ҚР Атом энергиясы жөніндегі агенттігінің ресми Telegram-парақшасы
Официальный Telegram-канал Агентства РК по атомной энергии
Subscribers759 +0 24h
Reach per post (ERR)33.9%257 avg views
Posting1.7/daylast 2 days ago
Reactions per 1K views6.3👍 ❤ 🔥
repost
Бұдан бөлек, мемлекеттер басшыларының қатысуымен ресми делегация мүшелері мынадай үкіметаралық және ведомствоаралық құжаттар алмасты:
1. Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігі мен Корея Республикасы Сауда, өнеркәсіп және ресурстар министрлігі арасындағы мұнай саласы бойынша ынтымақтастық туралы негіздемелік келісім;
2. Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігі мен Корея Республикасы Ғылым және ақпараттық-коммуникациялық технологиялар министрлігі арасындағы ғылым және технологиялар саласы бойынша таланттарды дамыту туралы ынтымақтастықтың негіздемелік құжаты;
3. Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі мен Корея Республикасы Жұмыспен қамту және еңбек министрлігі арасындағы EPS жүйесі бойынша қызметкерлерді бағыттау және қабылдау бойынша өзара түсіністік туралы меморандум;
4. Қазақстан Республикасы Атом энергиясы жөніндегі агенттігі мен Корея Республикасы Сауда, өнеркәсіп және ресурстар министрлігі арасындағы атом қуатын бейбіт мақсатта пайдалану саласындағы өзара түсіністік туралы меморандум;
5. Қазақстан Республикасы Атом энергиясы жөніндегі агенттігі мен Корея Республикасы Климат, энергетика және қоршаған орта министрлігі арасындағы атом энергиясын бейбіт мақсатта пайдалану саласындағы өзара түсіністік туралы меморандум;
6. Зияткерлік меншік саласы бойынша өзара түсіністік туралы меморандум;
t.me/aqorda_resmi
🔬Емдейтін радиация: радиофармацевтика заманауи медицинаға қалай көмектеседі
«Радиация» деген сөз көп адамның бойында алаңдаушылық тудырады. Алайда қазіргі медицинада радиация қатаң бақылауды қажет ететін құбылыс қана емес, ауруларды анықтауға, ағзалардың қызметін бақылауға және науқастарды емдеуге мүмкіндік беретін дәлме-дәл құралға айналды. Физика, химия және медицина тоғысқан жерде медицинаның жеке бір бағыты — ядролық медицина қалыптасты.
Толығырақ https://www.gov.kz/memleket/entities/atom-energiyasy/press/news/details/1292007?lang=kk
➖➖➖
🔬Радиация, которая лечит: как радиофармацевтика
помогает современной медицине
Слово «радиация» у многих вызывает тревожные ассоциации. Однако в современной медицине она давно стала не только объектом строгого контроля, но и точным инструментом, который помогает врачам обнаруживать заболевания, наблюдать за работой органов и лечить пациентов. На стыке физики, химии и медицины сформировалось целое направление — ядерная медицина.
Подробнее https://www.gov.kz/memleket/entities/atom-energiyasy/press/news/details/1292007?lang=ru
☑️ Казахстан принимает участие в 70-й сессии Генеральной конференции МАГАТЭ
Вена, 14 сентября 2026 года. В Вене начала работу 70-я сессия Генеральной конференции Международного агентства по атомной энергии (МАГАТЭ). Казахстанскую делегацию возглавляет заместитель Председателя Агентства Республики Казахстан по атомной энергии Гумар Сергазин.
В состав делегации вошли представители Агентства по атомной энергии, Министерства иностранных дел, Постоянного представительства Республики Казахстан при международных организациях в Вене, а также ведущих организаций атомной отрасли Казахстана.
Генеральная конференция МАГАТЭ является высшим руководящим органом Агентства. В ходе ежегодной сессии государства-члены обсуждают вопросы мирного использования атомной энергии, развития атомной энергетики и ядерных технологий, ядерной и радиационной безопасности, режима нераспространения и технического сотрудничества.
В рамках 70-й сессии глава казахстанской делегации представит позицию Казахстана по актуальным вопросам международной ядерной повестки и приоритетным направлениям развития национальной атомной отрасли.
Также запланирован ряд двусторонних встреч с руководством МАГАТЭ, представителями государств-партнеров и международных организаций. Стороны обсудят развитие ядерно-энергетической инфраструктуры, подготовку кадров, обеспечение ядерной и радиационной безопасности, техническое сотрудничество, ядерную медицину и применение ядерных технологий в различных отраслях.
70-я сессия Генеральной конференции МАГАТЭ проходит с 14 по 18 сентября 2026 года в Венском международном центре.
☑️ Қазақстан АЭХА Бас конференциясының 70-сессиясына қатысуда
Вена, 14 қыркүйек 2026 жыл. Венада Атом энергиясы жөніндегі халықаралық агенттіктің (АЭХА) Бас конференциясының 70-сессиясы өз жұмысын бастады. Қазақстан делегациясын Қазақстан Республикасының Атом энергиясы жөніндегі агенттігі төрағасының орынбасары Гумар Сергазин басқарады.
Қазақстан делегациясының құрамына Атом энергиясы жөніндегі агенттік, Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігі, Қазақстанның Венадағы халықаралық ұйымдар жанындағы Тұрақты өкілдігі және атом саласының жетекші ұйымдарының өкілдері кірді.
АЭХА Бас конференциясы – Агенттіктің жоғары басқару органы. Жыл сайын өтетін конференция барысында мүше мемлекеттер атом энергиясын бейбіт мақсатта пайдалану, атом энергетикасын дамыту, ядролық және радиациялық қауіпсіздік, ядролық қаруды таратпау режимі және техникалық ынтымақтастық мәселелерін талқылайды.
14–18 қыркүйек аралығында өтетін 70-сессия аясында Қазақстан делегациясының басшысы жалпы пікірталаста Қазақстанның халықаралық ядролық күн тәртібіне қатысты ұстанымы мен ұлттық атом саласын дамытудың басым бағыттарын таныстырады.
Сонымен қатар, Қазақстан делегациясы АЭХА басшылығымен, серіктес мемлекеттер және халықаралық ұйымдардың өкілдерімен бірқатар екіжақты кездесулер өткізеді. Кездесулер барысында ядролық-энергетикалық инфрақұрылымды дамыту, кадр даярлау, ядролық және радиациялық қауіпсіздік, техникалық ынтымақтастық, ядролық медицина және ядролық технологияларды экономика салаларында қолдану мәселелері талқыланады.
АЭХА Бас конференциясының 70-сессиясы 14–18 қыркүйек күндері Вена халықаралық орталығында өтеді.
🆕Развитие атомной отрасли невозможно без людей, которые посвящают науке годы своей профессиональной жизни
Герой сегодняшней рубрики «Атомный специалист» — Ержан Ернатулы Сапатаев, начальник лаборатории радиационного материаловедения филиала «Институт атомной энергии» РГП «Национальный ядерный центр Республики Казахстан», PhD, ассоциированный профессор.
Ержан Сапатаев окончил Семипалатинский государственный университет имени Шакарима по специальности «Физика», а затем продолжил образование в Восточно-Казахстанском государственном техническом университете имени Д. Серикбаева, где окончил магистратуру и докторантуру. Профессиональный путь в атомной отрасли он начал в Институте атомной энергии, пройдя путь от научного сотрудника до руководителя лаборатории.
Сегодня его научная деятельность связана с радиационным материаловедением, исследованием свойств материалов в экстремальных условиях и вопросами безопасности ядерных реакторов. Ержан Сапатаев также принимает участие в международных научных проектах, направленных на развитие и повышение безопасности атомной энергетики.
Его профессиональный путь — пример того, как интерес к науке, постоянное развитие и преданность своему делу позволяют расти вместе с атомной отраслью Казахстана.
🆕Атом саласының дамуы — ғылымға адал берілген, өз ісін терең меңгерген мамандардың еңбегімен тығыз байланысты
Бүгінгі «Атом маманы» айдарының кейіпкері — ҚР Ұлттық ядролық орталығының «Атом энергиясы институты» филиалының радиациялық материалтану зертханасының бастығы, PhD, қауымдастырылған профессор Ержан Ернатұлы Сапатаев.
Ержан Сапатаев Семей мемлекеттік Шәкәрім университетінде «Физика» мамандығын тәмамдап, кейін Д. Серікбаев атындағы Шығыс Қазақстан мемлекеттік техникалық университетінде магистратура мен докторантурада білім алды. Ол атом энергетикасымен кәсіби жолын 2010-жылдардың басында байланыстырып, «Атом энергиясы институтында» қатардағы ғылыми қызметкерден зертхана басшысына дейінгі жолдан өтті.
Бүгінде ғалым радиациялық материалтану, реакторлардың қауіпсіздігі және экстремалды жағдайларда жұмыс істейтін материалдардың қасиеттерін зерттеумен айналысады. Сонымен қатар халықаралық ғылыми жобаларға қатысып, атом энергетикасының қауіпсіз әрі сенімді дамуына өз үлесін қосып келеді.
Ғылымды мамандық емес, өмірлік жолы еткен Ержан Сапатаевтың кәсіби тарихы — атом саласында жаңа буын ғалымдарын қалыптастырудың жарқын үлгісі.
✔️АЭС: қазақстандықтар үшін жаңа мүмкіндіктер
АЭС құрылысы туралы сөз болғанда, біз көбіне энергетика мәселесін талқылаймыз: станция қанша электр энергиясын өндіреді, қандай жүктемені қамтамасыз ете алады, оны пайдалану қаншалықты сенімді және қауіпсіз болады. Алайда, менің ойымша, осындай ауқымды құрылыстың тағы бір маңызды қыры туралы жиірек айту қажет. Бұл – осындай ірі жобаның айналасында пайда болатын адамдар мен мүмкіндіктер.
Толығырақ https://www.gov.kz/memleket/entities/atom-energiyasy/press/news/details/1290505?lang=kk
➖➖➖
✔️АЭС: новые возможности для казахстанцев
Когда мы говорим о строительстве АЭС, чаще всего обсуждаем энергетику: сколько электроэнергии будет производить станция, какую нагрузку она сможет обеспечить, насколько надежной и безопасной будет ее эксплуатация. Но есть и другая сторона проекта, о которой, на мой взгляд, стоит говорить чаще. Это люди и возможности, которые появляются вокруг такого масштабного строительства.
Подробнее https://www.gov.kz/memleket/entities/atom-energiyasy/press/news/details/1290505?lang=ru
📎Атомная отрасль — это знания, опыт и люди, которые каждый день вносят свой вклад в её развитие
Сегодня герой нашей рубрики «Атом маманы» — Салтанат Дабылова, главный консультант Департамента науки и инноваций Агентства Республики Казахстан по атомной энергии.
Салтанат окончила Евразийский национальный университет по специальности «Ядерная физика». Продолжила обучение по этой специальности в рамках двудипломной программы в городе Дубна, где начался её профессиональный путь в Объединённом институте ядерных исследований.
За 10 лет работы в институте Салтанат прошла путь от лаборанта до научного руководителя. В 2024 году получила степень PhD по специальности «Ядерная физика».
С 2025 года Салтанат продолжает профессиональный путь в Агентстве Республики Казахстан по атомной энергии, внося свой вклад в развитие науки и атомной отрасли страны.
edited
📎Атом саласы — бұл білім, тәжірибе және оның дамуына күн сайын өз үлесін қосып жүрген мамандар
Бүгінгі «Атом маманы» айдарының кейіпкері — Қазақстан Республикасы Атом энергиясы жөніндегі агенттігінің Ғылым және инновациялар департаментінің бас консультанты Салтанат Дабылова.
Салтанат Еуразия ұлттық университетін «Ядролық физика» мамандығы бойынша тәмамдаған. Кейін осы мамандық бойынша Дубна қаласында қос дипломды білім беру бағдарламасы аясында білімін жалғастырды. Оның кәсіби жолы дәл осы қалада Біріккен ядролық зерттеулер институтында басталды.
10 жыл ішінде Салтанат зертханада лаборанттан бастап ғылыми жетекшіге дейінгі кәсіби жолдан өтті. 2024 жылы «Ядролық физика» мамандығы бойынша PhD дәрежесін алды.
2025 жылдан бастап Салтанат Қазақстан Республикасы Атом энергиясы агенттігінде қызмет етіп, елдің ғылымы мен атом саласын дамытуға өз үлесін қосып келеді.
📌Рабочие места и новая инфраструктура: глава ведомства рассказал о будущем Улкена
В Астане на площадке Евразийского национального университета имени Л.Н. Гумилева состоялся Национальный молодежный форум«Ядерный диалог на равных: путь молодежи в атомную отрасль».
В ходе мероприятия председатель Агентства Республики Казахстан по атомной энергии Алмасадам Саткалиев рассказал о социально-экономическом эффекте строительства атомных электростанций в районе поселка УлкенАлматинской области.
На этапе строительства АЭС потребуется более 10 тысяч специалистов. Проекты также создадут дополнительный спрос на услуги отечественного бизнеса, включая строительство, транспорт, логистику, производство материалов, питание, ремонт и техническое обслуживание.
Одновременно в регионе будет развиваться транспортная, инженерная, коммунальная и социальная инфраструктура, строиться жилье и объекты обслуживания.
«Улкен необходимо рассматривать не только как место размещения энергетического объекта, а как территорию комплексного развития», — подчеркнул Алмасадам Саткалиев.
📌Жұмыс орындары және жаңа инфрақұрылым: ведомство басшысы Үлкеннің болашағы туралы айтты
Астанада Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің алаңында «Тең жағдайдағы ядролық диалог: жастардың атом саласына қадам басуы» атты Ұлттық жастар форумы өтті.
Іс-шара барысында Қазақстан Республикасының Атом энергиясы жөніндегі агенттігінің төрағасы Алмасадам Сәтқалиев Алматы облысындағы Үлкен ауылы маңында атом электр станцияларын салудың әлеуметтік-экономикалық әсері туралы айтып берді.
АЭС құрылысы кезеңінде 10 мыңнан астам маман қажет болады. Жобалар отандық бизнес қызметтеріне, соның ішінде құрылыс, көлік, логистика, материалдар өндіру, тамақтану, жөндеу және техникалық қызмет көрсету салаларына қосымша сұраныс қалыптастырады.
Сонымен қатар өңірде көлік, инженерлік, коммуналдық және әлеуметтік инфрақұрылым дамып, тұрғын үйлер мен қызмет көрсету нысандары салынады.
«Үлкенді тек энергетикалық нысан орналасатын жер ретінде ғана емес, кешенді даму аумағы ретінде қарастыру қажет», — деп атап өтті Алмасадам Сәтқалиев.
📍Астанада Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінде «Тең жағдайдағы ядролық диалог: жастардың атом саласына қадам басуы» атты Ұлттық жастар форумы өтті
Форум жас мамандарды, инженерлер мен ғалымдарды бір алаңға жинап, жастардың Қазақстанның заманауи атом саласын дамытудағы рөлін талқылауға арналды.
➖➖➖
📍В Астане на площадке Евразийского национального университета имени Л.Н. Гумилева состоялся Национальный молодежный форум «Ядерный диалог на равных: путь молодежи в атомную отрасль»
Форум объединил молодых специалистов, инженеров и ученых для обсуждения роли молодежи в развитии современной атомной отрасли Казахстана.
Особое внимание было уделено вопросам безопасности и экологии. Глава Агентства подчеркнул, что безопасность является главным условием на всех этапах реализации атомного проекта — от выбора технологии до эксплуатации станции.
Современные АЭС предусматривают несколько независимых уровней защиты, системы постоянного радиационного контроля и соответствуют национальным требованиям и стандартам МАГАТЭ.
Отвечая на вопросы о влиянии АЭС на озеро Балхаш, Алмасадам Саткалиев сообщил, что для охлаждения энергоблоков предусмотрено многократное использование воды в замкнутом цикле. Такой подход позволяет минимизировать потребление водных ресурсов и исключить сброс отработанной воды непосредственно в водоем.
Завершая встречу, председатель Агентства призвал студентов постоянно развивать свои знания и осваивать новые технологии. По его словам, одним из ключевых навыков будущего станет непрерывное обучение, а особенно востребованными будут специалисты, сочетающие фундаментальные знания в ядерной физике с компетенциями в области программирования, искусственного интеллекта и анализа больших данных.
«Нынешним студентам предстоит не просто работать в новой отрасли, а непосредственно участвовать в ее создании», — подчеркнул Алмасадам Саткалиев.
✅ Алмасадам Саткалиев: Молодые специалисты, инженеры и ученые внесут свой вклад в развитие современной атомной отрасли страны
В Астане на площадке Евразийского национального университета имени Л.Н. Гумилева состоялся Национальный молодежный форум «Ядерный диалог на равных: путь молодежи в атомную отрасль» с участием председателя Агентства Республики Казахстан по атомной энергии Алмасадама Саткалиева и министра науки и высшего образования Республики Казахстан Саясата Нурбека.
В ходе открытого диалога со студентами участники обсудили перспективы развития атомной отрасли, подготовку отечественных кадров, новые профессиональные направления, строительство атомных электростанций, а также вопросы безопасности и экологии.
Алмасадам Саткалиев отметил, что в перспективе ближайших 10–15 лет Казахстану необходимы не только специалисты для работы на АЭС, но и инженеры, ученые, преподаватели и руководители, способные сформировать современную национальную атомную школу.
«Мы хотим видеть молодого казахстанского специалиста не просто работником АЭС, а профессионалом, который способен участвовать в развитии всей атомной отрасли страны», — отметил председатель Агентства.
Сегодня подготовка специалистов для атомной сферы ведется в ведущих отечественных вузах по направлениям энергетики, физики, инженерного и горного дела. С 2000 года по соответствующим образовательным программам подготовлено порядка 4,5 тысячи специалистов.
Особое внимание уделяется практической подготовке студентов. Возможности для прохождения практики и стажировок предоставляют Национальный ядерный центр Республики Казахстан и Институт ядерной физики. За последние десять лет стажировку в Астанинском филиале Института ядерной физики прошли более 500 студентов ЕНУ. Более 100 выпускников университета сегодня работают в Астанинском филиале ИЯФ, Агентстве и других профильных организациях.
Председатель Агентства также рассказал о международных образовательных возможностях для молодежи. Студенты могут участвовать в совместных программах с Объединенным институтом ядерных исследований, обучаться по международной магистерской программе TUNEM в Университете Цинхуа, а также претендовать на стипендии Atomic Energy Scholarship. В рамках программы «Болашак» для работников атомной отрасли ежегодно выделяется 20 стипендий для обучения и прохождения стажировок в ведущих вузах мира.
Отдельной темой встречи стали новые профессии, которые будут востребованы в связи с развитием атомной энергетики. Помимо специалистов по эксплуатации и ремонту оборудования, ядерной и радиационной безопасности, отрасли потребуются специалисты в сфере цифровых технологий, робототехники, анализа данных, кибербезопасности и экологического мониторинга.
В ходе встречи обсуждалось влияние строительства АЭС на развитие регионов. По словам Алмасадама Саткалиева, проекты в районе поселка Улкен необходимо рассматривать не только как энергетические объекты, но и как фактор комплексного развития территории. На этапе строительства потребуется более 10 тысяч специалистов. Реализация проектов также создаст дополнительный спрос на жилье, транспорт, логистику, строительные материалы, услуги и продукцию отечественного бизнеса.
Қауіпсіздік пен экология мәселелеріне де ерекше назар аударылды. Агенттік басшысы қауіпсіздік атом жобасын іске асырудың барлық кезеңіндегі – технологияны таңдаудан бастап станцияны пайдалануға дейінгі – басты шарт екенін атап өтті. Заманауи АЭС қорғаныстың бірнеше тәуелсіз деңгейін және радиациялық бақылаудың тұрақты жүйелерін қарастырады, сондай-ақ ұлттық талаптар мен Атом энергиясы жөніндегі халықаралық агенттіктің (АЭХА) стандарттарына сәйкес келеді.
АЭС-тің Балқаш көліне ықпалы туралы сұрақтарға жауап берген Алмасадам Сәтқалиев энергоблоктарды салқындату үшін суды тұйық циклде бірнеше рет пайдалану көзделгенін хабарлады. Мұндай тәсіл су ресурстарын тұтынуды барынша азайтуға және пайдаланылған судың тікелей су айдынына төгілуіне жол бермеуге мүмкіндік береді.
Кездесуді қорытындылай келе, Агенттік Төрағасы студенттерді білімдерін үнемі жетілдіруге және жаңа технологияларды меңгеруге шақырды. Оның айтуынша, болашақтың негізгі дағдыларының бірі – үздіксіз білім алу. Ал ядролық физика саласындағы іргелі білімді бағдарламалау, жасанды интеллект және үлкен деректерді талдау салаларындағы құзыреттермен ұштастыра алатын мамандар ерекше сұранысқа ие болады.
«Бүгінгі студенттерге жаңа салада жай ғана жұмыс істеу емес, оны қалыптастыруға тікелей қатысу міндеті тұр», – деп атап өтті Алмасадам Сәтқалиев.
✅ Алмасадам Сәтқалиев: Жас мамандар, инженерлер мен ғалымдар елдің заманауи атом саласын дамытуға өз үлестерін қосады
Астанада Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінде Қазақстан Республикасы Атом энергиясы жөніндегі агенттігінің Төрағасы Алмасадам Сәтқалиев пен Қазақстан Республикасының Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбектің қатысуымен «Тең жағдайдағы ядролық диалог: жастардың атом саласына қадам басуы» атты Ұлттық жастар форумы өтті.
Студенттермен ашық диалог барысында атом саласын дамытудың перспективалары, отандық кадрларды даярлау, жаңа кәсіби бағыттар, атом электр станцияларын салу, сондай-ақ қауіпсіздік пен экология мәселелері талқыланды.
Алмасадам Сәтқалиев алдағы 10–15 жылда Қазақстанға АЭС-те жұмыс істейтін мамандар ғана емес, сонымен қатар заманауи ұлттық атом мектебін қалыптастыра алатын инженерлер, ғалымдар, оқытушылар мен басшылар қажет екенін атап өтті.
«Біз қазақстандық жас маманды АЭС қызметкері ретінде ғана емес, елдің бүкіл атом саласын дамытуға атсалыса алатын кәсіби маман ретінде көргіміз келеді», – деді Агенттік Төрағасы.
Бүгінде атом саласына мамандар даярлау отандық жетекші жоғары оқу орындарында энергетика, физика, инженерлік іс және тау-кен ісі бағыттары бойынша жүргізіледі. 2000 жылдан бері тиісті білім беру бағдарламалары бойынша шамамен 4,5 мың маман даярланды.
Студенттердің практикалық даярлығына ерекше көңіл бөлінеді. Қазақстан Республикасының Ұлттық ядролық орталығы мен Ядролық физика институты студенттерге практикадан және тағылымдамадан өтуге мүмкіндік береді. Соңғы он жылда Ядролық физика институтының Астана филиалында ЕҰУ-дың 500-ден астам студенті тағылымдамадан өтті. Бүгінде университеттің 100-ден астам түлегі Ядролық физика институтының Астана филиалында, Агенттікте және басқа да бейінді ұйымдарда еңбек етеді.
Агенттік Төрағасы жастарға арналған халықаралық білім беру мүмкіндіктері туралы да айтып берді. Студенттер Ядролық зерттеулер жөніндегі бірлескен институтпен бірлескен бағдарламаларға қатыса алады, Цинхуа университетіндегі TUNEM халықаралық магистрлік бағдарламасы бойынша білім ала алады, сондай-ақ Atomic Energy Scholarship стипендияларына үміткер бола алады. «Болашақ» бағдарламасы аясында атом саласының қызметкерлеріне әлемнің жетекші жоғары оқу орындарында білім алу және тағылымдамадан өту үшін жыл сайын 20 стипендия бөлінеді.
Кездесудің тағы бір тақырыбы атом энергетикасының дамуына байланысты сұранысқа ие болатын жаңа мамандықтарға арналды. Жабдықтарды пайдалану және жөндеу, ядролық және радиациялық қауіпсіздік саласындағы мамандардан бөлек, салаға цифрлық технологиялар, робототехника, деректерді талдау, киберқауіпсіздік және экологиялық мониторинг бағыттарындағы мамандар қажет болады.
Кездесу барысында АЭС құрылысының өңірлердің дамуына ықпалы да талқыланды. Алмасадам Сәтқалиевтің айтуынша, Үлкен ауылы маңындағы жобаларды тек энергетикалық нысандар ретінде ғана емес, аумақты кешенді дамытуға ықпал ететін фактор ретінде қарастыру қажет. Құрылыс кезеңінде 10 мыңнан астам маман қажет болады. Жобаларды іске асыру тұрғын үйге, көлікке, логистикаға, құрылыс материалдарына, қызметтер мен отандық бизнес өнімдеріне қосымша сұраныс қалыптастырады.
🖋Елордадағы №26 мектеп-гимназияда атом энергетикасы мен ғылымды насихаттауға бағытталған халықаралық «Атомдық диктант» өтті
Іс-шара туралы толығырақ — «24KZ» телеарнасының сюжетінде.
➖➖➖
🖋В столичной школе-гимназии №26 прошёл международный «Атомный диктант» — масштабная просветительская акция, направленная на популяризацию знаний об атомной энергетике и науке
Подробнее о мероприятии — в сюжете «24KZ».
🔍Радиофобия дегеніміз не және ол неге қауіпті?
Радиациямен байланысты тақырыптар көбінесе адамдарда үрей туғызады. Әрине бұл түсінікті, өйткені иондағыш сәулеленуді арнайы аспаптарсыз көру, сезіну немесе анықтау мүмкін емес және ол туралы ақпарат көбінесе күрделі және қарама-қайшы деп қабылданады. Сондықтан радиациялық қауіпсіздік мәселелері әрдайым түсініктемелер мен түсінікті сенімді ақпаратты қажет етеді.
Толығырақ https://www.gov.kz/memleket/entities/atom-energiyasy/press/news/details/1288441?lang=kk
➖➖➖
🔍Что такое радиофобия и почему она опасна?
Темы, связанные с радиацией, часто вызывают у людей настороженность. Это вполне объяснимо, поскольку ионизирующее излучение невозможно увидеть, почувствовать или определить без специальных приборов, а информация о нем нередко воспринимается как сложная и противоречивая. Именно поэтому вопросы радиационной безопасности всегда требуют понятных объяснений и достоверной информации.
Подробнее https://www.gov.kz/memleket/entities/atom-energiyasy/press/news/details/1288441?lang=ru
📖«Атомный диктант»: столичные школьники проверяют свои знания об атомных технологиях
Астана, 9 сентября 2026 года. В школе-гимназии №26 Астаны проходит международный просветительский проект «Атомный диктант», направленный на повышение научной грамотности школьников. Мероприятие организовано при участии Агентства Республики Казахстан по атомной энергии, Казахстанского ядерного общества и Информационного центра атомных технологий.
Специальным гостем мероприятия стал директор Информационного центра атомных технологий при Казахстанском ядерном обществе, магистр информатики Сеит Әбеуханович Алиев.
Основная цель проекта — повышение научной грамотности школьников, формирование объективного представления о современных технологиях и развитие интереса к точным наукам.
В рамках «Атомного диктанта» школьники проверяют свои знания о мирном использовании ядерных технологий, в том числе в медицине, промышленности и энергетике, вопросах экологической безопасности, а также о развитии атомной энергетики и аспектах, связанных со строительством атомных электростанций.
Проект интегрирован в школьную образовательную программу и проводится в рамках уроков физики, экологии, естествознания и классных часов.
Международная акция «Атомный диктант» проходит с 28 августа по 28 сентября 2026 года. Проведение проекта в этот период имеет особое значение: акция приурочена к 29 августа — Международному дню действий против ядерных испытаний и 28 сентября — Дню работников атомной отрасли Республики Казахстан. Инициатива способствует расширению знаний школьников об исторической роли Казахстана в сфере ядерного разоружения, а также формированию более глубокого понимания значения атомной энергетики и современных технологий.
📖«Атомдық диктант»: елорда оқушылары атом технологиялары туралы білімдерін сынауда
Астана, 9 қыркүйек 2026 жыл. Астанадағы №26 мектеп-гимназиясында оқушылардың ғылыми сауаттылығын арттыруға бағытталған халықаралық «Атомдық диктант» ағартушылық жобасы өткізілуде. Іс-шара Қазақстан Республикасының Атом энергиясы жөніндегі агенттігі, Қазақстанның Ядролық қоғамы және Атом технологиялары ақпараттық орталығының қатысуымен ұйымдастырылып отыр.
Іс-шараның арнайы қонағы – Қазақстанның Ядролық қоғамы жанындағы Атом технологиялары ақпараттық орталығының директоры, информатика магистрі Сеит Әбеуханұлы Әлиев.
Жобаның негізгі мақсаты – оқушылардың ғылыми сауаттылығын арттыру, заманауи технологиялар туралы объективті түсінігін қалыптастыру және олардың нақты ғылымдарға деген қызығушылығын дамыту.
«Атомдық диктант» барысында оқушылар ядролық технологияларды бейбіт мақсатта қолдану, оның ішінде медицина, өнеркәсіп және энергетика салаларындағы мүмкіндіктері, экологиялық қауіпсіздік, сондай-ақ атом энергетикасын дамыту және атом электр станцияларын салуға қатысты мәселелер бойынша білімдерін сынайды.
Жоба мектеп бағдарламасына кіріктіріліп, физика, экология, жаратылыстану пәндері мен сынып сағаттары аясында өткізіледі.
Халықаралық «Атомдық диктант» акциясы 2026 жылғы 28 тамыз бен 28 қыркүйек аралығында өтуде. Жобаның осы кезеңге жоспарлануының да өзіндік мәні бар: акция 29 тамыз – Ядролық сынақтарға қарсы халықаралық іс-қимыл күніне және 28 қыркүйек – Қазақстан Республикасының Атом саласы қызметкерлері күніне орайластырылған. Бастама оқушылардың Қазақстанның ядролық қарусыздану саласындағы тарихи рөлі туралы білімін кеңейтіп, атом энергетикасы мен заманауи технологиялардың маңызын тереңірек түсінуге ықпал етеді.