ҚР Атом энергиясы жөніндегі агенттігі

@atomagencykz · Kazakh · active

ҚР Атом энергиясы жөніндегі агенттігінің ресми Telegram-парақшасы Официальный Telegram-канал Агентства РК по атомной энергии

Subscribers 759 Subscribers, last 30 days: 754 → 759 +0 24h
Reach per post (ERR) 33.9%257 avg views
Posting 1.7/day last 2 days ago
Reactions per 1K views 6.3 👍 ❤ 🔥
  1. 💡Алғашқы АЭС-ке бастар жол: атом энергетикасының даму тарихы Атом энергетикасының ғылыми негіздері электр станциялары пайда болғанға дейін әлдеқайда бұрын қалыптасты. 1896 жылы француз физигі Анри Беккерель табиғи радиоактивтілікті ашты. Кейінгі онжылдықтарда ғалымдар атомның құрылысы мен сәулелену қасиеттерін зерттеді. 1938 жылдың аяғында Отто Ган мен Фриц Штрассман уран ядросының бөлінуінің эксперименталды дәлелдерін алды, ал Лиза Мейтнер мен Отто Фриш бұл процеске физикалық түсініктеме берді. Ауыр атом ядросы бөлінген кезде едәуір энергия бөлініп шығатыны және жаңа бөлінулерді іске қосуға қабілетті нейтрондар түзілетіні белгілі болды. Толығырақ https://www.gov.kz/memleket/entities/atom-energiyasy/press/news/details/1287839?lang=kk ➖➖➖ 💡Путь к первой АЭС: история развития атомной энергетики Научные основы атомной энергетики сформировались задолго до появления электростанций. В 1896 году французский физик Анри Беккерель обнаружил естественную радиоактивность. В последующие десятилетия ученые исследовали строение атома и свойства излучения. В конце 1938 года Отто Ган и Фриц Штрассман получили экспериментальные свидетельства деления ядра урана, а Лиза Мейтнер и Отто Фриш дали этому процессу физическое объяснение. Стало ясно, что при делении тяжелого атомного ядра высвобождается значительное количество энергии и образуются нейтроны, способные запускать новые деления. Подробнее https://www.gov.kz/memleket/entities/atom-energiyasy/press/news/details/1287839?lang=ru

  2. 💠Сегодня герой нашей рубрики «Атом маманы» — Көбей Абылай Саятұлы, главный консультант Департамента атомной промышленности и недропользования. Абылай окончил Евразийский национальный университет в 2019 году по специальности «Ядерная физика» и уже 7 лет работает по профессии. Свою трудовую деятельность он начал в Объединённом институте ядерных исследований в городе Дубна Российской Федерации. Параллельно с обучением по программе двудипломного образования в Государственном университете «Дубна» Абылай прошёл путь от старшего лаборанта до инженера, получив ценный практический опыт в сфере ядерной физики. Продолжив профессиональное развитие, он окончил магистратуру и сегодня применяет свои знания и опыт в атомной отрасли Казахстана. История Абылая — пример того, как молодой специалист может построить профессиональный путь в атомной сфере, постоянно развиваться и вносить свой вклад в развитие отрасли.

  3. 💠Бүгінгі «Атом маманы» айдарының кейіпкері — Атом өнеркәсібі және жер қойнауын пайдалану департаментінің бас консультанты Көбей Абылай Саятұлы. Абылай 2019 жылы Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетін «Ядролық физика» мамандығы бойынша тәмамдаған және 7 жылдан бері өз мамандығы бойынша еңбек етіп келеді. Ол еңбек жолын Ресей Федерациясының Дубна қаласындағы Біріккен ядролық зерттеулер институтында бастаған. «Дубна» мемлекеттік университетінде қос дипломды білім беру бағдарламасы бойынша қатар білім алып, аға зертханашыдан инженерге дейінгі еңбек жолынан өтті. Осы кезеңде ядролық физика саласында мол практикалық тәжірибе жинақтады. Кәсіби білімін одан әрі жетілдіріп, магистратураны тәмамдаған Абылай бүгінде өз білімі мен тәжірибесін Қазақстанның атом саласын дамытуға бағыттап келеді. Абылайдың кәсіби жолы — жас маманның атом саласында өз орнын тауып, үздіксіз дамып, саланың дамуына өз үлесін қоса алатынының жарқын үлгісі.

  4. 🎓Қазақстан және БЯЗИ: ғылыми-технологиялық ынтымақтастықтың жаңа кезеңі Қазақстанның Біріккен ядролық зерттеулер институтымен (БЯЗИ) ынтымақтастығының көпжылдық тарихы бар. Алайда бүгінде еліміздің атом саласының алдында ауқымды жаңа міндеттер тұр. Сондықтан бұл ынтымақтастыққа практикалық тұрғыдан қарау маңызды: түптеп келгенде, оның нәтижесінде Қазақстанда не қалады? Қазіргі ядролық ғылымның ерекшелігі – оның барлық бағыттарын бір елдің немесе бір ғылыми ұйымның күшімен дербес дамыту іс жүзінде мүмкін емес. Зерттеу реакторлары, үдеткіштер, ірі эксперименттік кешендер ондаған жылдар бойы жасалады, қомақты қаржылық ресурстарды және ең бастысы, орнықты ғылыми мектептерді талап етеді. Сондықтан халықаралық ғылыми кооперацияға қатысу Қазақстан үшін бұрын да қажет болды және қазір де өзектілігін жоғалтқан жоқ. Толығырақ https://www.gov.kz/memleket/entities/atom-energiyasy/press/news/details/1283705?lang=kk ➖➖➖ 🎓Казахстан и ОИЯИ: новый этап научно-технологического сотрудничества Сотрудничество Казахстана с Объединённым институтом ядерных исследований имеет многолетнюю историю. Но сегодня, когда перед страной стоят новые масштабные задачи в атомной отрасли, важно посмотреть на это сотрудничество с практической точки зрения: что в конечном счёте остаётся в Казахстане? Современная ядерная наука устроена так, что в одиночку развивать все её направления практически невозможно. Исследовательские реакторы, ускорители, крупные экспериментальные комплексы создаются десятилетиями, требуют серьёзных финансовых ресурсов и, главное, устойчивых научных школ. Поэтому участие в международной научной кооперации для Казахстана было и остаётся необходимым. Подробнее https://www.gov.kz/memleket/entities/atom-energiyasy/press/news/details/1283705?lang=ru

  5. 🌚Ураннан электр энергиясына дейін: шикізаттан энергия өндіруге дейінгі жол Уранның кен орнынан электр желісіне дейінгі жолы ядролық отын циклі деп аталатын дәйекті технологиялық тізбекті қамтиды. Реакторға түскенге дейін шикізат өндіру, өңдеу, конверсиялау, байыту және ядролық отын дайындау кезеңдерінен өтеді. Атом электр станциясында ядролардың бөліну энергиясы алдымен жылуға, содан кейін турбинаның қозғалысына айналып, соңында электр энергиясы өндіріледі. Реакторда пайдаланылғаннан кейін циклдің қорытынды кезеңі басталады. Ол пайдаланылған ядролық отынды сақтау және одан әрі онымен жұмыс істеу үдерістерін қамтиды. Толығырақ https://www.gov.kz/memleket/entities/atom-energiyasy/press/news/details/1286196?lang=kk ➖➖➖ 🌚От урана до электричества: путь от сырья до генерации энергии Путь урана от месторождения до электрической сети представляет собой последовательную технологическую цепочку, которую называют ядерным топливным циклом. До поступления в реактор сырье проходит добычу, переработку, конверсию, обогащение и изготовление топлива. На АЭС энергия деления ядер сначала превращается в тепло, затем приводит в движение турбину и в итоге преобразуется в электричество. После работы в реакторе начинается завершающая часть цикла, включающая хранение и дальнейшее обращение с отработавшим ядерным топливом. Подробнее https://www.gov.kz/memleket/entities/atom-energiyasy/press/news/details/1286196?lang=ru

  6. 💪Команда Агентства принимает участие в республиканской Спартакиаде среди центральных государственных органов В Астане проходит республиканская Спартакиада среди центральных государственных органов Республики Казахстан, объединяющая представителей государственных органов страны в духе здоровой конкуренции, командного единства и спортивного соперничества. Сотрудники Агентства соревнуются в волейболе, футболе, плавании, киберспорте, казахской борьбе, армрестлинге, тогызкумалак, настольном теннисе и шахматах. Футбольный турнир стал для нашей команды успешным стартом. Команда Агентства встретилась с командой Министерства культуры и информации и одержала уверенную победу. Этот результат стал хорошим стартом для нашей команды и придал дополнительный импульс дальнейшему выступлению. Верим в командный дух, силу каждого участника и общий настрой на победу.

  7. edited

    💪Агенттіктің қызметкерлері республикалық Спартакиадада бақ сынауда Астанада Қазақстан Республикасының орталық мемлекеттік органдары арасында республикалық Спартакиада өтуде. Жарыс мемлекеттік органдар өкілдерін салауатты бәсекелестік, командалық бірлік және спорттық бәсеке рухында біріктіреді. Агенттік қызметкерлері волейбол, футбол, жүзу, киберспорт, қазақ күресі, қол күресі, тоғызқұмалақ, шахмат және үстел теннисі бойынша бақ сынауда. Футбол турнирі біздің команда үшін сәтті басталды. Агенттік командасы ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің командасымен кездесіп, сенімді жеңіске жетті. Бұл нәтиже командамызға жақсы серпін беріп, алдағы жарыстарға деген жігерін арттырды. Әрбір қатысушының күш-жігері мен командалық рухы жеңіске бастайтынына сенеміз. Спартакиадада сәттілік серік болып, жеңіс тұғырына бірге көтерілейік!

  8. edited

    🏅Агентство Республики Казахстан по атомной энергии отметило достижения «КАТКО» в развитии урановой отрасли 2 сентября текущего года заместитель председателя Агентства РК по атомной энергии Махамбетов Асет посетил ТОО «СП «КАТКО» и принял участие в мероприятии, посвященном 30-летию со дня основания предприятия. Также, Асет Кенесбекович от имени председателя Агентства РК по атомной энергии Алмасадама Саткалиева поздравил коллектив и ветеранов компании с юбилеем, отметив значительный вклад «КАТКО» в развитие уранодобывающей отрасли Казахстана, укрепление казахстанско-французского сотрудничества и социально-экономическое развитие региона. В рамках мероприятия от имени Председателя заслуженным работникам предприятия были вручены почетные грамоты за многолетний добросовестный труд и значительный вклад в развитие компании. В ходе выступления также были отмечены достижения предприятия в укреплении производственного потенциала, развития уранодобывающей отрасли страны и подготовки профессиональных кадров. Сотрудникам и коллективу «КАТКО» пожелали дальнейших успехов, устойчивого развития и новых производственных достижений.

  9. edited

    🏅Қазақстан Республикасының Атом энергиясы жөніндегі агенттігі «КАТКО»-ның уран саласын дамытудағы жетістіктерін атап өтті Ағымдағы жылдың 2 қыркүйегінде Қазақстан Республикасы Атом энергиясы жөніндегі агенттігі төрағасының орынбасары Әсет Махамбетов «КАТКО» БК» ЖШС-не барып, кәсіпорынның құрылғанына 30 жыл толуына арналған іс-шараға қатысты. Сондай-ақ, Әсет Кеңесбекұлы Қазақстан Республикасы Атом энергиясы жөніндегі агенттігінің төрағасы Алмасадам Сәтқалиевтің атынан компания ұжымын және ардагерлерін мерейтоймен құттықтап, «КАТКО»-ның Қазақстанның уран өндіру саласын дамытуға, қазақ-француз ынтымақтастығын нығайтуға және өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуына қосқан елеулі үлесін атап өтті. Іс-шара барысында Агенттік төрағасының атынан кәсіпорынның бірқатар еңбек сіңірген қызметкерлеріне көп жылғы адал еңбегі және компанияның дамуына қосқан елеулі үлесі үшін Құрмет грамоталары табысталды. Өз сөзінде кәсіпорынның өндірістік әлеуетті нығайту, елдің уран өндіру саласын дамыту және білікті мамандар даярлау бағытындағы жетістіктері де атап өтілді. «КАТКО» қызметкерлері мен ұжымына алдағы уақытта да толағай табыс, тұрақты даму және жаңа өндірістік жетістіктер тілектер айтылды.

  10. edited

    💬Қазақстан Республикасы Атом энергиясы жөніндегі агенттігінің төрағасы Алмасадам Сәтқалиев: Қазақстан тарапы құрылыс жұмыстарын бастау үшін барлық қажетті ішкі мемлекеттік рәсімдерді жүргізуге дайын екенін растаймыз. Оның ішінде келесі жылы тиісті орналастыру лицензиясын алу көзделіп отыр. Бұл құрылыс жұмыстарын бастаудың негізгі алғышарты болады. Құрылысты 2027 жылы бастау жоспарлануда. Құрылыс басталғаннан кейін жобаны іске асыру кестесіне сәйкес шамамен 10 жыл ішінде жұмыстарды аяқтап, алғашқы энергоблокты пайдалануға беру көзделіп отыр. Қазақстанның осы энергетикалық нысанды салу және пайдалану кезеңдерінде алатын пайдасы мен сөзсіз артықшылықтарын атап өту өте маңызды. Біріншіден, бұл еліміздің энергия тапшылығы байқалатын оңтүстігінде төмен көміртекті электр энергиясы көзін қалыптастыру. Бұл жалпы энергетикалық теңгерімнің тұрақтылығына және Орталық Азия өңіріндегі энергожүйе жұмыс режимдерінің тұрақтылығын қамтамасыз етуге ықпал етеді. Сонымен қатар бұл – отандық шикізатты, яғни қазақстандық уран өнімін атом электр станциясы үшін отын ретінде пайдалану мүмкіндігі. Бұдан бөлек, «Росатом» корпорациясымен ынтымақтастықтың кең ауқымын дамытуға мүмкіндік туады. Бұл – жоғары білікті кадрлар даярлау, ғылыми-қолданбалы зерттеулер жүргізу, ядролық отын циклі саласындағы жұмыстар және уран өнеркәсібіндегі ынтымақтастықты дамыту.

  11. ✔️Қазақстандағы алғашқы АЭС-ті жобалау және салу жөніндегі келісімшартқа қол қойылды ➖➖➖ ✔️Подписан контракт на проектирование и строительство первой АЭС в Казахстане

  12. ✔️Подписан контракт на проектирование и строительство первой АЭС в Казахстане ВЛАДИВОСТОК. В рамках XI Восточного экономического форума во Владивостоке подписан Контракт на проектирование, поставку и строительство атомной электростанции в Республике Казахстан. Документ подписан между ТОО «Казахстанские атомные электрические станции» и АО «Атомстройэкспорт» – дочерним предприятием Государственной корпорации по атомной энергии «Росатом». Подписание прошло в присутствии председателя Агентства Республики Казахстан по атомной энергии Алмасадама Саткалиева и генерального директора госкорпорации «Росатом» Алексея Лихачёва. Подписание Контракта знаменует переход проекта строительства первой АЭС в Казахстане на новый, практический этап. В соответствии с межправительственным Соглашением от 28 мая 2026 года стороны продолжат предусмотренные процедуры, включая необходимое согласование с Правительством Республики Казахстан. Реализация проекта АЭС имеет стратегическое значение для страны. На фоне роста экономики, промышленности, инфраструктуры, цифровизации и развития искусственного интеллекта потребность Казахстана в надежной и устойчивой электроэнергии будет последовательно увеличиваться. Атомная энергетика позволит обеспечить стабильную базовую генерацию на десятилетия вперед. Вместе с тем реализация проекта создаст дополнительные возможности для развития отечественной промышленности, внедрения передовых технологий и подготовки высококвалифицированных кадров. Строительство АЭС является важной частью долгосрочного курса Казахстана на укрепление энергетической безопасности и независимости, развитие промышленного и технологического потенциала, формирование кадрового резерва и укрепление технологического суверенитета страны. Особое внимание при реализации проекта строительства первой АЭС будет уделено локализации – максимальному вовлечению казахстанских предприятий, специалистов, товаров, работ и услуг. Строительство первой АЭС должно стать стимулом для развития отечественной промышленности, освоения новых производств и технологий, а также формирования национальных компетенций для дальнейшего развития атомной энергетики. Реализация проекта создаст долгосрочную основу для устойчивого экономического роста и станет одним из ключевых этапов формирования современной атомной отрасли Казахстана.

  13. ✔️Қазақстандағы алғашқы АЭС-ті жобалау және салу жөніндегі келісімшартқа қол қойылды ВЛАДИВОСТОК. Владивосток қаласында өтіп жатқан XI Шығыс экономикалық форумы аясында Қазақстан Республикасында атом электр станциясын жобалау, жабдықтау және салу жөніндегі Келісімшартқа қол қойылды. Құжатқа «Қазақстан атом электр станциялары» ЖШС мен «Росатом» мемлекеттік атом энергиясы корпорациясының еншілес кәсіпорны – «Атомстройэкспорт» АҚ арасында қол қойылды. Келісімшартқа қол қою рәсімі Қазақстан Республикасы Атом энергиясы жөніндегі агенттігінің төрағасы Алмасадам Сәтқалиев пен «Росатом» мемлекеттік корпорациясының бас директоры Алексей Лихачёвтың қатысуымен өтті. Келісімшартқа қол қою Қазақстандағы алғашқы АЭС құрылысы жобасының жаңа практикалық кезеңге өткенін білдіреді. 2026 жылғы 28 мамырдағы үкіметаралық келісімге сәйкес, тараптар белгіленген рәсімдерді, соның ішінде Қазақстан Республикасының Үкіметімен қажетті келісуді жүзеге асыруға кіріседі. АЭС жобасын іске асыру ел үшін стратегиялық маңызға ие. Экономиканың, өнеркәсіптің, инфрақұрылымның, цифрландырудың және жасанды интеллектінің дамуына байланысты Қазақстанның сенімді әрі тұрақты электр энергиясына деген қажеттілігі кезең-кезеңімен арта түседі. Атом энергетикасы алдағы онжылдықтар бойы тұрақты базалық электр энергиясын өндіруді қамтамасыз етуге мүмкіндік береді. Сонымен қатар жобаны іске асыру отандық өнеркәсіпті дамытуға, озық технологияларды енгізуге және жоғары білікті кадрларды даярлауға қосымша мүмкіндіктер береді. АЭС құрылысы Қазақстанның энергетикалық қауіпсіздігі мен тәуелсіздігін нығайтуға, өнеркәсіптік және технологиялық әлеуетін дамытуға, кадрлық резерв қалыптастыруға және елдің технологиялық егемендігін нығайтуға бағытталған ұзақ мерзімді саясатының маңызды бөлігі болып табылады. Алғашқы АЭС құрылысы жобасын іске асыру барысында жергілікті қамтуға – қазақстандық кәсіпорындарды, мамандарды, тауарларды, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді барынша тартуға ерекше назар аударылады. Алғашқы АЭС құрылысы отандық өнеркәсіпті дамытуға, жаңа өндірістер мен технологияларды игеруге, сондай-ақ атом энергетикасын одан әрі дамыту үшін ұлттық құзыреттерді қалыптастыруға серпін беруге тиіс. Жобаны іске асыру тұрақты экономикалық өсімнің ұзақ мерзімді негізін қалыптастырып, Қазақстанның заманауи атом саласын дамытудағы негізгі кезеңдердің біріне айналады.

  14. repost

    ▪️ Мемлекет басшысының тапсырмасын орындау аясында бес жас ғалымға тұрғын үй сертификаттары салтанатты түрде табысталды. Солардың бірі – Ядролық физика институты Астана филиалының Қатты дене физикасы зертханасының инженері Юрий Александрович Гаранин. Өз сөзінде ол ғылыми жұмысының негізгі бағыты ядролық энергетикада қолдануға арналған жаңа материалдарды зерттеу және өңдеумен, атап айтқанда, дисперсті ядролық отын ретінде пайдалануға болатын керамикалық материалдарды әзірлеумен байланысты екенін атап өтті. «Ең алдымен, Мемлекет басшысына жас ғалымдарға көрсетіліп отырған қолдауы үшін шынайы алғысымды білдіргім келеді. Мен үшін тұрғын үй сертификаты – маңызды әлеуметтік қолдау ғана емес, сонымен қатар ғылыми жұмысымды одан әрі сенімді түрде жалғастыруға, зерттеулеріме көңіл бөлуге және отандық ғылым мен ядролық энергетиканың дамуына өз үлесімді қосуға мүмкіндік. Мұндай бастамалар жас зерттеушілерге кәсіби тұрғыдан дамуға, ғылыми әлеуетін жүзеге асыруға және жаңа нәтижелерге қол жеткізуге қосымша мүмкіндік береді деп сенемін. Жас ғалымдарды қолдау – ғылымның болашағына және еліміздің технологиялық дамуына салынған инвестиция», - деді жас ғалым. *** 🏠 В рамках исполнения поручения Главы государства пяти молодым ученым были торжественно вручены жилищные сертификаты. Один из них – инженер Лаборатории физики твердого тела Астанинского филиала Института ядерной физики Юрий Александрович Гаранин. В своем слове он отметил, что основное направление его научной работы связано с исследованием и обработкой новых материалов для применения в ядерной энергетике, в частности с разработкой керамических материалов для использования в качестве дисперсного ядерного топлива. «Хочу выразить глубокую признательность Главе государства за поддержку, которая сегодня оказывается исследователям. Для меня жилищный сертификат – это не только важная социальная поддержка, но и возможность более уверенно продолжать научную работу, сосредоточиться на исследованиях и вносить свой вклад в развитие отечественной науки и ядерной энергетики. Уверен, что такие инициативы создают для молодых исследователей дополнительные возможности для профессионального роста, реализации научного потенциала и достижения новых результатов. Поддержка молодых ученых – это вклад в будущее науки и технологическое развитие нашей страны», - сказал молодой ученый.

  15. 🖋Қазақстан халқының тілдері күні мерекесіне орай Атом энергиясы жөніндегі агенттікте «Ахмет тағылымы және салалық терминология» тақырыбында дөңгелек үстел өтті ➖➖➖ 🖋В рамках празднования Дня языков народа Казахстана в Агентстве по атомной энергии состоялся круглый стол на тему «Наследие Ахмета и отраслевая терминология»

  16. 🖋В Агентстве состоялся круглый стол на тему «Наследие Ахмета и отраслевая терминология» 2 сентября 2026 года в Агентстве по атомной энергии в рамках празднования Дня языков народа Казахстана состоялся круглый стол (ой-талқы) на тему «Ахмет тағылымы және салалық терминология», посвященный научному наследию основоположника казахского языкознания Ахмета Байтұрсынұлы и вопросам систематизации отраслевой терминологии в современной науке. В ходе заседания было отмечено, что в условиях глобализации научно-методологические принципы деятеля Алаша Ахмета Байтурсынулы в формировании национальной терминологии сохраняют свою актуальность и сегодня. Было подчеркнуто, что его принципы создания терминов являются важной основой для развития профессионального и научного использования казахского языка. Особое внимание было уделено вопросам унификации отраслевых терминов в сферах атомной промышленности, ядерной науки, прикладных технологий, радиационной и ядерной физической безопасности. Участники обсудили подходы к систематизации терминов с учетом международных стандартов и естественных закономерностей казахского языка. Кроме того, в рамках воркшопа рассмотрены вопросы развития IT-терминологии в условиях цифровизации и внедрения технологий искусственного интеллекта, а также опыт перевода новых понятий на казахский язык и их последующего использования в профессиональной среде. По итогам встречи были выработаны предложения по совершенствованию отраслевых словарей, координации терминологической работы и поддержке инициатив государственных служащих в данном направлении.

  17. 🖋Агенттікте «Ахмет тағылымы және салалық терминология» тақырыбында дөңгелек үстел өтті 2026 жылғы 2 қыркүйекте Атом энергиясы жөніндегі агенттікте Қазақстан халқының тілдері күні мерекесіне орай қазақ тіл білімінің негізін қалаушы Ахмет Байтұрсынұлының ғылыми мұрасы мен қазіргі ғылымдағы салалық терминдерді жүйелеу мәселелеріне арналған «Ахмет тағылымы және салалық терминология» тақырыбында дөңгелек үстел (ой-талқы) өтті. Жиын барысында жаһандану жағдайында Алаш қайраткері Ахмет Байтұрсынұлының ұлттық терминологияны қалыптастырудағы ғылыми-әдістемелік ұстанымдарының бүгінде өзектілігін сақтап отырғаны атап өтілді. Оның термин жасаудағы қағидаттары қазақ тілінің кәсіби және ғылыми қолданысын дамыту үшін маңызды негіз болып табылатыны айтылды. Сондай-ақ атом өнеркәсібі, ядролық ғылым, қолданбалы технологиялар, радиациялық және ядролық физикалық қауіпсіздік салаларындағы терминдерді халықаралық стандарттарға және қазақ тілінің табиғи заңдылықтарына сәйкес жүйелеу мен біріздендіру мәселелері талқыланды. Бұдан бөлек, цифрландыру және жасанды интеллект технологиялары қарқынды дамып жатқан кезеңде пайда болып жатқан жаңа ұғымдарды қазақ тіліне аудару, оларды термин ретінде қалыптастыру және кәсіби ортада қолданысқа енгізу тәжірибесі ортаға салынды. Жиын қорытындысы бойынша салалық сөздіктерді жетілдіру, терминологиялық жұмыстарды үйлестіру және мемлекеттік қызметшілердің осы бағыттағы бастамаларын қолдау бойынша бірқатар ұсыныстар әзірленді.

  18. edited

    ⭐️Атом саласы — бұл тек технология мен энергия емес. Бұл — білім, идея және болашаққа деген ұмтылыс. Бүгінгі кейіпкеріміз — «ҚАЭС» ЖШС энергетика тобының жетекші инженері Асет Торғаев. Асет Томск политехникалық университетін «Физикалық қондырғылар электроникасы және автоматикасы» мамандығы бойынша тәмамдаған. Еңбек жолын 2006 жылы Калинин АЭС-інде бастап, автоматика және өлшеу құралдарына қызмет көрсету жөніндегі электр слесарінен I санатты инженерге дейінгі кәсіби жолдан өтті. Сондай-ақ Калинин АЭС-інің 4-энергоблогын салу жұмыстарына белсенді қатысты. Қазақстанға оралғаннан кейін Өскемен ЖЭО-да еңбек жолын жалғастырды. Ал 2023 жылдан бері Асет Торғаев «ҚАЭС» ЖШС-де қызмет атқарып келеді. Атом энергетикасындағы тәжірибесі мол маманның кәсіби жолы — «Атом маманы» рубрикасында. ➖➖➖ ⭐️Атомная отрасль - это не только технологии и энергия. Это прежде всего люди, их знания, идеи и стремление развиваться. Сегодня герой нашей рубрики «Атом маманы» — Асет Торгаев, ведущий инженер группы энергетики ТОО «Казахстанские атомные электрические станции». Асет окончил Томский политехнический университет по специальности «Электроника и автоматика физических установок». Свой профессиональный путь он начал в 2006 году на Калининской АЭС, где прошёл карьерный путь от электрослесаря по обслуживанию автоматики и средств измерений до инженера I категории. Принимал активное участие в строительстве 4-го энергоблока Калининской АЭС. Вернувшись в Казахстан, продолжил работу на Усть-Каменогорской ТЭЦ. А с 2023 года Асет Торгаев работает в ТОО «КАЭС». О его профессиональном пути, опыте и работе в атомной энергетике — в новом выпуске рубрики «Атом маманы».

  19. 🔹Сотрудники Агентства и Комитета атомного надзора и контроля приняли участие в информационно-разъяснительном семинаре «Соблюдение делового этикета, ограничений и запретов государственных служащих, а также соблюдение норм антикоррупционного законодательства» 1 сентября 2026 года Уполномоченным по этике Агентства Нурланом Джалпаковым с работниками Агентства и Комитета атомного надзора и контроля проведен информационно-разъяснительный семинар на тему: «Соблюдение делового этикета, ограничений и запретов государственных служащих, а также соблюдение норм антикоррупционного законодательства». В материалах семинара были затронуты требования этических норм поведения государственных служащих и соблюдение этикета в служебное время и в общественных местах, соблюдения ограничений и запретов государственных служащих, норм антикоррупционного законодательства и информационной безопасности. Вместе с тем были обсуждены вопросы касательно соблюдения этических норм в социальных сетях и недопущения размещения материалов способных вызвать обоснованную критику со стороны общественности. На встрече приняли участие 16 государственных служащих, участники отметили, что подобные встречи положительно влияют на информированность требований этических и нравственных норм государственных служащих.

  20. 🔹Агенттік пен Атомдық қадағалау және бақылау комитетінің қызметкерлері «Мемлекеттік қызметшілердің іскерлік этикетін, шектеулері мен тыйымдарын сақтау, сондай-ақ сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманы сақтау» ақпараттық-түсіндіру семинарына қатысты 2026 жылдың 1 қыркүйегінде Агенттіктің Әдеп жөніндегі уәкілі Нұрлан Джалпақов Агенттік пен Атомдық қадағалау және бақылау комитетінің қызметкерлерімен «Мемлекеттік қызметшілердің іскерлік этикетін, шектеулері мен тыйымдарын сақтау және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылды сақтау» тақырыбында ақпараттық-түсіндіру семинарын өткізді. Семинарда мемлекеттік қызметшілердің әдеп нормалары, оның ішінде жұмыс уақытында және қоғамдық орындарда этикеттің сақталуы, мемлекеттік қызметшілерге қойылатын шектеулер мен тыйымдардың сақталуы, сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнама және ақпараттық қауіпсіздік мәселелері талқыланды. Бұл ретте әлеуметтік желілерде әдеп нормаларды сақтау және қоғамда орынды сын тудыратын материалдардың жариялануына жол бермеу мәселелері талқыланды. Кездесуге 16 мемлекеттік қызметші қатысты. Қатысушылар мұндай кездесулер мемлекеттік қызметшілердің әдеп және моральдық нормаларды білуіне оң әсер етеді.

  21. Older posts