ҚР Атом энергиясы жөніндегі агенттігі

@atomagencykz · Kazakh · active

Subscribers 759 Subscribers, last 30 days: 754 → 759 +0 24h
Reach per post (ERR) 33.9%257 avg views
Posting 1.7/day last 2 days ago
Reactions per 1K views 6.3 👍 ❤ 🔥

☑️ Қазақстан АЭХА Бас конференциясының 70-сессиясына қатысуда Вена, 14 қыркүйек 2026 жыл. Венада Атом энергиясы жөніндегі халықаралық агенттіктің (АЭХА) Бас конференциясының 70-сессиясы өз жұмысын бастады. Қазақстан делегациясын Қазақстан Республикасының Атом энергиясы жөніндегі агенттігі төрағасының орынбасары Гумар Сергазин басқарады. Қазақстан делегациясының құрамына Атом энергиясы жөніндегі агенттік, Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігі, Қазақстанның Венадағы халықаралық ұйымдар жанындағы Тұрақты өкілдігі және атом саласының жетекші ұйымдарының өкілдері кірді. АЭХА Бас конференциясы – Агенттіктің жоғары басқару органы. Жыл сайын өтетін конференция барысында мүше мемлекеттер атом энергиясын бейбіт мақсатта пайдалану, атом энергетикасын дамыту, ядролық және радиациялық қауіпсіздік, ядролық қаруды таратпау режимі және техникалық ынтымақтастық мәселелерін талқылайды. 14–18 қыркүйек аралығында өтетін 70-сессия аясында Қазақстан делегациясының басшысы жалпы пікірталаста Қазақстанның халықаралық ядролық күн тәртібіне қатысты ұстанымы мен ұлттық атом саласын дамытудың басым бағыттарын таныстырады. Сонымен қатар, Қазақстан делегациясы АЭХА басшылығымен, серіктес мемлекеттер және халықаралық ұйымдардың өкілдерімен бірқатар екіжақты кездесулер өткізеді. Кездесулер барысында ядролық-энергетикалық инфрақұрылымды дамыту, кадр даярлау, ядролық және радиациялық қауіпсіздік, техникалық ынтымақтастық, ядролық медицина және ядролық технологияларды экономика салаларында қолдану мәселелері талқыланады. АЭХА Бас конференциясының 70-сессиясы 14–18 қыркүйек күндері Вена халықаралық орталығында өтеді.

Views over time

010020014 Sep 13:0412 Nov 09:0021114 Sep 13:04: 0 views12 Nov 09:00: 211 views
Snapshots we took after posting.
WhenViews
14 Sep 2026, 13:040
12 Nov 2026, 09:00211

Who shared this post

Posts in other channels we index that link to this one. (Forwards with a hidden source can't be traced.)

Nobody yet.