🔶Қазақстанда соңғы жеті жылда ғылымды қаржыландыру үш есе артты Қазақстанда ғылымды мемлекеттік қолдау көлемі артып келеді. Соңғы жеті жылда ғылымды қаржыландыру үш есеге өсті. Қолдау шараларының нәтижесінде соңғы төрт жылда ғалымдар саны 5 мыңнан астам адамға көбейді. Бұл туралы ҚР ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек ОКҚ алаңында өткен баспасөз конференциясында хабарлады. «Қазіргі таңда ғалымдардың 80%-ы – жас мамандар. Сонымен қатар, арнайы тұрғын үй бағдарламасы аясында 813 ғалым баспаналы болды. Ғылыми инфрақұрылымды дамыту бағытында да жұмыстар жүргізілуде. Бүгінде 20 университеттің базасында инженерлік орталықтар мен ғылыми-технологиялық парктер ашылған», – деді спикер. Бұдан бөлек, өңірлік ғылымды дамытуға бағытталған жаңа заң қабылданды. Енді облыс әкімдіктері жанынан ғылыми кеңестер құрылып, ғылымды жергілікті бюджет есебінен қаржыландыру мүмкіндігі қарастырылды. 🔶За последние семь лет финансирование науки в Казахстане выросло втрое Объем государственной поддержки науки в Казахстане увеличивается. За последние семь лет финансирование науки выросло в три раза. Благодаря мерам поддержки за последние четыре года число ученых увеличилось более чем на 5 тыс. человек. Об этом сообщил министр науки и высшего образования РК Саясат Нурбек на пресс-конференции в СЦК. «Сейчас 80% учёных – молодые специалисты. Кроме того, в рамках специальной жилищной программы жилье получили 813 ученых. Ведется работа и по развитию научной инфраструктуры. На базе 20 университетов открыты инженерные центры и научно-технологические парки», – сказал спикер. Кроме того, принят новый закон, направленный на развитие региональной науки. Теперь при областных акиматах будут созданы научные советы, а также предусмотрена возможность финансирования науки за счет местных бюджетов. @ortcom_kz #CCS