного интеллекта, развитию научного потенциала и совершенствованию механизмов финансирования науки. По словам министра, в стране последовательно реализуются меры по расширению доступности высшего образования и созданию благоприятных условий для обучения граждан. За последние семь лет на подготовку кадров с высшим и послевузовским образованием было выделено 655,7 тыс. государственных образовательных грантов. Наряду с этим развивается система образовательных накоплений. На сегодняшний день открыто более 240 тысяч образовательных накопительных вкладов. В их числе 120 686 вкладов на общую сумму 49,8 млрд тенге в рамках программы «Келешек». Особое внимание уделяется социальной поддержке студентов и развитию образовательной инфраструктуры. По сравнению с 2020 годом размеры студенческих стипендий увеличились в два раза. В период с 2018 по 2025 год в стране построено и реконструировано 281 общежитие общей вместимостью 72 125 мест. В результате принятых мер дефицит мест в общежитиях сократился почти в 16 раз – с 82,5 тысячи до 5 176 мест. В настоящее время проблема нехватки мест в студенческих общежитиях решена во всех регионах страны, за исключением Алматы. 🔗 Подробнее: gov.kz
ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігі
Subscribers
60.5K
−100 24h
Reach per post (ERR)
2.2%1.3K avg views
Posting
6.1/day
last 2 days ago
Reactions per 1K views
6.1
👍 ❤ 🔥
Views over time
| When | Views |
|---|---|
| 12 Nov 2026, 14:43 | 0 |
| 12 Nov 2026, 15:49 | 325 |
| 12 Nov 2026, 20:49 | 705 |
| 13 Nov 2026, 12:51 | 1.2K |
Who shared this post
Posts in other channels we index that link to this one. (Forwards with a hidden source can't be traced.)
Nobody yet.