ҚР Атом энергиясы жөніндегі агенттігі

@atomagencykz · Kazakh · active

Subscribers 759 Subscribers, last 30 days: 754 → 759 +0 24h
Reach per post (ERR) 33.9%257 avg views
Posting 1.7/day last 2 days ago
Reactions per 1K views 6.3 👍 ❤ 🔥

Қауіпсіздік пен экология мәселелеріне де ерекше назар аударылды. Агенттік басшысы қауіпсіздік атом жобасын іске асырудың барлық кезеңіндегі – технологияны таңдаудан бастап станцияны пайдалануға дейінгі – басты шарт екенін атап өтті. Заманауи АЭС қорғаныстың бірнеше тәуелсіз деңгейін және радиациялық бақылаудың тұрақты жүйелерін қарастырады, сондай-ақ ұлттық талаптар мен Атом энергиясы жөніндегі халықаралық агенттіктің (АЭХА) стандарттарына сәйкес келеді. АЭС-тің Балқаш көліне ықпалы туралы сұрақтарға жауап берген Алмасадам Сәтқалиев энергоблоктарды салқындату үшін суды тұйық циклде бірнеше рет пайдалану көзделгенін хабарлады. Мұндай тәсіл су ресурстарын тұтынуды барынша азайтуға және пайдаланылған судың тікелей су айдынына төгілуіне жол бермеуге мүмкіндік береді. Кездесуді қорытындылай келе, Агенттік Төрағасы студенттерді білімдерін үнемі жетілдіруге және жаңа технологияларды меңгеруге шақырды. Оның айтуынша, болашақтың негізгі дағдыларының бірі – үздіксіз білім алу. Ал ядролық физика саласындағы іргелі білімді бағдарламалау, жасанды интеллект және үлкен деректерді талдау салаларындағы құзыреттермен ұштастыра алатын мамандар ерекше сұранысқа ие болады. «Бүгінгі студенттерге жаңа салада жай ғана жұмыс істеу емес, оны қалыптастыруға тікелей қатысу міндеті тұр», – деп атап өтті Алмасадам Сәтқалиев.

Views over time

010020010 Sep 09:4312 Nov 09:0019210 Sep 09:43: 0 views12 Nov 09:00: 192 views
Snapshots we took after posting.
WhenViews
10 Sep 2026, 09:430
12 Nov 2026, 09:00192

Who shared this post

Posts in other channels we index that link to this one. (Forwards with a hidden source can't be traced.)

Nobody yet.