ҚР Атом энергиясы жөніндегі агенттігі

@atomagencykz · Kazakh · active

ҚР Атом энергиясы жөніндегі агенттігінің ресми Telegram-парақшасы Официальный Telegram-канал Агентства РК по атомной энергии

Subscribers 755 tracking since 12 Nov
Reach per post (ERR) 35.4%267 avg views
Posting 1.8/day last 14 hours ago
Reactions per 1K views 7.8 👍 ❤ 🔥
  1. ✔️В Улкене планируется создать городок атомщиков с населением до 33 тысяч человек В рамках строительства АЭС в Казахстане планируется комплексное развитие поселка Улкен с созданием жилья и социальной инфраструктуры. Об этом рассказал председатель Агентства Республики Казахстан по атомной энергии Алмасадам Саткалиев на встрече с казахстанскими специалистами, работающими на АЭС «Аккую» в Турции. По его словам, городок атомщиков, рассчитанный на проживание до 33 тысяч человек, будет интегрирован в существующий поселок. Планируется строительство жилья, школ, медицинских объектов, центров подготовки и переподготовки кадров, а также развитие гостиничной инфраструктуры, сферы услуг и бизнеса. «Это не будет отдельный рабочий поселок. Это будет развитие Улкена со всей сопутствующей инфраструктурой, необходимой для жизни», — подчеркнул Алмасадам Саткалиев. При планировании предусмотрят дальнейшее использование объектов, создаваемых для обеспечения строительства АЭС. После завершения строительных работ они смогут использоваться для нужд поселка и развития предпринимательства. Отдельное внимание будет уделено внедрению современных цифровых решений. По словам главы Агентства, Улкен планируется сделать одним из наиболее передовых населенных пунктов на побережье Балхаша. Природный ландшафт и расположение поселка также создают возможности для отдыха и туризма. Кроме того, планируется размещение учебно-тренировочного центра для подготовки, переподготовки и повышения квалификации будущих работников АЭС. Алмасадам Саткалиев отметил, что на пике строительства для одного АЭС потребуется до 15 тыс. работников (инженеры-строители, сварщики, монтажники, электрики, специалисты по автоматизации контролю качества), а для ее последующей эксплуатации около 2 тысяч работников (инженера-атомщики, операторы реакторных установок, специалисты по ядерной и радиационной безопасности, техническому обслуживанию и ремонту оборудования). Подготовка кадров предусматривает сотрудничество с профильными учебными заведениями Республики Казахстан, а также профильные образовательные организаций Китая и России. Кроме того, сообщено о возможности обучения работников атомной отрасли в рамках международной стипендиальной программы Болашак, предусматривающей специальные квоты для обучения по программам магистратуры, докторантуры и прохождения стажировок в ведущих зарубежных организациях атомной отрасли. Глава Агентства подчеркнул, что развитие Улкена откроет для молодежи новые возможности для трудоустройства и построения карьеры. Он также заверил, что специалисты будут обеспечены жильем.

  2. ✔️Үлкен ауылында 33 мыңға дейін тұрғыны бар атомшылар қалашығын салу жоспарлануда Қазақстанда атом электр станциясын салу аясында Үлкен ауылын тұрғын үйлер мен әлеуметтік инфрақұрылымды дамыта отырып, кешенді түрде өркендету жоспарлануда. Бұл туралы Қазақстан Республикасы Атом энергиясы жөніндегі агенттігінің төрағасы Алмасадам Сәтқалиев Түркиядағы «Аккую» АЭС-інде жұмыс істейтін қазақстандық мамандармен кездесу барысында мәлімдеді. Оның айтуынша, 33 мыңға дейін адам тұруға есептелген атомшылар қалашығы қолданыстағы ауылдың құрамына біріктіріледі. Мұнда тұрғын үйлер, мектептер, медициналық нысандар, кадрларды даярлау және қайта даярлау орталықтары салынып, қонақүй инфрақұрылымы, қызмет көрсету саласы мен бизнес те дамытылады. «Бұл жеке жұмысшылар кенті болмайды. Бұл – өмір сүруге қажетті барлық ілеспе инфрақұрылымы бар Үлкен ауылының дамуы», – деп атап өтті Алмасадам Сәтқалиев. Жоспарлау кезінде АЭС құрылысын қамтамасыз ету үшін салынатын нысандарды кейінгі кезеңде пайдалану мүмкіндігі де қарастырылады. Құрылыс жұмыстары аяқталғаннан кейін оларды ауылдың қажеттіліктеріне және кәсіпкерлікті дамытуға пайдалануға болады. Заманауи цифрлық шешімдерді енгізуге де ерекше назар аударылады. Агенттік басшысының айтуынша, Үлкенді Балқаш жағалауындағы ең озық елді мекендердің біріне айналдыру жоспарланып отыр. Ауылдың табиғи ландшафты мен орналасуы да демалыс пен туризмді дамытуға мүмкіндік береді. Сонымен қатар болашақ АЭС қызметкерлерін даярлау, қайта даярлау және олардың біліктілігін арттыруға арналған оқу-жаттығу орталығын орналастыру көзделген. Алмасадам Сәтқалиевтің айтуынша, бір АЭС құрылысының қарқынды кезінде 15 мыңға дейін жұмысшы (инженер-құрылысшылар, дәнекерлеушілер, монтажшылар, электр мамандары, автоматтандыру және сапаны бақылау жөніндегі мамандар) ал станцияны кейіннен пайдалану кезеңінде шамамен 2 мың қызметкер (атом инженерлері, реактор қондырғыларының операторлары, ядролық және радиациялық қауіпсіздік, жабдықтарға техникалық қызмет көрсету және оларды жөндеу жөніндегі мамандар) қажет болады. Кадрларды даярлау Қазақстан Республикасының бейінді оқу орындарымен, сондай-ақ Қытай мен Ресейдің мамандандырылған білім беру ұйымдарымен ынтымақтастық аясында жүзеге асырылады. Бұдан бөлек, атом саласының қызметкерлеріне «Болашақ» халықаралық стипендиялық бағдарламасы аясында білім алу мүмкіндігі ұсынылатыны хабарланды. Бағдарлама шеңберінде атом саласындағы жетекші шетелдік ұйымдарда магистратура, докторантура бағдарламалары бойынша білім алуға және тағылымдамадан өтуге арнайы квоталар қарастырылған. Агенттік басшысы Үлкен ауылының дамуы жастарға жұмысқа орналасу мен кәсіби мансабын қалыптастырудың жаңа мүмкіндіктерін ашатынын атап өтті. Сондай-ақ мамандардың тұрғын үймен қамтамасыз етілетінін айтты.

  3. edited

    👥Алмасадам Саткалиев пригласил казахстанских специалистов АЭС «Аккую» к участию в атомных проектах Казахстана Председатель Агентства Республики Казахстан по атомной энергии Алмасадам Саткалиев встретился с казахстанцами, работающими на строительстве АЭС «Аккую» в Турции. Он рассказал о планах развития атомной отрасли и пригласил соотечественников применить приобретенные знания и опыт в Казахстане. Глава Агентства подчеркнул, что участие в реализации крупного международного проекта позволяет получить уникальные профессиональные компетенции, востребованные при строительстве казахстанских АЭС. «Любой опыт пригодится — и в строительстве, и в эксплуатации, по всему спектру специальностей. Если будет намерение, желание как-то применить свой опыт, знания в Казахстане, мы будем рады вас видеть», — отметил Алмасадам Саткалиев. Председатель Агентства рассказал о формировании полноценного атомного кластера, охватывающего добычу урана, науку и развитие компетенций в атомной энергетике. Приоритеты этой работы закреплены в стратегии развития отрасли, утвержденной Указом Президента. Алмасадам Саткалиев также рассказал о планах строительства как минимум трех атомных электростанций. По его словам, по первым двум проектам в районе озера Балхаш уже сформировалось более четкое понимание дальнейших шагов. Отдельное внимание на встрече было уделено подготовке рабочих и инженерно-технических кадров. Казахстан перенимает опыт российских и китайских партнеров, а также расширяет сотрудничество с Венгрией и Республикой Корея, создавая дополнительные возможности для обучения и обмена знаниями. В завершение встречи глава Агентства пожелал соотечественникам профессиональных успехов и подчеркнул заинтересованность Казахстана в привлечении квалифицированных специалистов для развития отечественной атомной энергетики.

  4. 👥Алмасадам Сәтқалиев «Аккую» АЭС-інде жұмыс істейтін қазақстандық мамандарды еліміздің атом жобаларына қатысуға шақырды Қазақстан Республикасы Атом энергиясы жөніндегі агенттігінің төрағасы Алмасадам Сәтқалиев Түркиядағы «Аккую» АЭС-інің құрылысында жұмыс істеп жүрген қазақстандықтармен кездесті. Ол атом саласын дамыту жоспарлары туралы айтып, отандастарымызды жинақтаған білімдері мен тәжірибелерін Қазақстанда қолдануға шақырды. Агенттік басшысы ірі халықаралық жобаны іске асыруға қатысу қазақстандық атом электр станцияларын салу кезінде сұранысқа ие болатын бірегей кәсіби құзыреттерді игеруге мүмкіндік беретінін атап өтті. «Кез келген тәжірибе қажет болады. Құрылыс кезінде де, атом электр станцияларын пайдалану барысында да барлық мамандық бойынша жинақтаған тәжірибелеріңіз маңызды. Егер білімдеріңіз бен тәжірибелеріңізді Қазақстанда қолдануға ниет білдірсеңіздер, сіздерді қуана қарсы аламыз», – деді Алмасадам Сәтқалиев. Агенттік төрағасы уран өндіруді, ғылымды және атом энергетикасы саласындағы құзыреттерді дамытуды қамтитын толыққанды атом кластерін қалыптастыру жұмыстары туралы айтып берді. Бұл бағыттағы басымдықтар Президенттің Жарлығымен бекітілген саланы дамыту стратегиясында айқындалған. Сондай-ақ Алмасадам Сәтқалиев кемінде үш атом электр станциясын салу жоспарлары туралы мәлімдеді. Оның айтуынша, Балқаш көлінің маңында жүзеге асырылатын алғашқы екі жоба бойынша алдағы қадамдар жөнінде нақты түсінік қалыптасқан. Кездесуде жұмысшы және инженерлік-техникалық кадрларды даярлау мәселесіне де ерекше назар аударылды. Қазақстан ресейлік және қытайлық серіктестердің тәжірибесін меңгеріп, сондай-ақ Венгрия және Корея Республикасымен ынтымақтастықты кеңейту арқылы оқыту мен білім алмасуға қосымша мүмкіндіктер жасауда. Сөз соңында Агенттік басшысы отандастарымызға кәсіби табыс тілеп, атом энергетикасын дамытуға білікті мамандарды тартуға Қазақстанның мүдделі екенін атап өтті.

  5. 📍Казахстанская делегация ознакомилась с ходом строительства АЭС «Аккую» в Турции Председатель Агентства Республики Казахстан по атомной энергии Алмасадам Саткалиев посетил площадку строительства АЭС «Аккую» в Турецкой Республике. В ходе визита казахстанская делегация ознакомилась с ходом сооружения энергоблоков, организацией строительных работ и подготовкой эксплуатационного персонала. Генеральный директор АО «Аккую Нуклеар» Сергей Буцких и представители руководства компании представили информацию о текущем состоянии проекта. По информации принимающей стороны, основные системы первого энергоблока находятся в высокой степени готовности к пусковым операциям. Завершены гидравлические испытания первого и второго контуров реакторной установки, подтверждено соответствие прочности и герметичности защитной оболочки проектным требованиям. На втором энергоблоке смонтировано основное оборудование реакторной установки и завершена сварка главного циркуляционного трубопровода, продолжается сборка турбины. На третьем установлены ключевые компоненты реакторной установки, ведутся работы в турбинном здании. На четвертом энергоблоке завершено сооружение фундамента турбоагрегата и продолжается сборка внутренней защитной оболочки. Ввод энергоблоков в эксплуатацию планируется с интервалом в один год. Казахстанская делегация посетила блочный пункт управления первого энергоблока, береговую насосную станцию и центральный щит управления системы выдачи мощности. Отдельное внимание было уделено подготовке кадров. В учебно-тренировочном центре АЭС «Аккую» делегации представили систему обучения оперативного персонала и организации практической подготовки специалистов. Посещение площадки позволило ознакомиться с практическим опытом реализации крупного атомно-энергетического проекта, представляющим интерес для развития атомной энергетики Казахстана.

  6. 📍Қазақстан делегациясы Түркиядағы «Аккую» АЭС-інің құрылыс барысымен танысты Қазақстан Республикасы Атом энергиясы жөніндегі агенттігінің төрағасы Алмасадам Сәтқалиев Түркия Республикасындағы «Аккую» атом электр станциясының құрылыс алаңына барды. Сапар барысында делегация энергоблоктардың салыну барысымен, құрылыс жұмыстарын ұйымдастырумен және пайдалану персоналын даярлау үдерісімен танысты. «Аккую Нуклеар» АҚ бас директоры Сергей Буцких пен компания басшылығының өкілдері жобаның қазіргі жай-күйі туралы ақпарат берді. Қабылдаушы тараптың мәліметінше, бірінші энергоблоктың негізгі жүйелері іске қосу жұмыстарына жоғары деңгейде дайын. Реактор қондырғысының бірінші және екінші контурларында гидравликалық сынақтар аяқталған. Сондай-ақ қорғаныш қабықшасының беріктігі мен герметикалығының жобалық талаптарға сәйкестігі расталған. Екінші энергоблокта реактор қондырғысының негізгі жабдықтары монтаждалып, басты циркуляциялық құбырды дәнекерлеу жұмыстары аяқталған. Қазіргі уақытта турбинаны құрастыру жалғасуда. Үшінші энергоблокта реактор қондырғысының негізгі құрамдас бөліктері орнатылып, турбина ғимаратындағы жұмыстар жүргізілуде. Төртінші энергоблокта турбоагрегат іргетасының құрылысы аяқталып, ішкі қорғаныш қабықшасын құрастыру жұмыстары жалғасуда. Энергоблоктарды пайдалануға беру бір жыл аралықпен жоспарланған. Делегация бірінші энергоблоктың блоктық басқару пунктін, жағалаудағы сорғы станциясын және электр энергиясын сыртқы желіге беру жүйесінің орталық басқару қалқанын аралады. Кадрлар даярлау мәселесіне де ерекше назар аударылды. «Аккую» АЭС-інің оқу-жаттығу орталығында делегацияға жедел персоналды оқыту жүйесі және мамандардың практикалық даярлығын ұйымдастыру тәртібі таныстырылды. Құрылыс алаңына бару Қазақстанның атом энергетикасын дамыту үшін маңызды ірі жобаны іске асыру тәжірибесімен танысуға мүмкіндік берді.

  7. 🔄Ядролық технологиялар – өнеркәсіп дамуының жаңа бағыты Қоғамда «ядролық технология» немесе «атом» деген сөздерді естігенде, адамдардың басым көпшілігі ойына энергетикалық кешендер түседі. Алайда, бүгінгі таңда бейбіт атом тек розеткадағы жарықпен шектелмейді. Бұл – медицинаны, ауыл шаруашылығын, ғарыш саласы мен ауыр өнеркәсіпті алға сүйреп келе жатқан үлкен кешенді драйвер. Осы орайда, еліміздегі «Ядролық технологиялар паркі» АҚ (ПЯТ) ғылыми жетістіктерді нақты өндіріске енгізіп, өнеркәсіптің жаңа бағыттарын ашуда маңызды рөл атқарып отыр. Толығырақ https://tizgin.kz/kk/adrolyq-tehnologiyalar-onerkasip-damuynyn-jana-bagyty/

  8. ☢️ Қазақстан 2050 жылға қарай 150 мың тонна уран қорын қалыптастыруды жоспарлап отыр Бұл бастама атом энергетикасының болашағына қалай әсер етеді? Толығырақ «Хабар 24» телеарнасының сюжетінде. ➖➖➖ ☢️ Казахстан планирует сформировать стратегический запас урана в объёме 150 тысяч тонн к 2050 году Как эта инициатива повлияет на будущее атомной энергетики Казахстана? Подробнее — в сюжете телеканала «Хабар 24».

  9. 🤝Миссия МАГАТЭ в Казахстане: как международные эксперты помогают подготовиться к строительству АЭС В Казахстане комплексный обзор ядерной инфраструктуры проводится в рамках миссии МАГАТЭ. Независимые зарубежные эксперты анализируют все направления: от юридической базы до принципов защиты, объясняет ведущий инженер группы энергетики ТОО "КАЭС" Мади Азбергенов. Подробнее https://www.zakon.kz/nauka/6537991-missiya-magate-v-kazakhstane-kak-mezhdunarodnye-eksperty-pomogayut-podgotovitsya-k-stroitelstvu-aes.html

  10. ❔Что говорят специалисты: как измеряют и оценивают уровень радиации? В зависимости от энергии излучение подразделяется на неионизирующее и ионизирующее. К неионизирующему относятся радиоволны, видимый свет, инфракрасное и микроволновое излучение. Ионизирующее излучение обладает достаточной энергией, чтобы ионизировать атомы и молекулы вещества. Именно этот вид излучения учитывается при обеспечении радиационной безопасности персонала и населения, об этом рассказал Азбергенов Мади Нурбекович, ведущий инженер Группы энергетики ТОО «Казахстанские атомные электрические станции». Подробнее https://www.caravan.kz/news/chto-govorjat-specialisty-kak-izmerjajut-i-ocenivajut-uroven-radiacii/

  11. 🛡Прежде чем залить бетон: как проверяют безопасность площадки для будущей АЭС – Мади Азбергенов Ведущий инженер группы энергетики ТОО "Казахстанские атомные электрические станции" Мади Азбергенов рассказал о том, какие исследования проводятся на площадке будущей АЭС "Балхаш" и почему они важны для безопасности проекта. Подробнее https://bes.media/blogs/prezhde-chem-zalit-beton-kak-proveryayut-bezopasnost-ploschadki-dlya-buduschey-aes-madi-azbergenov/

  12. 🔃Атом без электростанции: как в Казахстане лечат рак и учатся превращать отходы в драгоценный металл Когда мы слышим "ядерные технологии", в голове сразу возникает картинка АЭС. Между тем за пределами энергетики у атома давно есть другая работа: он помогает ставить диагнозы, лечить онкологию, искать полезные ископаемые и проверять детали, от которых зависят жизни. Что из этого делают в Казахстане и какая идея может превратить опасные отходы в ресурс, NUR.KZ рассказал начальник отдела ядерной физики Института ядерной физики (ИЯФ) Тимур Жолдыбаев. Подробнее https://www.nur.kz/society/2454528-atom-bez-elektrostancii-kak-v-kazahstane-lechat-rak-i-uchatsya-prevrashchat-othody-v-dragocennyy-metall/?utm_source=web-share-api

  13. ☢️ Табиғи радиоактивтілік дегеніміз не? Ол қайдан пайда болады және күнделікті өмірде бізге қалай әсер етеді? Осы және өзге де қызықты сұрақтарға «Атом маманы» айдарының жаңа шығарылымында жауап береміз. Толығырақ бейнематериалымыздан көріңіздер! #АтомМаманы #АтомЭнергетикасы #Ғылым #Технология

  14. 💫Герой сегодняшнего выпуска рубрики «Атом маманы» — Тимур Халила, начальник смены критического стенда Института ядерной физики Он окончил Казахский национальный университет имени аль-Фараби по специальности «Физика и астрономия», получив степень бакалавра в 2021 году, а магистра — в 2024 году. Свой профессиональный путь начал в 2021 году в Отделе радиационной безопасности института. Сегодня Тимур обеспечивает безопасную работу критического стенда, контролирует реакторные параметры и состояние критической сборки, участвует в организации и проведении экспериментов. Он повышает квалификацию на научных конференциях и международных учебных программах, стремясь внести вклад в развитие атомной энергетики Казахстана.

  15. 💫«Атом маманы» айдарының бүгінгі кейіпкері — Ядролық физика институтының сындық стенд ауысымының бастығы Тимур Халила Ол әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетін «Физика және астрономия» мамандығы бойынша тәмамдап, 2021 жылы бакалавр, 2024 жылы магистр дәрежесін алды. Еңбек жолын 2021 жылы институттың Радиациялық қауіпсіздік бөлімінде бастады. Бүгінде Тимур сындық стендтің қауіпсіз жұмысын қамтамасыз етеді, реакторлық параметрлер мен сындық жинақтың жай-күйін бақылайды, эксперименттерді ұйымдастыруға және жүргізуге қатысады. Ол ғылыми конференциялар мен халықаралық оқу бағдарламаларына қатысып, кәсіби біліктілігін арттырып келеді. Мақсаты — Қазақстанның атом энергетикасы саласының дамуына өз үлесін қосу.

  16. edited

    ✅Жолдау-2026: Қазақстанның атом энергетикасын дамытудағы басым бағыттары Еліміздің энергетикалық болашағы мен атом энергетикасының даму перспективалары қандай? Осы тақырып аясында ҚР Атом энергиясы жөніндегі агенттігі Ядролық энергетика департаменті директорының орынбасары Қазыбек Нұрым «24KZ» телеарнасының «Сарапшы пікірі» бағдарламасында айтты. ➖➖➖ ✅Послание-2026: Приоритетные направления развития атомной энергетики Казахстана Каковы перспективы развития атомной энергетики и энергетического будущего нашей страны? Об этом в программе «Мнение эксперта» на телеканале «24KZ» рассказал заместитель директора департамента ядерной энергетики Агентства Республики Казахстан по атомной энергии Казыбек Нурым.

  17. ✔️В Казахстане определен Национальный оператор по обращению с радиоактивными отходами Республиканское государственное предприятие на праве хозяйственного ведения «Национальный ядерный центр Республики Казахстан» определено Национальным оператором по обращению с радиоактивными отходами. Соответствующий приказ № 129-н/қ подписан Председателем Агентства Республики Казахстан по атомной энергии 30 октября 2026 года. Приказ также утверждает положение, регламентирующее его деятельность. Решение принято во исполнение Закона Республики Казахстан «Об обращении с радиоактивными отходами» от 7 июля 2026 года и направлено на дальнейшее развитие национальной системы безопасного обращения с радиоактивными отходами. Национальный ядерный центр Республики Казахстан создан в 1992 году и обладает значительным научно-техническим потенциалом и многолетним опытом работы в атомной отрасли. Основные направления его деятельности включают исследования в области ядерной и радиационной безопасности, изучение последствий ядерных испытаний, а также решение научно-технических задач, связанных с обращением с радиоактивными отходами. В Казахстане радиоактивные отходы накоплены в результате деятельности прошлых лет, в том числе проведения ядерных испытаний, добычи и переработки урана. В настоящее время они также образуются при эксплуатации ядерных установок, деятельности уранодобывающих и перерабатывающих предприятий, а также в промышленности, медицине и научной сфере. В дальнейшем они будут образовываться и при эксплуатации будущих АЭС. Национальный оператор будет выполнять работы по безопасному обращению с радиоактивными отходами. Одним из ключевых направлений его деятельности станет создание и эксплуатация инфраструктуры для захоронения радиоактивных отходов, а также закрытие соответствующих объектов и их последующий мониторинг. Помимо этого, Национальный оператор будет проводить работы по ликвидации и консервации объектов ядерного наследия, находящихся в государственной собственности либо подлежащих передаче государству. В его задачи также войдут предусмотренные законодательством работы по ликвидации последствий добычи и переработки урана. С развитием атомной энергетики Казахстану важно обеспечить безопасное обращение с радиоактивными отходами, в том числе накопленными за предыдущие десятилетия, и создать необходимую инфраструктуру для их захоронения. Это позволит обеспечить надежную изоляцию отходов на длительный срок, снизить радиационные риски для населения и окружающей среды и не оставлять проблему накопленных отходов будущим поколениям.

  18. ✔️Қазақстанда радиоактивті қалдықтармен жұмыс істеу жөніндегі ұлттық оператор айқындалды «Қазақстан Республикасының Ұлттық ядролық орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны радиоактивті қалдықтармен жұмыс істеу жөніндегі ұлттық оператор болып айқындалды. Қазақстан Республикасының Атом энергиясы жөніндегі агенттігінің төрағасы 2026 жылғы 30 қазанда № 129-н/қ тиісті бұйрыққа қол қойды. Бұйрықпен ұлттық оператордың қызметін реттейтін ереже де бекітілді. Бұл шешім 2026 жылғы 7 шілдедегі «Радиоактивті қалдықтармен жұмыс істеу туралы» Қазақстан Республикасының Заңын іске асыру мақсатында қабылданды және радиоактивті қалдықтармен қауіпсіз жұмыс істеудің ұлттық жүйесін одан әрі дамытуға бағытталған. Қазақстан Республикасының Ұлттық ядролық орталығы 1992 жылы құрылған. Орталықтың ғылыми-техникалық әлеуеті жоғары және атом саласында көпжылдық тәжірибесі бар. Оның қызметінің негізгі бағыттарына ядролық және радиациялық қауіпсіздік саласындағы зерттеулер, ядролық сынақтардың салдарын зерделеу, сондай-ақ радиоактивті қалдықтармен жұмыс істеуге байланысты ғылыми-техникалық міндеттерді шешуді қамтиды. Қазақстанда радиоактивті қалдықтар бұрынғы жылдардағы қызмет нәтижесінде, оның ішінде ядролық сынақтар жүргізу, уран өндіру және қайта өңдеу барысында жинақталған. Қазіргі уақытта радиоактивті қалдықтар ядролық қондырғыларды пайдалану, уран өндіретін және қайта өңдейтін кәсіпорындардың қызметі барысында, сондай-ақ өнеркәсіпте, медицинада және ғылым саласында түзіледі. Алдағы уақытта олар атом электр станцияларын пайдалану кезінде де түзілетін болады. Ұлттық оператор радиоактивті қалдықтармен қауіпсіз жұмыс істеуге қатысты жұмыстарды орындайды. Оның қызметінің негізгі бағыттарының бірі радиоактивті қалдықтарды көмуге арналған инфрақұрылымды құру және пайдалану, сондай-ақ тиісті объектілерді жабу және пайдаланудан кейінгі мониторингтеу жұмыстарын жүргізу болмақ. Бұдан бөлек, Ұлттық оператор мемлекеттік меншіктегі немесе мемлекеттік меншікке берілуге жататын ядролық мұра объектілерін жою және консервациялау жұмыстарын жүргізеді. Оның міндеттеріне заңнамада көзделген уран өндіру мен қайта өңдеу салдарын жою жөніндегі жұмыстар да кіреді. Атом энергетикасының дамуына байланысты Қазақстан үшін радиоактивті қалдықтармен, оның ішінде өткен онжылдықтарда жинақталған қалдықтармен қауіпсіз жұмыс істеуді қамтамасыз ету және оларды көмуге қажетті инфрақұрылымды құру маңызды. Бұл қалдықтарды ұзақ мерзімге сенімді оқшаулауға, халық пен қоршаған ортаға төнетін радиациялық қауіп-қатерлерді азайтуға және жинақталған қалдықтар мәселесін болашақ ұрпаққа қалдырмауға мүмкіндік береді.

  19. 💡АЭС “Балхаш“: когда начнётся строительство и что нужно знать о будущем проекте О том, какие задачи предстоит решить до начала строительства АЭС "Балхаш" мощностью 2400 мегаватт, как будут формироваться тарифы на атомную электроэнергию и какую пользу проект принесет экономике страны, рассказал Ернат Бердигулов - руководитель ТОО "Казахстанские атомные электрические станции" (КАЭС), национального оператора по строительству АЭС в Казахстане. Подробнее https://tengrinews.kz/article/aes-balhash-nachntsya-stroitelstvo-chto-nujno-znat-buduschem-4684/

  20. repost

    Реализацию Послания в части развития энергетики обсудили депутаты Курултая Вопросы реализации Послания Президента «Актуальные задачи Казахстана в новом историческом цикле» в части развития энергетики обсудили в Комитете Курултая по экономической политике, промышленности и энергетике под председательством Натальи Годуновой. В расширенном заседании приняли участие вице-спикер Курултая Дания Еспаева, депутаты, представители профильных госорганов и энергетических предприятий страны. Дания Еспаева напомнила, что в Послании поставлены конкретные задачи по обеспечению устойчивого развития энергетической отрасли. Среди них – обеспечение устойчивого профицита электрогенерирующих мощностей к 2029 году, ускорение реализации проектов строительства Балхашской и Мойынкумской атомных электростанций, подготовка отечественных специалистов, трансфер технологий и другие. Министр энергетики Ерлан Аккенженов проинформировал, что до конца 2029 года планируется ввести 13,3 ГВт новых мощностей, что позволит сформировать 20-процентный профицит генерирующих мощностей. Председатель Агентства по атомной энергии Алмасадам Саткалиев сообщил, что начало строительных работ на площадке АЭС «Балхаш» запланировано на 2027 год, для АЭС «Мойынкум» ведется подготовка соответствующих межправительственных документов. Депутат Курултая Бекжан Алимкулов остановился на законодательном обеспечении энергетических приоритетов, обозначенных в Послании Президента. Он рассказал, что на рассмотрении Курултая находятся два законопроекта, которые направлены на решение вопросов энергосбережения и повышения энергоэффективности, а также развития альтернативных источников энергии. На заседании также выступили руководители крупнейших компаний энергетического сектора: АО НАК «Казатомпром», ТОО «Казахстанские атомные электрические станции», АО «Самрук-Энерго», АО «KEGOC». Они представили информацию о развитии урановой промышленности и ядерного топливного цикла, развитии единой электроэнергетической системы и др. В ходе обсуждения депутаты затронули широкий круг вопросов по дальнейшему развитию энергетической отрасли. В заключение заседания Наталья Годунова отметила, что ключевая задача на сегодня – обеспечить практическую реализацию намеченных планов. Для каждого проекта должны быть определены четкие сроки, подтверждено финансирование и закреплена персональная ответственность. При этом контроль должен основываться на фактической готовности объектов, своевременном выявлении возможных задержек и устранении их причин. t.me/quryltairesmi

  21. Older posts